Ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алу және сату
тәртібі туралы
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57-ІІІ Заңының 17-бабына (2009 жылғы 22 маусымдағы жағдай бойынша редакцияда), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырудың ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысына (2009 жылғы 24 тамыздағы жағдай бойынша редакцияда) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысына сәйкес ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алудың және сатудың мынадай тәртібі белгіленді.
-
Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатып алу және сатуды резиденттер мен резидент еместер шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті банктерден және уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы ғана жүргізеді (жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен операциялары үшін).
-
Резиденттер мен резидент еместер мақсаттары бойынша және валюта шартын және (немесе) шетел валютасын сатып алу мен сату операцияларын жжүргізуді орындауда өзге құжаттар ұсынбастан ішкі валюта нарығында шетел валютасын шектеусіз сатып алуға және сатуға құқылы.
-
Резидент – жеке тұлғалар мен резидент еместер баламасы 10 (он) мың АҚШ долларынан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алғанда немесе сатқанда жеке басын куәландыратын құжат көрсетуі тиіс.
-
Резидент – заңды тұлғалар уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдарды қоспағанда, уәкілетті банктер арқылы шетел валютасын сатып алуға өтініш ресімдегенде шетел валютасын сатып алудың мақсатын көрсетеді.
-
Резидент емес – заңды тұлғалар уәкілетті банк арқылы ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алуға немесе сатуға өтінім ресімдегенде шетел валютасын сатып алудың немесе сатудың мақсатын көрсетеді.
-
Заңды тұлғалардың сатып алған шетелдік валютасы өтінімде көрсетілгеннен өзге мақсатқа пайдаланылуы мүмкін.
Шетел валютасын сатып алу мен сату мақсатын көрсетудің статистикалық сипаты ғана бар және заңды тұлғалардың заңнамамен тыйым салынбаған басқа мақсаттарға пайдалануларын шектемейді.
Ішкі валюта нарығындағы ахуалға статистикалық мониторингті жүзеге асыру мақсатында уәкілетті банкке сатып алуға (резиденттер мен резидент еместер үшін) және сатуға (резидент еместер үшін) өтініш ресімдеуде заңды тұлғалардың пайдаланулары мүмкін болатын мақсаттардың мынадай тізбесі ұсынылады:
-
-
Тауарлар мен қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асыру;
| -
заемдарды ұсыну/беру;
| -
алынған заемдар бойынша міндеттемелер орындау;
| -
бағалы қағаздармен операциялар бойынша есеп айырысу жүргізу;
| -
әрмен қарай айырбас операцияларын жүргізу;
| -
3 айдан астам мерзімге мерзімді салымдар орналастыру;
| -
өзге мақсаттар.
|
Егер валюта бірнеше мақсат үшін сатып алынған жағдайда өтініш ресімдегенде таңдалған мақсатқа сәйкес өтініш сомасының бөлінуі анық көрсетіледі, не бір басым мақсат көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |