Іргетас және іргетас арқалықтары және оларға қойылатын талаптар



Дата03.10.2022
өлшемі0.52 Mb.
#461853
іргетасқа қойылатын талаптар Сапарбек З.


Жоспар:
Кіріспе
Іргетас және іргетас арқалықтары және оларға қойылатын талаптар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Кез келген үйдің немесе ғимараттың бойындағы салмақ пен түрлі жүктер оның іргетасы орнатылған грунтты негіздерге түседі.


Негіздер деп салынатын уйлердің іргетасының табаны арқылы түсіп таралған күшті көтеретін грунт қабаттарын /немесе қабатын/ атайды.
Іргетас деп үйдің бойындағы салмақ пен жүктерді жер бетінен белгілі бір тереңдікте орналасқан грунтты негіздерге жеткізіп, таратып түсіруге арналған конструкцияны атайды.
Грунт деп пішіні мен ірілігі әр түрлі қатты түйіршіктерден тұратын жер қабығында болатын құбылыстардың әсерінен мүжіліп ұсақталынған тау жыныстарын атайды. Жалпы грунттарды олардың табиғи қасиеттеріне байланысты сусымалы /құмды/ және иленгіш /балшықты/ деп екі топқа бөледі.

Іргетас және іргетас арқалықтары және оларға қойылатын талаптар.


Іргетас деп ғимараттың жер асты контрукциясы аталады, оның негізгі мін-деті ғимараттан түсетін жүктеуді қабылдап негізге беру. Негізбен тікелей түйісе-тін іргетастың төменгі жазықтығы іргетастың табаны деп аталады.
Әдетте іргетас темір-бетоннан, бетоннан жасалып, таспалы (қабырға және тіреу астына); тақта түрінде тұтас; иілгіш және қатты;монолитті және құрама болып ажыратылады. Іргетас түрі құрылыс алаңының геол. және гидрогеол. жағдайларына байланысты таңдалады.
Iргетастар ғимараттың негізгі құрылымдық бѳлшегінің бірі болып табылады. Олар ғимараттан және басқа да әсерлерден пайда болған жүктемелерді қабылдап астындағы негіздерге береді.Іргетастың, ғимарат ңабырғасы жататын, жоғарғы жазықтығын іргетастың шегі деп, ал негізге тірелетін жазьщтығын табаны деп атайды.

Іргетастардың жіктелуі:


1. Материалы бойынша:
а) шойтастан;
б) шойтасты бетоннан;
в)бетоннан;
г) темірбетоннан;
д) кірпіштен;
с) ағаштан
2.Жасалуы бойынша:
а)күймалы;
б)күрастырмалы;
в)майда бѳлшектерден.
3.Құрылысы бойынша:
а)таспалы (ленталы);
б)діңгекті;
в)қада тәріздес;
г)біртүтас ңүймалы".
4. Беріктілігі бойынша:
а)қаттылар - іргетас материалдары тек сығылысқа қызмет етеді;
б)иілімді - іргетас материалдары сығылумен ңатар, иілімге де қызмет атқарады.
5.Орналасу тереңдігіне байланысты:
а)таяз орналасқан — іргетас табаны 6 метрге дейін;
б)терең орналасқан - іргетас табаны 6 метрден терең.

(Откендегидеи артына осы фотоны коиш )


Іргетастарды және үйасты қабаты бөлмелерінің қабырғаларын келесі талаптарды қатаң сақтаумен пайдалану керек:


- ғимаратқа қосылған аланда жер беті суларын алып кететін құбырлар болуы керек;
- су әкететін астаулар қоқыстардан тазартылып кем дегенде 0,005 еңісте болуы керек;
- үйасты қабаты қабырғаларында орнатылатын терезелер тротуарлар деңгейінен 15 см биік орналасуы тиіс;
- үйасты қабаты бөлмелері мен іргетастар арқылы өтетеін инженерлі коммуникациялар герметизирленуі және жылытылуы тиіс;
- үйасты қабаты бөлмелерінде орналасқан құбырлардан ағып кеткен сулар сол мезеттте құрғатылуы тиіс.
Пайдалану процесінде тиым салынады:
- іргетастар мен үйасты қабаты бөлмелерінің қабырғаларының тік және көлденең гиидроизоляциясы бұзылуы кезінде;
- талаптан тыс ағаштар мен өсімдіктер отырғызу;
- шөгулер пайда болған жағдайда;
- инженерлі құралдардың бұзылуы кезінде үйасты қабатын су алса;
- құралдардың астына қосымша іргетастар орнату керек, бекітілген жобадан тыс бөлмелердің биіктігін едендердің белгісін төмендету арқылы ұзарту;
- қазаңшұңқырлар, орлар қазу және басқа да ғимаратқа жақын (10 м дейін) арнайы жер жұмыстарын рұқсатсыз орындау;
- 10-15 см дейін биіктегіш орнатылған ғимараттың жанына топырақ себу;
- үйасты қабаты мен техникалық бөлмелерді арнайы келісімсіз тұрғындармен қолдану.


Осыны стоп дегенди талаптар дегеннин артына коиш


Қорытынды


Өндірістік және азаматтық құрылыста салынатын үйлер мен ғимараттардың іргетастары мен негіздерін жобалауды құрылыс нормаларының /СНиП/ нүсқауларына сай жүргізеді. Бірақ та, сонымен қатар жергілікті табиғи жағдайлардың ерекшеліктерін еекеретін нормативті және техникалың нүсқаулардың да қолданылуы мүмкін.
Іргетастың конструкциясын есептеу оның материалдарының қасиеттерін ескере отырып бірінші шекті күй /беріктік/ бойынша жүргізіледі.
Агрессивті ортада пайдаланкяатын темірбетоннан жасалған ірге- тастарды есептеу үшінші шекті күй /жарықшақтануға бекемдік/ бойынша жүргізіледі.
Жалпы іргетастарды жобалау кезінде олардың салу тереңдігін, табанының өлшемдерін , конструкциясының тиімді түрін анықтауға мән беріледі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Н.О. Архитектура. Оқу құралы. Алматы. «Эверо» баспасы,2009-826.
2.Архитектура.2001 «Инструкция о порядке разработки, утверждения и составе проектно-сметной документации на строительство предприятий, зданий и сооружений». Астана, 2002.
3. проведения экспертизы по отдельным видам предпроектной документации, а также проектной (проектно сметной) документации. Астана, 2002 год.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет