Имашева гүлім есенғалиқызы міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»


Міржақып Дулатұлы тілдік тұлғасының лингво-когнитивтік деңгейі



бет2/3
Дата13.06.2016
өлшемі485.08 Kb.
#131769
1   2   3

1.3. Міржақып Дулатұлы тілдік тұлғасының лингво-когнитивтік деңгейі. Когнитивтік лингвистика өз бастауын философиядан алатыны мәлім. Себебі бұрын тіл және ой, ой жүйесі мәселелері біріктіріле қарастырылған. Когнитивтік тіл білімі мәселелері шығыс ойшылдары Әл-Фараби және көне грек ойшылдары Аристотель, Платон, Сократ еңбектерінде алғаш қарастырылады. Бұндағы басты ерекшелік тілдің танымдық деңгейін айыруға ұмтылыс жасауда жатыр. Шетел тіл білімінің В.фон Гумбольдт және оның ізбасарлары еңбектерінде алғашқы тілді тану талпыныстары жасалды. Когнитивтік лингвистиканың алғашқы мәселелерін шешу Н.Хомский, М.Джонсон, Дж.Лакофф, Р.Лангакер, А.Вежбицкая т.б. зерттеушілердің еңбектерінде орын алады.

Бұл мәселелер орыс тіл білімінде Ю.Д.Апресян, Е.М.Кубрякова, Ю.Н.Караулов, А.Вежбицкая, Н.Д.Арутюнова, Д.С.Лихачев, В.А.Маслова, т.б. зерттеушілер еңбектерінде кеңінен қарастырылады. Танымдық тіл білімі тілдегі ұлттық мәдениет нышандары мәселесімен түйіседі де, бір-бірінің жүйелік деңгейлері аралас күйде ғылымға айналады. Лингвомәдениеттану ғылымы мен когнитивтік лингвистиканың бірлесе қарастыратын мәселелері осы байланыстан туындайды. Когнитивтік лингвистика мен лингвокультурология бір-бірімен тығыз байланыста, алайда өзіндік зерттеу ілімдері әр қилы. Мұны В.А.Маслова былайша жіктеп береді: «Если когнитивная лингвистика, вкупе с когнитивной психологией и когнитивной социологией, образующие когнитологию, пытаются ответить на вопрос о том, как в принципе организовано сознание человека, как человек познает мир, какие сведения о мире становятся знанием, как создаются ментальные пространства, то все внимание в лингвокультурологии уделяется человеку в культуре и его языку, здесь требуется дать ответы на многие вопросы, в числе которых следующие: каким видит человек мир, какова роль метафоры и символа в культуре, какова роль фразеологизмов, удерживающихся в языке веками, в репрезентации культуры, почему они так нужны человеку?» [1,8].

Қазақ тіл білімінде Ә.Қайдар, К.Хұсайын, Ж.А.Манкеева, Г.Н.Смағұлова, Н.Уәлиев бастаған лингвомәдениеттану мектебі қалыптасты. Бұнда когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану мәселелері кейде аралас, кейде өз алдына жеке зерттелу үстінде. Мәселен, Ислам Айбарша «Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті», Қ.Жаманбаева «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана», Э.Оразалиева «Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы» т.б. Осы мектеп өкілі Ш.Елемесова «Көркем мәтіндегі ұлттық мәдениеттің тілдік релеванттары» еңбегінде «концепт» термин түсінігін үш топқа бөліп жүйелейді: 1.Концепт ұғымға синоним ретінде қолданылады. 2.Концепт – тіл иесі халықтың жеке тұлғаның (индивидуалдық) және ұжымдық санасындағы ұғымдардың орнын алмастырушы. 3.Концепт салт-дәстүр, ауыз әдебиеті үлгілері, дін мен идеология, адамның өмірлік жеке тәжірибесі мен мәдени маңызды құндылықтар жүйесінің өзара әрекетінің нәтижесінде қалыптасатын «әлем бейнесінің» ментальді құрылымын көрсетеді [11,94].

Өз жұмысымызда когнитивтіктен гөрі мәдени концептілік мәселесін жеке автор тілінен іздейміз. Мәдени концепті когнитивті концепті сөзінің беретін мәнінен өзгеше. Мәдени концепт – лингвомәдени таным бірлігі, онда ұлттық мәдениет көріністерінің жиынтығы бейнеленеді. Біздің мақсатымыз - М.Дулатұлын қазақ ұлтының бөлшегі ретінде қарап, оның тіл ерекшелігіндегі мәдени концептілердің жүйелік өзгешелігін ашу. Себебі адам - өз ұлттық мәдениетін бойына жинақтаушы субьект. Мәдени концептке ұлттық мәдениетке жататын барлық ерекшеліктер тән: 1) ұлттық ойлау; 2) ұлттық қабылдау; 3) ұлттық этикет; 4) ұлттық сөйлеу; 5) ұлттық ой қорыту; 6) ұлттық діл; 7) ұлт ұстанатын дін ерекшеліктері. М.Дулатұлының ағартушылық еңбектеріндегі «ұлтсүйгіштік, ұлтқа жаны ашушылық» концептілер ерекше түрде келеді. Бұл концептілердің мәнін айқындауды көкейкесті, қызықты, игілікті, борышты іс деп ұғыну қажет. Сонымен концепт туралы ойларды қорыта айтқанда, концепт жайлы А.Вежбицкаяның анықтамасын келтірген дұрыс деп есептедік: «Адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері бейнеленген және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі» [12,85].

М.Дулатұлының шығармаларындағы басты ерекшелік - ХХ ғасыр басында пайда болған ағартушылық ниеттен туған жаңа мәдени концептілер жүйесінің мол көрінуі. М.Дулатұлының көркем, көсемсөз, сыни, зерттеу шығармаларының өн бойындағы қазақ ұлтының ұлттық мәдени нышандарын бейнелейтін концептілер жүйесін былай топтадық: 1) «Ұлтжандылық» концептісі; 2) «Ислам діні» концептісі; 3) «Әйел теңдігі» концептісі; 4) «Надандық» концептісі; 5) «Оқу, білім, өнер» концептісі; 6) «Қазақ тілі» концептісі. «Ұлтжандылық» мәдени концептісі. М.Дулатұлы шығармаларында «ұлтжандылық» концептісі оның қазақ ұлтының бір бөлшегі ретінде ұлтына қызмет ету мәнінен көрінеді. М.Дулатұлы шығармаларында ұстанған ең басты кредосы - «ұлтжандылық», ұлтына жаны ашу. Мұндағы тірек концептілер (тірек сөздер) күшті логикалық мәнде құрылған күйінде қолданылады. «Ұлтжандылық» концептісі Махамбет, Абай жырларынан бастау алып, ағартушылар шығармаларынан жалғасын тапқан. Мәселен, Махамбеттен келтірсек; Қорлықта жүрген халқына; Абай: Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, т.б. М.Дулатұлының «Ұлтжандылық» концептісіндегі ең басты тірек сөзі «Оян, қазақ!». «Ояну» семемасы «ұйқыдан тұру» болса, «надандықты» ақын «ұйқы» лексемасымен береді. «Надандық» сөзі мынадай синонимдер парадигмасымен беріледі: қараңғы, ұйқы, түкпір, ұмыт қалу, таршылық, ғафилдік, тұманға кіру, ғафилдік ұйқысы, надандық шәрбәтіне мас болу т.т. Бұған «ұлтжандылық» концептісіндегі «ояну» ауыс мағынадағы мәдени категориясын ақын қарсы қояды: көз қою, көңіл ашу, файда табу, дінді тану, ғылым оқу, һүнерлі (өнерлі) болу, орысша оқу, зейін арту, талап тау кеседі, ғақыл тағу, тағлым алу т.т. Ұлтжандылық концептісі М.Дулатұлының мәдени кеңістігінің бір тармағы ретінде ашылады. «Мәдени кеңістік – мәдениеттің оның өкілдерінің санасында өмір сүру формасы. Мәдени кеңістік когнитивтік кеңістікпен сәйкес, өйткені бір мәдени-ұлттық қауым өкілдерінің жеке немесе ұжымдық кеңістігінің жиынтығынан құралады» [1,48]. Қазақ мәдени кеңістігі үшін, «жер», «еркіндік» ұғымы болса, Міржақып мәдени концепциясының жүйесіндегі категорияны «қазақ жері» сөз тіректері құрайды.

«Ислам діні» концептісі. М.Дулатұлының «ислам діні» концептісі - дүниеліктен арылған, яғни діни фанатизмнің жұрнағы жоқ дүниетаным. Керісінше, ислам діні қазақтарды оқуға, имандылыққа, тәртіпке шақырып, әлемдік мәдениет ғасырлар бойы жинаған дінде көрініс тауып, бекіген құндылықтарды меңгеруге шақырушы күш. Сол кездегі ағартушылар ислам дінін қазақты алға сүйрер күш ретінде есептейді, М.Дулатұлының ойынша, ислам діні белгілі бір тәртіппен уағыздалса, сонда ғана қазаққа мол пайда боларын кәміл түсінеді.

Әуелі үйренетін бір ғылымың,

Өзіңнің мұсылманша дін ғылымың.

Шарттарын исламның кәміл білсең,

Ахиреттік азық берер шын ғылымың.



Бұйырған, тыйған ісің шариғаттың: [Іт,80б].

«Ислам діні» концептісінің тірек сөзі - «аллаға сыйыну» М.Дулатұлында да кездеседі. Оның «Я, алла!» өлеңінде жаратқаннан өз халқына әділдік, ғылым, өнер, білім сұрайды. Бұл оның рухани дүниесіндегі «сенім» категориясының бәйтерегі, яғни жоғары ұлттық мәдениеттегі көрсеткіші. Міржақып «Алланың алдында бәрі пенде» деген қағида ұстанады. «Әйел теңдігі» концептісі, тезаурусы, концептілік құрылымы. Әйел теңдігі концептісі бұрын қазақ тілінде ғашықтар өмірі, мұңы, сүйген адамдардың суреттеген лирикалық шығармаларынан көрінетін. Мәселен, Қыз Жібек, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу т.б. М.Дулатұлының шығармашылығында екі тақырыпта байқалады: 1) Көркем шығармалары. («Бақытсыз Жамал» романы, «Балқия» пьесасы); 2) Мақалалары. Әйел теңдігі мәселесін қазақ әдебиетінде тұңғыш жазған адам – М.Дулатұлы, сондықтан бұл концептінің тезаурусын көптеген тірек сөздер құрайды. Бесікте жатқан ұл мен қыз балаға, Ата-анасы болады құда, Өскен соң бірін-бірі сүймей тұрса, оны нешік қосуға көп болады. Бір адамның қатыны өлген болса, өзі алпыс-жетпіс жасқа келген болса, айттырып он бес жасар қыз алады. Атасына малды көп берген болса. Әйел теңдігі концептісінің когнитивтік моделі. 1) Әйел – ана. Әйел біреудің анасы; Бүкіл халықтың тәрбиесі -әйелдің қолында. Әйел – халықтың анасы. Тәрбиесіз ананың өсірген баласы қандай болмақ? Қазақ –қырғыз әйелінде теңдік, адамгершілік, сүйіспеншілік болмаған соң, ол кімді жақсылап тәрбиелесін. Сатылып кейбір қыздар кете барар. 2) Қыз - қалың мал құрбаны. Айттырып он бес жасар қыз алады. Атасына малды көп берген болса; қалады бейшараның обалына, оның дағы өзі теңі бар еді ғой; адамның қызығады малына адам; 3) Қыз – кемдік. Хисабы күң орнына бағаланар; тақия тігетін беретін, «әйел бала демеңіз», әйел дәріс айтып елге бас болмас; тоқалдан туған қыз; «ұрғашының шашы ұзын, ақылы қысқа» деген осы; «қатын-дұшпан» деген осы; «Әйел теңдігі» концептісінің концептілік құрылымы. 1.Малына қызығады – фрейм. Әйел құрбандық, тауар құндылығы ғана. Мысалы, Біреу байдың малына «қызығады», «құда боп қызымды ал»,- деп қыздырады. 2. Көз жасы – ойсурет. Малға сатылған қыздың бейнесі «аянышты» коннотекасына ие. Мысалы, Жылаған көз жасына қарамайды, обал, сауап болғанын санамайды. 3. Тоқал алу – фрейм. Санада әбден бекіген дәстүр. Мысалы, Байлар тоқал алады қызмет үшін. 4.Қор болу – сценарий. Теңсіздіктен туған, қалыптасқан ұғым. Мысалы, Разы болып Жұманға барсам, ғұмырымша қор боламын ғой. 5.Қалың мал – фрейм. Стереотипті жүйе: қыз - қалың мал – қор болу. Мысалы, Қалың мал аз күннің ішінде жоғалып бітпейді. Міржақып шығармашылығындағы «әйел теңдігі» концептісі бұрынғы келе жатқан кертартпа салтқа қарсылық жүйесінен тұрады. Бұл концепт те бұрын қазақта болмаған тың ой жүйесі. «Надандық» концептісі. Ағартушы танымында бұл концепт адамды тұңғиыққа батырар, зор «Күшті жауымыз – надандық. Бұл надандықты жеңбей, одан құтылмай отырып, тоқсан тоғыз бостандық болса да, жұрттың ілгері басуы қиын» деп қауіптенеді. «Надандық» концептісіне құрылған тезаурус қараңғы, ұйқы, түкпір, ұмыт қалу, таршылық, саңырау, түнек, ғафилдік, тұманға кіру, ғафилдік ұйқысы, надандық шәрбәті, қара тас, сөз тіркестерін құрайды. «Оқу», «ғылым», «өнер» концептісінің когнитивтік моделі. Бұл концептіде үш ірі ұғым біріктіліп беріледі, себебі Міржақып үшін Абай, Шоқан, Шәкәрім ұстанған жүйе – ең басты жол. Оқу, ғылым, өнер қазақ үшін ең асыл, қол жетпейтін арман болғандықтан, ағартушылар бұл ұғымды бірдей қолданады. 1.Өнер – ғажап. Жүргізді автомобиль ат жекпестен; Ғамал ғып пароходпен; аз күнде жеткізеді бұл отарба; телеграф және шықты сым темірсіз; машина электрический және келді; 2.Өнер – жастардікі. Шығады асыл – тастан, һүнер – жастан; һүнерпаз қара жерге салар қайық; қанағат, көп білдім деп етпе һүнерге; біздің халық һүнерден жатыр жырақ 3.Оқу, білім – ояну. Орысша оқып һүнерлі болалық; оян, қазақ, көтер басты; құтылып надандықтан ғылым тапса; қазақты ояталық етіп һүммәт; қазақты төрге сүйреп жеткізші; ғылымның талиблары нұрын төккей, жатпалық жастар. 4.Оқу, ғылым – шәкірт. Шәкірт кітап ұстап, ойлайды ол: «ашсам сырын, тапсам ғылымжұртым-ау, қылсам еңбек, болып құлың...»; көніп жүр таршылыққа неше жылдай,қыс оқып, жаз ақша іздеп, ешбір тынбай; ұлтына қараңғыда қамаулы өскен, жарқырап жарық сәуле болғандай бас; 5.Оқу, ғылым – жалғыз үміт, тірек. Басқалармен жарысуға, тартысуға оқу- білім керек; қазақ баласына оқуға жабысудан басқа жол қалған жоқ. Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақсақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. 6.Оқу, ғылым – Абай, Шоқан үлгісі. Ғылымсыз сахара қазақтары ішінде жалғыз жұлдыздай болып жанып; орыс әдебиетінің гүл шоқтарын өз тілінде сайратқаны; мол еңбектенумен орыс тілін үйреніп; танымы ауқымды; әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай;Абайдың аты жоғалуы, ескерусіз ұмытылу ықтималы қазақтың жоғалуымен, қазақ атты халықтың ұмытылуымен бірдей: (Оқу, ғылым → Абай → қазақ ұлтының оқу, ғылымға ден қоюуы құрылымы туындайды). 7. Оқу, ғылым – медресе, мектеп. Тәртіпті медресе жоқ бұл қазақта; Медресеге сайлансын екі молла, бірі оқытсын мұсылманша, бірі орысша; мектеп һәм медреселерде оқыту тәртібі жеңіл һәм мақсатқа тез жетерлік орысша, ана тілінде араб харпімен оқытылуы тиіс; бізде кеудемізді қағарлық мектеп-медреселер жоқ; Медресе «Ғалияны» естімеген қазақ жоқ;

Оқу, ғылым, өнер концептісі жүйесінен туындаған схемалар

Оқу, ғылым, өнер





Талап



Бақыт

Қиындық

Пайда


Байлық

Абырой

Кәсіп

Мұрат

М.Дулатұлы тілдік тұлғасының рухани-мәдени болмыс-бітімінің концептілер жүйесіндегі бейнесі















1.4 Міржақып Дулатұлы тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі

«Прагматика» (грек. прагматос – іс-әрекет) – семиотика мен лингвистиканың саласы, яғни тілдегі белгілер қызметін зерттейді. Бұл терминнің лингвистикаға енуі У.Моррис еңбектерінен басталады, ал қазіргі прагматика терминін түсінуде Людвиг Витгенштейннің философиялық таным қағидасын ұстанамыз. Прагматиканың басты өзегі баяншы (сөйлеуші), (субъект) пен тыңдаушы (оқырман) арақатынасы, өзара байланысы. Сонымен қатар, бұған прагматикалық пресуппозициялар, яғни тыңдаушының жалпы білімін оның зейінін, көзқарасын, түсіну қабілетін, психологиялық ерекшелігін, тағы басқа деңгейлерін айтушының ескеруі, бағалауы кіреді. Прагматиканың басты мақсаты – сөздің қолданыс ерекшелігіндегі өзіндік ережелерді ұғындыру. Ю.Н.Караулов тілдік тұлғаның ең жоғарғы деңгейі деп прагматикалық деңгейін таниды. Себебі бұл деңгей тілдік тұлғаны дамытатын уәждер мен мақсаттардан тұрады [3,181].

Когнитивтік және прагматикалық деңгейлер кейде аралас құрылымнан көрінуі мүмкін. Уәж және мақсат - кез келген жеке адамды тілдік тұлға сатысына көтерерлік күшті, қуатты күштер, барлық адамдар мен қоғамды ілгері бастырудағы күш ретінде тілдік тұлғаның қалыптасуына әсер етуші басты факторлар. Уәж, мақсат, мүддеден ізденіс, ой тереңдігі, білім тереңдігі басталады. М.Дулатұлы – баяншы ретінде алғашқы кітабынан бастап, прагматикалық ерекшелікке ие тілдік тұлға. Көркем мәтіндегі прагматиканың қызметін зерттеген Г.Әзімжанова: «Алынған ақпаратпен қатар, субъект бойындағы іс-тәжірибесі арқылы мазмұн тұтастығын құрайтын ақпарат мәтін мазмұнына келіп қосылады» деп көрсетеді [5,7]. Олай болса, М.Дулатұлының оқу мен ғылымнан жинаған тәжірибесі оның санасындағы «ғаламның тілдік бейнесін» дамытып, мәтіннен тілдік тұлғаның болмысын көрсетуге негіз болады. Прагматикалық деңгей тілдік тұлғаның «Гамлеттік» ой-толғаныс, пайымдау, өзін-өзі тануға тырысушылықтан туған, монолог, сұрақ-жауап, риторикалық сұраулардан байқалады. Сонымен қатар көркем прозасындағы бір ойлау жүйесінен тұратын автор идеяларының тұтастығынан да аңғарылып отырады. Прагматикалық деңгей көп жүйелі, көп қабатты құрылымнан тұрғандықтан тілдік тұлғаның қоғамға деген қатынасынан күрделі түрде жүретінін білдіреді. М.Дулатұлын тәрбиелеген уәж өз ұлтының надандық шырмауында қала беру қаупі еді. Сондықтан ағартушылық қызметті таңдаған ол үндеу, шақыру тектес өлеңдер жазды. Бұл сипаттағы өлеңдер М.Дулатұлын өз ұлтына танымал етті. Оның шығармалары өзін қайраудан, өзін жетілдіруден басталып, таным ішкі ойлау жүйесін көлемді мәтінде беруден аяқталады. Мысалы,

Міржақып, неге отырсың қалам тартпай,

Бәйге алмас болғанменен жүйрік шаппай.

Шамаңды қадари хал көрсетсеңші,

Байғұс-ау оянсаңшы қарап жатпай.

Өлең арқылы халқымен диалог құру оны әңгімеге шақыру М.Дулатұлының шығармашылық ерекшеліктерінің бірі. Ағартушылық қызметті басты мақсат ету – ұлы, абыройлы іс болатын, сондықтан Міржақып, Ахмет т.б. ақындар өзін үлгі ретінде ұсынып барып тілдесуге құмарланады М.Дулатұлы тілінде бағалауыштық сипат оның терең білім дәрежесінен басталады да, сыни тұрғыдағы ой бөлісуге айналып кетеді. Ой бөлісу - Абайдан бастау алып келе жатқан прагматикалық ерекшелік. Мысалы, «Я, Алла!» атты өлеңінде Алламен сөйлескендей монолог құрылады да, ой бөлісулер кезегінен көрінеді:

Я, Алла! Ғаламыңды жаратқаның,

Жүзіне мақұлықтарды таратқаның,

Өндіріп бір адамнан мұнша халық,

Әлсізді күштілерге қаратқаның.

М.Дулатұлының прагматикалық деңгейге көтеретін мүдде, себеп, уәждері бірқатар. Айталық, «Бақытсыз Жамалдың» жазылу себебі - әйел теңсіздігі, қазақ қыздарының малға сатылып, өмірлерінің қорлықта өтуі. Ал «Оян, қазақ!» кітабының жазылу мақсаты – ойынан көрініп тұрғандай, надандықтың ұйқысынан қазағын «найзамен түртіп» ояту, өнер-білімді, ғылымды, алдыңғы озық мәдениет нышандарын насихаттау.

М.Дулатұлының философиялық пайымдаулары – оның тілдік тұлғалық қасиетін ерекшелейтін белгі. Рухани қазақы болмыс-бітімі оның ойлау жүйесінің жетілгенінен анық байқалып, Міржақып тілдік тұлғасының ерекше себеп, қырларын ашады. Мысалы: «Тіршілік – бәсеке, жарыс. Дүние – бәйге үлестіруші. Озғанға қарай бәйге береді. Жарыстың алды болып келген бәйгенің алдын алады, ортасы болып келген ортасын алады, соңында қалған бәйгеден тіпті құр қалады. Дүниенің ісі осылай болған соң, адамнан адам, жұрттан жұрт, ұлттан ұлт озсам дейді»[ІІт,82]. Осындағы М.Дулатұлының қазақ ұғымына жақын бәйге жарыс арқылы дүниедегі бәсекені түсіндіруі оның қазақы болмысын анық көрсетеді. Прагматикалық деңгей - ұлттық сипаттан анық байқалатын тілдік тұлға деңгейі, сол себепті ұлттық мәдениет өлшемдері тілдік тұлғаның қаратпа, ой салу, үндеулерінен байқалады. М.Дулатұлының тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі оның ұлтты сүю, оларға насихат айту, уәж, мақсаттарынан тұрады.



2 «М.Дулатұлы шығармаларындағы ғалам бейнесінің тілдік сипаты» деп аталатын екінші тарауда М.Дулатұлының шығармаларын лингвомәдениеттанымдық жағынан талдау барысында, оның шығармашылық жүйесін құрайтын барлық туындыларында көрініс тауып, бейнеленген, автордың сомдаған ғаламдық бейнесі мен тілдік тұлғасы, оны дәйектейтін тілдік бірліктер жан-жақты сипатталып, талданды. Атап айтқанда, көркем шығармалары, көсемсөзі, ағартушылық еңбектері, әдеби-сын зерттеулері т.б. лингвомәдени бірліктерге (лингвокультурема) баса мән берілді. В.В.Воробьев «лингвокультурема» терминін енгізе отырып, мынадай анықтама ұсынады: «Лингвокультурема - комплексная межуровневая единица, форму которой составляет единство знака и языкового значения, а содержание - единство языкового значения и культурного смысла» [13,44]. Біз осы тұжырымды ұстандық. 2.1 Көркем шығармаларындағы лингвомәдени бірліктер. Халықтың көркем әдеби шығармасы ұлттық мәдениеттің қайталанбас құбылысы болып табылады. Көркем туынды ұлт тілінің құдіретін танытып қана қоймай, оның сыр-сипатын, бүкіл болмысын жан-жақты ашуға, тануға негізделген. М.Дулатұлының да көркем шығармаларындағы лингвомәдени бірліктер осы мақсатта жұмсалғаны зерттеу барысында нақты дәйектелді. 2.1.1 Прозалық шығармаларындағы лингвомәдени бірліктер. М.Дулатұлының прозалық шығармаларындағы ұлттық дүниетанымды білдіретін сөздер мынадай лингвомәденитанымдық бірліктер тобын құрайды: Ұлттық салт-дәстүр лингвомәдени бірліктері: «Екі ауылнай елдің жайлауы Саумалкөлге жағалай ауылдар қонып, былтырғы жұрттарына үй тігіп, көп ұзамай бие де байлады; бір ауылды бір ауыл ерулікке шақыра бастады; үй тіктіріп, лау байлатып, қой сойдыруға шыққан; Сүйінші, Сәрсеке! Шолпан жеңгем аман-есен босанып, тақия тігіп беретін тапты; бір қыз айттырды, кедей әмеңгер алып, молдекеңе мал әкел деп әмір етті, бата қылынып, сойылды, Жұманға құда болатын лайықты жер, киітке риза қылып қайтарды, биыл «баламды ұрын жіберем» деген хабар келді. Ұлттық мінез бірліктері: «Ерлерге қарсы келсек ұнамаймыз, теңбас қыздың көбі бара алмайды, жаманға барсаң қор боп ғұмыр өтер, сөзімде қате болса сөкпе, халқым; бір кісіні боқтап, қамшымен салып қаламын деп; Қарашы, бетбақ! Тумағаныңды қыласың ғой; Ұлттық соматизмді лингвомәдени бірліктер: «Ұрғашының шашы ұзын, ақылы қысқа; аяғы құтты болды; Әй, қу бас!; бетке баспа; сүйгеніңнің қолы қысқа; ғұмырынды қол ұстасып жүрсін деп; Діни ұғым лингвомәдени бірліктері: «хұсуса молдалардан оқытпаңыз, «иман шарт», «бәдуәм», «әптиек», «әйжіктерді» былай қойып, намаз үйрет; дұға қылып; фатиха қылып жіберелік Наным-сенім, ырымға байланысты: «Һәрбір тамыршы дәрігерлерді әкеліп тамыр ұстатып, ұшықтатып-қақтырып көрсе де тәуір болмады; Құдайға тапсырдық аруақ жар болсын; аяғы құтты болды; дұғамен ер көгерер». Шығармалар тілінен ұлт мәдениетіндегі өзге мәдениеттің нышандарын білдіретін лингвомәдени бірліктер де кездеседі. Мысалы: «Сәске кезінде қоңыраулатып пәуескемен төре де көрінді. Алды-артынан етектері далиып, жалпылдап шапқан қазақтармен даярлаған үйге келіп тоқтағанда, мойындарына шынжырлы знак таққан ауылнай, билер неше мәрте шұлғып, қошеметпен, «тақсырлап» үйге кіргізеді».М.Дулатұлы шығармаларынан ұлтымыздың рухани дүниесінде, бітім-болмысында, менталитетінде бар құнды дүниелерді таба аламыз. Аялық білімі, жазушы тіліндегі лингвомәдени бірліктердің молдығы М.Дулатұлының тілдік тұлғасының ұлттық мәдени сипатта құрылғанын көрсетеді. 2.1.2 Поэзиясындағы лингвомәдени бірліктер. Оның поэзиясында ұлттық рух, ар-намыс, ұлтжандылық сипаттағы тілдік орамдар ұлт мәдениетіндегі лингвомәдени бірліктер арқылы көрінеді. «Қазақ халқының бұрынғы мағишаты» атты өлеңінде ұлттық мәдениет көріністері орын алады: «Қазақтың қандай еді мағишаты

Бір күнде көшіп қонған рахаты...

Қазақ халқының салт-дәстүріндегі көшіп-қону, жаз жайлауға көшу, оның да өзіндік қырлары, ерекшеліктері бар.

Жарысып жас балалар жүруші еді,

Жаратқан үкі тағып жүйрік аты...

Тізіліп көл жағалай қонушы еді



Жарасып ақ үйлердің қияфаты.

Көкорай шалғындарға бие байлап...»



Үкі лингвомәдени бірлігінің мифтік танымға сәйкес өзіндік мәні бар. Тіл-көзден, ауру-сырқаудан сақтайды деген сенімде болған қазақтар оны киелі санаған. Ақ үй тіркесі ұлттық баспана атауына ие лингвомәдени бірлік. Ұлт тіліндегі ақ орда, ақ үй, қара үй, қараша үй, отау, қос атаулары - ұлт тұрмысынан, тұрмысынан хабар берер лингвокультуремалар.

«Қиял» өлеңінде: Тағы да көз алдымда бір жиын-той



Үй тіккен, ошақ қазған, сойылған қой

Ат шапқан, палуан түскен, серке тартқан

Шаттанған, күлімдескен, толқыған ой...

Осындағы үй тіккен, ошақ қазған, сойылған қой, ат шапқан, палуан түскен, серке тартқан сөз тіркестері қазақ халқының рухани мәдениетіндегі мәдени коннотацияға ие лингвомәдени бірліктер.2.2.Ағартушылық еңбектеріндегі лингвомәдени бірліктер. «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда. Теңдікке жетсек те, жұртығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу. Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман»,- деп ағартушы халқын оқу, білімге шақырады [ІІт,130]. М.Дулатұлының “Есеп құралы” оқу құралы жөнінде А.Байтұрсынұлы: “Бұл күнге шейін қазақ тілінде әліппе, қирағат кітаптары болса да, есеп кітабы жоқ еді... Кітап ең соңғы жаңа тәртіппен шығарылып, таза қазақ тілінде қазақ емлесімен басылған, мысалдары да қазақ тұрмысынан алынған” деп баға берген [“Қазақ” газеті, 1914ж]. Ағартушы ретінде Міржақып өз ұлтының болашағын алыстан болжап, халқымыздың ғұмыр бойы келе жатқан мәдениетінен ажырап қалғысы келмейді. Ұлттық мәдениет ұлттық тәрбиеге тікелей қатысты екенін тереңнен сезе отырып, өскелең ұрпақты есепке үйреткенде бейне бір әдебиет сабағын оқытқандай үйретеді. Мәселен, «Есеп құралының» алғашқы беттерінен-ақ ұлттық таным тіні сезілгендей болады: «Жылқыбайдың 4 айғыр үйір жылқысы бар еді, тағы бір қысырақ матады. Жылқыбайдың жылқысы неше үйір болды?» [ІҮ,114]. Міне, осындағы ұлттық таным мен ұлттық мәдениетті аңғартып тұрған лингвомәдени бірліктерге тоқталайық: 1. Жылқыбай антропонимі. «Мыңдаған кісі аттары әдет-ғұрып, салт-сана, ырым мен дәстүрлерге байланысты қойылып отырған. Ауыз әдебиетінің түрлі жанрларында төрт түлік мал көбірек айтылып отырады. Онда көшпелі тұрмыстағы түйенің маңызы, жылқының адам өміріндегі орны ерекше бейнеленеді. Сөйтіп, төрт түлік атауына байланысты ат қою дәстүрі кеңінен етек алады» [14,26]. Жылқыны қазақ өзге малынан артық көріп, ерекше қастерлейді. Жылқыбай есімі «Жылқылы бай болсын» деген тілекпен қойылғаны айқын аңғарылады. Өйткені, байлықты бұрын халқымыз ақшамен емес, қылқұйрық санымен есептеген. Шортанбай жырауды еске алайық: «Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ, Ақша деген мал шықты».

2. Айғыр үйір жылқы лингвомәдени бірлігі. Төрттүлік халқымыздың көшпелі өркениетінің басты бөлшегі. Халқымыз мал шаруашылығына тәуелді болғандықтан М.Дулатұлы мал атауларын ұлттық мәдениет бірліктері ретінде алып, жиі мысал келтіреді. Мысалы, үйір тек жылқыға қатысты болса, табын сиырға, матау түйеге қатысты тіркесілімдікке ие болады. Айғыр үйірдің бастаушысы ретінде қабылданады. Өйткені, мұнда «күшті» узуалды семасы бар. 3. Қысырақ матады. Осындағы «матады» сөзі екі түрлі позицияда қолданады: 1. Өз еркімен беру, ұсыну. 2. Тыпырлатпау. Мысалы, байлап, матап тастады. Негізі қазақша күресте қолданылатын әдістің аты. 2.3 Көсемсөз, әдеби сын зерттеу мақалаларындағы лингвомәдени бірліктер. М.Дулатұлының ұлттық мәдениеттің құрсағынан жаралған тілдік тұлға ретінде көрінер тұсы – оның көсемсөз, публицистикалық ой-толғамдары. «Сәулелі жарық жолға ұмтылсам - ұлтыммен қосыла ұмтылып бағамын» деп талпынған ұлтжанды қаламгердің осы мақсатты жолда қалам тартқан мақалаларының барлығында ұлттың табиғатына, қазақы бітім-болмысқа ғана тән ерекшелікті бейнелейтін лингвомәдени бірліктерді кездестіре аламыз. М.Дулатұлы ұлт тіліндегі лексикалық байлықты өз орнымен шебер қолданады. Қаламгер сол кезеңнің шындығын бейнелеп, ұлт дүниетанымын, ұлт мінезін, өткені мен қазіргісін ұлттық тілдегі лингвомәдени бірліктер арқылы танытады. М.Дулатұлы «Сана қайда?» атты мақаласында өз танымдағы қазақ халқының бітім-болмысын былайша баяндайды: «Қазақ деген халық едің. Еділ-Жайық, Есіл, Нұра, Арқа,Сыр, Ертіс, Орал, Алатау, Алтай мекенің еді. Ту ұстап, тұлпар мінген ерлерің бар еді. Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін билерің бар еді. Ел бастайтын көсемің бар еді. Сөз бастайтын шешенің бар еді. Ақ киізге көтерген хандарың бар еді. Ізгі қария шалдарың бар еді. Сауық-сайран жиының бар еді [ІІт,312]. «Қазақ», «Алаш», «Үш жүз» т.б. лингвомәдени бірліктер ұлт танымдағы қасиетті ұғымдарды білдіретін тілдік атаулар. М.Дулатұлының тілдік тұлғасындағы ерекше орын алар «ұлтжандылық», «атамекен» концептілері осы бірліктердің аясынан көрінеді.



Қазақ танымдағы қасиетті ұғымдардың бірі – шежіре. Қазақта Жеті атасын білген ұл, Жеті жұрттың қамын жер, Өзін ғана білген ұл, Құлағы мен жағын жер деген мәтел бар. М.Дулатұлы «Қазақтың тарихы» атты мақаласында «шежіре» сөзіне тоқталады: «Қазақ ішінде әр үйдің отағасы, әр ауылдың ақсақалы – тұрған бір шежіре. Бұрынғы өткен-кеткеннен естіген-білгені болса, кейінгі жастарға соның бәрін айтып отырады [ІІ.59]. Қазақтың әдет-ғұрпындағы қонағасы, жиендік қылу, сүйінші алу, барымта, қалыңмал атаулары мәдени коннотацияға ие лингвомәдени бірліктер. М.Дулатұлы «Сот қайтсе түзеледі?» деген мақаласында «елдің әдет-ғұрпымен санасатын, қазақтың салтына жетік, қандай нәзік мінездерін білетін, түзу билік айта алатын, қазақтан сайланған» әділ сот иелерінің қажет екенін айтады. Мәтін деңгейінде қарастырсақ: «Қазақ өзінің әдетінше, қонағасы бермей тағы тұра алмайды. Сондықтан сот жатқан ел еріксіз шығындалады. Мәселен, қазақта жиендік қылу сықылды әдеттер бар. Жиен нағашысының малын ұстап алған болса, мұны қазақтың ғұрпын білмейтін сот ұрлық иә зорлық деп қарар еді; қазақтың ежелгі бір әдеті және шынға сүйінші алу; [ІІІ,167]. М.Дулатұлы көсемсөзіндегі оның тілдік тұлғасын айрықша танытып, өзіндік ғалам бейнесін жасауда ерекше қызмет еткен фразеологиялық тіркестер мен рухани-діни сөздер ерекше назар аударуды қажет етеді. 2.3.1 Фразеологизмдердің лингвомәдени мәні. Ұлттың рухани дүниетанымын, салт-санасын, ұлттық мінезін өн бойына жиып, сан ғасырлар өтсе де санадан өшпейтін ұлт тіліндегі асыл қазыналардың бірі – фразеологизмдер. Біз көбінесе М.Дулатұлының публицистикасында кездесетін фразеологизмдерге тоқталдық. Қаламгерді толғантып, қаламға жүгіндірген халқының надандығы, жайбасарлығы, ұлтының өзге жұрттан жәбір көрген халі, оның қаналуы, тоналуы еді. Осындай елдегі жағдай туралы ойын айтып жеткізу үшін халықтың тілінде жиі қолданылатын тұрақты сөз тіркестерін тиімді пайдалана біледі. Яғни, публицист өз заманындағы халқының таным-түсінігін, қабылдау, білім деңгейін ескеріп отырған. Мысалы: Әрбір ақыл иесі адам қара қазан, сары баланың қамын ойламай, бұрынғыдай пайдасыз дүрмекпен кете берсе, құдай алдында мойындарынан үлкен борышты түспей, кейінгі нәсілінен де қарғыс алуында шибһе жоқ (ІІт.40). Оқығандарымыз бар – қалтасы тесік, байларымыз бар – төбесі тесік (ІІт.41). Қазақ баласы енді оянбасаң, мәңгіге шейін ұйқың ашылмай, қараңғыда, құлдықта, тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кеткенің [291.]... 2.3.2. Рухани-діни сөздердің лингвомәдени мәні. Рухани мәдениет адамдардың қоршаған дүниеге көзқарасы, діни танымы, наным-сенімі, мінез-құлқы, қабілеті т.б. ұғымдар арқылы танылады. Адамның рухани болмысының қалыптасуында тіл мен діннің маңызы зор. «Діни лексиканы зерттеу - дінді зерттеу емес, ол тіл арқылы халықтың ертедегі рухани байлығын жан-жақты қарастыру, байымдау болып табылады. Қазақ даласына араб мәдениеті тараған соң қазақ халқының рухани өміріне үлкен әсер етті. Ислам әлеміне тән көптеген сөздер мен ұғымдар кірді» [15,10]. М.Дулатұлы тіліндегі қолданылған рухани-діни лексика сол кезеңдегі қазақ халқының рухани дүниесін, қоғамдық ойлау жүйесін, наным-сенімін, таным-түсінігін, әлеуметтік қызметін байқатар лингвомәдени бірліктер болып табылады. Мысалы, Алла, дін, милләт, рухани идарада, мешіт, шариғат, никах, талақ, мирас, жаназа оқу, харам, нәфсі, бенде, тәңірі, илаһим, молла, дүние, мәзһәп, иман, намаз, бақсыға сарнату, тұмар тақтыру, т.т. 2.4. М.Дулатұлы шығармаларындағы кірме сөздердің лингвомәдени (прагматикалық) мәні. М.Дулатұлы шығармаларындағы кірме сөздерді екі топқа бөліп, лексика-семантикалық талдау жасаймыз. 2.4.1 М.Дулатұлы шығармаларындағы араб-парсы кірме сөздеріне лексика-семантикалық сипаттама беріліп, лингвомәдени мәнін ашу көзделді. М.Дулатұлы алғашқы жазған шығармаларында шығыс тілдерінен енген сөздерді молырақ қолданған. Қаламгердің мұсылманша сауат алғандығы және сол кездегі әдеби тіл нормаларынан тыс кете алмағандығынан болар. М.Дулатұлының дүниетанымында, тілдік тұлғасында қалыптасқан діни ұғымдар оның шығармалары бойынан сипат алады. Ақынның «Тәртіпті медресе жоқ бұл қазақта», «Қазақ халқына діни бір уағыз» өлеңдерінде кездесетін шариғат, қирәат, қағида, фарыз, уәжіп, құран, низам, никах, талақ, мирас, мұсылман, ислам, дін, ғибадат, ләкиін, муафиқ, машауарат, хадим, сахаби, мұхаббат сөздері араб сөздері ұлттық рухани мәдениеттің көрсеткіші. Қазақ халқының өміріне енген ислам шариғатын дұрыс ұстанып, ұлт пайдасына, оқу, ғылымға жасауға үндейді. Ақын ойын былайша білдіреді: «Ортаға жарар еді мешіт салсаң, Намазды қаза қылмай барып тұрсаң; Медресеге сайлансын екі молла, Бірі оқытсын мұсылманша, бірі орысша» [Іт,47]. М.Дулатұлы араб-парсы сөздерін саналы түрде орнымен қолданған. Мысалы, ақын ұлт өміріндегі болып жатқан өзгерістерді баяндау, оқу-ағарту, білімді сөз ету, адамгершілік, мінез-құлық, дін, дүниеге көзқарасын білдіру мақсатында жұмсаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет