Қылмыстық ҚҰҚЫҚ (Жалпы бөлімі)



Дата10.06.2016
өлшемі134 Kb.
#126446


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті




Тарих және құқық факультеті

Қылмыстық құқық және қылмыснама кафедрасы



ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ

(Жалпы бөлімі)

Бітіру біліктілік жұмысының тақырыптары мен бақылау, курстық жұмыстарың орындау бойынша әдістемелік нұсқау



Павлодар

УДК 343.2

ББК 67.408

У26


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінде құпталды
Рецензенттер:

Ағыбаев А.Қ. – заң ғылымдарының докторы, профессор.


Құрастырушы: С.Т Иксатова
У26 Қылмыстық құқық (Жалпы бөлімі): бітіру біліктілік жұмысының тақырыптары мен бақылау, курстық жұмыстарың орындау бойынша әдістемелік нұсқау/құраст. з.ғ.қ. С.Т Иксатова. – Павлодар, 2006. –21б.
Бітіру біліктілік жұмысының тақырыптары мен бақылау, курстық жұмыстарың орындау бойынша әдістемелік нұсқауда жұмысты жазудың мақсаттары мен, тақырыптардың нұсқаулары, сондай ақ оларға есептер корсетілген.

Әдістемелік нұсқау (МЖСБ, типтік бағдарламасына) сәйкес әзірленген


УДК 343.2

ББК 67.408

У26
 С.Т. Иксатова, 2006-02-14

 С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2005
Кіріспе
Әдістемелік нұсқаулар қолданыстағы ҚР Қылмыстық, Қылмыстық –атқару кодексінің негізінде, барлық өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді.

ҚР жоғары оқу орындарының заң факультеттерінің күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің студенттеріне және екінші білім алушы студенттерге»

«Қылмыстық құқық» (Жалпы бөлімі) пәні бойынша сырттай оқу бөлімі студенттерінің бақылау жұмысын орындауына арналған тапсырмалар Жалпы әдістемелік нұсқаулар

Оқу жоспарына сәйкес құқықтану мамандығының сырттай бөлімінде оқитын екінші курс студенттері Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімін оқи отырып, бақылау жұмысын орындауы керек. Бақылау жұмысының тақырыбы осы нұсқауда көрсетілген.

Фамилиясы «А» әрпінен басталып «З» әрпімен бітетін студенттер жұмысты бірінші нұсқа бойынша, «И» әрпінен басталып «М» әрпімен бітетін студенттер екінші нұсқа бойынша, «Н» әрпінен басталып «Т» әрпімен бітетін студенттер үшінші нұсқа бойынша, ал фамилиясы «У» әрпінен басталып «Я» әрпімен бітетін студенттер төртінші нұсқа бойынша орындаулары керек. Осы талапты бұзған жағдайда бақылау жұмысы тексерілуге қабылданбайды.

Бақылау жұмысын жазбас бұрын, студент тақырыпта берілген ұсыныстармен, әдістемелік нұсқаумен танысып, содан кейін конспекті жазу керек:

1) тақырыпқа байланысты: Қылмыстық кодекстің баптары бойынша;

2) оқулықтың бөлімдері бойынша;

3) бір екі арнайы монографиялық жұмыстар, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Пленарлық мәжілісі қабылдаған қаулылар бойынша. Оқылған әдебиеттерге аса көңіл аудару қажет. Студент теория жағынан айтылған көптеген көзқарастарды конспект етіп қоймай, сонымен бірге сол сұрақтарға байланысты өз ойын білдіру керек. Бақылау жұмысында сот тәжірибесінен кемінде үш мысал келтірілуі тиіс, бұл негізгі талап болып табылады. Бұл үшін жергілікті сот тәжірибесінің материалдарымен танысу керек.

Осы жоғарыдағы нұсқауды еске алмаған жағдайларда бақылау жұмысы қанағаттанарлықсыз деп бағаланады.

Материал жоспарға сәйкес, өзіндік стильмен баяндалуы тиіс. Кітаптан немесе монографиядан көшіріліп жазылған жұмыс бағаланбайды. Тапсырманың негізгі бір бөлімі сонда көрсетілген есепті шешкенде толықтырылып, ол есептерді неге осылай, ал неге басқаша шешпегендікке дәлел келтірілуі тиіс.

Ол үшін заңдылық талдау, қылмыстық құқық нормаларына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленарлық мәжілісінің нормативтік қаулыларына сілтеме жасау керек. Тапсырма шартын қайта жазудың қажеті жоқ. Бақылау жұмысы жоғарыда айтылған талаптарға сәйкес болмаса бағаланбайды.



1 «Қылмыстық құқық» (Жалпы бөлім) пәні бойынша сырттай оқу бөлімі студенттерінің бақылау жұмысын орындауына арналған тапсырмалар
1.1 1-Нұсқа (А-3) Қылмыс ұғымы

Бақылау сұрақтары

1. Қылмыстық құқықтағы қылмыс ұғымының анықтамасы.

2. Қылмыс белгілері.

3. Қылмыстың басқа құқық бұзушылықтан айырмашылығы.

4. Қылмыстарды санаттау.
Әдістемелік нұсқау
Бірінші сұрақ бойынша міндетті түрде Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекстің 9-бабына сәйкес қылмыстың ұғымына заңдылық анықтама беріп, оның мазмұнын ашу керек, осыған орай қылмыс ұғымына материалдық түсінік берілуі керек.

Екінші сұрақ бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3,9,19 баптарына сәйкес қылмыстың белгілерін атап, оның мазмұнын ашу керек. Қылмыстың қоғамға қауіпті белгісіне және оның қылмыстық дәрежесін ашудағы рөлін көрсетуге баса көңіл бөліну керек. Қазақстан Республикасы Кодексінің 9- бабының 2- бөлігіне сәйкес қылмыстың белгісі қоғамдық қауіптіліктің болмауына талдау жасау керек. Сонымен қатар осы сұрақ бойынша әдебиеттердегі көзқарастарға шолу жасап, авторларын атап, осыған сәйкес студент өз пікірін айтуға тиіс.

Үшінші сүрақ бойынша қылмыстың басқа құқық бұзушылықтан айырмашылығын көрсетіп, берілген сұрақ бойынша белгілі авторлардың әдебиеттерде көрсетілген әр түрлі көзқарастарын атап, осыған сәйкес өз ойын айту керек.

Төртінші сұрақ бойынша Қылмыстық Кодекске сүйене отырып, қылмыстың дәрежесі мен қоғамға қауіптілік сипатына қарай оны санатқа бөліп, заңды негізін көрсету қажет.




1-есеп

Асанов жиналыс біткеннен кейін өз пальтосын киім ілгіштен алуға келді, гардеробшы қателесіп, Асановқа өз пальтосының орнына басқа кісінің қымбат пальтосын береді. Асанов бұл қателікті пайдаланып өзінің ескі пальтосының орнына басқа бір кісінің судай жаңа пальтосын алып кетеді. Ертесіне ол пальтоны сатып жібереді.

Асановтың іс- әрекетінде қылмыстың белгілері бар ма ?

Егер бар болса, онда Асановты істеген қылмысының белгілерін ашу керек.


2-есеп

Оспанова дүкеннің күзетшісі болып жұмыс істеп, жүріп, өз жұмысына селқос қарайды. Бір күні дүкенді күзетпей үйіне кетіп қалады. Осы жағдайды пайдаланып ұрылар дүкенге түсіп, төрт бөтелке арақ, алты одекалон және біраз тәтті тағамдарды алып кетеді.

Оспанованың іс - әрекетінде Қазақстан Республикасы ҚК 232-: бабында көрсетілген қылмыстың белгілері бар ма ?
3-есеп

Омаров мемлекеттік әмбебаптың бастығы болып қызмет істеп жүріп, сатушы Жанатовқа, Есеновке аса құнды компьютерді сат деп нұсқау береді. Мұндай тауарлар тек қана алдын ала жазбалы тізбекте тұрған азаматтарға ғана сатылуы керек еді.

Есеновтың ондай кезекте тұрмағандығын Омаров біледі.

Омаров Есеновтан ешқандай материалдық немесе басқадай пайда көрмеген.

Омаровтың іс- әрекетінде қылмыстың белгісі бар ма?

Қазақстан Республикасы ҚК 228-бабымен танысыңыздар.


1.2 2-нұсқа (И-М) Кінәнің түсінігі мен нысандары

Бақылау сұрақтары

1. Кінә қылмыстың субъективтік жағының негізгі белгісі.

2. Кәнәнің түсінігі және оның нысандары. Кінәнің қылмыстық құқылық мағынасы.

3. Қасақаналық және оның түрлері.

4. Абайсыздық және оның түрлері.

5. Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыс.


Әдістемелік нұсқау
Бірінші сұрақ бойынша қылмыстың субъективтік жағына түсінік беріп, оның негізгі және факультативтік белгілерін көрсету қажет.

Екінші сұрақ бойынша кінәнің психологиялық және әлеуметтік -саяси мазмұнын ашып, оның түсінігіне сипаттама беру қажет. Әр уақытта еске алу керек қылмыстың субъективтік жағы оның интеллектуалдық және еріктілік белгісіне байланысты анықталды. Кодекстің 19-бабы бойынша, кінәнің қылмыстық құқылық маңызын ашу керек.

Үшінші сұрақты қарастыру барысында Қылмыстық Кодекстің 19, 20-баптарының мазмұнын түсіндіріп, интеллектуалдық және еріктілік белгілеріне сипаттама беру керек, олардың тікелей немесе жанама қасақаналықпен үйлесімін көрсету керек.

Кінәнің қасақаналық нысанын аша отырып, интеллектуалдық және еріктілік белгілерінің қылмыстың материалдық және формальдық құрамындағы ерекшеліктеріне көңіл аудару керек.

Төртінші сұрақ бойынша ҚК 19-бабының мазмұнын түсініп, кінәнің абайсыздық түріне түсінік беру қажет. Қылмыстық менмендікке сипаттама бере отырып, интеллектуалдық және еріктілік кезеңдердің абайсыз кінәнің осы түрін жанама қасақаналықтан айыратын ерекшеліктеріне тоқталу керек. Абайсызда жасаған кінәні шешуде немқұрайдылықтың объективті және субъективті белгілеріне сипаттама берген жөн. Қылмыстық немқұрайдылықты кінәсіз зиян келтіруден ажырату керек.

Бесінші сұраққа жауап бергенде,қылмыстық құқықта кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыс өте сирек кездесетіндігін есте сақтау керек. Осы сұраққа байланысты кездесетін басқадай пікірлерге міндетті түрде талдау жасау керек.



1-есеп

Матаев өндірістік кооператив бау бақшасында күзетші болып істеп жүріп, бір күні сол бау бақшаның жанынан жасөспірім балаларды көріп, түзбен оқталған мылтығын алып, балалар жиналған қоршаудың жанына келіп, олардың артынан жүріп отырады. Балалар бау бақшаның жанындағы жолмен жүріп отырып, ауыл жаққа бұрылған кезде, Матаев 12 метр жерден балаларды тұзбен оқталған мылтықпен атып, бір баланың көзін шығарады.

Матаевтың әс әрекетіндегі кінәнің нысаны мен түрін анықтау керек.
2-есеп

Текенов көшеде Оспановты кездестіріп, оны тоқтатып алып, себепсізден себепсіз оның бетін жұдырығымен ұрады, соның салдарынан Оспанов қатып қалған мұздың кесегіне басымен құлап, басын жарады.

Текеновтың істеген қылмысының субъективтік жағын анықтау керек.
3-есеп

Абдуллин қызғаныштың арқасында Бошановтың беліне пышақ салады. Соның әсерінен Бошановтың күре тамыры кесіліп, көп қанын жоғалтады. Бошанов бір сағаттан кейін осы жарақаттан қаза болады.

Абдуллиннің жәбірленушіге дене жарақатын салуына және оның өліміне деген психикалық көзқарасына анықтама беру керек.
1.3 3-нұсқа (Н-Т) Қылмысқа қатысу

Бақылау сұрақтары

1. Қылмысқа қатысудың түсінігі мен маңызы.

2. Қылмысқа қатысудың объективті және субъективті белгілері.

3. Қылмысқа қатысудың нысандары.

4. Қатысушылардың түрлері.

5. Қатысушының қылмысқа жанасушылықтан айырмашылығы және оның түсінігі мен түрі.


Әдістемелік нұсқау
Тақырыпты ашу үшін Қазақстан Республикасының ҚК 27,28,29,30,31-баптарының мазмұнын жақсы түсіну керек.

Қылмысқа қатысудың мазмұнын түсіну үшін оның объективтік және субъективтік белгілерін ажыратып алу керек. Қылмысқа қатысудың объективтік белгілерін ашқанда оның «Қылмысты бірігіп істеу» деген белгісіне және қылмысқа қатысқандардың себепті байланысының ерекшеліктеріне шолу жасау керек. Қылмысқа қатысқандардың субъективтік белгілерін ашқанда олардың «Істейтін қылмыстың мән -жайын білуіне» және «Олардың қасақана қылмысты келісіп, қасақана істейтіндігіне» сипаттама беру керек. Сонымен қатар, қылмысты бірігіп істейтіндердің қылмыстық жауаптылығының негіздеріне сипаттама бергенде олардың ерекшелігіне тоқталу керек.

Қатысушылардың түріне сипаттама бергенде олардың объективтік және субъективтік белгілеріне тоқталу керек, ал қатысушының жанасушылығына түсінік бергенде, оның қылмысқа қатысушыдан қандай айырмашылығы бар екендігін ескеру қажет.
1-есеп

Досов ешқандай рұқсатсыз өз еркімен орманның ішінен шөп шауып алады. Мұны көрген Тапалов орман инспекторына Досовтың қылығын айтады. Осы жағдайға байланысты Досов Тапаловқа өштесіп алады. Осыдан біраз уақыт өткеннен кейін Тапалов Досовтың үйіне келеді. Досов сол кезде өзінің жолдасы Армановпен арақ ішіп отырған еді. Досов Тапаловты көре сала Армановқа «неғып отырсың, ұр ананы» - деп, өзі бірінші болып Тапаловтың мойнына бір қояды. Армановта Досовты жағынан ұрады. Осыдан кейін Досов Тапаловтың мойнынан қысып, кеудесін тізесімен басып қылғындырып өлтіреді. Өлікті қапқа салып, түнде суға лақтырып жібереді.

Үйіне қайтып келіп Досов пен Арманов үйдегі қанды жуып, өліктің киімдерін отқа жағып жібереді.

Досов пен Армановтың қылмыстық іс-әрекеттерінде кінәнің қандай нысаны бар деуге болады?


2-есеп

Есенов өзінің бұрынғы әйелі Баженованың үйінде тұрып, әр уақытта онымен ұрысып, маскүнемдіктің арқасында төбелес шығарып отырады. Бұған шыдамаған Баженова Есеновтан кетіп, өзінің жолдасы Араловтың үйінде тұрады. Бұл үйде олармен бірге Сәкеновта пәтерде тұрады. Бір күні Баженова Сәкеновтан өзінің бұрынғы күйеуін (Есеновты) әбден өлімші етіп ұруын сұрайды, оның тілегі бойынша Есенов Сәкеновтың осы соғуынан кейін ауруханаға түсіп, екінші рет Баженованың маңына келместей болады. Ол үшін Баженова бір костюм алып береді де, Есеновты тағы да сілейте соққыға жығуды өтінеді. Сәкенов өзінің уәдесін орындау үшін Саматовты шақырады. Оған «Баженова бізге материалдық көмек береді» деп айтқанын істейік дейді. Осыдан кейін Сәкенов, Саматов екеуі Есеновтың үйіне келіп оны жатып кеп соғады. Сот -медициналық сарапшының қорытындысына қарағанда Есеновтың өлімі оның кеудесінің сүйегінің және қабырғаларының сынуының салдарынан ішінен кқп қанның кетуіне байланысты делінген.

Баженованың осы қылмыстағы рөлі. Есенов пен Баженованың және Саматовтың осы қылмыстағы кінәсінің нысаны қандай?
3-есеп

Еркінов, Баев, Асаев, Ботаев қару жарақ алып, кортикпен және ұйықтату үшін эфир майын алып, іздерін жасыру үшін қолғап киіп Ашеровтан өш алу үшін оның үйіне шабул жасайды. Шабуыл жасаған кезде олар Ашеровтың денесіне көптеген жарақат салып өлтіреді. Оның үйінен құнды заттар мен ақшаларын алып кетеді.

Осы көрсетілген қылмыскерлердің кінәсінің нысандарын ашу керек.
1.4 4-нұсқа (У-Я) Бірнеше қылмыс істеген кезде белгіленетін жаза

Бақылау сұрақтары

1. Қылмыс жиынтығының түсінігі және түрлері.

2. Қылмыс жиынтығының қайталанған, күрделі және біркелкі созылған, жалғасқан қылмыстан айырмашылығы.

3. Қылмыс жиынтығы бойынша жазаның белгілену тәртібі.

4. Бірнеше үкім бойынша жазаны тағайындау.
Әдістемелік нұсқау
Бірнеше сұрақ бойынша қылмыс жиынтығы түсінігін ашып, оның мазмұнының екі түрін атап көрсетіп, сонымен бірге қылмыстың идеалдық және реалдық жиынтығының мазмұнын ашу қажет. Ол үшін заң жүзінде қылмыстың идеалдық жиынтығын шектеу керек.

Екінші сұрақта қылмыстың қайталанушы, күрделі, жалғасатын және созылмалы түрлерін нақты түсіндіріп, байланыстыру қажет. Жоғарыда айтылған әрбір қылмыс түрлеріне сот тәжірибесінен мысал келтірілгені жөн.

Үшінші сұрақ бойынша Қылмыстық Кодекстің 38-бабында көрсетілген ережелерге жауап беру керек: сонымен бірге әр қылмысқа жеке жеке белгіленген жазаның практикалық мазмұнын және жазаны сіңіру жолын немесе тағайындалған жазаларды түгелдей не болмаса ішінара қосу жолдарына сипаттама беру керек, сонымен бірге қосымша жазаларды тағайындаудың негізін, тәртібін, ҚК-тің 58-бабы бойынша жаза тағайындаудың ерекшеліктерін көрсету керек.

Ең соңғы сұрақ бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 60- бабында көрсетілгендей, бірнеше үкім бойынша жаза белгілегенде оның қандай жағдайларда Қылмыстық Кодекстің 58-бабында көрсетілгеннен айырмашылығы болатынын көрсету қажет.



1-есеп

Сот үкімі бойынша Санатов кінәлі деп саналады. Ол Қазақстанның ҚК 176-бабының 2-бабы бойынша 5 жылға сотталып, түзеу колониясында жазаны өтеп жатқан кезде қасақана қылмыс жасап, өзімен бірге жаза өтеп жатқан, сотталған адамды өлтірген. Ол үшін ол ҚК 96-бабымен 1 бөлігі бойынша он жыл бас бостандығынан айырылған. ҚК 60 бабына сәйкес Санатовқа бірнеше үкім бойынша жаза 14 жыл 7 ай 28 күн тағайындалған.

Осы жаза дұрыс тағайындалған ба?
2-есеп

Болатов коммуналдық үйде мас болып, көршілерінің көзінше өз әйелімен ұрысып, оны ұрмақшы болған, балағаттаған, араққа ақша сұрап, жасөспірімдердің көзінше барлық киімдерін шешіп тастап жалаңаш жүрген. Бұдан бірнеше күн өткеннен кейін Болатов тағы да әйелімен ұрысып, үйіне баласының оқуы жөнінде келген мұғалімді балағаттап, оны құртамын деп қорқытады, арашалап келген көршісі

Қайратовқа пышақ салмақ болады.

Аудандық соттың үкімі бойынша Болатов Қазақстан Республикасы ҚК 257-бабының 2 бөлігі арқылы 4 жыл бас бостандығынан айырылған. ҚК тің 257 бабының 3 бөлігі бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылған, ҚК тің 58 бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша одан түпкілікті жаза 7 жылға бас бостандығынан айыруға деп белгіленген. Облыстық сот Болатов жөніндегі үкімді өзгертіп, жазаны 6 жылға түсіргенде былай деп көрсеткен: «жазаны қосу жолымен тағайындағанда ол тек қана ҚК әр түрлі бабында көрсетілген қылмысты жасаған қылмыскерге ғана қолданылады» дейді.

Республиканың ҚК 58-бабындағы көрсетілген норманы облыстық сот дұрыс талқылады ма?
1-есеп

Сот үкімі бойынша Сағатов кінәлі деп төменгі жағдайлар үшін танылған: ол аудан әкімінің орынбасары болып істеп, өз қызмет бабын пайдаланып, пара алып таныстарына заңсыз пәтер берген. Онымен бірге Сағатовтың жұмысында қызмет жөніндегі жалғандық істегені анықталған. Сот үкімі бойынша ол ҚК 307-бабы 1- бөлігі арқылы 2 жылға бас бостандығынан айырылған және ҚК 311 бабының 2 бөлігі арқылы 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Осы екі қылмысты істегені үшін оны 5 жыл бас бостандығынан айырып және мүлкін тәркілеуге сот үкім шығарады.

Сот үкімі заңға сәйкес пе?

2 Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімі бойынша курстық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Жалпы әдістемелік нұсқау

Оқу жоспарына сәйкес құқықтану мамандығының сырттай бөлімінде оқитын 3 курс студенттері қылмыстық құқықтың жалпы бөлімін оқу барысында, курстыө жқмыс орындауы керек. Курстық жұмыстардың тақырыбы осы нұсқауда көрсетілген.

Фамилиясы «А» әрпінен басталып «Д» әрпімен бітетін студенттер курстық жұмысты бірінші, «Е» әрпінен басталып «М» әрпімен бітетін студенттер екінші нұсқа бойынша, ал фамилиясы «Н» әрпінен басталып «Р» әрпімен бітетін студенттер үшінші, «С» әрпінен басталып «Я» әрпімен бітетін студенттер төртінші нұсқа бойынша орындау керек. Осы талапты бұзған жағдайда курстық жұмыс тексерілуге қабылданбайды.

Курстық жұмысты жазбас бұрын, студент таұырыпта берілген ұсыныстармен, әдістемелік нұсқаумен танысып, содан кейін конспекті жазу керек:

1) тақырыпқа байланысты: Қылмыстық кодекстің баптары бойынша;

2) оқулықтың бөлімдері бойынша;

3) бір екі арнайы монографиялық жұмыстар, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленарлық мәжілісі қабылдаған нормативтік қаулылар бойынша.

Оқылған әдебиеттерге баса көңіл аудару қажет. Студент теория жағынан айтылған көптеген көзқарастарды көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге сол сұрақтарға байланысты өз ойын білдіру керек. Курстық жұмыста сот тәжірибесінен кемінде үш мысал келтірілуі тиіс, бұл негізгі талап болып табылады. Бұл үшін жергілікті сот тәжірибесінің материалдарымен танысу керек.

Осы жоғарыдағы нұсқауды еске алмаған жағдайларда курстық жұмыстар қанағаттанарлықсыз деп бағаланады.

Материал жоспарға сәйкес, өзіндік стильмен баяндалуы тиіс. Кітаптан немесе монографиядан көшіріліп жазылған жұмыс есепке алынбайды.

Курстық жұмыстың көлемі 25-30 беттен аспауы тиіс.

Барлық тақырыптар бойынша ұсынылатын нормативті және оқу құралдарының тізбегі мынандай:



2.1 1-Нұсқа (А- Д) Ұйымдасқан қылмыс және қылмыстық қауымдастық
Бақылау сұрақтары

1. Ұйымдасқан қылмыстың қоғамға қауіптілігі және онымен күрестің маңыздылығы.

2. Ұйымдасқан қылмыс және қылмыстық қауымдастықтың жалпы түсінігі.

3. Ұйымдасқан қылмыстың түсінігі.

4. Қылмыстық қауымдастықтың түсінігі.

5. Қылмыстық қауымдастық және ұйымдасқан қылмыс үшін жауаптылық.


2.2 2-нұсқа (Е- М) Қажетті қорғану және мәжбүрлі қажеттілік: ұқсастығы мен өзгешілігі

Бақылау сұрақтары

1. Қажетті қорғану және мәжбүрлі қажеттіліктің жалпы сипаттамасы.

2. Қажетті қорғану және мәжбүрлі қажеттіліктің ұқсас белгілері.

3. Қажетті қорғану және мәжбүрлі қажеттіліктің өзара сипаттамасы.

3. Мәжбүрлі қажеттілік және қажетті қорғану шегінен шығып кетушілік түсінігі.
2.3 3-нұсқа (Н-Р) Рақымшылық және кешірім беру

Бақылау сұрақтары

1. Рақымшылық және кешірім берудің құқықтық сипаттамасы.

2. Рақымшылық және кешірім берудің ұқсастығы.

3. Рақымшылық және кешірім берудің өзгешілігі.


2.4 4-Нұсқа (С-Я) Өлім жазасы жазаның жеке түрі

Бақылау сұрақтары

1. Өлім жазасының түсінігі және белгілері.

2. Өлім жазасы жазаның балама жазасы.

3. Өлім жазасына мораторий, оның түсінігі, белгілері,қажеттілігі.

4. Өлім жазасын басқа жазалармен ауыстыру негіздері.

3 Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының құқықтану мамандығы бойынша бітіру жұмыстарының тақырыптары (күндізгі бөлімнің және сырттай оқитын бөлімнің студенттері үшін )
Қылмыстық құқық (Жалпы бөлім)
1 Қылмыстық құқықтың міндеттері

2 Қылмыстық құқық принциптері

3 Қылмыстық жауаптылық ұғымы

4 Қылмыстық заң ұғымы, оның негізгі және айрықша белгілері мен маңызы.

5 Қылмыстық- құқықтық нормалардың мазмұны мен мақсаты.

6 Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы.

7 Қылмыстық заңның уақытты қолданылуы.

8 Қылмыстық заңды түсіндіру.

9 Қылмыс белгілері мен олардың қылмыстық құқықтағы мазмұны.

10 Қылмыс құрамы ұғымы.

11 Қылмысты саралау ұғымы.

12 Қылмыстық құқық бойынша қылмыс объектісі ұғымы.

13 Қылмыс заты ұғымы.

14 Қылмыстық құқықтағы қылмыстық объективтік жағы, ұғымы мен маңызы.

15 Қылмыстық -құқықтық әрекетсіздік ұғымы мен оның белгілері.

16 Қылмысты әрекетсіздік үшін жауаптылық.

17 Себепті байланыс ұғымы және оның қылмыстық құқықтағы маңызы.

18 Қылмыстық құқықтағы қылмыстың субъективтік жағы,ұғымы мен маңызы.

19 Қылмыстық құқық бойынша кінә ұғымы.

20 Қылмыстық құқық бойынша кінәнің нысандары.

21 Абайсыздық және оның түрлері.

22 Қылмыс жасаудағы ниет пен мақсат.

23 Заң жүзіндегі және шын мәніндегі қателер, олардың түрлері.

24 Қылмыстық құқықтағы қылмыс субъектісі ұғымы.

25 Есі дұрыстық ұғымы.

26 Қылмыстық құқықтағы есі дұрыс еместік ұғымы.

27 Қылмыстың арнаулы субъектісі ұғымы.

28 Қылмыстық құқықтағы қажетті қорғану ұғымы.

29 Аса қажеттілік ұғымы.

30 Қылмыскерді ұстау кезіндегі шегінен шыққандығы үшін жауаптылық.

31 Орынды тәуекел ұғымы.

32 Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.

33 Бұйрықты немесе үкімді орындау.

34 Қылмыстық құқық бойынша қасақана қылмыс істеу сатылары ұғымы.

35 Қылмыс жасауға дайындалу ұғымы және белгілері.

36 Қылмыс істеуге оқталу ұғымы.

37 Дайындалу мен оқталудың қылмыстық жауаптылығының негіздері мен шектері.

38 Қылмыс істеуді ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тарту.

39 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысу ұғымы мен маңызы.

40 Қатысушылардың түрлері, олардың бөліну критерийлері.

41 Қылмыстық құқық бойынша қатысудың нысандары,олардан бөліну критерийлері.

42 Арнаулы субъектісі бар қылмысқа қатысу.

43 Қылмысқа жанасушылық ұғымы.

44 Қылмыстық құқық бойынша көп қылмыс ұғымы.

45 Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы.

46 Қылмыстың қайталану ұғымы.

47 Қылмыс қайталануын қауіпті және аса қауіпті деп танудың шарттары, тәртібі және құқықтық салдары.

48 Қылмыстық құқық бойынша жаза ұғымы және белгілері.

49 Қылмыстық құқық бойынша жазаның мақсаттары.

50 Жазаның тиімділігі ұғымы.

51 Қылмыстық құқық бойынша жаза жүйесі ұғымы және маңызы.

52 Өлім жазасы.

53 Бас бостандығынан айыру ұғымы.

54 Айыппұл қылмыстық жаза ретіндегі шара.

55 Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.

56 Қоғамдық жұмыстарға тарту.

57 Түзеу жұмыстары.

58 Әскери қызмет бойынша шектеу.

59 Арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру.

60 Мүлікті тәркілеу және рның түрлері.

61 Қылмыстық құқық бойынша жаза тағайындаудың жалпы негіздері.

62 Жаза тағайындау кезінде жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән жайлар.

63 Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау.

64 Қылмысқа қатысқаны үшін жаза тағайындау.

65 Қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындау.

66 Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау.

67 Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау.

68 Шартты түрде соттау.

69 Қылмыстық жауаптылықтан босату ұғымы.

70 Қылмыстық жазадан босату ұғымы және осы институттың маңызы.

71 Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату.

72 Соттылықты жою және оны алып тастау.

73 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктері.

74 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары ұғымы.



Әдебиеттер
1 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: оқулық. Жалпы бөлім. – Алматы, 2001. – С.85

2 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: оқулық. Жалпы бөлім. – Алматы, 2001. – 350 с.

3 Алексеев В.А., Борисов И.Н., Емельянов А.С. Организованная преступность: криминализация функций участников преступных формирований // Сов.государство и право, 1991. – № 10. – 125 с.

4 Батищев В.И. Постоянная преступная группа. – Воронеж, 1994. – 255 с.

5 Баймурзин Г.И. Ответственность за прикосновенность к преступлениям. – Алма-Ата, 1968. – С. 56 – 60.

6 Ворошилов Е.В., Кригер Г.А. Субъективная сторона преступления – М., 1987. – 78 с.

7 Горелик А. Назначение наказаний по совокупности преступлений. – Красноярск, 1972. – 49 с.

8 Григорьев В.А. Соучастие в преступлении по уголовному праву РФ. – Уфа, 1995. – 96 с.

9 Галиакбаров Р.Р. Совершение преступления группой лиц. – Омск, 1980. – 75 с.

10 Злобин Г.А.,Никифиров В.С. Умысел и его форма. – М., 1987. – 42 с.

11 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумының Қаулылар жинағы. 1995-2005 жж. – Алматы, 2002; Астана,. 2005.

12 Карпушин М.П., Курляндский В.И. Уголовная ответственность и состав преступления. – М., 1974. – С.58 – 65.

13 Ковалев М.И. Понятие и признаки преступления и их значение для квалификакации. – Свердловск, 1997. – 120 с.

14 Кригер Г.А. Соучастие по уголовному праву. – М.,1959. – С. 75 –80 с.

15 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 27, 28, 29, 30, 31-баптары. – Алматы, 1998 – 190 с.

16 Никифиров А.С. Совокупность преступлений. – М.,1965. – 79 с.

17 Пионтковский А.А. Учение о преступлении. – М., 1961. – 110 с.

18 Прохоров В.С. Преступление и ответственность. – М., 1984. – 45 с.

19 Пионтковский А.А. Учение о преступлении по советскому уголовному праву. – М., 1961. – 68 с.

20 Рарог А.И. Проблема субъективной стороны преступления. – М., 1991. – 58 с.

21 Тельнов П.Ф. Ответственность за соучастие в преступлении. –М.,1974. – 64 с.

22 Уголовное право РК. Часть общая. – Алматы, 1998. – С. 87-95.

23 Яковлев А.М. Совокупность преступлений. – М.,1960. – 142 с.

Мазмұны
Кіріспе …………………………………………………………….3

1 Қылмыстық құқық (Жалпы бөлім) пәні бойынша


сырттай оқу бөлімі студенттерінің бақылау

жұмысын орындауына арналған тапсырмалар…………………5


2 Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімі


бойынша курстық жұмыстарды орындауға

арналған әдістемелік нұсқаулар…………………………………13

3 «Құқықтану» мамандығы бойынша

бітіру жұмыстарының тақырыптары……………………………………………………...16






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет