"Мың бала" ұлттық олимпиадасының 1 кезеңінің
тестілеуінен өту жөніндегі нұсқаулық
1000bala.elumiti.kz
сайтында жұмысты бастамас бұрын сізде ОЖ Windows (кеңес
береміз) немесе Mac негізіндегі компьютер немесе ноутбук бар екеніне жəне тестілеу
жүйесінің техникалық талаптарына сəйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Жүйенің техникалық талаптары:
● 4 Гб жедел жады (оперативная память);
● егер сізде компьютер болса-веб-камераның болуы (жүйелік блокқа қосылуды
тексеріңіз);
● егер сізде ноутбук болса-камераның болуы (жұмыс жасап тұрғанын тексеріңіз)
● 1 жұмыс орнына кемінде 1 Мбит/сек тұрақты интернет байланысы болуы керек.
Интернетке қосылу жылдамдығын
speedtest.net
сайт арқылы тексеруге болады.
интернетке қосылу жылдамдығының көрсеткіштері секундына кемінде 1 мегабит
болуы керек.
● Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera, Yandex браузерлерінің соңғы жаңартылған
нұсқасы болу қажет. Safari жəне Microsoft Edge браузерлерін пайдалануға
болмайды.
•
Төмендегі ұсыныс ретінде Google Chrome браузерін орнату туралы
нұсқаулығы келтірілген. Іздеу жүйесіне "Google Chrome браузерін жүктеу -
Скачать браузер Google Chrome" деген сұранымды енгізіп, "Chrome
жүктеу/Скачать Chrome" іздеу нəтижесін таңдаңыз.
Əрі қарай, "Chrome жүктеп алу/Скачать Chrome" түймесін басыңыз немесе бұрын
Chrome браузерін пайдаланған болсаңыз, "Мен Chrome жаңартқым келеді/Я хочу
обновить Chrome" түймесін басыңыз.
"Мың бала" олимпиадасының тестілеуінен өту үшін
1000bala.elumiti.kz
сайтына өтіп, кэш
пен кукиді тазалаңыз. Ол үшін:
1. Ctrl+F5 (егер сізде компьютер болса) немесе Ctrl+Shift+Delete (егер сізде ноутбук
болса) пернелер тіркесімін басыңыз.
2. Пайда болған терезеде "Все время/Барлық уақыт" уақыт диапазонын таңдап,
жолдарға құсбелгі қойыңыз:
- Файлы сохраненные в кеше/Кэште сақталған файлдар
- Файлы cookie и другие данные сайтов/Cookie файлдары жəне басқа сайт деректері
3. "Удалить данные/Деректерді жою" түймесін басып, олимпиада сайтын жаңартыңыз.
Интерфейс тілін өзгерту үшін жоғарғы оң жақтан қажетті тілді таңдаңыз.
Жеке кабинетке кіру:
Жеке кабинетке кіру үшін сайттың жоғарғы оң жақ бұрышындағы "Кіру" батырмасын
басыңыз.
Кіру өрістерін толтырыңыз:
-
Ұялы телефон өрісіне тіркеу кезінде көрсетілген телефон нөмірін енгізіңіз
-
Пайдаланушы өрісінде атыңызды (аты-жөніңізді) таңдаңыз
-
Құпия сөз өрісіне тіркелу кезінде орнатқын құпия сөзді енгізіңіз - "Кіру" түймесін
басыңыз
Тестілеуден өту:
1. Авторизациядан кейін Жеке кабинетте "Тестілеу" бөліміне өтіңіз.
2. Бастау үшін тест тапсыру тілін таңдаңыз, яғни тест тапсырмалары көрсетілетін тілді.
3. Тапсырмаларды бастау үшін "Тестілеуді бастау" түймесін басыңыз.
4. Ашылған бетте алдымен ноутбук камерасына/компьютердің веб-камерасына
көрсетуді таңдаңыз, ол үшін “Разрешить при каждом посещении/Əр келген сайын
рұқсат етіңіз” түймесін басыңыз. Бұл прокторинг жүйесінің талабы.
5. Əрі қарай, ашылған терезеде жұмыс үстелінің демонстрациясына, яғни бүкіл экранды
қөрсетуге рұқсат етіңіз. Бұл прокторинг жүйесінің талабы. "Весь экран/Бүкіл экран"
қойындысын таңдап, экранды көрсету түймесін басып, "Поделиться/Бөлісу"түймесін
басыңыз.
6. Тестілеу ережелері мен прокторинг ережелерін мұқият оқып шығыңыз, содан кейін
"Келесі қадамды" басыңыз.
7. Қатысушы идентификаторынан өтіп, фотосуретті түсіру арқылы жеке басын
растаңыз. Жеке басын сəтті растағаннан кейін “Жалғастыру” түймесін басыңыз.
8. Тестті бастау үшін тест ережесі мен сипаттамасын қараңыз. Əрі қарай, бастау үшін
"Тестті
бастау"
түймесін
басыңыз.
9. Сіз олимпиадалық тапсырмаларды көресіз. Сұрақты мұқият оқып шығыңыз жəне
жауап беріңіз. Навигация түймелері арқылы тапсырмалар бойынша алға жылжыңыз.
Барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін "Тестті аяқтау" батырмасын басыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |