III ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 10-сынып
Ұзақтығы – 45 минут
Тыңдалым – 10 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 15 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі).
Балл саны – 30
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент –
тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар,
төртінші компонент – айтылым дағдыларын тексеруге арналған
Оқу мақсаты:10.2.2.1ғылыми көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп,монолог және диалог құрау,сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып,тыңдаушыға әсер ету.
Білім алушы
-мәтіннен күрделі сөздерді табады,түрін анықтайды
-сұраққа қатысты пікір білдіреді;
-пікір білдіруде үстеу мен шылауды қолданады қолданады.
-сөздердің байланысу түрін анықтай алады
10.1.3.1 оқу-кәсіби,қоғамдық-саяси,әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер
мен термин сөздердің мағынасын түсіну;
10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әр түрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және
салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу.
|
I.Тыңдалым Қоқысты сұрыптау мәселесі
Франция
Қоқысты қайта кәдеге жаратудан,сұрыптаудан жетекші орында–франциялықтар.Францияда қоқыспен күресуде қоқыс өртейтін кешенді зауыттар салынған.Мәселен, Париж түбіндегі Иври-сюр-Сен зауыты жылына шамамен 600 мың тонна қоқыс өртейді.Қоқыстарды парализ әдісімен өте жоғары температурада күйдіреді, сонда улы заттар жану кезінде толық ыдырап,күл болады,есесіне атмосфераға зиянды газдар бөлінбейді.Франция қоқысты селекциялық жинау әдісімен қоқысты қайта өңдеу арқылы 30% алюминий, 50% шыны,сонша газет қағазын өндіреді.
Қытай
Көршілес Қытайда қоқыс сұрыптау, қайта өңдеу үлкен бизнес саласына айналған.Аспан асты елінің Бейжің іспетті ірі қалаларында қоқысты түрлі әдіспен сұрыптайды, заманауи технологиялар мен адам күші қатар қолданылады.Қоқыс жинаушыларға төлемақы күнбе-күн төленгендіктен,қолма-қол ақшаға мұқтаж жұмысшылар бұл іске үйір.Бір Шанхайдың өзінде мыңдаған қоқыс қабылдау орындарында 2,5 миллионнан астам жұмысшы еңбек етеді.
Жапония
Өмір сүрудің өзіне жер таппай отырған жапондықтар қоқысты іріктеу,реттеу жұмыстарына аса үлкен жауапкершілікпен қарайды.Токио мен ірі қалаларда қоқыс контейнерлері қағаз, пластик, әйнек, темір, жанғыш, жанбайтын, қайта өндірілетін деп іріктеледі. Әр қалдықтың өзіне тиесілі түсті пакеттері болады. Мәселен көк пакетте қағаз қалдықтары болса, жасыл түсті пакетте пластик болады,егер қоқыстарды шатастырып немесе аралас тастаса,сол үшін «шатасқан» тұрғын қомақты айыппұл төлейді.Супермаркеттерде пакеттердің шамадан тыс қолданылуын шектеу мақсатында пакеттер берілмейді.Қоқысты жинау қызметі бір күнді тек бір қоқыс түріне арнайды.
Әлемнің көп жерлерінде қоқысты өртеуге тыйым салынған,өйткені тұрмыс қалдықтарынан түрлі улы газдар бөлініп ауаны ластайды.Қалдықтарды өртеу АҚШ пен Жапонияда рұқсат етілген,бұл елдерде плазмалық газдау әдісі қолданылады.Жапондықтар өртелген қоқыс күлін арнайы құрылғылармен тығыздап,құрылыс заттарын өңдіреді,ғимараттар тұрғызып,тіпті бүтін жасанды аралдар салып жатыр.
Түркия
Түркия астанасы, жалпы қалалары тазалығымен тамсантады.Түрік қоқыс тазалаушысы–беделді әрі жалақысы жоғары мамандық. Қоқыс тазалаушы орта буынды банк менеджеріне қарағанда жақсы табыс табады.Тазалыққа жауапты қызметкерлер үшін әлеуметтік қолдау жолға қойылған: медициналық сақтандыру,жоғары зейнетақы, қолжетімді баспана алуға мүмкіндіктері зор.
Достарыңызбен бөлісу: |