Бөлім:
|
3. Физикалық география
3.1 Литосфера
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Жүніс Бакыткүл Нүриддинқызы
|
Күні:
|
11.10.2023 ж
|
Сыныбы: 8 «А»
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі.
Тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
8.3.1.5-тау жыныстары мен минералдарды түрлі белгілері бойынша жіктейді
8.3.1.6-тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуына талдау жасайды
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар тау жыныстары мен минералдарды түрлі белгілері бойынша жіктейді.
Көпшілік оқушылар үшін:
Білім алушылар тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуына талдау жасайды
|
Құндылықтарға баулу:
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
|