Ішкі Бөкей ордасы,яғни Батыс Қазақстандағы Орда ауданында,Нарын құмы,Бекетай деген жерде 1804 жылы қазақтың жауынгер-жыршысы,батырымыз Махамбет Өтемісұлы туылған болатын. Батыр XIX ғасыр әдебиетінің ақыны,шешен,сазгері
Пән:XIX ғасыр қазақ әдебиеті және оны оқыту
Топ:311
Орындаған:Абильжанова Аңсар Қабылдаған:Аширов Жәнібек
Көркемдік кеңістіктегі Махамбет ақынның көркем бейнесі Махамбет қазақ әдебиетінің классигі Ішкі Бөкей ордасы,яғни Батыс Қазақстандағы Орда ауданында,Нарын құмы,Бекетай деген жерде 1804 жылы қазақтың жауынгер-жыршысы,батырымыз Махамбет Өтемісұлы туылған болатын.Батыр XIX ғасыр әдебиетінің ақыны,шешен,сазгері.Осы ғасыр әдебиетін асқақтатып, табиғатынан берілген талантымен әдебиеттің мәртебесін көтерген,халқы үшін бас көтерген жалынды тұлға.Махамбет Өтемісұлы азаттық пен теңдікті аңсаған жалпы халық көтерілісінің рухтаушы, жыршысы ретіндегі атымен тарихта мәңгі қалған жанның бірі.
Махамбет поэзиясының көркемдігі Махамбет Өтемісұлының өлеңдері мен жалпы шығармашылығының басым бөлігі 1836-1837 жылдардың кезінде болған ұлт-азаттық қозғалыстың негізінде болған. Ат үстінде жүріп,майдан сахнасында туындаған жырлары кез-келген жанның рухын көкке көтеріп,сөздері жігерлендірмей қоймаған.Оның гауһардай қымбат,судай таза,айнадай шынайы толғаулары -Махамбеттің төзімді,турашыл,әділ қасиеттерінен ,азаматтық тұлғасынан,еліне,жеріне деген ыстық ықыласы мен философиялық кғөзқарасынан туындаған деп айтсақ болады.
“Махамбеттің ішкі-жан сарайы-суретхана секілді” (А.Қ Егеубаев .IIIтом.”Махамбет”.Алматы.Ғылым ғылыми баспа орталығы.2003).Осы тұста Махамбеттің рух беретін пікірлері мен ойлары ,жалпы өз ішінен шыққан сөздері арқылы оның ерекше суреттенулерінің көркемдігін байқай аламыз:
“Көп садақтың ішінде, Көбе бұзар жебе бар”