II тарау. 12 жылдық бiлiм берудi жоспарлаудың тұжырымдамалық тәсiлдерi
1.2. 12 жылдық жалпы бiлiм беретiн мектепке көшудiң болашағы
Отандық мектепте бүгiнгi күнi қалыптасқан бiлiм беру iсi индивидке, жеке адамға мәдени – тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлердi, бiлiм берудiң осы үшiн әдейi таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру және оны кеiннен интериоризациялау болып табылады. Нәтижелi бiлiм берудiң мәнiсi сол, мұнда оқушының iс-әрекетi оның жеке басының әлеуетiн iске асыруға негiзделген және оның оқылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетiн бiлiм алуын талап етедi. Бiлiм берудiң мұндай түрi бiлiм алушының iшкi субстанциясының өзгеруiне және оның өзiндiк тәжiрибесi мен бiлiмнiң пайда болуына жәрдемдеседi. Оқушылар жеке бiлiм алу өрiсiн құруға, бiлiм алу мақсатын қоюға, оқытудың мазмұны мен нысандарын таңдауға, яғни өзiндiк бiлiм алуды жобалауға қатысуға мүмкiндiгi бар өз бiлiмiнiң субьектiсi ретiнде көрiнедi.
Нәтижелi бiлiм алу – адамның оқу – тәрбие процесiнiң барысында өзiн iс жүзiнде көрсетуi және оның жеке қызметiнiң нәтижесi. Осының арқасында сыртқы (обьективтiк) және iшкi (субьективтiлiк) бiлiм өнiмдерi құралады. Оқушының оның мүмкiндiктерi шегiнде алған сыртқы өнiмдерi оның сапалық өсуi мен iс жүзiнде көрсету дәрежесiн бiр мезгiлде қамтамасыз ете отырып, болмыстың әлеуметтiк және мәдени нысандарын құрайды.
Нәтижелi бiлiм берудiң методологиясын әзiрлеу – қазаргi қоғамдық өзгерiстерге және 12 жылдық мектепке көшуге байланысты обьективтiлiк қажеттiлiк. Көптеген шешiлмеген проблемаларға душар болып отырған қоғам, тiкелей немесе жанама тұрғыда болсын, оларды шешу әдiстерiн адамдардың шығармашылық әлеуетiнiң, ең алдымен, мектеп оқушыларының ашылмаған қырларын пайдалану арқылы iздестiредi. Қазiргi адамнан таңдау кезiнде ойланып – толғанып әрекет ету, алға дұрыс мақсат қоя бiлу және соған жету, кәсiби және өмiрлiк сынақтардан дұрыс жол табу талап етiледi. Сондықтан болашақ 12 жылдық мектепте бұрынғының жетiстiктерiне ғана емес, алдағы өркендеу жылдарына үмiт артатын бiлiм керек.
Қалыптасқан проблемаларды шешудiң жолын бiз кеңiнен таралған “оқушыға бiлiм беру” түсiнiгiн өзгертуден көремiз. Дәстүрлi бiлiм беру оқушы алдымен “бiлiм алады”, содан кейiн оны өмiрде шығармашылықпен қолданады. Жеке және жалпы адамзаттық бiлiмдi кеңейту бұрынғы бiлiммен таныс болғанда ғана мүмкiн болмақ. Зерттеу жетiстiктерi көрсеткендей, оқушы өз бiлiмiне және белгiлi бiр қызмет технологиясына сүйене отырып, зерттеу саласындағы мақсатын iске асыруға қабiлеттi болады. Содан кейiн оқушының iс -әрекетiнiң нәтижесiнде алынған өнiм (гипотеза, шығарма, нәрсе, т.с.с) соған ұқсас мәдени – тарихи мұралармен салыстырылады. Ең соңында осы алынған өнiм қайтадан қорытылады, күрделендiрiледi, иi қандырылады, сөйтiп, тағы да бiр соны iс -әрекеттiң қажеттiлiгiн тудырады. Мұндай жағдайда оқушы бiлiмi (сезiмi, қабiлетi, тәжiрибесi, материалдық өнiмi) сөзсiз өсе түседi. Кейде осы өсiм жалпы мәдени өсiммен бiр мезгiлде туады да, оқушы өзiнен - өзi оның толық құқықты мүшесi ретiнде мәдени – тарихи процестерге қатысуға мүмкiндiк алады. Мұғалiмнiң бұл жердегi мiндетi – оқушыға жалпы қабылданған адамзат жетiстiктерiне сай келетiн және соларды көбейтуге бағытталған адамзат жетiстiктерiне сай келетiн және соларды көбейтуге бағытталған өзiне тән бiлiм ауқымын құруға және соны көбейтуге бағытталған өзiне тән бiлiм ауқымын құруға және соны кеңейтуге көмектесу. Бұл мiндеттi шешуге бiлiм беру қызметiн ұйымдастырудың айрықша методологиясы көмектеседi.
Соңғы жылдары жалпы орта бiлiм беру саласында жүргiзiлген реформаларды қолдауда үлкен қадамдар жасалды. Орта мектептерде компьютерлендiру жүзеге асырылады, оқу процесiнде ақпараттық технологиялар бiртiндеп енгiзiлуде. Мүнымен бiрге жалпы орта бiлiм беру жүйесiн одан әрi реформалау оның құрылымы мен мазмүнын бәсекелестiктi және қазақстандық бiлiм берудiң жоғары сапасын қамтамасыз ету, оқытуды даралау мен бейiмдеу, бiлiм деңгейлерiнiң сабақтастығын сақтау бағытында жетiлдiрудi қажет етедi. Жалпы орта бiлiм беру жүйесiн дамытудың әлемдiк тәрбиесiн зерделеу, бiлiм берудiң жаңа сапасына қол жеткiзу тек 12 жылдық жалпы бiлiм беретiн мектептiң жағдайында ғана мүмкiн болатынын көрсетедi.
Еуропа кеңесi декларациясына сәйкес (1992) әлемдiк практикада 12 жылдық жалпы орта бiлiм беру басымдыққа ие, оны әлемнiң 216 елiнде таниды, мойындайды. Бұрынғы кеңес елiнiң iшiнде 12 жылдық оқытуға Балтық жағалауы мемелекеттерi, Молдова, Беларусь, Украина мен Өзбекстан, ал 2000/2001 оқу жылынан бастап Ресей Федерациясы көштi. 1784 жалпы бiлiм беретiн мектепте 12 жылдық жалпы орта бiлiм беруге көшу бойынша кең көлемдегi эксперименттiк жұмыс жүргiзiлуде. Қазақстан Лиссабон конвенциясына қол қойып оны бекiткеннен кейiн Еуропалық бiлiм кеңестiгiне ықпалдасудың құқықтық негiзiн қалады.Бұл жалпы орта бiлiм беру деңгейiнде мектептерде 12 жылдық оқытуға көшудi көздейдi. 12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық бiлiм беру реформасының стратегиялық мiндеттерiн ойдағыдай шешуге мүмкiндiк бередi. Ал оның мәнiсi шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық моделдi дамытуға, “жалпыға арналған бiлiм” үлгiсiнен “таңдауы бойынша бiлiм алу” үлгiсiне сапалы көшуде және әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне тезiрек кiрудi қамтамасыз етуде жатыр. Орта бiлiм берудi ұйымдастыру мен құрудың әлемдiк тәжiрибесiн талдай келiп, көптеген елдерде, ең алдымен жастарды әлеуметтiк қорғау мақсатында 12 жылдық және 13 жылдық бiлiм берудiң жүзеге асырылып жатқанын айтуға болады. Мысалы, Францияда, Испанияда, Польшада, Жапонияда, Литвада, Латвияда, Эстонияда, Молдовада оқушылар – 12 жыл, Италияда, Швецияда, Германияда 13 жыл оқиды. Тұтастай алғанда әлем елдерiнiң жиырма пайызына жуығы толық орта бiлiм берудiң 10-11 жылдық мерзiмiн сақтап қалып отыр. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының мектептердегi бiлiм беру мазмұнынын көлемiн дамыған Еуропа елдерiнiң деңгейiмен салыстыруға болады. Әлемдiк тәжiрибеге сәйкес 12 жылдық оқытуға есептелген жалпы орта бiлiм берудiң бағдарламасын бiздiң оқушыларымыз 11 жыл iшiнде меңгередi. Республиканың 11 жылдық жалпы орта бiлiм беретiн мектебiнде қай кезде де оқушылардың артық оқу жүктемесi байқалып келдi. Оқушылардың оқу жүктемесi оларды оқуға бөлiнген мiндеттi пәндер мен апталық сағаттардың санына, сондай-ақ оқу материалын сыныптар мен бiлiм деңгейлерiн арасында тиiмдi бөлуге байланысты.
Осы күнгi оқу жоспарына сәйкес 8-9 сыныптың оқушылары – 16, ал 10-11 сыныптың оқушылары 15 мiндеттi пәндердi оқиды. Оның iшiнде көрсетiлген сыныптарда 4-тен 6-ға дейiнгi оқу пәндерi бiр сағаттық апталық оқу жүктемесi бойынша оқытылады. Бұл практик мұғалiмдердiң пiкiрiнше тiптi де тиiмсiз болып саналады. Бастауыш мектеп оқушыларының шетi апталық оқу жүктемесi 24-30 сағатты (күнiне 4-5 сабақ) құраса, негiзгi мектепте –36 –40 сағатты (күнiне 6-7 сабақ) және жоғарғы мектепте 41 сағатты (күнiне 6-7 сабақ) құрайды. Егер сабақтың ұзақтығы 45 минут екенiн және пәндер бойынша үй тапсырмасының мiндеттi екенiн ескерсек, бұл оқушылар үшiн өте үлкен жүктеме. Оқушылардың оқу жүктемесiнiң көбеюiне мектеп бағдарламаларының шектен тыс күрделендiрiлуi де әсерiн тигiздi. Орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарының бiр курсына арналған көптеген бағдарламалақ материалдар жалпы бiлiм беретiн мектептiң жоғарғы сыныптарында сол көлемде оқытылады.
Оқу жүктемесiн көбейту, басқа да факторлармен бiрге, оқушылардың денсаулығына зиянын тигiзедi. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлiгiнiң деректерi бойынша диспансерлiк есепте тұратын балардың саны бұрынғы жылдармен (1985-1990 жж) салыстырғанда жыл сайын артып келедi. Қазiргi кезде мектепте оқушылардың жалпы санынан алғанда балардың алпыс алты пайыздан астамы есепте тұр.Артық оқу жүктемесi нашар үлгiретiн, оқудан жалтаратын және қылмыстық ортаны толтыратын балар санының ұлғаюына соқтырды. Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiң деректерi бойынша жас өспiрiмдер арасындағы қылмыстық iстердiң үлес салмағы 8,4 пайызды құрады. 11 жылдық мектептiң жағдайында бейiндiк оқыту мәслесi жеткiлiксiз шешiлдi. Мұның өзi мектеп бiтiрушiлердiң оқуларын КТМ-дер мен колледждерде жалғастыруынан бас тартуына негiзгi себеп болды. Мектепте бейiндiк оқыту мәселесi негiзiнен жалпы бiлiм беретiн пәндердi теориялық және практикалық тұрғыдан тереңдете оқытудың (шығармашылық деңгейi) есебiнен шешiлдi. Бейiндiк оқу жоспарлары тек қана эстетикалық бағыттағы, халықтың көркем қол өнерi мен жоспарлары тек қана эстетикалық бағыттағы, халықтың көркем қол өнерi мен қызмет көрсету салаларының кәсiптерi, ауыл шаруашылығы кәсiптерi бойынша еңбекке баулу бағытындағы мектептер (сыныптар) үшiн әзiрлендi. Оқу жоспарлары деректерiнiң жеткiлiксiз әзiрленуi және бейiндердiң қазiргi мамандықтарымен сәйкес келмеуiнiң салдарынан мектептер оларды пайдалана алмады.
Сондай-ақ бейiндiк мектеп гимназияларға, жалпы бiлiм беретiн пәндердi тереңдетiп оқытатын лицейлер мен мамандандырылған мектептерге арналған арнайы оқу жоспарлары, бағдарламалар мен оқулықтар әзiрленедi. Бейiндiк оқыту мәселесiн шешуге осылайша қараудың салдарынан мектеп бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру проблемасы шиеленiсе түстi.2002-2003 оқу жылының басында 22785 оқушы жұмысқа орналастырылған жоқ, бұл жалпы бiлiм беретiн мектептердi бiтiрушiлердiң жалпы санынының 17 пайызын құрайды. Бiз қазiргi кезде бiлiм берудiң әр түрлi деңгейлерiндегi бiлiм көлемiнiң ұдайы артып отырғанын, ақпараттық желiлердiң кеңейiп отырғандығын, мұның өз бiлiм мазмұнына айтарлықтай әсер ететiнiн, қазiргi оқу пәндерiнiң мазмұнынынжаңарту немесе жаңаларын енгiзу қажеттiгiне соқтыратынын жақсы түсiнемiз. Жоғарғы сынып оқушылары iс-әрекеттiң бұдан да күрделi тәсiлдерiн меңгеруi, әр түрлi көздерден ақпарат ала бiлудi үйренуi, және бұл ретте оларды нақты өмiр жағдайларында пайдалана бiлуi қажет. Жоғарыда аталған проблемаларды шешу оқыту мерзiмiн ұлғайту немесе бiлiм беру мазмұнының көлемiн қысқарту есебiнен ғана мүмкiн болмақ, мұның соңғысы бiлiм сапасының төмендеуiне соқтырар едi.
12 жылдық оқыту мерзiмiндегi жалпы бiлiм беретiн мектеп оқушылардың оқу жүктемесi проблемасын шешуге ықпал етедi. 11 жылға есептелген жалпы бiлiм беретiнпәндер жөнiндегi бағдарлдама, 12 жылдық мектеп жағдайында 12 жыл iшiнде меңгерiлетiн болады.Оқу материалдары мектеп сатылары мен мен бiлiм беру деңгейлерi арасында қайта бөлiнедi. Орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн оқу орындарының бiрiншi курстарында қайталап оқытылатын күрделi материалдар мектептiң оқу бағдарламаларынан алынып тасталады. Бұл бiлiм берудiң сапасын арттыруға, оқушылардың денсаулығын жақсартуға, оқудан жалтаратын балалар санының азаюына, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың төмендеуiне ықпал етедi. Бiлiм реформасы қазiр әлемнiң көптеген дамыған елдерiнде жүрiп жатыр.Оларда бейiндiк оқыту проблемасына көп көңiл бөлiнедi. 12 жылдық мектеп жағдайында бейiндiк оқыту мәселесiн дұрыс шешудiң мүмкiндiгi бар. Бұл негiзгi және жоғарғы мектептi бiтiрушiлердiң кәсiптi барынша саналы түрдетаңдауына ықпал етедi. Негiзгi мектептi бiтiрушiлер КТМ – дер мен колледждерге ықыласпен барады.
12 жылдық жалпы бiлiм беретiн мектеп – бұл негiзгi сатының (оқушыларды колледждерге оқытуға даярлауды қамтамасыз ету мақсатында) және жоғарғы сатының 9, 10 сыныптарында бейiндiк оқытумен бiрге жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң тиiмдi моделi. Мектептерде, сыныптар да бейiндiк бағдар ұстауына болады. Бейiндiк оқытуды ұйымдастыру кезiнде ең бастысы, бiрiншi кезекте еңбек рыногоның нақты қажеттiлiктерiн ескере отырып, бейiндеу бағыттарын анықтау болып табылады. Оқытудың бейiнiн анықтау оқушылардың танымдық мүдделерi мен қабiлеттерiнiң негiзiнде, мектептiң педагогикалық ұжымының мүмкiндiктерiн, сондай – ақ өңiрлiк ерекшелiктердi ескере отырып жүзеге асырылады. Сондай-ақ бейiндiк оқыту кезiнде мiндеттi базалық оқу пәндерiнiң арасынан әрбiр бейiндiк оқытудың нақты бағытын айқындайтын мiндеттi бейiндiк оқу пәндерiн бөлiп алудың және олар үшiн оңтайлы апталық оқу жүктемесiн белгiлеудiң маңызы зор.
12 жылдық бiлiм беруге көшу мектеп бiтiрушiлердi бәсекелес етiп даярлауды қамтамасыз етуге, жалпы орта бiлiм туралы бiздiң аттестаттарымыздың шетелде танылуын және жоғары бiлiмге қол жеткiзудi қамтамасыз етедi. Сонымен оқу мерзiмiн бiр жылға ұзарту, бiрiншiден, мектеп оқушыларының мiндеттi шектi оқу жүктемесiн төмендетудiң есебiнен балалар мен жастар денсаулығының нашарлау үрдiсiн тоқтатуға мүмкiндiк бередi; екiншiден, қабiлет пен бiлiктiлiкке және жоғарғы оқу орындарында оқуғабарынша сапалы даярлауға сәйкес кәсiп таңдаудың құнды мотивациясын ықпал ететiн болады; үшiншiден, белгiлi бiр дәрежеде туудың төмендеп шетiнеудiң көбеюiне байланысты республикадағы демографиялық ахуалдың өзгеруiне ықпал етедi.
Бiздiң елiмiздегi негiзгi жалпы орта бiлiм сатысында бiлiм беру мазмұнының деңгейiн алдыңғы қатарлы елдердiң бiлiм деңгейiмен салыстыруға болад, дегенмен бұған оқушылардың артық оқу жүктемесiнiң есебiнен қол жетiп отыр. Iс жүзiнде оқу материалын қысқарту немесе оқу мерзiмiн ұзарту есебiнен оқушылардың оқу жүктемесiн төмендету қажет. Жалпы бiлiм беретiн мекемелерде оқытуды бiр жылға ұзарту бiлiм алушылардың қазiргi апталық оқу жүктемесi мен осы күнгi бiлiм деңгейiн сақтап қана қоймай, арттыруға да мүмкiндiк бередi. Қазiргi дүниеде әр түрлi деңгейдегi қажеттi бiлiм көлемi ұдайы өсiп отыр, ақпарат ағындары кеңеюде мұның өзi бiлiм берудiң мазмұнына едәуiр әсер етедi, қазiргi жұмыс iстеп жатқан курстарды жаңартуға немесе жаңаларын енгiзуге жәрдемдеседi. Мектеп бiтiрушiлерден iс-әрекеттiң неғұрлым күрделi әдiстерiн меңгерту, әр түрлi көздерден ақпарат ала бiлу және оны нақты өмiр жағдайында пайдалана бiлу талап етiледi. Жоғарғы бiлiмдiлiк қазiр оқушыларды әлеуметтендiрудiң өмiрден өз орнын табудың құралы болып табылады.
Бiрқатар бейiндiк жалпы бiлiм беру мекемелердi (лицейлер, гимназиялар жекелеген пәндердi тереңдете оқытатын мектептер) оқушыларды жоғары оқу орындарына түсуге даярлауға бағдарланған. Оқу мерзiмiн ұзарту қабiлет пен бейiмдiлiкке және жоғары оқу орындарында оқуға неғұрлым сапалы даярлау сәйкес кәсiп таңдаудың құнды мотивациясына ықпал етедi. Шаруашылық жүргiзудiң нарықтық жағдайларына көшу мектеп бiтiрушiлердi жұмысқа орналастырудың, оқушылардың жұмыс орындарын құру мен жастарды жұмысқа орналастырудың орталықтандырылған тетiгi бұзды, олардың әлеуметтiк бейiмделу проблемасын, сонымен бiрге жастар арасындағы қылмыстық жағдайларды күшейттi. 12 жылдық оқытуға көшу белгiлi бiр дәрежеде елдегi әлеуметтiк шиеленiстi төмендетуге ықпал ететiн болады.
Жалпы орта бiлiм берудiң мақсаты - әлемдiк бiлiм беру стандарттарына сәйкес келетiн бiлiм берудiң жоғарғы сапасын қамтамасыз ету, өзiн-өзi тәрбиелеуге, өздiгiнен бiлiм алуға өзiн-өзi тануға, өзiн -өзi iске асыруға, өзiн-өзi дамытуға және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруге дайын, жеке және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруге дайын, жеке және қоғамдық мүдделердi үйлестре бiлетiн жан-жақты мәдениеттi, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.
Жалпы орта бiлiм берудiң мiндеттерi:
-
негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру және бiлiм алуды жалғастыруға қажеттi жағдайлар жасау;
-
даралықты дамытуға жағдай жасау арқылы жеке тұлғаның интелектiн байыту;
-
азаматтық пен патриотизмге, өз отаны – Қазақстан Республикасын сүюге, халықтық дәстүрлердi құрметтеуге, конституцияға және қоғамға қарсылықтың кез – келген көрiнiстерiне төзбеушiлiкке тәрбиелеу;
-
республиканың қоғамдық – саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiктерiн, тұлғаның өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;
-
әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне бой ұру;
-
қазақ халқының және респупликадағы басқа да халықтардың тарихын, салттары мен дәстүрлерiн зерделеу; мемелекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн меңгеру;
-
оқыту, бiлiмдi ақпаратттандыру технологияларын және халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығуды қамтамасыз ету.
12 жылдық мектептiң құрылымы
12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы туралы, мектепке бiлiм берудiң кезеңдерi (сатылары) туралы мәселе туындайды. Бастауыш мектептi реформалаудың негiзгi желiсi бүгiн кiшi мектеп жасындағыларға бiлiм берудiң басым мақсаттарын өзгерту үрдiстерi болып табылады, мұнда бiрiншi кезекте олардың жеке басын дамыту мiндетi қойылады. Дамыта оқыту теориясын негiзге ала отырып, мектептер ескi құрылымның шеңберiнде оқытудың осы мақсатына жету жолдарын iздей бастады. Алайда үш жылдың iшiнде оқушылардың оқу жүктемесiн едәуiр дәрежеде көбейтпей, балалар денсаулығына бiраз зиян тигiзбей, мұндай мiндеттердi шешу мүмкiн емес. Бұдан оқуға ынтаның болмауы, мектепке деген терiс көзқарас сияқты басқа да жағымсыз жайлар туындайды. Бастауыш мектептiң қазiргi жеткiлiктi дәрежедегi күрделi оқу бағдарламасын сапалы меңгеру қиындық туғызып отыр, мұның өзi 5-6 сыныптарда үлгiрiмнiң күрт төмендеуiне соқтырады. Сөйтiп, дамыта оқытудың прогрессивтiк идеялары оларды дұрыс iске асырмаудың нәтижесiнде түбiрiмен жоққа шығарылады. Соңғы жылдардағы демократиялық қайта құрылымдарды қате түсiну жағдайды ушықтырып жiбердi: бастауыш сыныптарда жаңа пәндердi орынсыз енгiзу, апталық оқу жүктемесiн ұлғайту, негiзгi және орта мектептегi пән мұғалiмдерiнiң пәндердi оқытуы оқытудың табиғилық принципiн едәуiр бұзуға әкеп соқтырды.
Жүргiзiлген зерттеулер, мектептердiң жұмыс тәжiрибесi таяу болашақта бастауыш мектептегi бастауыш оқыту мерзiмiнiң қысқармауына, ал оқу жасының төмендеуiне байланысты, керiсiнше, ұлғаюына негiз бола алады. Мұндай үрдiстер барлық дамыған елдерде (мысалы, Франция мен Италияда –5 жыл, АҚШ–та, Бельгияда, Канадада, Данияда, Швецияда және көптеген дамыған елдерде – 6 жыл) орын алып отыр. Бұдан кейiн болашақта бастауыш мектепте оқытудың ұзақтығын 5 жылдық мерзiмге көшiрудiң мүмкiндiктерi мен дұрыстығына талдау жүргiзу қажет. Бастауыш оқыту мерзiмiне осындай болжамды өзгерiстер енгiзу мектептiң екiншi сатысындағы бiлiм берудң мазмұнына әсер етедi. Жалпы орта бiлiм берудiң ұйымдық құрылымы оқытудың мақсаты мен мiндеттерiнiң арасындағы байланысты, әрбiр жас сатыларында оқушылар тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшелiктерiне қарай қамтамасыз етуге тиiс.
Мынадай жастық даму кезеңдерi ғылыми негiзделген:
-балалық кезең – 6-10 жас; -жасөспiрiмдiк кезең –11-16 жас; -бозбалалаық кезең –17- 18 жас.
Қазақстанның жағдайында жалпы орта бiлiм берудiң ең қолайлы және оңтайлы құрылымы 4+6+2 болып табылады.Ұсынылып отырған жалпы орта бiлiм берудiң 4+6+2 құрылымы көрсетiлген жастық даму кезеңдерiне толығымен сәйкес келедi
12 жылдық жалпы орта бiлiм беру үш сатыдан тұрады:
I саты – жалпы бастауыш бiлiм беру (1-4 сыныптар – бастауыш мектеп )
II саты – негiзгi орта бiлiм беру (5-10 сыныптар – негiзгi мектеп).
III саты – жалпы орта бiлiм беру (11-12 сыныптар – жоғарғы мектеп).
I саты – жалпы бастауыш бiлiм беру (1-4 сыныптар – бастауыш мектеп).
Бастауыш мектепте оқудың ұзақтығы- 4 жыл. Бастауыш мектеп жалпы бастауыш бiлiм берудi қамтамасыз етедi. Бастауыш мектепте балалар 6 жастан бастап қабылданады. Алты жас- баланың ақыл –ойы дамуының және әлеуметтiк дайындығының ең бiр қолайлы (синзтивтi) кезеңi. Осыны дұрыс пайдаланып, iске асырған жөн. Әйтпесе баланың бойындағы қасиеттерi толық көлемде ашылмай қалуы мүмкiн.
Бастауыш мектептiң басты мiндетi – бланың қабiлеттерiнашуды, жеке тұлғасын, оқуға деген ынтасын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оқу, жазу, санау, қарым –қатынасжәне ынтымақтастық дағдыларын меңгеруiне көмектесу. Бастауыш мектеп баланың өзiн iс жүзiнде көрсету, мiнез-құлық мәдениетi элементтерiн меңгеру дағдаларын қалыптастырады. Мұнымен бiрге бұл сатыда балалардың бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiн ескерiп, саралап және даралап оқыту элементтерi енгiзiледi. Бұл таңдау бойынша (бұл курстар бойынша жеке және топтық сабқтар өткiзiлуi мүмкiн) курстарды (пәндердi) оқу арқылы iске асырылады.
II саты – негiзгi орта бiлiм беру (5-10 –сыныптар –негiзгi мектеп).
Негiзгi мектепте оқыудың ұзақтығы –алты жыл. Негiзгi мектеп негiзгi жалпы бiлiм берудi қамтамасыз етедi. Негiзгi жалпы бiлiм беру жалпы орта кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм алудың базасы болып табылады.
Мектеп оқушыларының осы сатыдағы бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiн дамыт таңдау бойынша оқу курстарын ашумен қамтамасыз етiледi. (бұл курстар бойынша жеке топтық сабақ өткiзiлуi мүмкiн). Бейiндiк 9-11 –сыныптар үшiн бейiндiк (элективтi) курстар енгiзiледi.
Жасөспiрiмдiк шақта тұлғаның қарқынды әлеуметтiк даму адамгершiлiк нормаларының қалыптасуы басталады. Жасөспiрiм алдына маңызды мақсаттар қоя алады, оның бойында кәсiптiк қызметтiң әр түрлi салаларында көрiнетiн кәсiпке деген ықылас оянады. 11 жылдық мектепте оқыту мен тәрбиелеудiң тәжiрибесi 15-16 жасқа қарай (бұл 12 жылыдық мектептiң 9-10 сыныптарына сәйкес келедi) оқушылардың көпшiлiгiнiң бойында болашақ қызмет саласына бағдар ұстаудың қалыптасатынын көрсетедi. Бұл жаста оқу қызметiнiң дамыған нысандары негiзiнде тұлғаның өзiн -өзi ұйымдастыру тетiктерi және теориялық тұрғыдан ойлаудың жалпы тәсiлдерi қалыптасады, ынта-ықылас туындайды және әр түрлi iс -әрекет саласындағы бастапқы бағдар жүзеге асырылады. Сондықтан 12 жылдық мектептiң екiншi сатысының өзiнде бейiндiк саралап оқыту белсендi түрде енгiзiледi. Ол оқушыларды колледждердi оқуды жалғастыруға дайындау мақсатымен негiзгi мектептегi оқудың соңғы екi жылын (9-10-сыныптар) қамтиды.
III саты – жалпы орта бiлiм беру (11-12 – сыныптар – жоғарғы мектеп).
Жоғарғы мектепте оқу мерзiмiнiң ұзақтығы – екi жыл. Жоғарғы мектеп кәсiптiк жоғары бiлiм алу үшiн базалық болып табылатын жалпы орта бiлiм берудi қамтамасыз етедi. 16 жастан 18 жасқа дейiнгi оқушылардың бойында тұтас дүниетанымдық ұстанымдар, өз мақсаттарына жету жолдарын, өз болашағын жобалау қасиеттерi қалыптасуы мүмкiн. Бұл жаста қоңғамдық өмiрде өзiн iс жүзiнде көрсетуге ұмтылу, өзiнiң оқу, кәсiптiк мүмкiндiктерiн нақты бағалай бiлу және одан әрiбiлiм алу мен кәсiптiк өзiн - өзi анықтаудың жолдарын белгiлеу қабiлеттерi көрiнiс бередi. 12 жылдық мектептiң жоғарғы сатысында оқыту толығымен терең бейiндiк саралау негiзiнде, оның iшiнде жеке бiлiм беру бағдарламалары арқылы құрылады.
12 жылдық мектептiң жоғарғы сатысында жоғарғы сатысында жоғарғы сынып оқушыларының бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiн дамыту таңдау бойынша әр түрлi курстардың (пәндердiң) көмегiмен жүзеге асырылады (бұл курстар бойынша сабақтар жеке және топтық болуы мүмкiн ). Бейiндiк сыныптар үшiн бейiндiк (элективтi )курстар енгiзiледi. Жұртшылық негiзгi (мiндеттi) мектептi бiтiрушiлердiң неғұрлым көпшiлiк бөлiгiнiң толық орта мектептiң (жалпыға бiрдей, ақысыз) жоғары сыныптарында оқуын жалағыстыруына мүдделi болады. Қазiргi көрсеткiш жоғары кластарға баратын негiзгi мектеп бiтiрушiлердiң 55-60% - неғұрлым жоғары жетiстiктерге жетуге ұмтылуға тиiстi. Бұл жердегi ынталандыру құралы жоғары оқу орындарына түсудiң шарты болып табылатын толық орта бiлiмi туралы аттестат алу ғана емес, сонымен бiрге жас кәсiби қызметкерлердiң бiлiм деңгейiне қойылатын талаптардың өсуi болуға тиiстi.
12 жылдық мектеп, бiлiм беру жүйесiн жаңарта отырып, сонымен бiр мезгiлде жинақталған тәжiрибеге қатысты сабақтастықты сақтайтын болады. Орта бiлiм беру сатыларын сипаттай отырып, iске қайшы келетiн проблемаларды да назардан тыс қалдыруға болмайды. Жоғарғы сатыда орта бiлiм берудi жан-жақты дамыту мен оны кәсiбилендiрудi оңтайлы үйлестiру проблемасын дұрыс шешу қажет.
Жоғарғы сыныптарда бағдарламалық саралануд жүзеге асыру кезiнде жұртшылық арасында үлкен беделге ие болған мектептерде оқуға тiлек бiлдiрушiлердi iрiктеп алу проблемасы туындауы мүмкiн. Бiлiм алуға жалпы қол жетiмдiлiктi толыққанды бiлiм беретiн (бiрақ бейiндiк дайындық емес), жалпы бiлiм беретiн сыныптардың бiр бөлiгiн сақтау арқылы кепiлдендiру болады. Негiзгi, орта және жоғарғы мектептiң, өндiрiстiң, т.с.с сабақтастығын сақтау проблемасы да өзектi бола түседi.
12 жылдық жалпы орта бiлiм берудiң мазмұны
Жеке тұлғаны дамытудың және оның базалық мәдениетiн қалыптастырудың негiзгi құрлдарының бiрi бiлiм мазмұны болып табылады.Бiлiм мазмұны деген түсiнiк әр түрлi пайымдалады. Мысалы Ю.К. Бабанский оны былайша түсiндiредi: “Бiлiм мазмұны – ғылыми бiлiмдердiң бiлiктiлiктер мен дағдылардың жүйесi, оларды меңгеру мектеп оқушыларының ақыл-ойының және дене қабiлеттерiнiң жан-жақты дамуын олардың дүниетанымын, адамгершiлiгi мен мiнез-құлқын қалыптастыруды, қоғамдық өмiрге және еңбекке дайындауды қамтамсыз етедi”. Бұл жерде бiлiм берудiң мазмұны адам жинақтаған әлеуметтiк тәжiрибенiң барлық элементтерiн қамтиды. Бұл ретте бiлiм мазмұны оқыту процесi компоненттерiнiң бiрi ретiнде қарастырылады.
Кеңестiк дидактиканың классиктерi И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин былай деп атап көрсеттi: “Бiлiм берудiң басты әлеуметтiк функциясы – адамдардың бұған дейiнгi ұрпақтары жинақтаған тәжiрибенi беру”. Бұл аталған функция тұжырымдамалардың, оқу бағдарламалары мен оқулықтардың бiлiм мазмұнының едәуiр бөлiгiн жасауға негiз болады. Бұл жағдайда бiлiм мазмұны оқушылардың бiлiм көлемiн, бiлiктiлiктер мен дағдыларды меңгруi үшiн арнайы жасалған …көлемi.
В.С.Леднев бiлiм мазмұнын тұтас жүйе ретiнде талдау қажеттiгiн айта келiп оған өзгеше анықтама бередi: “Бiлiм берудiң мазмұны – тұлғаның жеке қасиеттерiмен сапасының прогрестiк өзгерiстер, процестер мазмұны, оның қажеттi шарты ұйымдасқан iс-әрекет болып табылады”.
В.С. Леднев бiлiм берудiң құрылымдық компоненттерiнiң жиынына және олардың өзара байланысына әсер ететтiн факторларды анықтады. Бiлiм беру мазмұнының құрылымын тұтастай алғанда мыналар белгiлейдi:
-
ғаламдық деңгейдегi факторлар, бұлардың негiзiнде бiлiм берудiң теориялық және практикалық бөлiктерiне грациясын ескерумен бiрге олардың құрылымын анықтайтын факторлар;
-
жалпы, политехникалық және әлеуметтiк бiлiм берудiң теориялық және практикалық бөлiктерiне грациясын ескерумен бiрге олардың құрылымын анықтайтын факторлар.
-
Жалпы мектептегi бiлiм беру мазмұнының факторлары;
-
арнайы оқу орындарында – кәсiптiк техникалық училищелерде, орта және жоғары арнайы оқу орындарындағы бiлiм беру мазмұнының факторлары;
-
жекелеген оқу курстарын, практикалар мен оқу жобаларының жекелеген түрлерiнiң мазмұнын анықтайтын факторлар.
Бiлiм мазмұны деп дәстүрлi түрде оқушылардың меңгеруi үшiн адамзаттың бастапқы тәжiрибесi түсiндiрiледi. Мұндай оқытуды бiлiм алуға бағдарланған деп атауға болады. Жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда бiлiм мазмұны оны құрайтын екi құрамдас бөлiкке: сыртқы – бiлiм беру ортасына, және iшкi –оқушының жеке бастық жаңа құрылымдарына бөлiнедi.
Отандық тұжырымдамаларда бiлiм мазмұны былайша түсiндiрiледi: 1)педагогикалық бейiмдендiрiлген ғылым негiздерi; 2)бiлiм, бiлiктер мен дағдылар жүйесi, сондай-ақ шығармашылық қызмет пен әлемге эмоциялық – ерiк-жiгерлi көзқарас тәжiрибесi; 3)адамзат мәдениетiнiң құрылымына ұқсас педагогикалық бейiмдендiрiлген әлеуметтiк тәжiрибесi; 4)тұлғаның жеке қасиеттерi мен сапаларының прогрестiк өзгерiстерi мен процесiнiң мазмұны мен нәтижесi; 5)бiлiм беру ортасы. Сырттай қарағанда бiлiм мазмұнының мынадай деңгейлерi байқалады: Тұтастай алғанда бiлiм беру – оқыту сатылары – оқу курстарының циклдары – оқу курстары – жекелеген пәндер – бөлiмдер, тақырыптар, сабақтар.
Бiлiм мазмұнының iшкi (жеке) көрiнiсiнiң мынадай деңгейлерi бар: Әрбiр нақты оқушының жеке басының қасиеттерiне; бiлiмiне, бiлiгiне, дағдыларына, iс-әрекетiнiң түрлерi мен тәсiлдерiне, қабiлеттерiне құнды бағдарларына сәйкес келетiн бiлiм берудiң iшкi мазмұнының және оның элементтерiнiң құрылымы сыртқы мазмұнының құрылымы мен деңгейлерiне сәйкес келмейдi. Бiлiмнiң iшкi мазмұны оқушыға алған бiлiм өнiмiмен көрiнедi.
А.В.Хуторской бiлiм мазмұнын қалыптастырудың мынадай жалпы принциптерiн көрсетедi:
-
Әлеуметтiк жағдайлар мен қоғамның қажеттiлiктерiн есепке алу принципi.
-
Мазмұнның таңдаған бiлiм моделiне сәйкестiк принципi.
-
Бiлiм мазмұнының әр түрлi ортақ деңгейлердегi және пән аралық деңгейдегi құрылымдық бiрлiгiнiң принципi.
-
Оқытудың мазмұндық және процессуалдық – iс әрекеттiк жақтары бiрлiгiнiң принципi.
-
Бiлiм мазмұнының қол жетiмдiк және табиғилық принципi.
Үздiксiз бiлiм берудiң мазмұнын таңдаған кезде тұжырымдамада дидактикада қалыптасқан принциптер ескерiледi, бiрақ та олардың бiлiм берудiң қазiргi теориясы мен практикасында жеткiлiксiз iске асырылып жатқандарына айрықша көңiл бөлiнедi. Жалпы орта бiлiм беру мазмұнын жетiлдiру кезiнде мынадай негiз құраушы прициптер алдыңғы қатарға шығарылады:
-
Бiлiм мазмұнының жеке басқа бағдарлануы
-
Бiлiм мазмұнының iргелiлiгi, оның әдiстемелiк құрамдас бөлiктерiн күшейту
-
Оқушылардың денсаулығын сақтау басымдығы
-
Практикалық бағдарды өнiмдi және репродуктивтi iс-әрекеттi ұтымды үйлестiрумен қамтамасыз ету;
-
Бiлiм беру мазмұнының iскерлiк компонентiн күшейту
-
Бiлiм берудiң мазмұнын арнайы негiзделген iрiктеудiң есебiнен оқу жүктемесiнiң көлемiн оңтайландыру;
-
Бiлiм мазмұнын ықпалдастырумен оқушылардың әлем туралы түсiнiктерi тұтастығын қамтамасыз ету;
-
Оқушылардың бiлiм беру бағдарламаларын бiлiм мазмұнын бейiмдеу және саралау.
Жалпы орта бiлiм берудiң мазмұнын жетiлдiру осы уақытқа дейiн дейiн дәстүрлi оқу курстарын кеңейту немесе жаңаларын енгiзу арқылы бiлiмдi молайтудың есебiнен ғана жүргiзiлiп келдi, ал мұның өзi ақырында оқу жүктемесiнiң көбеюiне, соның салдарнынан оқушылар бiлiмiнiң сапасының төмендеуiне соқтырды.
Бұл сабақ беруге, мұғалiмнiң және осы iс -әрекеттiң объектiсi болып саналатын оқушының осы процестегi негiзгi рөлiне ден қойған сол кездегi бiлiм беру жүйесiнiң нәтижесi. Оқушы оқу процесiнiң субъектiсi болуға тиiс деген пайымдаулардың барлығы 11 жылдық мектеп жағдайында iс жүзiнде тиiстi түрде жүзеге аспады
Жалпы орта бiлiм берудiң ұсынылып отырған жаңа 12 жылдық үлгiсi жағдайында мектептiң барлық сатыларындағы осы күнгi пәндiк жүйе сақталады. Сонымен бiрге жалпы орта бiлiм берудiң мазмұны қоғам қоғам өмiрiндегi өзгерiстерге құлақ асып, жаңарып отыруға тиiстi. Ақпаратттану заманында, бiздiң мемлекетiмiздiң халықаралық байланыстары барған сайын кеңейiп, сапалық жаңа деңгейге көтерiлген кезеңде информатика мен шетел тiлдерiн ерте бастан (екiншi сыныптан) оқып –үйрену керек. Мiндеттi базалық оқу пәндерiнiң екеуiнiң немесе бiрнешеуiнiң мазмұнын бiр пәнге айналдырудың арқасында олардың жалпы саны азайтуға қол жеткiзiлетiн болды. Бiлiм деңгейлерiнiң арасындағы оқу материалын қайта бөле отырып, оқу курсын кеңейтуге байланысты мәселенi шешуге болады. Мiндетттi базалық оқу пәндерiнiң санын қысқарту оқу жүктемесiн азайту үшiн ғана емес, ол оқушыларды саралап және даралап оқыту үшiн де қажет.
Бастауыш және негiзгi (10-сыныпқа дейiн) мектептiң сатыларында бiлiм берудi саралау iсi әдiстемелiк тұрғыда шешiледi. Оқушыларға өздерiнiң бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiне қарай әр түрлi курстарды (пәндердi) таңдау мүмкiндiгi берiледi. 9 сыныптан бастап оқушыларды бейiн бойынша оқыту енгiзiледi. Оларға әр түрлi деңгейдегi (бейiн бойынша оқу бағдарламалары ұсынылады.
Бiлiм салаларының және оқу пәндерiнiң мазмұнын жаңарту принципiне сәйкес болашақ мектеп мына бағыттар бойынша өзгертiлуге тиiс:
-
Айналадағы өмiрдiң өзгерiстерiне және базалық ғалымдардыңғалымдардың жетiстiктерiне сәйкес оқу материалының жаңартылуы; жалпымәдени маңызы бар, қазiргi қоғам өмiрiне қажеттi жаңа бiлiмдер мен тақырыптарды енгiзу;ескiрген бiлiмдердi алып тастау;
-
Екiншi дәрежелi немесе ескiрген материалдың есебiнен оқу жүктемесiн бiр мезгiлде азайта отырып, iргелi бiлiм беру объектiлерiн, жүйе құрушы ұғымдар мен принциптердi, заңдылықтарды анықтау арқылы бiлiм мазмұнын жалпылау;
-
12 жылдық мектептiң тұжырымдамасына сәйкес негiзгi және жоғарғы мектептiң араснда, базалық және бейiндiк бiлiм беру мазмұнының арасында оқу материалын қайта бөлу; оқу материалының мазмұнын құруға модульдiк тәсiл тұрғысынан келу;
-
бiлiм беретiн ортаны оқушыларды жеке тұлға р,етiнде тәрбиелейтiн орта деп қарап, мазмұнын соған сәйкес өзгерту; жаңа қызмет құралдары мен технологияларының (интернет, БАҚ және басқалар) бiлiм беруге тигiзетiн әсерi барған сайын күшейiп келе жатқанын ескерiп, ашық бiлiм мазмұнының тұжырымдамасына көшу;
-
жалпы бiлiм беру процесiнде оқушының жеке бiлiм траекториясының мүмкiндiгiн iске асыратын бiлiм мазмұнының оқушы компонентiн күшейту;
-
бiлiм мазмұнының iскерлiк компонентiн әзiрлеу, яғни бiлiм мазмұнының мiндеттi минимумына оқушының меңгеруi қажет iс - әрекеттiң, техникалар мен технологиялардың арнайы таңдап алынған тәсiлдерiн, негiзгi бiлiктер мен өзге де рәсiмдiк элементтердi енгiзу;
-
жеке тұлғаға бағдарланған, бейiндiк, бiрiктiрiлген, мультимедиалық, гипермәтiндiк, т.б жаңа үлгiдегi оқулықтар мен оқу құралдарын әзiрлеу және жасау.
Бiлiм берудiң мазмұны мен құрылымы тұжырымдамасының негiзiнде 12 жылдық мектепте базистiк оқу жоспары, жекелеген бiлiм салаларының тұжырымдамалары, оқу бағдарламалары және пән оқулықтары жасалады.
Бiлiм беру мазмұнын қалыптастырудың негiзгi үш деңгейiн бөлiп айтуға болады, олар: жалпы теориялық түсiнiк деңгейi, оқу пәнiнiң деңгейi, оқу материалының деңгейi.
Жалпы теориялық деңгейiнде жалпы орта бiлiм мазмұнының мемелекеттiк стандарты метептiң оқу жоспарынан көрiнiс бередi. Жалпы орта бiлiм беру практикасында оқу жоспарларының бiрнеше түрi: базистiк, типтiк және мектептiң оқу жоспары орындалады.
Базистiк оқу жоспары – бұл негiзгi мемелекеттiк нормативтiк құжат, бiлiм берудiң осы сласындағы мемелекеттiк стандарттың құрамдас бөлiгi болып табылады. Ол типтiк және жұмыстық оқу жоспарларының негiзгi және метептi қаржыландырудың басты құжаты ретiнде қызмет етедi.
Типтiк оқу жоспарлары ұсынымдық сипатқа ие. Мектеп оқу жоспарының екi түрi бар:
-
мектептiң өз оқу жоспары, ол мемелекеттiк базистiк оқу жоспарының негiзiнде ұзақ мерзiмге жасалады да, нақты бiр мектептiң ерекшелiктерiн көрсетедi. (мектептiң оқу жоспары ретiнде типтiк оқу жоспарының бiрi алынуы мүмкiн);
-
жұмыстық оқу жоспары, ағымдағы жағдайлары ескере отырып жасалады да, жыл сайын мектептiң педагогикалық кеңесiнiң шешiмiмен бекiтiледi.
Мектептiң оқу жоспарының құрылымы едәуiр дәрежеде онда инвариантық және вариативтiк бөлiктердiң көрiнiс табуына байланысты құрылады. Оқу жоспарының инварианттық бөлiгi (ұйтқысы) жалпы мәдени және ұлттық мәнi бар құндылықтарды (мұраларды) меңгерудi, солардың базалық мәдениетiн қалыптастыруды қамтамасыз етедi. Оқушылардың жеке басының ерекшелiктерiн, мүдделерi мен бейiмдiлiктерiн ескеретiн вариативтiк бөлiк оқыту процесiн дараландыра жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Бiрiн-бiрi толықтырып тұратын әрi өз алдына дербес болып есептелетiн оқу жоспарының осы бөлiктерiн бiр-бiрiнен қиылысып, ұштасып отыруының нәтижесiнде кез келген жалпы орта бiлiм берудiң базалық негiзiн құрайтын мiндеттi сабақтар; оқушылардың таңдауы бойынша мiндетттi сабақтар; факультативтiк сабақтар (таңдау бойынша мiндеттi емес сабақтар). Бұл ретте жалпы орта бiлiм берудiң базалық негiзiнiң (инварианттық бөлiгiнiң) қүрылымы жеткiлiктi дәрежеде құрылымы жеткiлiктi дәрежеде тұрақты болап табылатын мынадай екi фактордың: адам қызметiнiң жалпы құрылымы мен жиынтық зерттеу объектiсi құрылымының өзара iс -әрекетiмен айқындалады.
Мектеп бөлiмiнiң инварианттық бөлiгi туралы айтқанда, базистiк оқу жоспарының мектептiң әрбiр сатысына арналған оқу пәндерiнiң ең аз мөлшердегi қажеттi жиынын ғана айқындайтынын ескеру қажет. Бұлжиын ұлттық-аймақтық және мектеп компоненттерiнiң есебiнен кеңейтiлуi мүмкiн. Бiлiм беру салалары мен оқу курстарының функционалдық толық жиыны үйлесiмдi дамыған тұлға жөнiндегi белгiлi идеяны алға тартады. Бiрақ тұлға оқу процесiнде дамиды. Сондықтан бiлiм мазмұнынының құралдары арқылы мектеп тұлғаның жан- жвқты дамуына жағдай жасауға тиiстi. Ал мұндай қажеттiлiк мектепте айналадағы өмiр шындығын зерделеуге ден қоюды және адамның өмiрдiң барлық салаларымен байланысын орнықтыратын iс-әрекет машықтарын меңгерудi талап етедi. Сөйтiп, бiз мектептiң базистiк оқу жоспарына енгiзiлуге тиiстi оқу пәндерiнiң ең аз мөлшердегi қажеттi жиынына қол жеткiземiз.
Жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң базистiк оқу жоспары мемелекеттiк стандарттың бiр бөлiгi ретiнде нормативтердiң мынадай ауқымын қамтиды:
-
Оқудың ұзақтығы (оқу жылдарында ) оның барлық сатылары бойынша жалпыға бiрдей;
-
Жалпы орта бiлiм берудiң әрбiр сатысындағы базалық оқу курстарына, оқушылардың таңдауы бойынша мiндеттi сабақтарға, факультативтiк сабақтарға арналған апталық оқу жүктемесi;
-
Таңдау бойынша мiндеттi сабақтарға бөлiнетiн оқу сабақтарының санын қоса алғанда, оқушыларға арналған ең көп мiндеттi апталық оқу жүктемесi;
-
Ең көп оқу жүктемесi, факультативтiк сабақтар, мектептен тыс жұмыс, оқу топтарының шағын топтарға (iшiнара) бөлiнуi ескерiлген, мемлекет төлейтiн жиынтық оқу жүктемесi.
Бiздiң елiмiздегi және басқа да көптеген елдердегi дәстүрлi жалпы бiлiм беретiн орта мектеп мынадай үш сатылы негiзде құрылған: бастауыш, негiзгi және толық. Жалпы бiлiм беретiн орта метептiң әрбiр сатысының ортақ мiндеттердi шешуде оқушылардың жас ерекшелiктерiне байланысты өзiндiк функциялары бар. Олар, ең алдымен, базалық оқу курстарының жиынынан көрiнiс табады.
Жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң базистiк оқу жоспарының негiзгi оның сатыларының арасындағы сабақтастық принциптерiн жүзеге асыру болып табылады. Сонда ғана оқытылатын оқу курстары өзiнiң кейiнгi сатыларында дамып, байи түсетiн болады.
Достарыңызбен бөлісу: |