ІЛЕ АЛАТАУ ТАУ АЛДЫ ШӨЛ АЙМАҒЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ ГҮЛДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫ ТҮРЛЕРІНІҢ БИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ануарова Л.Е., Қожантаева Ж.Ж., Берік Н.Т.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Anuarova68@mail.ru
Іле Алатау жотасы –Тянь-шань тау жүйесінің солтүстік тізбегінің орталық бөлігі болып табылады. Шығысында Чарын өзенінен басталып, батысында Шу өзенініе дейін 380 км-ге созылып жатыр. Тау алды шөл аймақ. Іле өзенінің оң жағасынан басталып солтүстікке қарай созылып орналасқан. Тау алды шөлейт аймақ Іле өзенінің сол жағалауынан басталып тау алды дала аймағына дейінгі аралық. Жазда температураның тәуліктік ауытқуы мөлшері таудың жоғары бөлігінде 9-110С, тау етегінде 10-150С шамасында. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері теңіз деңгейінен биіктігіне қарай, тау етегінде жылына 300-600 мм (шөл аймағында 100-120 мм), орталық аймақта 800-900 мм аралығында. Жауын-шашын мөлшерінің едәуір көп болатыны биік тау беткейінде 1500 мм дейін, төменгі беткейде жауын-шашын мөлшері едәуір азаяды. Жауын-шашынның көпшілік бөлігі жылдың алғашқы жартысындағы маусымдарға сәйкес келеді. Ең көбі –мамыр мен маусым айларында [1].
Қазақстанның жазық жерінің басым көпшілігін және Жоңғар Алатауы мен Тянь-шанның тау алды өңірін алып жатқан шөлді аймақ сораң жусанды далаға айналған солтүстік және эфемерлі оңтүстік аймақ аралық тармаққа ажырайды.
Сортаң шөл өсімдіктері негізінен оңтүстіктің жетекші типтері-суккулент сораңдарынан тұрады. Суккулент сораңдардан шала бұталар- сарсазан, қарабарақ, төбе сораң және қара сексеуіл, (кейде ет-жеңді сораңдар), ақсексеуіл, сораңшөп түрлері өседі. Бұлармен бірге кермек, сортаң тартары, ебелек қаңбақ кездеседі. Жер бетінде грунт суының жақын жатқан жерінде және дренаж жеткілікті жағдайда галофитті астық тұқымдас өсімдіктер –ажырық, қара тамыр, жаушалғын, ақмамық өседі және сортаң шалғындықтары қалыптасады. Жыңғыл (тармақ жыңғыл, борық жыңғыл, тікен түкті жыңғыл) қопалары жиі кездеседі. Ылғалдылық шалғындарда ажырықты бидайық және бидайық шөптер, ал құмды топырақты жерлерде айрауықтар (жатаған және ақөлең айрауық) аралас өседі. Грунт сулары жақын жерлерде қамыс қопалары кездеседі. Өзен жағасындағы шалғындар арасында шырмауық аралас өскен тал, тораңғы, жиде тоғайлары алмасып отырады. Бидайық шалғындарынан 20-25 ц/га пішен шабуға болады, ал қамысы бар жерде пішен сапасы төмендегенмен, оның өнімі 100 ц/га-ға дейін артады.
Эфемерлер шөл аймағы, аймақ аралықтары солтүстік Тянь-Шанның жоталарының лесс топырақты тау етегі жазықтарын алып жатыр, қоңыр сүр топырақтарда эфемерлі және жусан эфемерлі топтар дамыған. Көктемде бұл топтар вегетациялық кезеңі қысқа бір жылдық арпабас, мортық, бірқатар крестгүлділер, сарғалдақтар, көкнарлардан және вегетациясы қысқа көпжылдық эфемероидтардан (қаз жуа, қызғалдақ, шырыш, көбенқұйрық) тұрады. Шалғындық қоңырбас, жуансабақ қияқша басым өседі. Эфемерлі шөлден ц/га, ал ылғалды жылдары 7-8 ц/га шөп жинауға болады. Бұл шөлде қыста дейін тамырлы шөп түрлері сақталады, сондықтан күзде, қыста бұл өңірлер 20-30 % пайдаланылады.
Шөл аймағының табиғи қоры негізгі мал жайылымы болып саналады, мұның 0,5 %-ы шалғындық, ал қалғаны жайылым. Жайылымның біраз бөлігін жыл бойы пайдалануға болады.
Сондықтан шөлде әсіресекең таралған күрделігүлділер тұқымдасы түрлерінің биологиялық, экологиялық ерекшеліктерін зерттеу өзекті мәселе болып табылады.
Бұл аймақта гүлді өсімдіктердің ең көп тараған тобы күрделігүлділер тұқымдасының түрлері. Қазақстанда күрделігүлділер тұқымдасының 700-ге жуық түрі кездеседі. Бұлар негізінен алғанда шөптекті, сүтті, шырынды болатын өсімдіктер. Олардың бұталы, шала бұталы шөптесін түрлері бар. Күрделігүлділер негізінен көпжылдық өсімдіктер, кейде бір жылдық түрлері кездеседі. Гүл шоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталған себеттен тұрады. Себетгүлдегі гүлдерінің құрылысы әртүрлі. Пішіні құрылысына байланысты себетгүлде тілше, түтікшелі, қосерінді, жалған тілшелі, воронка тәрізді гүлдер орналасады. Сондықтан бұл топқа жататын өсімдіктер күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады.
Шөлді аймақты басып өтетін Іле өзенінің орта ағысы аумағын зерттеп еңбектер жазған ғалымдар Инелова З.А., Мухитдинов Н.М., Мамурова А.Т., Дүйсенов К.И., Тілеукенова С.У. [2-5]. Бұл жұмыстарда Күрделігүлділер тұқымдасы түрлері де қамтылған. 2012-2013 жж тау алды шөл аймағынан жиналған Күрделігүлділер тұқым-дасының түрлік құрамы (Флора Казахстана [6]) анықталды. Шаруашылықтағы маңызы көрсетіліп, кездескен 4 бірлестіктердің флоралық құрамы талданды. (І - кесте)
Әртүрлі шөпті-шалғындық қоңырбасты – тамыр жусанды (Artemisia terrae-albae - Poa pratensis - Descurainia Sophia - Festuca pratensis) бірлестігі Қапшағай су қоймасының оң жағасындағы 102-км демалыс аймағындағы бұрынғы демалыс зоналарының орнында өсуге бейімделген, шөп биіктігінің жалпы жобалау жабыны 50-60%. Бірлестіктің доминанты Artemisia terrae-albae, содоминанттары Poa pratensis, Descurainia Sophia, Festuca pratensis. Өсімдіктер аспектісі шұбарлы жасыл. Ярустылығы топырақтың өсімдіктермен жабылуының төмен дәрежеде болуына байланысты айқындалмаған.
Әртүрлі шөпті-шалғындық қоңырбасты - бетегелі – сарысояулы (Poa pratensis, Festuca pratensis, Xanthium strumarium) бірлестігі демалыс аймағының солтүстігіндегі трассаның екі жағалауында құрғақ құмшауытты топырақта өсуге бейімделген, шөп биіктігінің жалпы жобалау жабыны 20-30% шамасында. Өсімдіктердің аспектісі ашық жасыл. Бірлестікте доминант Xanthium strumarium, содоминанттар Artemisia terrae-albae, Poa pratensis,
1-кесте. Құрамында Asteraceae түрлері бар бірлестіктердің флоралық құрамы.
р/с
|
Түрлер
|
Бірлестіктер
|
Artemisia terrae-albae- Poa pratensis- Descurainia sophia- Festuca pratensis
|
Xanthium strumarium- Festuca pratensis- Artemisia terrae-albae -Poa pra-tensis
|
Cichorium intybus- Bromus tectorum- Descurainia sophia
|
Centaurea squarrosa- Agropyron repens- Bromus tectorum- Goebelia alopecuroides
|
Молдылығы
|
фазасы
|
Молдылығы
|
фазасы
|
Молдылығы
|
фазасы
|
Молдылығы
|
фазасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1
|
Poa pratensis L.
|
cор1
|
+
|
cop1
|
)
|
cop1
|
+
|
so sol
|
#
|
2
|
Artemisia terrae-albae Krasch.
|
cор2
|
)
|
cop1
|
)
|
-
|
|
cop1
|
-
|
3
|
Carduus nutans L.
|
cор1
|
+
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
un
|
+
|
4
|
Goebelia alopecuroides (L.) Bge.
|
sp
|
(
|
sp
|
+
|
sol
|
+
|
cop1
|
+
|
5
|
Taraxacum officinale Wigg.
|
cop1
|
+
|
sol
|
#
|
cop1
|
+
|
-
|
#
|
6
|
Bromus tectorum L.
|
cор2
|
+
|
cop1
|
+
|
cop2
|
+
|
cop1
|
#
|
7
|
Centaurea squarrosa Willd.
|
cор1
|
)
|
sol
|
)
|
sp
|
-
|
cop1
|
+
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
8
|
Polygonum aviculare L.
|
cор1
|
+
|
sol
|
(
|
cop1
|
+
|
cop2
|
+
|
9
|
Convolvulus arvensis L.
|
sp
|
)
|
sol
|
(
|
sol
|
-
|
un
|
(
|
10
|
Cannabis ruderalis Janisch.
|
un
|
)
|
sol
|
+
|
un
|
-
|
-
|
(
|
11
|
Xanthium strumarium L.
|
cор1
|
)
|
cop1
|
)
|
cop1
|
-
|
cop1
|
)
|
12
|
Achillea salicifolia Bess.
|
cop1
|
+
|
un
|
+
|
-
|
-
|
cop1
|
(
|
13
|
Acroptilon repens (L.) Ds.
|
sp
|
)
|
sol
|
)
|
-
|
-
|
sp
|
)
|
14
|
Descurainia sophia (L.) Schur.
|
cор2
|
#
|
сop1
|
#
|
cop1
|
#
|
cop1
|
#
|
15
|
Sisymbrium loeselii L.
|
un
|
+
|
un
|
+
|
un
|
+
|
sol
|
+
|
16
|
Potentilla transcaspia Th/ Wolf.
|
cор1
|
+
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
-
|
+
|
17
|
Daucus carota L.
|
un
|
+
|
sol
|
)
|
-
|
|
-
|
+
|
18
|
Tragopogon dubius Scop.
|
un
|
+
|
cор1
|
+
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
19
|
Cichorium intybus L. Sp. Pl.
|
sol
|
)
|
cор1
|
+
|
cop2
|
+
|
-
|
+
|
20
|
Plantago major L.
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
-
|
+
|
21
|
Trifolium pretense L.
|
un
|
+
|
un
|
)
|
sol
|
+
|
-
|
-
|
22
|
Allium sabulosum Stev.
|
sol
|
#
|
sol
|
#
|
sp
|
#
|
sol
|
#
|
23
|
Festuca pratensis Huds.
|
cop2
|
+
|
сop1
|
+
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
24
|
Syrenia sessilliflora Ldb.
|
-
|
|
-
|
|
-
|
|
cop1
|
+
|
25
|
Euphorbia lamprocarpa Prokh.
|
un
|
+
|
un
|
+
|
-
|
|
un
|
+
|
26
|
Eremopyrum buonapartis (Spreng.) Nevski.
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
col
|
+
|
sol
|
+
|
27
|
Dactylis glomerata L. Sp. Pl.
|
cop1
|
+
|
sol
|
+
|
-
|
|
cop1
|
+
|
28
|
Phragmites australis Trin.
|
cop1
|
+
|
sol
|
)
|
cop2
|
+
|
cор3
|
+
|
29
|
Lappula spinocarpos (Forsk..) Aschers. ex Kuntze.
|
sp
|
+
|
sol
|
+
|
-
|
+
|
sp
|
+
|
30
|
Myosotis caespitosa Schultz.
|
sp
|
+
|
sol
|
+
|
sol
|
|
sp
|
+
|
31
|
Elytrigia repens Desv.
|
cop1
|
+
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
32
|
Scaligeria setacea (Schrenk) Eug. Kor.
|
un
|
+
|
un
|
+
|
un
|
+
|
un
|
+
|
33
|
Agropyron pectiniforme Roem. et. Schult.
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
cop1
|
+
|
cop1
|
+
|
34
|
Setaria viridis (L.) P.B.
|
cop1
|
+
|
cop1
|
+
|
sol
|
+
|
-
|
|
35
|
Papaver rhoeas L.
|
un
|
+
|
un
|
+
|
-
|
|
un
|
+
|
36
|
Leonurus turkestanicus V. Krecz. et Kuptian.
|
cop1
|
)
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
37
|
Heliotropium arguzioides Kar. et Kir
|
-
|
-
|
-
|
|
sol
|
+
|
cop1
|
+
|
38
|
Acanthophyllum pungens (Bge.) Boiss.
|
-
|
|
sol
|
+
|
sp
|
+
|
cop1
|
+
|
39
|
Tunica paniculatum Rgl.
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
cop1
|
+
|
40
|
Eremostachys molucelloides Bge.
|
-
|
|
-
|
|
-
|
|
sol
|
+
|
41
|
Roemeria hybrida (L.) Ds.
|
sol
|
#
|
sol
|
#
|
sol
|
#
|
sol
|
#
|
42
|
Delphinium iliense Huth.
|
-
|
|
-
|
|
-
|
|
sol
|
+
|
43
|
Trifolium karatavicum N. Pavl.
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
44
|
Cannabis ruderalis Janisch.
|
sol
|
(
|
-
|
|
sol
|
(
|
-
|
|
45
|
Ceratocarpus arenarius L.
|
-
|
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
cop1
|
+
|
46
|
Calligonum sp.
|
-
|
|
-
|
|
-
|
|
cop1
|
+
|
47
|
Dendrostellera stachyoides (Schrenk) Van. Tieg.
|
-
|
|
-
|
|
-
|
|
cop1
|
+
|
48
|
Polygonum aviculare L.
|
cop1
|
+
|
cop1
|
+
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
49
|
Eurotia ceratoides L.
|
sol
|
)
|
sol
|
)
|
-
|
|
sol
|
)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
50
|
Chenopodium album L.
|
sol
|
(
|
sol
|
(
|
sol
|
(
|
sp
|
(
|
51
|
Amaranthus blitoides S.Wats.
|
sol
|
(
|
sol
|
(
|
sol
|
(
|
sp
|
(
|
52
|
Dianthus tianschanicus Schischk.
|
sol
|
+
|
sp
|
+
|
sp
|
+
|
-
|
|
53
|
Tribulus terrestris L.
|
cop1
|
+
|
sol
|
+
|
Sp
|
+
|
sol
|
+
|
54
|
Euphoribia lamprocarpa Prokh.
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
-
|
|
sol
|
-
|
55
|
Tamarix hispida Willd.
|
sp.
|
+
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
sol
|
+
|
56
|
Cryptobiscus didymus Eug. Kor.
|
-
|
|
sol
|
+
|
-
|
|
-
|
|
57
|
Elaeagnus oxycarpa Schlecht.
|
sp.
|
+
|
sol
|
+
|
-
|
|
sol
|
+
|
58
|
Coniolimon cuspidatum Gamajun.
|
sp.
|
+
|
sol
|
+
|
sp
|
+
|
cop1
|
+
|
59
|
Linaria transiliensis Kuprian.
|
-
|
|
sp
|
-
|
|
|
cop1
|
+
|
60
|
Verbascum phlomoides L.
|
sp.
|
+
|
sp.
|
+
|
-
|
|
sp
|
+
|
61
|
Tanacetum vulgare .L.
|
sp.
|
+
|
sp.
|
+
|
sp
|
+
|
sp
|
+
|
62
|
Atraphaxis muschketovii Krassn.
|
sol
|
-
|
cop1
|
-
|
-
|
|
-
|
|
63
|
Tulipa kolpakovskiana Rgl.
|
sp.
|
#
|
sol
|
#
|
sp
|
#
|
col
|
#
|
Festuca pratensis. Бұл бірлестіктегі шашыраңқы болып жабайы өсетін астық тұқымдасына жататын өсімдіктер ірі қара малдың жайылымдық азығы.
Әртүрлі шөпті- арпаған арпабасты - цикорилі (Cichorium intybus- Bromus tectorum- Descurainia Sophia) бірлестігі демалыс аймағының солтүстік шығысындағы бұрынғы суармалы егістіктің орнында өсуге бейімделген (1997 жылдан бастап егін егілмейді). Шөп биіктігінің жалпы жобалау жабыны 55-65 % шамасында. Өсімдіктер аспектісі шұбарлы жасыл. Бірлестікте доминант Cichorium intybus, содоминанттар Bromus tectorum, Descurainia sophia. Ярустылығы анықталмаған.
Әртүрлі шөпті-ақмиялы-арпағанды арпабасты-жатаған бидайықты-тарбиған гүл кекірелі (Centaurea squarrosa- Agropyron repens- Bromus tectorum- Goebelia alopecuroides) бірлестігі демалыс аймағының батысында су қоймасы жағасын алып келесі демалыс аймағына дейін созылып жатқан территорияда өсугебейімделген. Шөп биіктігінің жалпы жобалау жабыны 30-40 %шамасында. Өсімдіктер аспектісі шұбарлы жасыл. Өсімдіктер жабынында доминант Centaurea squarrosa, содоминанаттар Agropyron repens, Calligonum sp., Goebelia alopecuroides, Dendrostellera stachyoides). Бірлестіктің доминанты Centaurea squarrosa, содоминанттары Calligonum sp., Agropyron repens, Goebelia alopecuroides. Бірлестікте 2 ярус анық байқалады. 1-яруста Elaeagnus oxycarpa , 2-яруста Tamarix hispida , Eurotia ceratoides, Calligonum sp., Atraphaxis muschketovii, Dendrostellera stachyoides,;1-3 яруста Goebelia alopecuroides, Heliotropium arguzioides; 1-2 - Tunica paniculatum, Agropyron pectiniforme, Scaligeria setacea, Cichorium intybus; 3-1 - Amaranthus blitoides, Ceratocarpus arenarius т.б. Жаздың басынан бастап Dendrostellera stachyoides, Acanthophyllum pungens, Goebelia alopecuroides гүлде шөлге көрік береді.
Сонымен бірге зерттеу жүргізген ауданда төмендегідей Күрделігүлділер тұқымдасының түрлері бар түпкілікті шағын бірлестіктер кездеседі.
Таспалы бірлестіктер: Ақбалауызды-жусанды-тамыржусанды-таспалы;
Қоянсүйекті бірлестіктер: Ақбалауыздыжусанды - қоянсүйекті;
Жүзгінді бірлестіктер: Изенді - тамыржусанды - жүзгінді қылшамен, эфемероидты – изенді – тамыржусанды - жүзгінді кейде мүкпен араласып;
Ақбалауыздыжусанды бірлестіктер: Әртүрлі шөпті - ақбалауызды жусанды, бұталы - ақбалауыздыжусанды, таспалы - ақбалауыздыжусанды, раңды – жүзгінді – тамыржусанды - ақбалауыздыжусанды;
Теріскенді бірлестіктер: Эфемероидты – мүкті -изенді-тамыржусанды - теріскенді, эфемероидты – тамыржусанды -теріскенді, майдашөпті-тамыр жусанды теріскенді, изенді тамыржусанды-теріскенді, мүкті-теріскенді;
Тамыржусанды бірлестіктер: Еркекті - тамыржусанды, еркекті - изенді - тамыржусанды теріскенмен, раңды – еркекті – изенді - тамыржусанды- ақбалауызды жусанмен, мүкті - эфемероидты - изенді - тамыржусанды, эфемероидты - жүзгінді - еркекті - изенді - тамыржусанды, изенді – еркекті -тамыржусанды жүзгінмен, раңды – изенді - тамыржусанды жүзгінмен, раңды-қылшалы – изенді - тамыржусанды, эфемероидты – мүкті – изенді – еркекті - тамыржусанды, эфемероидты – мүкті – еркекті – изенді – тамыржусанды, морттықты-изенді-тамыржусанды, қоңырбасты-ебелекті-теріскенді-тамыржусанды, мүкті – эфемероидты - тамыржусанды ебелекті, эфемероидты-мүкті-тамыржусанды-ебелекті;
Изенді бірлестіктер: Раңды-тамыржусанды-изенді, эфемероидты-жүзгінді-тамыржусанды-изенді еркекпен, мүкті-эфемероидты-еркекті-тамыржусанды-изенді, эфемероидты-еркекті-тамыржусанды-изенді, эфемероидты-мүкті-тамыржусанды-изенді;
Жартылай бұталы бірлестіктер: Қарасоралы-раңды-жүзгінді-жоңғар жусанымен жартылай бұталы;
Еркекті бірлестіктер: Тамыржусанды-изенді-еркекті, эфемероидты-тамыржусанды-изенді-еркекті;
Раңды бірлестіктер: Тамыржусанды-ебелекті-раңды;
Арамшөпті бірлестіктер: Ебелекті-көкбекті-тамыржусанның орнында, тамыржусанды-эфемероидты- сыпыртқылы-жусанды, сирек тамыржусанды-айлауықты-ебелекті, жартылай бұталы-сыпырғышты-жусанды-арпабасты, майдашөпті-сыпырғышты-жусанды-құмтышқан індерініңарасында, тамыржусанды-арпабасты-морттықты, изенді-раңды-тамыржусанды-ебелекті, ақбалауызды-жусанды;
Фазасы: «―» - гүлдеген жоқ; «+» - гүлдеп жеміс түзуде; «#» - жемісі пісіп, тұқымы шашылған; «(»- ; «)»-
Друде бойынша молшылығы: Soс – фон түзеді; Cop1 - өте көп болып кездеседі ; Cop2 – көп болып өседі; Sol - жеткілікті; Sp – бірлі жарым ; Un – біреу.
Әдебиеттер
1. Утешов А.С. Климат Казахстана // Очерки по физической географии Казахстана. Алма-Ата: Наука, 1952. - С. 155-197.
2. Мухитдинов Н.М., Инелева З.А. Систематический анализ флоры долины средного и нижнего течения р. Иле Известия НАН РК. Серия биологическая и медицинская. -2008. 33-35 с.
3. Мамурова А.Т. Андыз (Inula) туысының дәрілік түрлерін құрылымдық және фитохимиялық зерттеу. Канд.... дисс. ... автореф.... Алматы. 2009. -23б.
4. Дүйсенова К.И. Asteraceae тұқымдысының кейбір түрлерінің морфологиялық –анатомиялық құрлысы мен фитохимиясы. Канд... дисс. ... автореф.... Алматы. 2010. -21б.
5. Тілеукенова С.У. Биологические особенности и испытание в культуре ромашки аптечной сорта «Карагандинская» в условиях центрального Казахстана. Автореф. дисс. ... канд. биол. Алматы., 2010. -23 с.
6. Флора Казахстан. 8-9 том. Алматы, 1966 б.12-2-157.
РЕЗЮМЕ
В статье обсуждены биоэкологические особенности видов семейство Asteraceae произрастающих в пустынной зоне Заилийского Алатау.
RESUME
The article is about the biolological features of Asteraceae which grown in desert zone of Zaliily Alatau.
Достарыңызбен бөлісу: |