«Қылмыстық іс бойынша сот өндірісі»


Бірінші топ — дәлелдемелер ұсыну бойынша міндеттерін орындайтын процеске қатысушылар. Оларға: куәгерлер мен сарапшылар жатады; Екінші топ



бет2/6
Дата14.06.2016
өлшемі465.5 Kb.
#136039
1   2   3   4   5   6

Бірінші топ — дәлелдемелер ұсыну бойынша міндеттерін орындайтын процеске қатысушылар. Оларға: куәгерлер мен сарапшылар жатады; Екінші топ — іс жүргізу әрекеттеріне жәрдемдесу үшін тартылатын процеске қатысушылар. Олар: куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот отырысының хатшылары, кепілшілер, тану жүргізетін статистер және т.б. Үшінші шағын топ — сот шешімдерін орындауға қатысатын мекемелер мен ұйымдар және соған орай үкімді орындау кезінде туындайтын іс жүргізу мәселелерін шешуі қатысатындар. Бұл топты: үкімдер мен қаулыларды нақтылы орындауды жүзеге асыратын әкімшілік өкілдері, сотталушының науқастануы, мүгедектігі немесе ауруханаға орналастыру бойынша комиссияның өкілдері және т.б. құрайды.

Анықтау және алдын aлa тергеу — бұл анықтау органдары мен өкілетті органдардың сотқа дейінгі әрекеттері. Бұл әрекеттің негізі Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінде (ҚІЖК) белгіленген. Мұнда шектерде қылмыс жасаған адалдарды қылмыстық жауапкершілікке тартужәне істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу және бекіту жөніндегі өкілеттіктерінің іс жүргізуі анықталған. Қылмыстық процеске қатысушылардың әрекеті толықтай заңмен реттеледі.

Өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам күдікті болып танылады. Заңда күдіктіге көптеген құқықтар берілген. Оның құқықтары мынадай:


  • өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге;

  • өзіне қарсы күдікке байланысты түсініктеме мен жауап беруге немесе түсіндірме мен жауап беруден бас тартуға;

  • дәлелдемелер ұсынуға;

  • өтініш пен қарсылық білдіруге;

  • ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ пен түсініктеме беруге;

  • ақысыз аудармашының көмегін пайдалануға;

  • өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескерту беруге;

  • тергеушінің немеее анықтаушының рұқсатымен оның өтініші немесе қорғаушының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;

  • соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының іс-әрекеттері мен шешіміне шағым беруге;

  • оның өтініші бойынша қорғаушының қатысуымен жауап алынушы болуға құқылы.

Басқаша айтқанда, өзіне қатысты ҚІЖК бекітілген тәртіпке айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам анықталушы болып танылады.Айыпталушының жағдайы көп жағдайда күдіктінің жағдайымен сәйкес келіп жатады.

Күдіктіні, айыпталушыны жауап алуға, қылмыстық қудалау органына қандайда бір материалдарды беруге, сондай-ақ оларға қандай да бір көмек көрсетуге мәжбүрлемеу керек.Жауап (айғақ) беру — айыпталушының міндеті емес, құқығы.Ол жауап беруден бас тартқаны үшін жауапқа тартылмайды. Жауап беруге мәжбүрлеу — бұл тергеушінің немесе тергеу жүргізетін тұлғаның тарапынан күдіктіні, айыпталушыны, жәбірленушіні, куәні жауап беруге, не сарапшыны қорытынды беpyгe қорқыту, бопсалау немесе басқа да заңсыз әрекеттер қолдану арқылы ықпал етуі. Заңда айыпталушыдан күш көрсету, қорқыту, алдау арқылы, басқа да заңсыз әрекеттермен (негізсіз ұстау және басқалары) жауап алуға жол берілмейді. Осындай әрекеттері үшін лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.



Сотталушы –іс бойынша басты сот талқылауы тағайындалатын айыпталушы.

Сотталушының құқықтары айыпталушының құқығымен сәйкес келеді. Сотталған адам — өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы.



Тергеуші — бұл өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға: Ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және салық полициясы органдарының тергеушісі. Прокурор — өз құзіреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің жене сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзіреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға. Ол сотта мемлекеттік айыптауды қолдайды.Сот процесінің әділдігі мен шынайылығын қамтамасыз ету үшін заңда қарсылық білдіру институты карастырылған.Қарсылық білдіру — тергеу жүргізу мен соттың істі анықтау кезінде әділдік пен шынайылықты қамтамасыз ететін азаматтық, іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу құқығының институты.Қарсылық білдіру кезінде сот іске қатысы бар адамдарды тыңдауға, қарсылық білдірген адамның пікірін тыңдауға міндетті. Қарсылық білдіру жөніндегі мәселені сот шешеді. Адвокат — бұл заңның аясы негізінде заң көмегін көрсететін тұлға.

Қоғам мен мемлекет бір де бір азаматтың жеткілікті негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмауына және сотталмауына мүдделі. Мемлекет қорғалу құқығын қамтамасыз етуде конституциялық кепілдікті орындай отырып адвокатқа едәуір құқықтар берген, соның ішінде оның адвокаттық қызметіне кепілдік бар.

Қылмыстық процеске адвокаттың қатысуы — бұл адвокаттық кызметтің маңызды бағыттарының бірі, ол негізінде айыпталушыларды (күдіктілерді) қорғау функциясымен байланысты болады.

Қорғау — бұл қылмыс жасады деп күдік келтірілген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыпты теріске шығару немесе жұмсарту, сондай-ақ қылмыстық қудалауға заңсыз тартылған адамдарды ақтау мақ сатында қорғау тарапынан жүзеге асырылатын іс жүргізу қызметі. Қылмыстық процестің әрбір сатысында айыпталушы қорғаушының көмегіне мұқтаж болады, онсыз айыпталушы өзінің кінәсіздігіне дәлелдемелер келтіре алмайды, сондай-ақ айыптауды теріске шығаратын немесе жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды анықтай алмайды. Қорғаушы — бұл заңда белгіленген тәртіппен күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін тұлға.Заңда қорғаушы ретінде іске қатыстырылуға жіберетін адамдар нақты айқындалған. Оларға: адвокаттар, яғни адвокаттық алқаға мүше адамдар; жұбайы (зайыбы); жақын туыстары немесе заңды өкілдері; өз бірлестіктері мүшелерінің ісі бойынша кәсіподақтың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне, оларға қорғаушы ретінде өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттар (шешім немесе хаттама, сенімхат) беріліп, өкілдерін жібереді.

Судья-қылмыстық процестің негізгі субъектісі. Судьяның негізгі міндеті қылмыстық істерді талқылау жене шешу арқылы сот төрелігін жүзеге асыру. Тек судьяға ғана үкім арқылы нақты адамға (сотталушыға) қылмыс жасаған деп айыптауға, сондай-ақ оны қылмыстық жазалауға конституциялық өкілдік берілген.

Жәбірленуші — қылмыс пен моральдық, дене немесе мүліктік зиян келтірілген, осыған байланысты анықтау жүргізуші адамның, тергеуші, прокурор, судьяның қаулысымен немесе соттың анықтамасы мен жәбірленуші деп танылған азамат. Жәбірленушінің жауап беруге құқығы бар. Бұл құқық оның заңды мүдделерін қорғауға қызмет етеді, ол мұндай құқығын өзіне белгілі барлық аймақты деректерді мәлімдеу үшін қолданады, сондай-ақ сотқа, тергеушіге өзінің мүдделерін қорғауға, қылмысты ашуға, айыпты әшкерелеу көмектесетін өз болжамдарын хабарлауға құқық береді.Егер адамға зиян келтірілсе, ол жәбірленуші болып танылады. Тек жеке адамдар ғана жәбірленуші бола алады.

Куә — бұл іс үшін маңызы бар, өзіне белгілі мән-жайлар жөнінде жауап бере алатын кез келген тұлға.Куәнің бірегейлігі қылмыстық іс жүргізуде маңызы бар мынадай белгілерден көрінеді: куәнің ауыстырылмайтындығы; өзінің ауыстырылмайтындығына байланысты, оған істің нәтижесіне мүдделі деп қарсылық білдіре алмайды.

