Иманғали Тасмағамбетов



Дата31.10.2022
өлшемі16.02 Kb.
#463680
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ


Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ


Жемқорлық – кез келген мемлекетті
түп-тамырымен құртатын басты фак­торлардың бірі.
 Иманғали Тасмағамбетов
Мемлекет тәуелсіздігі баға жетпес байлық екендігі барлығымызға айдан анық нәрсе. Тәуелсіздік еш алаңсыз һәм бақытты күндеріміздің кепілі емес пе? Ал сол тәуелсіздікті сақтап ұру тіптен қиын да жауапкершілігі мол міндет. Бұл жауапкершілік тек қана мемлекет басшысы мен үкіметке ғана байланысты емес, сол елдің барша азаматтарының ар алдындағы міндеті. Татулық, бірлік, елі үшін қайткенде де пайдасын тигізу жолында аянбай еңбек ету, елді барлық жағынан дамыту үшін жұмыс жасау барлығы нағыз патриотизмнің ажырамас бөлігі. Осы аталған міндеттерді әрбір азамат бұлжытпай орындаған болса, мемлекетіміз қаншалықты гүлденген, дамыған болар еді.
Өкініші сол, қой терісін жамылған қасқырлардың бары өтірік емес. Елім дегені бер жағы ғана, ал ар жағында қолындағы билігін пайдаланып арам пиғылын жүзеге асырып отырғандар қаншама. Қу құлқынның құлы болып, қара халықты қанап отырған жемқорлық фактілерін қарапайым өмірде кездестіріп те, жаңалықтардан естіп-көріп жүрген жайымыз бар. Қарапайым жұмысқа тұру үшін де өзіндік «құны» бар екен. Бұл дегеніміз басшының билігін өз мүддесі үшін асыра пайдалануы. Біреулерге бұл қалыпты жағдай болып көрінер, алайда жемқорлықты түп-тамырымен жоймасақ ешқашан дамымаймыз. Жоғарыда И.Тасмағанбетов айтқандай меммлекеттің түп-тамырымен құртатын факторлардың бірі осы жемқорлық. Себебі өз еліне жаны ашымаған соң, өзге елдер де қырын қарайды. Үлкен көлемде болсын, аз мөлшерде болсын жемқорлықтың аты жемқорлық. Көпке топырақ шашпаймыз әрине. Халқым деп қайғырып жүрген жандар да аз емес. Дегенмен жемқорлардың әрекеттерінің белең алып бара жатқандығы жасырын емес. Бұл мемлекетті іштен жеп өлтіретін ауру.
Елім деп өткен ерлеріміздің еңбегімен келген тәуелсіздікті қу құлқынның құртуына жол бермейік. Ол үшін мемлекетімізді дамыту жолында әр азамат өзінен бастауы керек. Аз болса да сол бір дерттің бәсеңдеуіне үлесімізді қосайық. Ол қарапайым ғана әрекеттерден басталады. Болашақта ондай әдеттен аулақ болу және жақындарымызға түсіндіру. Мұның өзі біз үшін үлкен әрекет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет