Iшкi су көлiгi туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі №574-ii қазақстан


Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара



бет2/7
Дата20.07.2016
өлшемі497 Kb.
#210985
1   2   3   4   5   6   7
Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

2006.29.12. № 209-III  ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiне:

1) iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

2) iшкi су жолдарын және ішкі су көлігін дамыту жөніндегі тұжырымдама мен бағдарламаларды бекіту;

3) iшкi су көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

4) Ішкi су жолдарын пайдалану қағидасын бекіту;

5) Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу қағидасын бекіту;



6) порттың мiндеттi қызмет көрсетулерiнiң тiзбесiн бекіту;

7) жағалау белдеуiн пайдалану тәртібін айқындау;

8) кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртібін айқындау;

9) iшкi су көлiгi саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау кезiнде біліктiлiк талаптарын бекіту;

10) біліктілік комиссиялары туралы ережені, кемелердiң командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау тәртібін бекіту;



11) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктер тiзбесiн бекіту;

12) Қауiптi жүктердi тасымалдау қағидасын бекіту;



13) Қазақстан Республикасының аумағымен транзиттiк жолаушы қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;

14) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) багажды және жүктi әкелуге, әкетуге, олардың транзитіне тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;

15) iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекіту;

2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды



15-1) нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттік қадағалау қызметкерлерiн онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;

16) кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;

17) Кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі қағидасын бекіту;

18) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын қою, жолаушыларды кемеге отырғызу әрі одан түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау тәртібін айқындау;

19) Ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту;

20) Кемелердегі, оның ішінде ішкі су жолдарындағы шағын көлемді кемелердегі көлік оқиғаларын тергеуді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидасын бекіту;

21) Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасын бекіту;

22) Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту;

23) Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту;

24) Шағын көлемді кемені және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту;

25) Ішкі су жолдарында жүзу қағидасын бекіту;

26) Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту;

27) Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін сүйреу қағидасын бекіту;

28) Тасымалдаушылардың әлеуметтік мәні бар жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту;

29) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді орындау жатады.

 

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен   (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III  ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 9-бап  өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді



9-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi

1. Уәкiлеттi органның құзыретiне:

1) iшкi су жолдарын және iшкi су көлiгiн дамыту жөніндегі тұжырымдама мен бағдарламаларды әзiрлеу;

2) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi, iшкi су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi жеке және заңды тұлғалардың сақтауын және қадағалауды ұйымдастыру;

3) iшкi су жолдарының кеме қатынай алатын жағдайда болуын қамтамасыз ету және шлюздердi күтiп ұстау;

4) iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;

5) Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнің, Жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнің және кеме кітабының нысандарын бекіту;



6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру және кеменi шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешiм қабылдау;

7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлеу және бекіту;

8) лоцмандық қызмет туралы ереженi бекіту;

9) мiндеттi түрде лоцмандық алып өтуге жататын iшкi су жолдары учаскелерiнiң, кемелер түрлерi мен көлемдерiнiң тiзбесiн бекіту;

10) Ішкi және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi сыныптау қағидасын бекіту;



11) кемелердiң, порттардың, жағалау объектілерінiң, кеме қатынасы гидротехникалық құрылыстарының техникалық куәландырылуын жүргiзудi қамтамасыз ету;

12) Пайдаланылатын кемелердi куәландыру қағидасын бекіту;

13) Кемелердi жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту;

14) Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидасын бекіту;



15) Кемелерді жөндеу қағидасын бекіту;

16) нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттік қадағалау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киiмнің (погонсыз) және айырым белгiлерiнің үлгiлерiн, сондай-ақ оны киiп жүру тәртібін бекіту;

17) Аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекіту;

18) Пайдаланылған кемелердің элементтерін пайдалана отырып, ішкi және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекіту;

19) Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту;

20) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес iшкi су көлiгi саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау;

21) Техникалық флот кемелерін жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту;

22) Ішкi суда жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекіту;

23) өз құзыретi шегiнде iшкi су көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу және халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру;

24) iшкi су көлiгi саласында туындайтын қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;

25) суға кеткен мүлiктi көтеру тәртібі мен мерзiмдерiн айқындау;

26) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң (бұдан әрi - аумақтық бөлiмше) құзыретіне:

1) кемелердiң, салдардың және iшкi су жолдарында орналасқан өзге де жүзбелi объектiлер мен құрылыстардың кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сай болуын қарап-тексерудi жүргiзу;

2) кемелерді тіркеу;

3) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сай келмейтiн кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектілерін ұстау;

4) кеме қатынасы қауiпсiздiгiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жүктердiң сақталуына қатер төнген кезде кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектілерінiң қозғалысын тоқтата тұру және оған тыйым салу;

5) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;

6) ішкі су жолдарының жай-күйін қадағалау;

7) кемелерде техникалық пайдалану қағидасының, қызмет жарғыларының сақталуын бақылауды және қадағалау жүзеге асыру;

8) iшкi су жолдарында кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған өзге де шараларды жүзеге асыру;

9) Ішкі су жолдарында жүзу қағидасының сақталуын лоцмандық қызметтің және ішкі су көлігіндегі өзге де қызметтердің бақылауы;

10) шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру;

11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру, сондай-ақ теңізші паспортын беру;

12) кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерді аттестаттауды жүргізу;

13) Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар шығару;

14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы

Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

10-бап. Лицензиялау



Iшкi су көлiгіндегі жекелеген қызмет түрлерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес берiлген лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.

3-тарау. Iшкі су жолдары

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

11-бап. Жалпы ережелер

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



1. Iшкi су жолдары және оларда орналасқан кеме қатынасы және шлюздер үшiн пайдаланылатын кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстары мемлекет меншiгiнде болады және иеліктен шығаруға жатпайды.

Кеме қатынасы жолдарына кеме қатынасы үшін ашық ішкі су жолдары жатады. Кеме қатынасы су жолдарының тізбесі Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес белгіленеді.

2. Қазақстан Республикасының шекаралық аймақ учаскелерiн қоспағанда, кемелердiң iшкi су жолдарымен жүзу жағдайын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

3. Кемелердiң Қазақстан Республикасының шекаралық аймағы учаскелеріндегі iшкi су жолдарымен жүзу жағдайын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен реттеледi.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді



12-бап. Iшкi су жолдарын күтiп ұстау

1. Астананың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесін қоспағанда, су жолы жұмыстарын, оның iшiнде мемлекет меншiгіндегі порттарда рейдтер және осы порттардың айлақтарына кiреберiстердi жасау мен күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргiзудi, сондай-ақ кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын күтiп ұстау мен тасымалдаушының технологиялық байланысты ұйымдастыруын уәкiлеттi органның кәсiпорындары жүзеге асырады.

2. Порттарға (осы баптың 1-тармағында көрсетiлмегендерiне) кiреберiстердегi, сондай-ақ тоқтау пункттеріндегі жол жұмыстарын жүргiзудi олардың иелерi жүзеге асыруға мiндеттi.

2-1. Астананың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесінде су жолы жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз етуді астана әкімдігі жүзеге асырады.

3. Iшкi су жолдарын және олардағы кеме қатынасы гидротехникалық құрылыстарын күтiп ұстау жөніндегі жұмыстар жол жұмыстарын жүргiзуге арнайы рұқсатсыз жүзеге асырылады.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді

13-бап. Iшкi су жолдарындағы акваторияларды, жағалау белдеулерін және жер учаскелерiн пайдалану

1. Қалалық елдi мекендер аумағынан тысқары орналасқан iшкi су жолдары шегiнде iшкi су жолдарының кеме қатынасына жарамды болуын қамтамасыз етумен байланысты жұмыстар үшiн тұрақты жер пайдалануға өтеусiз негiзде жағалау белдеуi берiледi.

2. Уәкiлеттi органның кәсiпорны:

1) кеме қатынасын қамтамасыз ету және осы мақсаттарда құрылыстар мен ғимараттар тұрғызу жөніндегі жұмыстарды жүргiзу үшiн жағалау белдеуiн пайдалануға;

2) iшкi су жолдарының жағалау белдеуiне навигациялық жабдықтар құралдарын орнатуға;

3) кеме қатынасының қауiпсiздiгiн, оның iшiнде навигациялық жабдықтар құралдарының көрiнiп тұруын қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ өзен арналары учаскелерiн суретке түсiру кезiнде геодезиялық негiздеме үшiн жағалау белдеуiнде өскен ағаштар мен бұталарды кесiп тастауға құқылы. Навигациялық жабдықтардың жағалау құралдарын орнату және олардың көрiнiп тұруын қамтамасыз ету үшiн ағаштарды кесу жұмыстарын жүргiзу Қазақстан Республикасының орман және су заңдарында белгiленген тәртiппен жағалау белдеуi шегiнен тысқары жерлерде де жүргiзiлуi мүмкiн;

4) осы тармақта көрсетiлген жұмыстарды жүргiзу үшiн жағалау белдеуiнiң шегіндегі топырақты, тасты, қиыршық тастарды, ағаштар мен бұталарды пайдалануға құқылы.

3. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi:

1) кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектілерінiң айлаққа келуiне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына, жолаушыларды кемеге отырғызуға және кемеден түсiруге, жүктердi тиеуге, түсiруге және сақтауға арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелi құрылыстар салуға;

2) кемелердiң алдын ала болжанбаған қыстап қалуы немесе олардың көлiк оқиғаларына ұшырауы жағдайларында уақытша құрылғылар мен құрылыстар салуға және басқа да қажеттi жұмыстар жүргiзуге рұқсат беруге құқылы.

4. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн уақытша жұмыстар жүргiзу үшiн пайдаланушы тұлғалар олар аяқталғаннан кейiн жағалау белдеуiн тазалауға және оны жайластыруға мiндеттi.

5. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiне, навигациялық шырақтарды қоспағанда, кеме жолына қарай бағытталған қандай да бір тұрақты шырақтар орнатуға тыйым салынады.

Уақытша шырақтарды орнату мұндай шырақтар кеме жүретiн жол жағынан қоршалған жағдайда жүзеге асырылады.

6. Егер шаруашылық және өзге де қызметтiң кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысы болмаса, мұндай қызметтi жүзеге асыру үшiн жағалау белдеуiн пайдалануға жол берiлмейдi.

7. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Уәкілетті органның кәсіпорындары кемелерінің тоқтап тұруына, оларды жөндеуге, жасауға арналған жағалау белдеуi мен су акваториясына iргелес учаске уәкiлеттi орган кәсiпорнының пайдалануында болады.

11. Қазақстан Республикасы шекаралық аймақтары учаскелеріндегі iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң келісімi бойынша жүзеге асырылады.

12. Iшкi су жолдары шегіндегі акваторияда және жағалау белдеуiнде iшкi су жолдары мен жағалау белдеуiнiң жай-күйiне терiс әсерiн тигiзетiн және (немесе) оларды пайдалануға қиындық туғызатын қадағалаусыз кемелердi, құрылғылар мен құрылыстарды қалдырып кетуге тыйым салынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет