Iшкi су көлiгi туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі №574-ii қазақстан


-бап. Iшкi су жолдарында құрылыстар салу және оларды пайдалану 1. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен



бет3/7
Дата20.07.2016
өлшемі497 Kb.
#210985
1   2   3   4   5   6   7
14-бап. Iшкi су жолдарында құрылыстар салу және оларды пайдалану

1. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III  ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Iшкi су жолдарындағы құрылыстардың (оның iшiнде салынып жатқан құрылыстардың) иелерi өз есебiнен навигациялық жабдықтар құралдарын, оның iшiнде жүзу жабдықтары мен өзге де жабдықтарды орнатуға, сондай-ақ кеме қатынасының қауiпсiздiгi мақсатында олардың ішкі су көлігі саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Iшкi су жолдарында пайдаланылатын, сондай-ақ салынып жатқан көпiрлердiң және басқа да гидротехникалық құрылыстардың иелерi:

1) кемелердiң, салдардың және басқа да жүзу объектілерінiң кедергiсiз әрi қауiпсiз өткiзiлуiн қамтамасыз етуге;

2) өз есебiнен олардың кiреберiстерiнде қажеттi су түбiн тереңдету және су түбiн тазалау жұмыстарын жүргiзуге;

3) кемелердiң қауiпсiз жүрiп өтуi үшiн қажеттi құрылыстар мен құрылғыларды дайындауға, орнатуға және күтiп ұстауға;

4) көтерме көпiрлер қанаттарын ашуға әрi көтеруге мiндеттi.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Гидроэлектрстанциялардың және iшкi су жолдарындағы су деңгейiн реттеушi су қысымымен жұмыс iстейтiн басқа да гидротехникалық құрылыстардың иелерi мұндай құрылыстардан жоғары және төмен учаскелерде кiдiрiссiз және қауiпсiз кеме қатынасы үшiн қажеттi су деңгейiн ұстап тұруға мiндеттi.

5. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын және бірнеше мемлекеттің аумағынан өтетiн өзендердегi кепiлдiк берiлетiн тереңдiк Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгiленедi.

4-тарау. Кеме қатынасының қауіпсіздігі

15-бап. Жалпы ережелер

1. Кеменi кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес жүзуге дайындау кеменiң меншiк иесiнiң және (немесе) кеме иесiнiң мiндетi болып табылады.

Кеме, егер ол:

2006.29.12. № 209-III  ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ішкі су көлігі саласындағы қауіпсіздікті, оның iшiнде экологиялық және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына сай болған;

2) кеме экипажының саны ол жүзуге шығатын күнгi кеме экипажының ең аз құрамы туралы белгiленген талаптардан кем болмаған жағдайларда жүзуге жiберiледi.

2. Кеменiң меншiк иесi және (немесе) кеме иесi:

1) кемелердiң қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

2) кемелердi қауiпсiз пайдалануға жауапты адамды тағайындауға;

3) кеме қатынасы қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес кеме экипажы мүшелерiнiң, басқа да қызметкерлердiң дағдыларын ұдайы жетiлдiрiп отыруға;

4) кеме экипажын жасақтауды қамтамасыз етуге және кеменi осы Заңда белгiленген кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес техникалық жарамды күйде ұстап тұруға мiндеттi.

3. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Уәкiлеттi органның кәсiпорындары кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн:



1) су жолдарын кеме қатынасы жағдайында және шлюздерді күтіп ұстауды қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысқа сәйкес ішкi су жолдарын күтіп ұстауды жүзеге асыруға міндетті.

Судың деңгейі жобалық деңгейден төмендеген және уәкiлеттi орган өзеннің сағасының отыруына әкеп соғатын түбін тереңдету жұмыстарын одан әрі жүргізудің орынсыздығын айқындаған кезде уәкiлеттi органның кәсiпорындары кеме жүрісінің кепілдік берілген габариттерін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттен босатылады;

2) кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектілерін шлюз және каналдар арқылы өткiзудi жүзеге асыруға мiндеттi, бұл ретте мұндай iс-шаралар тасымалдаушының есебiнен жүзеге асырылады.

5. Iшкi су жолдарында орналасқан гидротехникалық және басқа да құрылыстардың иелерi тиiстi шаралар қолдану үшiн кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайдың туындағаны туралы аумақтық бөлiмшелердi дер кезiнде хабардар етуге мiндеттi.

6. Аумақтық бөлiмшелер кеме қатынасының қауiпсiздiгi мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзушi теңiз кемесiне немесе шет мемлекеттің туын көтеріп жүзушi кемеге iшкi су жолдарына кiрген кезде iшкi су жолдарымен жүзетiн кемелермен бірдей негiздерде тексеру жүргiзуге құқылы.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Кеме жасау өнімдерін шығару және кемелерді жөндеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларда Кеме қатынасы тіркелімі беретін сәйкестік құжаты болуға тиіс.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды



15-1-бап. Ішкі су көлігі саласындағы техникалық реттеу

1. Ішкі су көлігі саласындағы қызметті іске асыратын жеке және заңды тұлғалар адам өмірі мен денсаулығы, жолаушылардың жол жүруі үшін қауіпсіз жағдайларды, сондай-ақ кеме қатынасы қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

2. Кеме қатынасының қауіпсіздігі адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, ішкі су көлігі саласында авариясыз жұмыс жағдайларын жасауға, ішкі су жолдарын кеме қатынасы жағдайында, кемелерді, порттарды, жағалау объектілерін және ішкі су жолдарындағы құрылыстарды техникалық жағынан жарамды жағдайда ұстауға, сонымен қатар кемелердегі авариялардың алдын алуға бағытталған ұйымдық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі.

Мыналар:

1) ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігінің кемелері, порттар, жағалаудағы объектілер және құрылыстар;

2) ішкі су көлігі кемелерін жасау, порттарды, ішкі су жолдарында жағалау объектілері мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргізу, жөндеу, қайта жаңарту);

3) ішкі су көлігі кемелерін, порттарды, ішкі су жолдарында жағалау объектілері мен құрылыстарды пайдалану;

4) ішкі су көлігі кемелерін сақтау;

5) ішкі су көлігі кемелерін тасымалдау және тіркеп тарту;

6) ішкі су көлігі кемелерін жою және кәдеге жарату техникалық реттеу объектілері болып табылады.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 15-2-баппен толықтырылды

15-2-бап. Ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігінің кемелеріне, порттарға, жағалаудағы объектілер мен құрылыстарға қойылатын қауіпсіздік талаптары

1. Қауіпті жүктерді жөнелтетін жөнелтуші (жүк жөнелтуші), қабылдайтын алушы (жүк алушы), сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдайтын тасымалдаушы олардың қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз етуге міндетті, оларда авариялық жағдайларды және олардың салдарын жоюға қажетті құралдар мен жұмылдыру бөлімшелері (оның ішінде шарт бойынша) болуға тиіс.

2. Қауіпті жүктерді тасымалдау процесінде авариялық жағдайлар туындаған кезде жағдайда қауіпті жүкті жөнелтетін жөнелтуші (жүк жөнелтуші), қабылдайтын алушы (жүк алушы) аталған бөлімшелердің оқиға орнына жедел түрде жіберілуін қамтамасыз етуге міндетті.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 15-3-баппен толықтырылды

15-3-бап. Ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін жасау, порттарды, жағалаудағы объектілер мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргізу, жөндеу, қайта жаңарту) кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары

1. Ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін жасау, порттарды, жағалаудағы объектілер мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргізу, жөндеу, қайта жаңарту) кезінде жобалық құжаттама мен Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.

2. Ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін жасау, порттарды, жағалаудағы объектілер мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргізу, жөндеу, қайта жаңарту) кезінде дайындаушы жобалық құжаттамада айқындалған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың бүкіл кешенін орындауға және ішкі су көлігінің қауіпсіздігіне байланысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

3. Егер ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін жасау, порттарды, жағалаудағы объектілер мен құрылыстарды дайындау процессінде немесе одан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақтар жүргізу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптары орындала отырып, толық көлемде жүргізілуге тиіс.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



4. Әрбір кемеде корпусына жазылатын тіркеу нөмірі таңбалануға тиіс. Таңбалау көрінетін, анық және өшірілмейтін болуға тиіс.

5. Кеме адамдардың борт жиегінен құлау тәуекелін мейлінше төмендететіндей етіп әзірленуге және борт сыртында қалғандарды құтқаруды қамтамасыз етуге тиіс.

6. Негізгі рульдік басқару орны айнала шолуды қамтамасыз етуге тиіс.

7. Кеме пайдалану жөніндегі нұсқаумен жабдықталуға, онда өрт және су басу қатеріне баса назар аударылуға тиіс.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 15-4-баппен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 15-4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



15-4-бап. Iшкi су көлiгi жолдарындағы iшкi су көлiгi кемелерiн, порттарды, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарды пайдалану кезіндегі қауiпсiздiк талаптары

1. Кеме қатынасы процесiне байланысты iшкi суда жүзетiн кемелер, iшкi су жолдарындағы порттар, жағалаудағы oбъектiлер және құрылыстар қауiптiлiгi жоғары аймақтар болып табылады және Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.

2. Iшкi суда жүзетiн кемелердi, iшкi су жолдарындағы порттарды, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарды пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиiс.

3. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелер және олардың тұрағына арналған базалар (құрылыстар) Шағын көлемді кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау жөніндегі қағиданың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

4. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалауды уәкілетті орган бастапқы, жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландырулар жүргізу арқылы, сондай-ақ арнайы және бақылап қарап-тексеруді жүргізу жолымен жүзеге асырады.

5. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану Шағын көлемді кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүзетін кемелердің кеме жүргізушілері кеме жүргізушілерді даярлау жөніндегі бағдарлама бойынша оқытылуы және олардың шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі болуы тиіс.

Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беруді, кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды тіркеуді уәкілетті орган Кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасына сәйкес жүзеге асырады.

 

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді



16-бап. Кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

1. Кемелерді сыныптауды және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін техникалық байқау мемлекеттік монополияға жатады және оны Кеме қатынасы тіркелімі жүзеге асырады.

2. Сыныптауға және техникалық байқауға олардың тиесілігіне қарамастан, ішкі су жолдарында пайдалануға арналған ішкі суларда жүзетін кемелер мен «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелер жатады, олар:



1) жолаушылар кемесі;

2) басты қозғалтқыштарының қуаты елу бес киловатт (жетпіс бес ат күші) және одан астам болатын жолаушыларға арналмаған ішкі суларда өздігінен жүзетін кемелер;

3) сыйымдылығы тіркелімдік сексен тонна өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін кемелер.

3. Кеме қатынасының тіркелімі кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тапсырысқа сәйкес кемелерді сыныптауды және куәландыруды жүзеге асыруға міндетті.



Бұл ретте кеме иесінің кінәсінен қайтадан куәландыру, кезектен тыс куәландыру, кемелерді жөндеуді, оларды жасау мен жаңғыртуды байқау кеме иесінің есебінен жүзеге асырылады.

 

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  17-бап өзгертілді



17-бап. Кемелерді пайдалану қауіпсіздігін бақылау және қадағалау

Ішкі су жолдарында ішкі суда жүзіп жүрген өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін кемелердің, ішкі су жолдарында пайдаланылатын жолаушылар, серуендік, спорттық және құйып тасымалдау кемелерінің, паромды өткелдер мен басқа да жүзу объектілерінің, оның ішінде шағын көлемді флоттық пайдаланылу қауіпсіздігін, олардың қозғалтқыштарының түріне, бас қозғалтқыштарының қуатына және мұндай кемелердің сыйымдылығына қарамастан, бақылауды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес ішкі су жолдарында кемелер, соның ішінде шағын көлемді кемелер ұшыраған көлік оқиғаларын тексеру, сыныптау және есепке алуды жүргізу;

2) кеме қатынасының су жолдарын және навигациялық жабдықтар құралдарын тиісінше күтіп ұстауды бақылау және қадағалау;

3) кемелердің (соның ішінде шағын көлемді кемелердің), салдардың және ішкі су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектілері мен құрылғыларының кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сай болуын қарап шығуды жүргізу;

4) кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сай келмейтін кемелерді (соның ішінде шағын көлемді кемелерді), салдарды және өзге де жүзу объектілерін ұстап алу;

5) кеме қатынасы қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жүктердің сақталуына қауіп төнген кезде кемелердің (соның ішінде шағын көлемді кемелердің), салдардың және өзге де жүзу объектілерінің қозғалысын тоқтата тұру және оған тыйым салу;

6) кеме иелерінің, кеме экипаждары мүшелерінің, ішкі су жолдарындағы кеме қатынасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасына сәйкес кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылау және қадағалау;

7) кемелерді (соның ішінде шағын көлемді кемелерді) мемлекеттік тіркеу және Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында сәйкес жүзеге асырылатын тиісті құжаттарды беру;

8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау қағидасына сәйкес жүргізілетін кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау. Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау әрбір үш жыл аяқталғанда жүргізіледі. Тиісті мамандық бойынша оқу орнын кезекті аттестаттау жылында аяқтаған, сондай-ақ сол жылы диплом беруден өткен адамдар аттестаттаудан босатылады;

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен кемелер экипаждары мүшелеріне диплом беру ережелеріне сәйкес жүргізілетін кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру. Диплом беруге тиісті білімі бар, аумақтық бөлімшеге мынадай құжаттарды:

еркін нысандағы өтінішті;

жеке куәлігін немесе паспортын;

жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім туралы құжатты (дипломды);

жүзу өтілін растайтын құжат;

медициналық комиссияның кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы қорытындысын табыс еткен адамдар жіберіледі.

Диплом беруді жүргізу туралы өтінішті уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі отыз күн ішінде қарайды.

Табыс етілген құжаттар кемелер экипаждарының мүшелеріне диплом беру ережелерінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл жөнінде құжаттар табыс етілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей құжаттарды табыс еткен адамға хабарлайды.

10) анықталған ішкі су көлігінің (соның ішінде шағын көлемді кемелердің) жұмыс істеуін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;

11) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын тасымалдаушының жасасуын бақылау және қадағалау;

13) жеке және заңды тұлғалардың ішкі су көлігі қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын бақылау;



14) шағын көлемді кемелерді және шағын көлемдi кемелерге арналған база-тұрақтарды техникалық қадағалауды жүргiзу;

15) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

16) шағын көлемді кемелерге мемлекеттік борттық нөмірлер беру;

17) тұрақты мекен-жайы өзгерген, тиесілігі (иесі) өзгерген, қайта жабдықтау салдарынан кеменің техникалық деректері өзгерген жағдайларда шағын көлемді кемелерді қайта тіркеуді жүргізу;

18) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды, оларды аттестаттауды ұйымдастыру;

19) шағын көлемді өздігінен жүзетін кемелерді басқару құқығына куәліктер беру;

20) шағын көлемді кемелерге арналған база-тұрақтарды мемлекеттік есепке алуды және оларды пайдалануға рұқсат беруді жүргізу;

21) тиісті мамандарды шағын көлемді көлік мәселелері жөніндегі сараптамаларға қатысуға тарту;

22) алкогольдік, есірткілік және уытты мас күйінде болған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін басқарудан шеттету және оларды медициналық куәландыруға жіберу;

23) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

24) паромды өткелдердi мемлекеттік тiркеудi жүргiзу арқылы жүзеге асырады.

 

2006.31.01. № 125-III  ҚР



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет