Инновациялық əдістердің классификациясы
Нысаналыоқытутехнологиясы
«Технология» ұғымына педагогикалық түсіндірме сөздіктегі анықтамалар туралы 100 сөзден құралған эссе жазыңыз.
«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған
əртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны
20 21
былайша түсіндіреді: «Инновация– нақтылы бір адамға жаңа болып
табылатын идея». Майлс: «Инновация– арнайы жаңа өзгеріс. Біз
одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» –
дейді.
Ендеше«инновация» ұғымы– педагогикалық сөздік қорнына
ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде«жаңа»,
«жаңалық енгізу», деп көрсетілсе, кейбіреулер оны«өзгеріс» деген
терминмен анықтайды.
«Инновация» деген сөз– латынның «novis» жаңалық жəне «іп»
енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы«жаңару,
жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен
тəжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ ғылымда бұл
терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде
берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен
терең таныта алмайды. Инновацияны«Білім беру жүйесіндегі
жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік
Оқытудыңинновациялықəдістерініңклассификациясы
мынадайтоптарғабөлінеді:
1. Қатысушы саны бойынша;
2. Ұйымдастыружерібойынша;
3. Оқу-танымдыққызметібойынша;
4. Қатысушылардыңіс-əрекеттерініңүлгісібойынша;
5. Компьютердіқолданупринципібойынша.
Ендіосылардыңəрқайсысынжеке-жекеқарастырайық.
1. Қатысушы саны бойынша: жеке, топтық, ұжымдық, триада
жəне диада болыпбөлінеді.
Енді осылардың əрқайсысын жеке-жеке қарастырайық.
1. Қатысушы саны бойынша: жеке, топтық, ұжымдық, триада
жəне диада болып бөлінеді
Ұйымдастырылған жері бойынша: аудиториялық, аудиториялық емес: жолсапарлы, экскурсиялық
3.Оқу-танымдық қызметі бойынша : имитациялық – іскерлік ойын, оқу ойыны, ойынның жағдайы. Ойын емес- триз, case study
Имитациялықемес: мәселе бойынша дәріс, іскерлік ойын, ойынның жағдайы, белсенді режимдегі тренинг
2.Нысаналы оқыту технологиясы
Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында ірі өзгерістер дүниеге
келіп, білім берудің дүниежүзілік жаңа сатысына көтерілу кезеңінде
түрлі-түрлі реформалар жасалуда.
Оқыту формасы бұрынғы білім беруді ғана негіз еткен дəстүрлі
оқыту формасынан жеке тұлғаны қалыптастыру формасындағы
сапалы оқыту жүйесіне өзгерді. Оқыту барысы зерттеп үйрену іс-əрекетін басты форма етіп отыр.
Іс-əрекет барысында өзін-өзі басқару мен өзара əсерлесіп
үйренуді іске асыру ерекшелігіне ие болды. Мұғалім оқыту
мақсатына жету үшін оқулықты жете түсіну негізінде оқыту іс-əрекетін мұқият жоспарлауға көшті жəне оқушыларды зерттеп
үйренуге ұйымдастырудың алуан түрлі əдістерін қолдануда.
Бірақ, барлық мұғалімде ортақ оқыту технологиясы
болмағандықтан оқытуда біркелкілік сақталмай отырғаны жасырын
емес. Ұл оқушылардың білім алу сапасына ықпал етпей қоймайтыны
сөзсіз.
Сондықтан қазіргі сыныптық оқытуға үйлесетін, оқушыларды
зерттеп үйренуге ұйымдастыруға икемді.
Нысаналы оқыту технологиясы бүгінгі күнде дүниежүзі
бойынша тəлім-тəрбие саласында орасан зор ықпал көрсетіп отырған
технологиялардың бірі.
Қазірде бұны АҚШ, Жапон, Қытай сынды көптеген дамыған
елдер өздерінің білім беру саласында кеңінен қолданады. Нысаналы
оқыту технологиясы АҚШ педагог жəне психолог Блумның«Тəлім-тəрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мен«игеріп оқу» теориясы
негізінде қорытындыланып жасалған.
Анығырақ айтқанда, нысаналы оқыту дегеніміз оқыту мазмұнын
нысаналандыру, жүйелендіру, ғылымиландыру жəне оны игерудің
əдіс-тəсілдерін жүзеге асыру, сол арқылы оқыту сапасын жан-жақты
көтеру мақсатына жету деген сөз.
Нысаналы оқытуды теориялық жақтан түсіну үшін Блумның
«Тəлім-тəрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мен«Игеріп оқу»
теориясына қысқаша тоқтала кеткен жөн.
I. «Тəлім-тəрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы. Адам
өмірінде істелуге тиісті қандай бір жұмыс ол үлкен болмасын, кіші
болмасын қандай да бір нысынаға жетуді көздейтіні ақиқат. Дəл
200 201
сол секілді оқыту жұмысы да белгілі оқыту нысанасына жетуді
мақсат ететіні шындық, екінші сөзбен айтқанда, оқыту жұмысы өзі
тəрбиелеп отырған оқушының болашақта қандай жетістікке жетуін,
қандай адам болу керектігін алдын ала анықтап алуы қажет. Осы
тұрғыдан келіп, оқыту нысанасын Блум: таным саласындағы нысана,
сана-сезім саласындағы нысана жəне əрекет шеберлігі(қабілет)
саласындағы нысана деп үш салаға бөледі.
ІІ. «Игеріп оқу» теориясы. «Игеріп оқу» теориясы дегеніміз
сыныптық оқыту кезінде үздіксіз кері байланысқа шығу жəне дер
кезінде түзету жасау, оқушыларға қажетті үйрену уақытын беру
жəне көмектер көрсетіп отыру, сол арқылы көп санды оқушылардың
оқулық нысанасы белгілеген өлшемге жету тұрғысындағы теория.
Бұл өз ішіне екі мазмұнды қамтиды:
- оқыту мен оқуда үміткерлік сезімін туғызу;
- оқытуды өнімді түрде дербестендіріп, көп санды оқушылардың
жақсы үйренуіне көмектесу.
«Игеріп оқу» теориясы өте өнімді оқыту тəсілі болып саналады,
оның ең өзекті мəселесі– көп санды оқушылардың айтарлықтай
үйрету нəтижесіне жете алмауы олардың ақыл-парасат жағындағы
кемістігінен емес, қайта, өз ерекшеліктеріне сай келетін үйрену
уакыты мен оқыту көмегінің жетіспеуінен болады, егер мектеп
оларды лайықты үйрету шарт жағдайымен қамтамасыз ете алғаны,
басым көпсанды оқушылар оқытқан нəрселерді игере алады,
оқытудың міндеті тек қана оқушыларға оқыған пəнін игеруге
қажетті материалдармен қамтамасыз ету деп қарайды.
«Игеріп оқу» теориясының іс жүзіндегі маңызын мынадай
бірнеше жақтардан көруге болады:
1. Мұғалімнің оқушы үйретуіндегі көмекші күшін сезінуіне
мүмкіндік береді. Əрбір оқушыны жақсы оқи алатындығына
сендіреді, мұғалім де оқыту үміті, оқушы да оқу сенімі болады.
2. «Игеріп оқудың» сəтті болу-болмауы оның«кері байланыс пен
толықтыру» барыстарының сəтті орындалу-орындалмауына байла-нысты. Блум: дəстүрлі сыныптық оқытудағы ең басты қайшылық
– біртұтас оқыту мен жеке қажеттілік арасындағы қайшылық, бұл
қайшылық кей оқушылардың үйрену қызығушылығын жояды, ал
дербес оқытудағы«дер кезінде кері байланыс орнату, толықтыру,
үйренуді дұрыс жолға салуды» сыныптағы оқытуға шеберлікпен
қолданса, қызықты оқыту ортасы қалыптасып, біліміне қарай оқыту,
барлық оқушыны негізге алу сынды көзқарасты іске асырып, оқыту
сапасын жан-жақты көтеруге жол ашады деп санайды.
4. Оқытуды бағалауды тек оқушыларға балдық жүйе бойынша
202 203
баға беру ғана емес, қайта олардың үйрену белсенділігін жоғарылату
құралына айналдырады.
Бұндай тексеру қалыптаса келе оқушыларға қысым түсіру емес,
қайта, табысқа жетудің шаттығын сыйлайды.
5. «Игеріп оқу» теориясы оқушылардың үйрену барысындағы
жүрексіну психикасын жоюға назар аударады, əсіресе оқуда нашар
оқушылардың талпыныспен жеткен табыстарының дəмін татуға
көмектесуге ерекше мəн береді.
Технология — өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен өнім шыгаруға керекті жүйелі процесс.
Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, ондаөндірістік және әлеуметтік саладағыпроцестер "технология" деген атауға ие болады.
Технологияның артықшылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп.
Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Тсхнологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.
Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары - мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс-әрекетінің тұрл ері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |