“Ісікті өсу” және “ісік” туралы түсінік. Табиғаттағы ісіктердің таралуы



бет1/5
Дата22.09.2022
өлшемі1.02 Mb.
#461111
  1   2   3   4   5

“Ісікті өсу” және “ісік” туралы түсінік. Табиғаттағы ісіктердің таралуы


Орындаған: Айтжанов Е.Д.
323-топ ЖМ
Тексерген: Қасымбай Ж.Б.
Семей Медицина Университеті
Т.А.Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасы
Семей 2018 жыл

Ісік, тін өсіндісі, – өзінің қалыпты пішіні мен қызметін жойған, организмнің түрі өзгерген клеткаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі. І. жасушалары Ісікке шалдықтырған себептер тоқтаса да өсе береді. Көпшілік жағдайда ісік кәрі адамдарда пайда болатыны белгілі. Себебі адамның жасы ұлғайған сайын, оның иммундық жүйесінің жұмысы төмендеп, қауіпті ауруларға қарсы тұра алмайды. Көптеген онколог ғалымдар ісік аурулары өзінің өсу жолында екі сатыдан өтетінін дәлелдейді.

Біріншісінде, канцерогендік заттардың әсерінен таза жасуша ісік жасушасына ауыса бастайды, бірақ ол белсенділік көрсетпей тыныш жатады. Екіншісінде, нағыз ісік түйіні пайда болып, ол өніп-өсе бастайды. Бұл екі сатының әрқайсысы организммен екі жақты қарым-қатынаста болады. Организмнің күш қабілеті, Ісікке деген төзімділігі өте жоғары болса, онда бірінші саты ұзаққа созылып, екіншісінің болмауы да мүмкін. Кейде екінші саты біріншіге көшіп, кері процесс жүруі, сондай-ақ канцерогендер тікелей иммунитетке зиянды әсерін тигізіп, Ісік ауруына әкелуі мүмкін.

  • Ісік көбінесе үлкенді-кішілі түйін түрінде өседі, оның көлемі қай жерде өсуіне байланысты. Бас сүйегінің ішіндегі ісіктер көп үлкеймей-ақ ауыр клиникалық өзгерістерге соқтырса, іш қуысындағы ісіктер шексіз өсе беруі мүмкін. Мысалы,жатыр фибромиомасының 70 кг-ға дейін жеткені белгілі, ал аналық безде 129.5 кг кистома табылған. Айта кететін жайт тек адам өміріне қатерсіз ісіктер ғана осындай дәрежеге дейін өсуі мүмкін.Ісіктің жұмсақ немесе қатты болуы оның паренхимасы мен стромасының арақатынасына байланысты. Ісік құрамында паренхима басым болса ол әдетте жұмсақ, ал стромасы көп болса қатты болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет