критерийдің болуы ЖҚЖ диагнозын нақтылайды. 4-ден аз болса ЖҚЖ жоққа шығарылмайды Тізбектегі критерийлерден басқа жас, әйел жынысы, шаш түсуі де маңызға ие
Ревматизмнен, инфекциялық эндокардит, созылмалы гепатит, тромбоцитопениялық пурпура, дәнекер тіннің өзге диффузды ауруларынан айыру қажет. Қандай жүйе зақымдалғанына байланысты сол жүйенің басқа ауруларынан ажырата білу қажет.
Емі
1. Кеселдің өршу фазасында науқастар ауруханада емделеді; активтілігі минимальді барысында емханалық ем жүргізіледі.
2. Диетотерапия. Тағамда витаминдер, әсіресе С,В топ витаминдері және қанықпаған май қышқылдары мол болуы тиіс.