Ішкі тәртіп ережесі


Оқушылардың тәртібіне жалпы талаптар



бет4/4
Дата11.05.2024
өлшемі27.47 Kb.
#500884
түріСабақ
1   2   3   4
тәртіп, ережелер

Оқушылардың тәртібіне жалпы талаптар

1.Мектеп оқушылары үлкендерге сыйластықпен қарау қажет, педагогтарға «сіз» деп және толық аты мен әкесінің атын атауға міндетті.


2.Оқушылар үлкендерге, үлкен оқушылар кішілерге, ұлдар қыздарға жол берулері тиіс.
3.Оқушылар мектептен тыс өзін дұрыс ұстап, мектеп атына кір келтірмеулері қажет. 
4 Мектеп оқушылары сөйлеу мәдениетіне назар аударып, ана тілі тазалағын сақтаулары қажет.
5 Оқушылар мектеп мүлкін ұқыпты ұстап, өзінің мүлкімен қоса, өзгенің де мүлкіне ұқыптылықпен қараулары тиіс.
6.Оқушылар есіктерді қатты жаппай, ойнамай, ұқыпты қараулары жөн.
7. Оқушылар Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң түрде сақтаулары міндетті.
8. Мектеп бойынша кезекшілерге немесе мектеп қызметкерлері ескертулеріне дұрыс жауап беру керек, мектеп бойынша кезекші немесе мұғалімнің бірінші талабы бойынша тегі мен оқитын сыныбын айтулары қажет.
9. Үлкендермен сөйлескен кезде дөрекі мінез-құлық танытпай, қолын қалтада ұстамай, дұрыс сөйлеуі қажет.
10.Оқушылар мектеп мүлкін бұзғанға жауапты (соның ішінде ата-аналар арқылы материалдық жауапкершілікке тартылады)


Тәртіптік бұзушылықтар

Тәртіптік бұзушылықтар деп мектепте оқушылар Тәртіп ережелерін бұзу әрекеті есептеледі. 


Тәртіптің дөрекі бұзушылықтары деп ауыр жағдайға әкеліп соғатын нәтижесі есептеледі, олар:
- оқушылардың, қызметкерлердің немесе мектепке келген адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келген жағдайда;
- мектеп, оқушы, қызметкерлер және мектепке келген адамдардың мүлкіне зиян тигізген жағдайда;
- оқу үрдісін үзген жағдайда, мектеп жұмысының білім мекемесі ретінде шырқын бұзған жағдайда.


Мектеп мұғалімдеріне қойылатын талаптар
1. Мектепте де, мектептен тыс та моральдық норманы сақтап, тәртіп жағынан үлгі болу.
2. Жұмыстасыныпжетекшіболса да, болмаса да сабаққа 20 минут қалғанкездекелу.
3. Ереже мен нұсқаулықтарғасәйкесқарастырылғанқауіпсіздіктехникасыбойынша, өндірістіктазалықсақтаужәнеөрткеқарсықауіпсіздікталаптарынқатаңтүрдесақтау, жарақаттанғанкездежәнебасқа да жағдайларжайындажеделтүрдеәкімшіліккехабарлау. 
4. Вахтадаоқукабинетініңкілтінуақытындаалып, сабақаяқталғаннанкейінқайтарып беру.
5. кнделік.кз порталын уақытылы толтырып отыру.
6. Сабақты қоңыраумен бастап, қоңыраумен аяқтау, оқу уақытын дұрыс пайдалану. 
7. Бүкіл оқу жылына күнтізбелік-тақырыптық жоспар, онда өткізілетін күні мен сабағы көрсетілуі тиіс, оқу күні кестесі бойынша әрбір сабаққа, сонымен қоса арнайы курсқа және сынып сағаттарына күнделікті сабақ жоспары болуы тиіс
8. Мұғалімдерге және оқушыларға арналған жоспар бойынша барлық шараларға сабақ кестесіне қарамастан қатысу.
9. Мектеп директоры орынбасарларының бұйрықтарын нақты және мерзімінде орындау.
10. Мектеп директорының барлық бұйрықтарын орындау, бұйрықпен келіспеген жағдайда еңбек дауы бойынша комиссиясына арыз беру.
11. Ауырып қалған жағдайда мұғалім әкімшілікті оқу күні басталмай жатып ескерту, емделіп болғаннан кейін оқу күні аяқталмай, жұмысқа шығатын күннен бұрын ескерту, жұмысқа бірінші күні шыға сала, уақытша жұмысқа қабілетсіз екендігі жайында қағаз көрсету.
12. Сынып жетекші оқушыларды қарсы алу керек, оқу үрдісіне дайындықты өткізу (гардеробта кезекшілік ету, сабақ кестесінде өзгертулерді нақтылау, болмаған оқушыларды және олар не үшін болмағаны жайында анықтау).
13. Сынып жетекші тәрбие жұмысы жоспары мен кестеге сәйкес тәрбие іс-шарасын және сынып сағаттарын өткізу.
14. Тәрбие жұмысы жоспары бүкіл оқу жылына бір рет құрастырылады.
15. Сынып жетекші тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес сыныптан тыс тәрбиелік жұмысты атқарады, сонымен қатар оқу жылында төрт рет сынып сағаттарын өткізеді.
16. Сабақ сайын электрондық журнал ЭОЖ-ны толтыру, оқушыларға баға қою
17. Мұғалім киім формасы мектеп жарғысында көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс.
18. Жұмыс орнын, жиһазын, жабдықтар мен құралдарды таза әрі ұқыпты ұстау, мектеп мекемесінде тазалықты сақтау.
Педагогикалық және мектептің басқа да қызметкерлеріне тыйым салынады:
1. Жұмыс кестесі мен сабақ кестесін өз қарауымен өзгертуге.
2. Сабақ ұзақтылығын және олардың арасындағы үзіліс қоңырауын қысқартып, ұзартып немесе сабақ болдырмауына.
3. Оқушыны сабақтан шығаруға.
4. Мектеп ұжымы мүшелерін және оқушыларды қорлауға.
5. Сабақтарда бөтен тұлғалардың қатысуына.
6. Сабақ кезінде әлдебір себептермен кабинеттен шығып кетуге.
7. Мектепмекемесіндетемекітартуға.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет