Ішкі аудит департаментінің ақпарат жүйелерінің аудит басқармасы бастығының орынбасары (С-5 санаты).
Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметіне басшылық жасауды жүзеге асыруға қатысу, Басқарманың құзыреті шегіндегі жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Басқармадағы жұмыс жоспарларының және тексерулердің, құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Ұлттық Банктің ақпарат жүйелерінің тәуекелдерін бағалауға қатысу, Ұлттық Банктің және Департаменттің басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Ішкі аудит бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және Департаменттің ішкі құжаттарын әзірлеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ақпарат технологиялары мамандықтары бойынша техникалық немесе математикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша, мамандандырылған оқу бағдарламалары бойынша оқыту курстарында мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңдарды білу; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (жалпы бөлім), ақпарат жүйелері жөніндегі Мемстандарттарды, ақпарат технологиялары жөніндегі халықаралық стандарттарды, қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын, аудиттің халықаралық стандарттарын білу құптарлық, банк қызметінің ерекшеліктерін білу. Дербес компьютерде жұмыс істей білу. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық.
Ішкі аудит департаментінің ақпарат жүйелерінің аудит басқармасының бас маманы-инженері (С-6 санаты).
Функционалдық міндеттері: ақпарат жүйелерінің аудитін, Ұлттық Банк бөлімшелерінің ақпарат жүйелерін пайдаланудың жеткіліктілігі мен тиімділігіне талдау мен бағалау жүргізу, ақпарат жүйелері бойынша тәуекелдерге талдау мен бағалау жүргізу. Ішкі аудит бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және Департаменттің ішкі құжаттарын әзірлеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ақпарат технологиялары мамандықтары бойынша техникалық немесе математикалық білім; инженер-программист, инженер-математик, инженер-жүйе технигі, ақпарат қауіпсіздігін қорғау жөніндегі инженер мамандығы бойынша курстарында мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңды білу, ақпарат жүйелері жөніндегі Мемстандарттарды, ақпарат технологиялары жөніндегі халықаралық стандарттарды, аудиттің халықаралық стандарттарын білу құптарлық, банк қызметінің және банктік ақпарат технологияларының ерекшеліктерін білу. Дербес компьютерде жұмыс істей білу. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық.
Ішкі аудит департаментінің Ұлттық Банк филиалдарының аудит басқармасының бас маманы-экономисі (С-6 санаты).
Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің филиалдары мен ұйымдары қызметінің аудитін жүргізу, ішкі аудит бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және департаменттің ішкі құжаттарын әзірлеу, Ұлттық Банктің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындау. Ұлттық Банктің филиалдары мен ұйымдарының тәуекелдерін бағалауға қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңдарды білу, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (жалпы бөлім), қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын, ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарын білу құптарлық, банк қызметінің ерекшеліктерін білу. Дербес компьютерде жұмыс істей білу. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық.
Ішкі аудит департаментінің тәуекелдер бөлімінің бас маманы-экономисі (С-6 санаты, 2 адам).
Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің тәуекелдерін басқарудың қағидаттары мен стратегиясын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қарау. Тәуекелдерді басқару саласында халықаралық тәжірибені ендіру, тәуекелдерді басқару жөніндегі ақпаратты жүйелеу және талдау. Тәуекелдерді басқарудың қағидаттары мен әдістерін жетілдіру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық; қаржы саласындағы талдау жұмысының тәжірибесі болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңын білу, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені және ақша-кредит саясатының, валюталық операциялардың, төлем жүйелерінің негізгі бағыттарын белгілейтін және Ұлттық Банк бөлімшелерінің қызметін реттейтін басқа заң және нормативтік құқықтық актілерді білу құптарлық. Тәуекелдерді басқару мәселелерін білу. Дербес компьютерде жұмыс істей білу. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық.
Ішкі аудит департаментінің тәуекелдер бөлімінің бас маманы-инженері (С-6 санаты).
Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің ақпарат тәуекелдерін басқарудың қағидаттары мен стратегиясын әзірлеу бойынша жұмысты жүргізу, тәуекелдерді басқару және олардың қызметтерінің бизнес-процестерін оңтайландыру бойынша Ұлттық Банк бөлімшелерінің ұсыныстарын қарау; тәуекелдерді басқару саласында халықаралық тәжірибені ендіру, ақпаратты жүйелеу және талдау, тәуекелдерді басқарудың қағидаттары мен әдістерін жетілдіру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық білім; инженер-программист, инженер-математик, инженер-жүйе технигі, ақпарат қауіпсіздігін қорғау жөніндегі инженер мамандықтары бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық; банктік ақпарат технологиялар саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңды білу; ақпарат жүйелері жөніндегі Мемстандарттарды, ақпарат технологиялары жөніндегі халықаралық стандарттарды білу құптарлық, банк қызметінің және ақпарат қауіпсіздігінің ерекшеліктерін білу, банктік ақпарат технологияларын білу. Ақпарат тәуекелдерін басқару мәселелерін білу. Дербес компьютерде жұмыс істей білу. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық.
Ішкі аудит департаментінің Ұлттық Банктің орталық аппаратының аудит басқармасының жетекші маманы-экономисі (С-9 санаты).
Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банк орталық аппаратының бөлімшелері қызметінің аудитін жүргізу, ішкі аудит бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және Департаменттің ішкі құжаттарын әзірлеу, аудиторлық тексерулердің нәтижелері бойынша ұсынымдарды, оның ішінде Ұлттық Банк бөлімшелерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау, Ұлттық Банк бөлімшелерінің тәуекелдерін бағалауға қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; қаржы саласында немесе аудит саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңдарды білу; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (жалпы бөлім), қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын, ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарын білу құптарлық, банк қызметінің ерекшеліктерін білу. Дербес компьютерде жұмыс істей білу. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық.
Ішкі аудит департаментінің ақпарат жүйелерінің аудит басқармасының жетекші маманы-экономисі (С-9 санаты).
Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банк бөлімшелерінің ақпарат жүйелерін аудиторлық тексерулерді, Ұлттық Банктің ақпарат жүйелерін әзірлеуге, дамытуға және жетілдіруге арналған нақты шығыстардың бюджетте жоспарланған қаражаттарға сәйкестігін бағалауды, Департаменттің және сыртқы аудиттің аудиторлық тексерулерінің ұсынымдарын аудит объектілерінің орындауын бақылауды жүзеге асыру. Ұлттық Банк бөлімшелерінің ақпарат жүйелерінің тәуекелдерін бағалауға қатысу. Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңдарды білу; ақпарат жүйелері жөніндегі Мемстандарттарды, ақпарат технологиялары жөніндегі халықаралық стандарттарды, қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын, аудиттің халықаралық стандарттарын білу құптарлық, банк қызметінің ерекшеліктерін білу. Дербес компьютерде жұмыс істей білу. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық.
Ішкі аудит департаментінің Ұлттық Банктің орталық аппаратының аудит басқармасының маманы-экономисі (С-11 санаты).
Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің орталық аппараты бөлімшелерінің қызметіне аудит жүргізу. Аудиторлық тексерулер нәтижелері бойынша ұсынымдарды, оның ішінде Ұлттық Банк бөлімшелерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім.+ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңдарды білу, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (жалпы бөлім), қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын, ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарын білу құптарлық, банк қызметінің ерекшеліктерін білу. Дербес компьютерде жұмыс істей білу. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық.
Ішкі аудит департаментінің ақпарат жүйелерінің аудит басқармасының маманы- инженері (С-11 санаты).
Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банк бөлімшелерінің ақпарат жүйелерін аудиторлық тексерулерге қатысу, Департаменттің автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйелерінде аудиторлық тексерулер бойынша деректер базасын жүргізу, ақпарат жүйелерін аудиторлық тексерудің ұсынымдарын аудит объектілерінің орындауын бақылау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге де тапсырмаларды орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық білім; «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңды білу, ақпарат жүйелері жөніндегі Мемстандарттарды, ақпарат технологиялары жөніндегі халықаралық стандарттарды білу құптарлық, банк қызметінің ерекшеліктерін білу. Дербес компьютерде жұмыс істей білу. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық.
Достарыңызбен бөлісу: |