Іс бойынша мыналар куә бола алмайды:

а)айыпталушының қорғаушысы;

ә)өзінің жасының толмауына, психикалық немесе дене кемістіктеріне орай іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс түсінуге және олар туралы жауап беруге қабілетсіз адамдар;

б) адвокат;

в) судья;

г) сонымен қатар заңда адам өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алғаны, туған ағалары (іні) және әскелері (қарындасы), атасы, апасы және немересі) қарсы айғақ, беруге діни қызметшілер өздеріне сеніп сырым ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес деп бекітілген.

Сонымен, қылмыстық іс жүргізу процесі — қатысушылары әр түрлі тұлғалар болатын күрделі процесс.Бұл тұлғаларға қылмыстық істерді тергеуде және қарауда белсенді қатысу үшін мемлекеттік органдармен жіберілген және тартылған қоғамның құқықты мүшелері мен заңды тұлғалары жатады.Бұл үшін осы тұлғаларға кең процессуалдық құқықтар берілген.Қылмыстық іс жүргізуге: қосымша қызметтер атқаратын, қылмыстың сот ісін жүргізуді іске асыруға өкілетті мемлекеттік органдар лауазымды тұлғалар жатады. Қылмыстық істі жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттеледі.

Сот төрелігін жүзеге асыруға қоғамның қатысуы. Тергеуші тергеуді жүзеге асырғанда, қылмысты ашуға және оны жасаған адамдарға іздеу салуға, сондай-ақ қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен шартты жағдайларды анықтауға және жоюға қоғамның көмегін кеңінен пайдалануы тиіс. Қылмыстық істер бойынша сотта іс қаралғанда қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдары өкілдерінің қатысуына жол беріледі.

Қылмыстық іс бойынша сот отырысының хаттамасы (бұдан әрі - Хаттама) - сот қаулысына негіз болатын сотпен процеске қатысқан адамдардың құқықтарының, жарыспалылық, тараптардың тең құқықтығы және басқа да қылмыстық сот өндірісінің қағидаттарының сақталуы, өткізілген сот талқылауының объективті, толық және жан-жақты болуы жөнінде мәселелерді шешу кезінде апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында қолданылатын, маңызды іс жүргізу құжаты.

Хаттама өткізілген сот отырысының түрі, оның өткізілген орны, күні мен уақыты, соттың атауы мен құрамы, сот отырысына қатысушы басқа адамдар туралы қажетті деректер, жасалған өтініштер, қарсылықтар мен олар жөнінде қабылданған шешімдер, тараптар келтірген дәлелдер, қараулар, зерттелген құжаттар, сараптама тағайындау, сотқа сыйламаушылық білдіру фактілері мен сот отырысындағы өзге де тәртіп бұзушылықтар, тәртіп бұзушыларға қолданылған шаралар, қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүргізілген өзге де іс жүргізу іс-әрекеттері туралы мәліметтер толық және нақты көрсетілуі тиіс.

Іс жүргізу әрекеттерінің тиісті Хаттамалары олардың мазмұнына сәйкес аталынуы және сот өндірісінің қандай деңгейде жүргізілгені көрсетілуі тиіс.


Хаттамада нақты қылмыстық іс бойынша тараптардың (айыптау, қорғау) өкілдерінің, азаматтық талапкердің, жауапкердің, олардың өкілдерінің, куәның қатысуымен ең болмағанда біреуінің, өткізілетін, сондай-ақ онда іс жүргізу шешім (үкім шығару, істі қысқарту, соттылығы бойынша өткізіп беру, оны өндірісте тоқтата тұру туралы, сот талқылауын кейінге қалдыру жөнінде және т.б. қаулылары) қабылдау үшін өткізілетін кез келген отырыс сот отырысы деп аталынады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК) 301-бабының тәртібімен сот өткізетін отырыс, Хаттамада алдын ала тыңдауды өткізу деп аталынады. ҚІЖК-нің 41- 44-тарауларында көзделген іс жүргізу іс-әрекеттері, оның ішінде басты сот талқылауының дайындық бөлігі, сот тергеуі, сот жарыссөзі, соңғы сөздің айтылуы, үкімнің жариялануы шеңберінде өткізілген отырыс басты сот талқылауы (басты сот отырысы) деп аталынады.

Лекция № 3 Басты сот талқылауының тәртібі.

1.Басты сот талқылауының тәртібі.

2.Бірінші сатылы сот үкімдерінің түрлері.

Басты сот талқылау сатысы қылмыстық іс жүргізу сатыларының арасында негізгі,күрделі деп есептеледі,себебі бұл сатыда қылмыстық жауапқа тартылған адамның (сотталушының( кінәлілігі не кінәлі еместігі шешіледі.Бұл қылмыстық іс жүргізудегі басты мәселе.

Сол себепті істі дұрыс анықтау,қарау,заңда көрсетілген тәртіпке сәйкес іс жүргізудің маңызы зор.Егерде жыл сайын соттарда қаралатын істерін есепке алсақ,бұл мәселенің маңызы арта түседі.

Басты сот талқылауы,оны тағайындау туралы қаулы шағарылған кезден бастап 15 тәуліктен кешіктірілмей басталуға тиіс.Сонымен бірге тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын увқыты хабарланған кезден бастап кемінде үш тәуліктен кейін басты сот талқылау басталуға тиіс (ҚР ҚІЖК 302-б.4-бөл.).

Басты сот талқылауы сатысы мынадай бес бөлімнен тұрады:

1.Сот мәжілісін (отырысын) дайындау бөлімі (ҚР ҚІЖК 341-344-бб).

2.Сот тергеуі (ҚР ҚІЖК 345-363бб.).

3.Сот жарыссөзі (ҚР ҚІЖК 364-б).

4.Сотталушының соңғы сөзі.(ҚР ҚІЖК 365-б.).

5.Үкім шығару (ҚР ҚІЖК 368-388 бб.).

Сот істің мән-жайын алдын ала тергеу сатысында жинақталған дәлелдемелерді зерттеуден бастайды.Бірақ,сот тергуін алдын ала тергеудің қайталануф\ы деп есептеу қате.Сот тергеуі дербес жүргізіледі,ешкімге бағанышты емес,өзіне тән ерекшеліктері бар.Сот тергеуінде зертелмеген алдын ала тергеу сатысында жинақталған фактілер үкім қабылданғанда еске алынбайды,яғни зерттелмеген фактілер үкімнің негізін қалай алмайды.

Сот алдын ала тергеу сатысында жиналған деректерді (фактілерді) зерттеумен ғана жұмысын бітірмейді,қажет болған жағдайда,істі дұрыс шешуге маңызы бар деп санаса,сот басқа деректерді де (фактілерді де) тексереді (жаңа куәлер шақырып,олардан жауап алады,қосымша айғақтар жинайды,оларды сотқа тапсыруды талап етеді және де басқа да әрекеттер жасайды).

ҚР ҚІЖК 347-бабына сәйкес сот тергеуінде тараптар ұсынған дәлелдемелер зерттеледі.дәлелдемелерді алдымен айыптаушы тарап ұсынады.дәлелдемелерлі зерттеу тәртібін тараптармен келісе отырып,сот белгілейді.дәлелдемелерлі зерттеу тәртібін белгілеу немесе өзгерту мәселелері бойынша сот қаулы шығарады.

Сот үкімі - қылмыстық іс жөніндегі бүкіл өндірістің қорытындысы шығарылатын құқықты қолданудың аса маңызды кесімі болып табылады. Конституциялық қағидаларға сәйкес үкім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады әрі заңды және негізді болуға тиіс.

Үкімдерді дайындау практикасын зерделеу олардың көбінің заң талаптарына сәйкес қабылданатынын көрсетті. Сонымен қатар, кейбір соттар үкімдерді дайындаған кезде олардың нысаны мен мазмұны жөнінде қойылатын заң талаптарын әрдайым сақтай бермейді. Мұның өзі үкімдердің өзгертілуіне және бұзылуына әкеп соғуда.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот практикасын жинақтаудың нәтижелерін талқылай келе, орын алған кемшіліктерді жою және үкімдердің сапасын жақсарту мақсатында қаулы етеді:

Заң бойынша үкім - Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі Конституция) 77-бабының 3-тармағында және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК) 2-тарауында көрсетілген әділ сот принциптерін сақтай отырып, сотталушыға қатысты оның кінәлілігі немесе кінәлі еместігі, қылмыстық жазаны оған қолдану немесе қолданбау туралы бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың сот мәжілісінде Қазақстан Республикасының атынан шығарған қылмыстық іс бойынша шешімі болып табылады.

ҚІЖК-нің 411-бабы бірінші бөлігінің 4)-6) тармақтарында қарастырылған шешімдерді қабылдаған кезде, апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот үкімінің (қаулысының) күшін жою туралы қаулы шығарады, содан кейін ҚІЖК-нің 44-тарауының талаптарын сақтай отырып, жаңа үкім шығарады.Үкімді бұлжытпай орындау ешқандай ерекшеліксіз барлық мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін өзі басқару органдарына, заңды тұлғаларға, лауазымды адамдар мен азаматтарға міндетті болып табылады. Үкімнің мемлекет атынан шығарылуы, оның маңыздылығы судьялардан оның заңдылығы мен негізділігі үшін ерекше жауапкершілік сезінуді талап етеді.

Үкім, егер ол оның сотқа қарастылығы ережелері сақталып, тараптарға дәлелдемелерді тең негізде зерттеуге мүмкіндік беру қамтамасыз етіле отырып, тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы принциптерінің негізінде сот талқылауын жүргізу туралы қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес, құқық нормалары дұрыс қолданыла отырып соттың заңды құрамымен шығарылса заңды болып табылатынын соттардың ескергені жөн. Заң талаптары сақтала отырып жиналған және тікелей сот отырысында толық, жан-жақты және объективті тексеріліп, талданған, тиісті баға берілген дәлелдемелерге негізделген, тұжырымдары дәлелденген үкім негізді болып табылады.

Сот қабылдаған шешімдердің мазмұнын неғұрлым толық ашуға әсер ететін үкімнің процессуалдық нысанын сақтау маңыздылығына соттардың назары аударылсын. Ол нысаны мен мазмұны бойынша ҚІЖК-нің 377-383-баптарына сәйкес келуі тиіс. Үкім сот отырысы жүргізілген тілде, анық, түсінікті сөзбен жазылуға тиіс әрі кіріспеден, сипаттау-дәлелдеу және қорытынды бөліктерден тұруы қажет. Үкім дәйекті баяндалады, оның әрбір жаңа қағидасы бастапқы қағидадан туындап, онымен үйлесімді болуға тиіс. Қаралып жатқан іске қатысы жоқ оқиғаларды сипаттауға, анық емес тұжырымдарды, ресми құжаттарда қолданылмайтын қысқартулар мен сөздерді пайдалануға болмайды.Айыпталушылардың, жәбірленушілердің, куәлардың жауаптары үшінші жақта келтіріледі. Үкім мәтініндегі қателерді өңдеуге болмайды. ҚІЖК-нің 377-бабының 5-бөлігіне сәйкес, үкімге түзетулерді кеңесу бөлмесінде енгізуге болады, судья оған келісіп, қол қоюға тиіс. Үкім жарияланғаннан кейін оған қандай да болмасын түзетулер енгізуге жол берілмейді. Үкімдегі барлық мәселелер оны орындаған кезде қиындық тудырмайтындай болып шешілуге және жазылуға тиіс.

Бір сот талқылауында іс бойынша сотталғандардың санына қарамастан бір үкім шығарылатыны соттарға түсіндірілсін. Егер айыпталушыға бірнеше қылмыс жасаған деп айып тағылса, сот негіз болған жағдайда оған қатысты бір үкім шығаруға құқылы. Осы үкіммен айыптаудың кейбір эпизодтары бойынша ақтауы, басқа эпизодтары бойынша соттауы мүмкін. Бірнеше адамға қатысты істі қараған кезде сот анықталған мән-жайларға сәйкес бір үкімде біреулерін ақтау, енді біреулерін айыпты деп тану туралы шешім шығара алады.

Егер сот қылмыстың орын алғанын, оны сотталушының жасағандығын, оның қылмыс жасаудағы кінәсін, кінәсі заң талаптарын сақтай отырып жиналған дәлелдемелермен расталғандығын даусыз анықтаса, сонымен қатар іс өндірісін қысқарту және істі қосымша тергеуге жолдауға негіздер болмаған жағдайда ғана айыптау үкімін шығарады. Егер сот кінәсіздік презумпциясын басшылыққа ала отырып, дәлелдерді тікелей зерттеп, барлық сейілмеген күдіктерді тиісті құқықтық процедура шеңберінде сотталушының пайдасына түсіндіре отырып, ҚІЖК-нің 371-бабында көрсетілген барлық сұрақтарға жауап берген жағдайда ғана адамның қылмыс жасаудағы кінәсі дәлелденген деп танылады.

Сотталушының өтеуге тиіс қылмыстық жазасын тағайындау жөніндегі айыптау үкімі қылмыстың жасалуына кінәлі адамға қатысты, егер ол жасалған қылмыс үшін жазалануға жатса және жазаны тағайындау мен өтеуге кедергі болмаған жағдайда шығарылады.

Егер сот отырысында заңда көрсетілген жағдайлар, атап айтқанда:
- егер үкімді шығарған кезде жасаған қылмысы үшін сотталушыға тағайындалған жазаны қолдануды жоятын рақымшылық жасау кесімі шығарылса;
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (әрі қарай - ҚК) 62-бабында белгіленген алдын ала қамауға алуды есепке алу ережелерін ескере отырып, іс бойынша сотталушының қамауда болған уақыты сот тағайындаған жазаны қамтыса;
- егер онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамның жазаны өтеуі төтенше жағдайларға байланысты оның отбасы мүшелері үшін немесе оның өзіне аса ауыр салдарға әкеп соқтыруы мүмкін жағдайлар (ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігі) анықталса, ҚІЖК-нің 375-бабының 6-бөлігіне сәйкес айыптау үкімдері қылмыстық жаза тағайындап және оны өтеуден босата отырып шығарылады. Қылмыс жасағаннан кейін, бірақ ҚК-нің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес айыптау қорытындысымен бірге келіп түскен іс бойынша үкім шығарылғанға дейін, өзінің іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатын және қоғамдық қауіптілігін ұғыну мүмкіндігінен айыратындай психикасы бұзылған жағдайлар да қылмыс жасаған кінәлі адам жазаны өтей алмайтын жағдайларға жатады. Мұндай жағдайларда сот айыптау үкімін жаза тағайындап, оны өтеуден босата отырып шығарады. Сонымен бірге сот ҚК-нің 90-бабында көрсетілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қажеттілігі туралы мәселені шешеді. Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі кіресілі-шығасылы күйде болған адам немесе үкім шығарылғаннан кейін жазаның орындалуына мүмкіндік бермейтіндей психикасы бұзылып ауырған адам жасаған болса, онда сот ҚІЖК-нің 517-бабының негізінде қаулы шығарады.

Соттың қылмыстық iстi рақымшылық актiсiнiң негiзiнде қысқартуы туралы мәселе, ҚIЖК-нiң 301-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес, сотталушы мен жәбiрленушiнiң қатысуымен алдын ала тыңдау өткiзiлiп қаралуға жатады. Осы ретте рақымшылық актiсiн қолдануға кедергi келтiретiн мән-жайлар болмаған жағдайда, сот iстi қысқарту туралы қаулы шығарады, онда iстi қысқартудың негiздемесi және сотталушының рақымшылық актiсiн қолданумен келiсуi көрсетiледi. Келiсу - сотталушының тағылған айыпты толық мойындауы деп есептеледi. Iстi қысқарту туралы қаулы ҚIЖК-нiң 307-бабының талаптарына сәйкес келуi тиiс және заттай дәлелдемелер туралы мәселенi ҚIЖК-нiң 121-бабының үшiншi бөлiгiмен белгiленген тәртiпте шешуi керек. Сотталушы өзiн кiнәлi емеспiн деп есептеген жағдайда не жәбiрленушi рақымшылық актiсiн қолдануға көпе-көрiнеу кедергi келтiретiн мән-жайларды (қылмысты дұрыс сараламау, сотталушының жеке басы туралы мәлiметтердiң шындыққа сәйкес келмеуi және т.б.) көрсетсе және соттың осы уәждердi тексеруiне өтiнiш бiлдiрсе, сот басты сот талқылауын тағайындайды және өткiзедi, бұл талқылау, негiз болған жағдайда кiнәлiге жаза тағайындаумен және осы жазаны өтеуден босату туралы айыптау үкiмiн шығарумен аяқталады.


Егер сот тергеуi барысында сотталушыға әлдеқайда ауыр айып тағу үшiн iстi қосымша тергеуге жiберу туралы жәбiрленушiнiң өтiнiшiн қанағаттандыруға негiздер немесе рақымшылық актiсiн қолдану үшiн кедергi келтiретiн өзге де мән-жайлар анықтамаса, онда сот iстi рақымшылық актiсiне байланысты ҚIЖК-нiң 324-бабына сәйкес қысқартады.
Қылмыстық жолмен жиналған ақшалар мен өзге де құндылықтар, заңсыз кәсiпкерлiкпен алынған және контрабандалық заттар - заттай дәлелдемелер ретiнде танылған қылмыстық iстер бойынша рақымшылық актiсiн қолдану туралы мәселе басты сот талқылауында шешiледi, себебi бұл заттар ҚIЖК-нiң 121-бабы үшiншi бөлiгiнiң 4-тармағына сәйкес соттың үкiмi бойынша мемлекеттiң кiрiсiне алынуға жатады.

Сотталушының қайтыс болуы ҚІЖК-нің 37-бабы 1-бөлігінің 11) тармағының және 307, 324-баптарының негізінде қаулы шығару жолымен іс жөніндегі сот өндірісінің кез келген сатыда қысқартылуына әкеп соғатыны соттарға түсіндірілсін. Қайтыс болған адамды ақтау немесе онымен бірге қылмыс жасаған басқа адамдарға қатысты істі қарау туралы тараптардың өтініштері болған жағдайда іс жөніндегі өндіріс жалғасады және оған негіздер болған жағдайда қайтыс болған адамға қатысты айыптау үкімін жаза тағайындамай шығарумен аяқталады. Мұндайда үкімнің қорытынды бөлігінде оны қылмыстық заңның тиісті бабы бойынша айыпты деп тану және қайтыс болуына байланысты іс жөніндегі өндірісті қысқарту туралы тұжырым жасалады.


ҚК-нің 81-бабына сәйкес тәрбиелік мәні бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен оның түзелуі мүмкін болатыны анықталған жағдайда кәмелетке толмаған, онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысты алғаш рет жасаған адамға қатысты айыптау үкімі қылмыстық жазаны тағайындаусыз шығарылады.

ҚК-тің 69-бабында белгіленген қылмыстық жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімдері өтіп кеткен жағдайда, іс жөніндегі өндіріс ҚІЖК-нің 37-бабы 1-бөлігінің 4) тармағының, 307 және 324-баптарының негізінде қаулы шығару жолымен алдын ала тыңдау немесе басты сот талқылауы кезінде қысқартылады.

Егер айыпталушы істі аталған негіз бойынша қысқартуға қарсы болса, онда іс жөніндегі өндіріс жалғасады және негіздер болған жағдайда сот айыптау үкімін жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктен босата отырып шығарады.

Ескіру мерзімінің өтіп кеткені басты сот талқылауы кезінде анықталса, сот айыптау үкімін айыпты адамды қылмыстық жауапкершіліктен босата отырып шығарады.

Өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыс жасаған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот тек басты сот отырысында үкім қабылдау жолымен шешеді.Мұндайда сот ескіру мерзімін қолдануға, айыптау үкімін шығаруға және адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға құқылы. Егер сот ескіру мерзімінің өтіп кетуіне байланысты адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік жоқ деп тапса, онда ол ҚК-нің 69-бабының 5-бөлігіне сәйкес айыптау үкімін жаза тағайындай отырып шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет