Информатиканың іргелі негіздері


Ақпарат пен ақпараттық үрдістер



бет5/67
Дата02.01.2022
өлшемі1.13 Mb.
#452326
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
лекция ИТН

Ақпарат пен ақпараттық үрдістер.

Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Информатика-есептеу техникасы құралдарының көмегімен мәліметтерді қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін жаңа техникалық ғылыми-фунтаминтальды ғылым. «Информатика» термині ғылым атауы ретінде қолданысқа 1970 жылдардан бастан енді. Информатиканың негізгі екі бағыты бар: теориялық және қолданбалық. Теориялық информатика-маттематика әдістерін пайдаланушы пән немесе ғылым (дисцеплина). Теориялық информатика мынадай құрамнан тұрады. информация теориясы, алгоритмдер теориясы, кодтау теориясы, жүйелер және модельдер теориясы, ақырлы автоматтар теориясы, есептеу математикасы, математикалық бағдарламалау және т. б. Информацияны оқу және тасымалдау үшін қолданылатын материялық объектіні не ортаны информацияның материялдық тасушы деп атайды. Ең көп тараған мәліметтерді тасуыш қағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатан тасуыштар CD-ROM –ды қолданылады. Магниттік қасиеттердің өзгерісін қолданатын тасуыштар ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады. Тасуыш сипатының (характеристикасы) информация берушінің өзгеруі сигнал деп аталады. Ал характеристика мәнінің қандай да бір өлшеуіш шкаласына жататын мәні сигнал параметрі деп аталады. Сигналдар тізбегі хабар (сообщения) деп аталады. Информациялық процес уақытта байланысты информация мазмұнының немесе хабардың өзгеруі. Оның түрлері: 1) Жаңа информацияның жасалуы; 2)Информацияның өзгеруі; 3) Информацияның жойылуы; 4)Информацияның берілуі.

Информациның берілуіне қарай 2 негізгі түсінік бар: 1) Информация көзі-информация жасап шығаратын және оны хабар түрінде көрсете алатын субъект не объект.2) Информация қабылдағыш-хабар қабылдай алатын және оны дұрыс интерпретациялай алатын субъект не объект.

Ақпараттың берілу түрі: Негізгі екі түрі бар. 1) Үздіксіз немесе аналогты (сөз, музыка, әңгіме, бейне, термометр көрсеткіші т б.). 2) Дискрепті сигнал (сағат тілі, цифрлі өлшеуіш құралдары т.б.). Z- сигнал параметрінің мәні. t- уақыт.





Z

Z

t t

2

1



Информацияның дискрептті де, аналогты түде де беруге болады. Олардың айырмашылығы мынада: дискрепті сигналдың әрқайсысына ақырлы сандар жиынына белгілі бір санды сәйкестікке қоюға болады. Сонда сигналдарды сан мәні арқылы ажыратамыз.

Белгі-қандай да бір ақырлы жиынның бір-бірінен айырмашылықтары бар элемент. Оның табиғаты әртүрлі болуы мүмкін: сурет, әріп, бағдаршам сигналы, дыбыс, ымбишара т .б.

Алфавит-реттелген белгілер жиыны. Реттелуді лексикографика деп атайды. Алфивиттің мысалы араб цифрлары. Хабар берілуі үшін сигнал параметрі өзгеруі қажет. Сондықтанда оның мәні ең кем дегенде екеу, соған сәйкес алфивитте ең кем деген де екі белгі болады. Ондай алфавитті екілік алфавит деп атайды. Қандай да ұлттың тілінің фонемін белгілеу үшін әріп (белгі) қолданылады, ал олардың жиынтығын тілдің алфавиті деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет