Мұғалімдерді аттестаттау тест сұрақтары
Қазақ тілі
2-нұсқа
1.
Омоним бола алатын сөздерді көрсетіңіз.
A) Айт, дала.
B) Ен, бөле.
C) Қала, жүр.
D) Кітап, жең.
E) Жігіт, білім.
2. Синонимдік қатар құрап тұрған тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
A) Жаны жай табу, жаны күю.
B) Көзге ілмеу, көзінен таса қылмау.
C) Аузын майлау, ауыз бастырық беру.
D) Еңбегі жану, еңбегі еш болу.
E) Жұлдызы жарасқан, жұлдызы қарсы.
3. Тұрақты тіркесті анықтаңыз.
A) Ұстап алдық.
B) Тұтқынға түсті.
C) Қолға түсті.
D) Еркіне жібермедік.
E) Құтқармадық әйтеуір.
4. Қазақтың төл сөздерінде жазылғанмен, дербес дауыстылар қатарына жатпайтын дыбыстарды көрсетіңіз.
A) Ы, і.
B) Ұ, ү.
C) О, ө.
D) И, у.
E) А, ә.
5. Тілдің ілгері қарай созылуы арқылы жасалатын дауыстылар қатарын көрсетіңіз.
A) А, о.
B) Ұ, у.
C) А, е.
D) Ы, ү.
E) Ә, ө.
6. Бірігу арқылы жасалған жер-су атауларын белгілеңіз.
A) Аққу, Егеуқұйрық.
B) Итмұрын, Есенәлі.
C) Сарысу, Алакөл.
D) Семей, Аягөз.
E) Көкбозат, Жанбота.
7. Туынды сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ана тілі жүректің терең сырларын шертеді.
В) Тіл – тарих, тіл – ұлттың жаны, тіл – өнер.
С) Бұл – халықтың тіл өнеріне деген ыстық махаббатының белгісі.
D) Қазақ халқы үшін тілден қасиетті ештеңе болған жоқ.
Е) Ана тілі – ақыл-ой дамуының негізі.
8. Тіркесу арқылы жасалған зат есімді табыңыз.
A) Күміс қасық.
B) Күн тәртібі.
C) Құлақ сал.
D) Жәрдем ет.
E) Қара сүмек болу.
9. Етістік негізді зат есімдерді көрсетіңіз.
A) Қойшы, айтыс.
B) Күрек, аялдама.
C) Бұрғы, айлық.
D) Қуаныш, жемқор.
E) Жақсылық, күйші.
10. Сілтеу есімдігінің септелген түрін көрсетіңіз.
A) Нелердің.
B) Бірдемені.
C) Мыналар.
D) Бәрін.
E) Мынаны.
11. С.Торайғыров өлеңіндегі жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін.
В) Ел сөккен ерсі мінез мақтаншылық,
Ешкімге дәулет емес арын сатқан.
С) Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек,
Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп.
D) Біреудің ішкі сырын айтпай білер,
Ащыны тұщыменен бірдей татқан.
Е) Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
12. Етістіктің қалау рай түрінде келуін табыңыз.
A) Тапсырды.
B) Құшақтағым келеді.
C) Бармақ болды.
D) Бел асып кетті.
E) Ойнап еді.
13. Көсемшені табыңыз.
A) Уәдені бұзу – ұяны бұзумен тең.
B) Көрген көзде жазық жоқ.
C) Туған жердің жуасы да тәтті.
D) Сізбен танысқалы көп болған сияқты, көріспегелі көп уақыт өтті.
E) Бал тамған тілден у да тамар.
14. Қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалатын шақ түрін анықтаңыз.
A) Болжалды келер шақ.
B) Мақсатты келер шақ.
C) Жедел өткен шақ.
D) Нақ осы шақ.
E) Ауыспалы осы шақ.
15. Салт етістікті көрсетіңіз.
A) Беріп жібер, айт.
B) Жат, жарыс.
C) Әкел, отыр.
D) Сұра, бер.
E) Оқы, айт.
16. Себеп-салдар үстеулі қатарды табыңыз.
A) Құр босқа, талай.
B) Әдейі, бекерге.
C) Әлгінде, қасақана.
D) Босқа, шарасыздан.
E) Тысқары, ендігәрі.
17. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған мөлшер үстеуін көрсетіңіз.
A) Халық неғұрлым көп жиналса, соғұрлым жақсы болар еді.
B) Шошынған шешесі есінен танып қалды.
C) Баянның бұл қылығына олар түсінбеді.
D) Жетісу – жер жаннаты екенін бәріміз білеміз.
E) Бүгін Асқарлар кештете келетін болды.
18. Демеулік шылау қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Қасқырды сұрлығы үшін емес, ұрлығы үшін ұрады.
B) Қодардың алдында жүз қаралы адам тұр.
C) Құс екеш құс та балапанын ұядан қияға ұшырып үйретеді.
D) Ынтыға тыңдап еді, ат дүбірі алыстап бара жатқан секілді.
E) Егер аңға шыға қалғандай болса, кездік керек болып қалар.
19. Жекіру одағайын табыңыз.
A) Шөк, ойбай.
B) Жә, тек.
C) Пай-пай, алақай.
D) Пә-пә, тәйт.
E) Уһ, уай.
20. Жалғау арқылы байланысып тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Ол – юрист.
B) Ол туралы білем.
C) Олар – Абай мен Әйгерім.
D) Ол жүгіріп келді.
E) Оған тиіспе.
21. Интонация арқылы байланысқан есімді сөз тіркесін белгілеңіз.
«Айгөлек»-ел арасына ертеден тараған қазақтың ұлттық ойыны.
A) Ертеден тараған ойын.
B) Ұлттық ойын.
C) Қазақтың ұлттық ойыны.
D) «Айгөлек»-ойын.
E) Ел арасына тараған.
22. Қабысуды табыңыз.
Аспалы бесік өзінің екпінімен тербеліп тұра берді.
A) Аспалы бесік.
B) Тербеліп тұра берді.
C) Екпінімен тербеліп.
D) Бесік тұра берді.
E) Өзінің екпінімен.
23. Сөйлемде бірыңғай мүшенің қай түрі кездесетінін табыңыз.
Ешқашан да Абайдың алғыр ойы, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі, жүрдек қаламы тоқырап қалмайды.
A) Бірыңғай баяндауыштар.
B) Бірыңғай бастауыштар.
C) Бірыңғай пысықтауыштар.
D) Бірыңғай толықтауыштар.
E) Бірыңғай анықтауыштар.
24. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылуға тиісті сызықшалы сөйлемді белгілеңіз.
A) Сәкен оқу іздеп, қалаға келді.
B) Оқу мен жазудың бірнеше айырмашылықтары бар.
C) Жақсы оқу әр оқушының қолынан келеді.
D) Оқу инемен құдық қазғандай.
E) Оқулықтарыңды жина.
25. Жанама толықтауышты табыңыз
A) Поэзия-жан бұлқынысы.
B) Жүз-жиырма беске бөлінеді.
C) Жаман сыйлағанды білмес.
D) Тәуелсіздікті, бостандықты аңсамайтын халық жоқ.
E) Біздің ғаламшар тұщы суды көп қажет етеді.
26. Жанама толықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Әйгерім қыс киетін түлкі тымағын тігіп отыр.
B) Бала жасындағысын ұмытпайды.
C) Баланы оқытуды жек көрмедім.
D) Білгенге маржан, білмеске арзан.
E) Үлкен алдында иіліп сөйле.
27. Атаулы сөйлемді табыңыз.
A) Қиын қыстан аман шығыппыз.
B) Бұл – егін даласы.
C) Баяу ескен қоңыр жел.
D) Өзі қойдай жуас.
E) Бір мың тоғыз жүз он жеті.
28. Толымсыз сөйлемді белгілеңіз.
A) – Мынауың қандай кітап?
– Чеховтің әңгімелері.
B) Жаны иненің ұшында.
C) Биылғы тамыздың аяқ кезі.
D) Қысқа жіп күрмеуге келмейді.
E) Абай Ділдәмен оңаша қоштасты.
29. Жалпылама жақты сөйлемді белгілеңіз.
A) Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық.
B) Көпті сөкпе, кенді төкпе.
C) Жақсы азамат боласың.
D) Көне сөз – жаңа сөздің қазығы.
E) Тәрбие тілден басталады.
30. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмаласты табыңыз.
A) Хат танымайтыны болмаса, жігіттің сарбазы болайын деп тұр.
B) Үй тігіліп жатса, жүк жиналып жатыр.
C) Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп барады екен.
D) Менің ендігі баратын жерім дайын деп, қалаға ерте жүріп кеттім.
E) Жаны сүйген жұмысын істесе, адамға одан артық не қызық бар?
31. Түсіндірмелі салалас құрмаласты табыңыз.
A) Салқын су жуынған жанның денесін сергітеді, жанын жадырата түседі.
B) Мұғалім күлімсіреп бастыққа қарады, – қарт оған назар аударған жоқ.
C) Бұған жалғыз-ақ құрал бар: ол – жаңа жоспар жасау.
D) Бұл ой Абайға ең алғаш келген ой еді және өз ойы сияқты көрінді.
E) Маржан біреулердің ісін біресе мұқатады, біресе олардың тұрмысын кемітеді.
32. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.
B) Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.
C) Үйдегілер тысқа шықса, таң аппақ болып атқан екен.
D) Қына тасқа бітсе, білім басқа бітеді.
E) Егер жау берілмесе, оны құртар болар.
33. Автор сөзі төл сөзден кейін келгенде, төл сөзден соң қойылатын тыныс белгінің дұрысын табыңыз.
A) Тырнақша.
B) Үтір, сызықша.
C) Үтір.
D) Сызықша.
E) Дефис.
34. Дұрыс жазылған сөйлемді анықтаңыз.
A) Біздің халықта «қарға қарғаның көзін шоқымайды» деуші еді, - деді.
B) – Біздің халықта, «қарға қарғаның көзін шоқымайды» деуші еді» - деді.
C) – Біздің халықта «қарға қарғаның көзін шоқымайды» деуші еді, - деді.
D) – Біздің халықта «қарға қарғаның көзін шоқымайды» деуші еді», деді.
E) «Біздің халықта «қарға қарғаның көзін шоқымайды» деуші еді», - деді.
35. Жақшаның қойылатын орнын анықтаңыз.
Үш жолаушы келе жатса, алдынан бір адам қарсы шықты. «Ел аузынан».
A) («Ел аузынан»).
B) (Бір адам)
C) (Үш жолаушы).
D) (Үш жолаушы келе жатса)
E) (Аузынан).
36. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.
A) Е, Бас-еке мал-жан үй-іші аман ба?
B) Е, Басеке мал,жан, үй,іші аман ба?
C) Е, Басеке мал,жан үй-іші аман ба?
D) Е, Бас-еке, мал-жан- үй-іші аман ба?
E) Е, Басеке, мал-жан, үй іші аман ба?
37. Жақша қойылатын орынды табыңыз.
Жұмат. Уай, Есен болдың-ау. Қайран ерім! Екеуі құшақтасады. Бауырым!
A) Жұмат.
B) Қайран ерім.
C) Уай, Есен болдың-ау.
D) Бауырым.
E) Екеуі құшақтасады.
38. Ауызекі сөйлеу стилінің түрлерін көрсетіңіз.
A) Іс жөнінде мәлімет алысу, хабарлау.
B) Дидарластық сөз, полемикалық сөз, көпшілікке арналған сөз.
C) Эмоционалдық, бейнелі, экспрессивті сөздер мол қатысады.
D) Мекемеде өткен мәжілістердің хаттамалары.
E) Әр түрлі мазмұндағы арыздар.
39. Шешендік сөздегі фразеологизмнің мағынасын анықтаңыз.
Халқыңды билеместен бұрын өз Ордаңды билеп ал, Ордаңды жұмған жұдырықтай берік ұстасаң, халық ешқайда қашпайды.
A) Бос.
B) Мықты.
C) Еркін.
D) Егемен.
E) Тату.
40. Б.з.д.620-555 жылдары өмір сүріп, билер кеңесіне қатысып, өзі де билік айтқан кім екенін табыңыз.
A) Цицерон.
B) Иданфирс (Иданбарыс).
C) Сократ.
D) Солон.
E) Анақарыс.
Достарыңызбен бөлісу: |