Инсульт – ми қанайналымының бұзылуымен байланысты ауру, нәтижесінде мидың белгілі бір бөлігіндегі қанайналымы төмендейді немесе толығымен тоқтайды. Бүгінгі күні инсульт халықтың өлім-жітім себептерінің арасында екінші орында тұр
Инсульт – ми қанайналымының бұзылуымен байланысты ауру, нәтижесінде мидың белгілі бір бөлігіндегі қанайналымы төмендейді немесе толығымен тоқтайды. Бүгінгі күні инсульт халықтың өлім-жітім себептерінің арасында екінші орында тұр. Сондай-ақ, инсульт мүгедектікке әкеп соғатын аурулардың ішінде бірінші орынға ие. Инсульт алған адамдардың 80% жуығы мүгедектікке ұшыраса, соның ішінде 25% жуығы қалған өмірінің барлығында тұрақты түрде күтімді қажет етеді.
Инсульт түрлері Инсульттің негізгі үш түрі бар – ишемиялық инсульт және геморрагиялық инсульт (қан құйылу), оның екі типі бар – миішілік және субарахноидалды. Қан құйылу тамырлардың жарылуы салдарынан болады, негізінде жиі қан қысымының жоғарылауынан болады. Тамырдан шыққан қан қуыс тәрізді қан гематомасын немесе ісік жасап, бас миы тінінің қабырғасын жылжытады.