Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013 жылғы I жартыжылдықтағы қорытындылары туралыаны қ т а м а



Дата23.02.2016
өлшемі94 Kb.
#5213
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының

2013 жылғы I жартыжылдықтағы қорытындылары

туралы А Н Ы Қ Т А М А
2013 жылдың 1 жартыжылдығында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етілді.

Өндірілген өнеркәсіп өнімдері 93,4 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 8,4 млрд. теңгеге артып, ңақты көлем индексі 102,2% болды. Облыстың өнеркәсіп өндірісінде ауданның үлесі 35,6% құрады.

Бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар шығару 33,6%-ға, тауарлы бетон 43%-ға, жүзім шарабы 10,1%-ға және электр энергиясы 0,1%-ға артты.

Есепті кезеңде 3 өнеркәсіп нысаны іске қосылды, ол – Қараой ауылында соя өңдейтін, сплитерлік блоктар және жұмыртқа қораптарын шығаратын «КМ Агро-Трейд» ЖШС –і, Түймебаев ауылында сплитерлік блок шығаратын өндірісі «СКС» ЖШС-і, Өтеген батыр кентінде бетоннан жасалған бұйымдар шығаратын «Капшағай Құрылыс Сервис» ЖШС-і, 65 жаңа жұмыс орындары ашылды. Сонымен қатар 5 кәсіпорын өндірісті кеңейтіп қосымша 118 жаңа жұмыс орындарын ашты, олар Первомай кентіндегі «Стинерджи Групп» ЖШС-і (шатыр өндірісі), Чапай ауылындағы «Алатау Құс» ЖШС-і (құс еті өндірісі), Боралдай кентіндегі «Эйкос» ЖШС-і (су тазартатын қондырғы өндірісі), «Эйкос фарм»ЖШС-і және «Леовит» ЖШС-і (дәрі-дәрмек өндірісі).

Жылдың басынан 183 жаңа жұмыс орынмен 8 кәсіпорын іске қосылып және өндірістерін кеңейтті, былтырғы жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 4 кәсіпорынға артты.

ИСО сапа бағдарламасымен 29 кәсіпорын жұмыс істейді, ағымдағы жылы 3 кәсіпорын халықаралық ИСО сапа стандартын енгізу жұмыстарын жүргізуде.

Индустрияландыру Картасы аясында биылғы жылға Ынтымақ ауылындағы «Дольче» ЖШС-да жұмыс істеп тұрған кәсіпорын өндірісіне жаңғырту жұмыстары жоспарлануда, оған 1314 млн.теңге инвестициясы тартылып ағымдағы жылдың қараша айында жұмыстар аяқталады.

Индустрияландыру Картасы аясында былтырғы жылы іске қосылған «Казфильтр» ЖШС және «Элеас»ЖШС зауыттардың жоспарланған құаттылығына шығу үшін тиісті шаралар қабылдануда. «Казфильтр» ЖШС бойынша шикізат мәселесі шешілді және 2013 жылға жоспарланған өндіріс көлемі белгіленді. «Элеас» ЖШС бойынша осы уақытқа дейін ала алмай жүрген мемлекеттік лицензиясы алынды және Денсаулық сақтау Министрлігі ағымдағы жылдың маусым айынан бастап дәрі-дәрмек шығаруға рұқсат берді.

Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 20,9 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8 млрд. теңгеге артты. Нақты көлем индексі 116,8% болды. Облыстың негізгі капиталға тартылған инвестиция көлеміндегі ауданның үлесі 13,1% құрады.

Инвестицияның жалпы көлемінің – 11,0 млрд. теңгесі немесе 52,9% кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке қаражаты. Несие қаражаты – 7,6 млрд. теңге немесе 36,3%.Республикалық бюджеттің қаржысы 1080,0 млн. теңге немесе 5,2%, жергілікті бюджеттің қаржысы – 1174,5 млн. теңге немесе 5,5%. Шетелдік инвесторлардың қаржысы – 7,3 млн. теңге немесе 0,1% құрады.

2013 жылдың 1 жартыжылдығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 10,4 млрд. теңгені құрады, 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 817,4 млн. теңгеге артты. Нақты көлем индексі 100,9%. Облыстың ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі ауданның үлесі 11,6%.

26,1 мың тонна ет өндіріліп, өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 9,5% артты, сүт – 27,9 мың тонна және жүн 394 тонна былтырғы жылдың деңгейінде.

2013 жылдың 1 шілдесіне ауданда 165021 бас қой мен ешкі бар, былтырғы жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 4001 басқа немесе 2,5%-ға, жылқы 77 басқа немесе1,4%-ға, түйе – 1163 басқа немесе 25,4%-ға өсті, шошқа басы былтырғы жылдың деңгейінде 80186 басты құрады.

Ағымдағы жылы ауылшаруашылық дақылдардың жалпы егістік көлемі 68010 га құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 210 га артты. Дәнді дақылдар 28418 га, майлы дақылдар – 9970 га, азықтық дақылдар – 23 667 га жерге себілді, картоп – 1495 га, көкөністер – 3740 га, бақша дақылдары – 720 гектарға отырғызылды. Сонымен майлы дақылдар егісі 805 гектарға, картоп 10 гектарға, көкөніс 543 гектарға және азықтық дақылдар 2 гектарға өсті.

Ауылшаруашылығы өнімдерін интенсивті технологиямен өсіру көлемі 510 гектарға ұлғайып, 5510 гектар болды, тамшылатып суару әдісімен егу 51 га өсіп, 86 га құрады. Ылғал сақтау технологиясы 10250 гектар жерде қолданылады, 2012 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 4850 га көбейді.

Есепті кезеңде астық жинау науқаны басталды. Жоспарланған 23340 гектардан 19800 га жерден немесе 85% дәнді дақылдар жиналды. Жалпы түсім 29304 тоннаны құрады, немесе әр 1 гектардан орташа есеппен 14,8 центнерден өнім алынды.

Сонымен қатар мал азығы да дайындалуда. Керекті 100 мың тонна шөптің бүгінгі күнге 77 мың тоннасы дайындалды, 5,9 мың тонна сүрлем салынды және 9500 тонна сабан жиналды.

Ауданда 2,0 га жерде 33 жылыжай жұмыс жасайды, оның 28-де өнім алынуда. Есепті кезеңде 140 тонна көкөніс өсіріліп, жиналды, былтырғы жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 82 тоннаға артты.

Картоп және көкөніс сақтау орындар дамуда. Бүгінгі күнге сиымдылығы 10600 тонна 7 көкөніс және 1200 тонналық 2 картоп сақтау орындары жұмыс істейді.

Аудан бойынша ауылшаруашылық техниканы жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері 75,1 млн.теңгеге 18 жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды (2012 жылы 26,7 млн.теңгеге 8 техника сатып алынған).

Ағымдағы жылы ауданның ауылшаруашылық тауарөндірушілері егісті күту үшін 2640 тонна тыңайытқыш және 1350 литр гербицид пайдалануда.

Ірі қара малының экспорттық потенциалын дамыту жұмыстары жалғастырылуда, ағымдағы жылы 350 басқа арналған фермерлік шаруашылық құру жоспарланған. Осыған байланысты жеке кәсіпкер Нурбеков фермерлік шаруашылық құрып, «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан 10,3 млн.теңге несие алып 53 бас ірі қара сатып алды.



Ветеринарияда ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 16493 бас ірі қара малдан қан алынып бруцеллезге тексерілді, тексеру нәтижесінде 63 бас оң нәтиже берді немесе тексерілгендердің 0,4% 2012 жылдың деңгейінде. Тексерілген 47230 бас ұсақ малдан 362 басы немесе 0,8% оң нәтиже берді, ал былтырғы жылы осы уақытта тексірілген 102000 бастан 226 бас немесе 0,2% бруцеллезбен ауыруы анықталған. Туберкулез ауыруына 35000 бас ірі қара, 5300 бас түйе және 2000 бас шошқа тексеріліп, ауру мал анықталған жоқ.

Сонымен қатар жұқпалы ауруларға қарсы малдарды жоспарланған егу жұмыстары жүргізілді.

Жыл басынан 1860 қанғыбас иттер мен мысықтар жойылды, оның ішінде 55 ауылдық және кенттік округ күштерімен.

Кәсіпкерлік саласында 1141 кіші кәсіпорын, 1855 шаруа қожалықтары, 4679 жеке кәсіпкерлер бар. Бұл салада барлығы 26379 адам жұмыспен қамтылған.

Өндірілген өнімі мен көрсетілген қызметтің көлемі 81,5 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,4%, түскен барлық салықтар түсімі – 4,5 млрд. теңге, өсу қарқыны – 19,8% болды.

Салық басқармасымен, статистикалық бөліммін, ауыл және кент әкімдерімен шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілерін жаңарту базасы бойынша бір шама шаралар қабылданды. Белсенді кәсіпорындар саны 540 жетті немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 110 пайыз болды.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында ауданда 28 кіші кәсіпкерлік нысандары іске қосылып, 106 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Бөлшек сауда тауар айналымы 9,9 млрд.теңге болып, 2012 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 107,5% құрады.

2013 жылдың 1 жартыжылдығында бюджетке 71,9 млрд. теңге салық түсті, болжам 68,3 млрд. теңге болса, орындалуы 105,2% болды, оның ішінде кеден салығынсыз 35,3 млрд.теңге түсіп, болжам 106,5% орындалды. Республикалық бюджет болжамы 104%-ға орындалды, болжам 17,4 млрд. теңге болса, түскені 18,1 млрд. теңге болды. Жергілікті бюджет 109,2% орындалды, немесе болжам 15,8 млрд. теңге болса, нақты 17,3 млрд. теңге түсті. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 763,3 млн.теңгеге өсті немесе өсу қарқыны 104,6% құрады.

2013 жылдың 1 шілдесіне бюджетке төленбеген салық пен басқа да міндетті төлемдер сомасы 400,2 млн. теңгені құрады, жылдың басындағы төленбеген салықпен салыстырғанда 110,3 млн. теңгеге немесе 21,6% азайды.

Бюджеттің шығысы 16,6 млрд. теңге немесе орындалуы – 99,8% болды.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 5,9 млрд.теңгені құрады.Ағымдағы жылы бөлінген 454,9 млн.теңгеге Түймебаев ауылындағы 900 орындық орта мектептің (игерілгені 309,9 млн.теңге), 348,6 млн.теңгеге Жетіген ауылындағы 220 орындық орта мектептің (игерілгені 245,1 млн.теңге) және 510,6 млн.теңгеге (игерілгені 239,3 млн.теңге) Әли ауылындағы орта мектептердің құрылысы жалғасуда. 161,2 млн.теңгеге Қосөзен ауылындағы балабақшаны қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр(игерілгені 100,0 млн.теңге). Байсерке ауылында 229,8 млн.теңгеге (игерілгені 150,0 млн.теңге) 600 орындық орта мектептің және Жауғашты ауылындағы №27 орта мектебінің 229,6 млн.теңгеге (игерілгені 105,0 млн.теңге) спорт, акт залының және асханасының құрылыс жұмыстары басталды.

Сонымен қатар биылғы жылы Өтеген батыр кентінде 154,4 млн.теңгеге 64 пәтерлік арендалық тұрғын үйдің құрылысы (игерілгені 89,5 млн.теңге) және 200,1 млн.теңгеге аудандық әкімшіліктің ғимаратына жаңғырту жұмыстары жүргізілуде (игерілгені 71,3 млн.теңге). Өтеген батыр кентінде 323,6 млн.теңгеге 50 пәтерлік несиелік тұрғын үйдің, Байсерке (16,5 млн.теңгеге), Междуреченск (16,5 млн.теңгеге), Қараой(16,5 млн.теңгеге), Құйған (16,5 млн.теңгеге) ауылдарының жеке тұрғын үй салуға бөлінген учаскелерінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы құрылыстары тамыз айында басталуы жоспарлануда.

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 201,6 млн.теңгеге Боралдай кентінің сумен қамту жүйесінің қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстары жалғасуда, қазіргі уақытқа 99,9 млн.теңгесі игерілді. Сонымен қатар 76,4 млн.теңгеге Түймебаев ауылының сумен қамту жүйесінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстары басталды, оның 28,3 млн.теңгесі жұмсалды.

135,8 млн.теңгеге Байсерке ауылының кәріз жүйесінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстары (игерілгені 45,8 млн.теңгесі), 106,6 млн.теңгеге «Арман» ықшам ауданының кәріз жүйесінің құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары (игерілгені 47,0 млн.теңгесі), «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 391,2 млн.теңгеге Чапай және Жауғашты ауылдарының кәріз жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстары (игерілгені 217,8 млн.теңгесі), 474,6 млн.теңгеге ауданның елді мекендеріне аббаттандыру және 145,9 млн.теңгеге жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 100,0 млн.теңгеге жолдарды ағымдағы жөндеу және 50,4 млн.теңгеге 8 мектептің спорт алаңдарына жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар 278,0 млн.теңгеге жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары көзделіп отыр.



Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2013 жылдың 1 жартыжылдығында 458 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылды. Орташа айлық еңбекақы 2,7% артып 116392 теңгені құрады. 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,4%-дан 4%-ға азайды.

Жұмыс сұрап 652 адам тіркелсе (1.07.2012 жылы - 749 адам), оның 414-і жұмысқа орналастырылды (2012 жылы – 464 адам) немесе жұмысқа орналастыру деңгейі 63,5 пайызды құрады. Қоғамдық жұмысқа 302 адам (2012 жылы - 271 адам) жіберілді, болжам 500 адам болса, орындалуы 60,4 пайызды құрады, кәсіби оқуға, біліктілікті көтеруге және қайта дайындауға 130 адам (2012 жылы – 135 адам) жіберілді, оның «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 80 адам немесе орындалуы 65 пайыз, әлеуметтік жұмыс орындарына 100 жұмыссыздар (2012 жылы- 103) жіберілді, болжам 105 адам болса, орындалуы 95,2 пайызды құрады және жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша 59 жас түлектер жұмысқа жіберілді немесе орындалуы 39,3 пайыз болды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 8 адам жалпы сомасы 20,9 млн.теңге шағын несие алды.

Төртінші бағыты бойынша, 145,9 млн.теңгеге ауданның елді мекендерінің көшелерін жөндеу жұмыстары, 391,1 млн.теңгеге Чапай мен Жауғашты ауылдарының кәріз жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары және 137,8 млн.теңгеге Жетіген ауылының ОМ күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы жобаларда 270 жұмыс орнын құру жоспарланса, нақты құрылғаны 133, оның 73-і жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен құрылды.

Жыл басынан бері 4136 адамға 74,1 млн. теңге әр түрлі әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар 12903 мүгедектерге, зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне жалпы сомасы 12,9 млн.теңге, оның ішінде 279 жағдайы төмен адамдарға 664 мың.теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Денсаулық сақтау саласында туу көрсеткіші 31,7%-ға артты, жалпы өлім көрсеткіші 12,5%, сәбилер шетінеуі 43%-ға азайды, алғашқы қатерлі ісікке шалдығу 2,4%-ға, туберкулез ауруымен алғаш ауыру 4,6%-ға төмендеді.

Ауданды дамыту бағдарламасы аясында ағымдағы жылы КазЦИК және Покровка ауылдарында жалпы құны 360 млн.теңгеге 150 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория ғимараттарының құрылысы басталды. Одан басқа 18,8 млн.теңгеге Қараой ауылының дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өтуде.

2012 жылдың 1 жартыжылдығында 2146 бала мектепке дейінгі мекемелермен қамтылса немесе қамту көрсеткіші 46,3 % болса, ал есепті кезеңде 325 орындық 3 жеке бала бақшалардың ашылуына байланысты 3089 бала қамтылып қамту көрсеткіші 47,1% болды. Облыс көрсеткіші 57,8%.

941 мектеп бітіруші немесе жалпы оқушылар санының 69,2 пайызы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. ҰБТ орташа баллы 72,2 болды, былтырғы жылы бұл көрсеткіш 66,3 болған. Облыс көрсеткіші 71,5%. Аудан бойынша «Алтын белгі» төс белгісіне 38 үміткердің 10-ы тиісті білім талабын дәлелдеді (2012 ж – 10), үздік аттестатқа – 4 бітіруші, былтырғы жылы 2 бітіруші болған.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін ауданда 581 демалу орындары құрылды. Барлық шаралармен 30178 бала қамтылды немесе 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 94,7 пайызды құрады.

Шілде айында 98,8 млн.теңгеге Түймебаев ауылындағы мектептің бастауыш сыныптарының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары басталды, жұмыс біткен соң онда 120 орындық бала бақша ашылуы жоспарлануда.

Ауданда 18 мәдениет мекемелері, оның 8-і мәдениет үйлері және 10 кітапхана, одан басқа 11 көркемөнерпаздар тобы, 11 көңілді және тапқырлар клубы, 11 ауылдық клубтар, 3 халықтық ансамбль, «Наз», «Эллегия» балалар ансамблі жұмыс істеуде, олар ауданның мәдени өміріне, облыстық конкурстарға белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетуде. Жылдың басынан бері 386 мәдени іс-шара өткізілді.

«Жұмыспен қамту 2020» Жол картасы бойынша 135,3 млн.теңгеге Чапай ауылындағы Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

Ауданда дене шынықтыру және спорт шараларын өткізуге арналған 284 спорт құрылғылары жұмыс жасайды. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтар 22,8% құрады, ол былтырғы жылғы көрсеткіштен 0,8 % артты. Есепті мерзімде ауданда спорт түрлері бойынша 17 спорттық іс-шаралар өткізілді.

Ауданда 2013 жылдың 1 жартыжылдығында қылмыстың барлық түрлерінің деңгейі 1466-дан 2014 қылмысқа немесе 37,3% өсті. Ауыр және аса ауыр қылмыс 285-тен 243 жағдайға дейін, адам өлтіру – 16-дан 8-ге дейін, қарақшылық – 23-тен 14-ге дейін азайды.

Жалпы қылмыстың ашылуы 12,6%-ды құрады, 2012 жылдың 1 жартыжылдығында 9,4% болған.


Аудан әкімінің орынбасары В.Файль





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет