«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы»



бет1/3
Дата16.06.2016
өлшемі213.5 Kb.
#138674
  1   2   3
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 108 қаулысы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап мыналардың:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № 554 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1748 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2002 жылғы 28 қаңтар - 10 ақпанда жарияланған);

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1748 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № 554 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 109 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2277 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2003 жылғы 19 мамыр - 1 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.

 

Ұлттық Банк

Төрағасы А. Сәйденов
Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2005 жылғы 15 қыркүйектегі

108 қаулысымен



Бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру,

айналысқа шығару және өтеу ережесі
Осы Ереже «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын (бұдан әрі - қысқа мерзімді ноталар) шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу тәртібін айқындайды.
1-тарау. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар

 

1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:



1) аукцион - ең жоғары дисконтталған бағадан бастап және аукционный жарияланған талаптары шегінде кесімді бағамен аяқталатын (бағалардың көптігін қанағаттандыратын) Бастапқы агенттердің өтінімдерінде көрсетілген дисконтталған бағалар бойынша тиісті шығарылымның қысқа мерзімді ноталарын орналастыру;

2) Бастапқы агент - нақтылы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға қолданылып жүрген лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі - Ұлттық Банк) қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау тәртібі туралы шарт жасасқан бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

3) дисконтталған баға - номиналдық құнынан төмен баға;

4) кесімді баға - өтінімдерді қанағаттандыру тоқтатылатын ең төменгі дисконтталған баға;

5) қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеу - Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың қайталама нарығында қысқа мерзімді ноталарды өтеу мерзімі аяқталғанға дейін күні, саны және өтеу бағасы бойынша Бастапқы агентпен алдын ала келісілген толық немесе ішінара айналыстан шығаруы;

6) қысқа мерзімді ноталарды сатып алу - Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың қайталама нарығында қысқа мерзімді ноталарды өтеу мерзімі өткенге дейін күні, саны және сатып алу бағасы бойынша олардың бұдан әрі айналыста болу мүмкіндігімен Бастапқы агентпен алдын ала келісілген сатып алуы;

7) қысқа мерзімді ноталарды шығару және орналастыру талаптары-ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес Ұлттық Банк айқындайтын және жариялайтын және орналастыру күні, айналысқа шығару мерзімі, өтеу күні, орналастыру көлемі, өтінімдерді қанағаттандыру жөніндегі шектеулер, төлем жасау күні, орналастыру нысаны кіретін қысқа мерзімді ноталарды шығару мен орналастырудың негізгі талаптары;

8) орташа алынған дисконтталған баға - кесімді баға бойынша аукционда қалыптасқан қысқа мерзімді ноталардың жалпы көлеміне қарай алынған орташа дисконтталған баға;

9) Уәкілетті бөлімше - қысқа мерзімді ноталарды орналастыруды және бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыруға жауапты Ұлттық Банктің бөлімшесі;

10) Ұлттық Банктің басшылығы - Ұлттық Банктің Төрағасы және/немесе Ұлттық Банк Төрағасының Уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары.

 

2-тарау. Жалпы ережелер



 

9. Қысқа мерзімді нота эмиссиялық мемлекеттік дисконтталған құжаттамасыз бағалы қағаз болып табылады, оны, осы Ереженің 7-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда,Ұлттық Банк дисконтталған баға бойынша орналастырады, номиналдық құны бойынша өтейді.

10. Қысқа мерзімді ноталар Ұлттық Банктің қаржы нарығында сыйақы ставкаларын реттеуге арналған ақша-кредит саясатының құралы болып табылады.

11. Қысқа мерзімді нотаның номиналдық құны 100 теңге болады.

12. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қысқа мерзімді ноталардың әрбір шығарылымына ұлттық бірегейлендіру номерін белгілейді.

13. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру үлгі нысаны осы Ереженің 1-қосымшасымен белгіленген Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарымен операцияларды жасау тәртібі туралы шарттың негізінде Бастапқы агенттер арқылы орналастырылады.

14. ҚР ҰБ Төрағасының 2008 ж. 22 қыркүйектегі № 73 Қаулысымен  алып тасталды

15. Қысқа мерзімді ноталар бойынша сыйақы ставкасы қысқа мерзімді ноталардың дисконтталған бағасына номиналдық құн мен дисконтталған баға арасындағы айырмашылықтар қатынасын білдіреді, осы Ереженің 2-тармағына сәйкес формула бойынша қысқа мерзімді ноталардың сыйақы ставкаларын есептеу тәртібіне сәйкес пайызбен көрсетіледі және айқындалады.

16. Қысқа мерзімді ноталарды шығаруға және операциялар жасауға салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.



 

3-тарау. Қысқа мерзімді ноталарды



орналастыру тәртібі

 

17. Ұлттық Банк қысқа мерзімді ноталарды мынадай нысандарда:

1) аукцион;

2) қысқа мерзімді ноталарды Бастапқы агенттермен келісілген дисконтталған баға бойынша сату (бұдан әрі - сату);

3) Ұлттық Банк белгілеген баға бойынша жазылым (бұдан әрі - жазылым) арқылы орналастырады.

18. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыруға байланысты ақпарат Ұлттық Банк анықтайтын деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы беріледі.

19. Деректерді берудің электрондық жүйесі бойынша берілетін электрондық хабарлар Ұлттық Банк пайдаланатын бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесінің көмегімен шифрланады.

20. Техникалық себептерге байланысты деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы хабар беру мүмкін болмаған жағдайда осы хабарды қағазбен беруге рұқсат етіледі.

21. Ұлттық Банк тиісті шығарылымдағы қысқа мерзімді ноталардың аукционын өткізерден бұрын бір жұмыс күнінен кешіктірмей Бастапқы агенттерге және  орталық депозитарийге  аукцион өткізу шарттарын хабарлайды.

22. Бастапқы агенттер қысқа мерзімді ноталар аукционы өтетін күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден сағат 11.30-ге дейін осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алуға арналған өтінімдерді уәкілетті бөлімшеге тапсырады.

23. Бастапқы агенттер қысқа мерзімді ноталарды сатып алуға бәсекелес және бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімдер бере алады.

24. Бәсекелес ұсыныстары бар өтінімде қысқа мерзімді ноталардың саны, бір нотаның шамамен дисконтталған бағасы, номиналдық құны және дисконтталған бағасы бойынша сатып алудың жалпы көлемі көрсетіледі.

25. Бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімде Бастапқы агенттер аукционда қалыптасқан орташа алынған дисконтталған баға бойынша сатып алуға дайын қысқа мерзімді ноталардың жалпы саны ғана көрсетіледі.

26. Аукционды өткізген кезде бірінші кезекте аукционда қалыптасқан орташа алынған баға бойынша аукционның жарияланған талаптары шегінде бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімдер, ал содан кейін бәсекелес ұсыныстары бар өтінімдер қанағаттандырылады.

27. Уәкілетті бөлімше осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталары аукционының жиынтық ведомосына қысқа мерзімді ноталарды сатып алуға Астана қаласының уақытымен сағат 11.30-ге өтініш береді.

28. Ұлттық Банктің басшылығы Астана қаласының уақыты бойынша 11.00-ден 12.00-ге дейін аукцион туралы алынған деректер негізінде баға жағдайлары, аукционда қысқа мерзімді ноталарды сатып алуға өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы және қосымша орналастыруды жүргізудің қажеттілігі туралы жедел шешім қабылдайды және осы шешімді оны орындағанға дейін уәкілетті бөлімшенің басшысына хабарлайды.

29. Ұлттық Банк аукцион өткізілетін күні қысқа мерзімді ноталар аукционының жарияланған талаптарын Бастапқы агенттердің немесе инвесторлардың қысқа мерзімді ноталарды сатып алуын шектеуді, резидент еместердің қатысуын және бәсекелес емес шұғыл қанағаттандыруды өзгертуге құқылы.

30. Уәкілетті бөлімше баға жағдайлары және өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешімдер негізінде қысқа мерзімді ноталарды орналастыруды жүзеге асырады және Бастапқы агентке осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қысқа мерзімді ноталардың қанағаттандырылған көлемі туралы хабарлайды.

31. Ұлттық Банк өз бетінше бәсекелес емес ұсыныстармен өтінімдерді қанағаттандыру үлесін, сондай-ақ қаржы нарығы конъюнктурасын негізге ала отырып, аукционның талаптары жарияланған кезде Бастапқы агенттерге және резидент еместерге қысқа мерзімді ноталарды сату көлемінің үлесін айқындайды.

32. Ұлттық Банк олар жүргізіп отырған ақша-кредит саясатының бағыттарына және қаржы нарығының конъюнктурасына сәйкес қысқа мерзімді ноталарды шығару және орналастырудың белгіленген шарттарының көлемінен төмен не жоғары мөлшерде жүзеге асыруға құқылы.

33. Ұлттық Банк осы шығарылымның аукционында (бұдан әрі - қосымша орналастыру) қалыптасқан орташа алынған дисконтталған баға бойынша тиісті шығарылымның қысқа мерзімді ноталарының қосымша көлемін орналастыруды жүргізуге құқылы.

34. Қысқа мерзімді ноталарды қосымша орналастыру туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті бөлімше аукцион өткізген күні Астана қаласының уақытымен сағат 12.00-ге дейін Бастапқы агентке тиісті шығарылымның қысқа мерзімді ноталарын қосымша орналастыруды жүргізу шарттарын хабарлайды.

35. Қысқа мерзімді ноталарды қосымша орналастыруға өтінім қосымша орналастыру жүргізу талаптарында көрсетілген уақыт басталғанға дейін қабылданады.

36. Түскен өтінімдер Ереженің 6-қосымшасындағы нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын қосымша орналастырудың жиынтық ведомосына жинақталады. Уәкілетті бөлімшенің басшысы жинақ ведомосына қол қояды және осы қосымша орналастыруды Ұлттық Банктің басшылығына хабарлайды.

37. Қосымша орналастырудың алынған деректері негізінде Ұлттық Банктің басшылығы қысқа мерзімді ноталарды қосымша орналастырудың қабылданған өтінімдердің көлемін қанағаттандыру жөніндегі шешімді қабылдайды және осы шешімді уәкілетті бөлімшенің басшысына одан әрі орындау үшін хабарлайды. Уәкілетті бөлімше осы шешім негізінде қысқа мерзімді ноталарды қосымша орналастыруды жүргізеді. Қосымша орналастырған кезде өтінімдерді қанағаттандыру кезінде олардың Ұлттық Банкке нақты түскен уақытына басымдық беріледі.

38. Уәкілетті бөлімше қосымша орналастыруды аяқтағаннан кейін Бастапқы агенттерге осы Ереженің 5-қосымшасындағы нысан бойынша қысқа мерзімді ноталарды сатып алу өтінімдерінің көлемін қанағаттандыру жөнінде хабарлама береді.

39. Бастапқы агенттермен келісілген дисконтталған бағалар бойынша қысқа мерзімді ноталарды сату нысанында қысқа мерзімді ноталарды орналастыру жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті бөлімше сату жүргізілген күні Ұлттық Банктің басшылығымен айқындалған бағалары шегінде дисконтталған бағалар мен көлемді олармен келіскеннен кейін тиісті шығарылымның қысқа мерзімді ноталарын сату жағдайын Астана уақытымен 12.00-ге дейін оларға хабарлайды.

40. Қысқа мерзімді ноталарды сатып алуға өтінім сату жүргізілетін талаптарда көрсетілген уақыт басталғанға дейін қабылданады.

41. Түскен өтінімдер Ереженің 6-қосымшасындағы нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сату жиынтық ведомосына жинақталады. Уәкілетті бөлімшенің басшысы жинақ ведомосына қол қояды және осы сатуды Ұлттық Банктің басшылығына хабарлайды.

42. Сату туралы алынған деректері негізінде Ұлттық Банктің басшылығы қысқа мерзімді ноталарды сатудың қабылданған өтінімдердің көлемін қанағаттандыру жөніндегі шешімді қабылдайды және осы шешімді уәкілетті бөлімшенің басшысына одан әрі орындау үшін хабарлайды. Уәкілетті бөлімше осы шешім негізінде қысқа мерзімді ноталарды орналастыруды жүргізеді.

43. Уәкілетті бөлімше сату аяқтағаннан кейін Бастапқы агенттерге осы Ереженің 5-қосымшасындағы нысан бойынша қысқа мерзімді ноталарды сатып алу өтінімдерінің көлемін қанағаттандыру жөнінде хабарлама береді.

44. Ұлттық Банк белгілеген баға бойынша жазылу нысанында қысқа мерзімді ноталарды орналастыруды жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті бөлімше жазылу жүргізілген күні Астана қаласының уақыты бойынша 12.00 сағатқа дейін Бастапқы агенттерге тиісті шығарылымның қысқа мерзімді ноталарына жазылуды жүргізу шарттарын хабарлайды.

45. Ұлттық Банк белгілеген баға бойынша жазылу нысанында қысқа мерзімді ноталарды орналастыруды жүргізуге арналған бағаны Ұлттық Банктің басшылығы белгілейді және одан әрі орындау үшін уәкілетті бөлімшенің басшысына хабарлайды.

46. Қысқа мерзімді ноталарды сатып алуға арналған өтінімдер жазылуды жүргізу шарттарында көрсетілген уақыт басталғанға дейін қабылданады.

47. Келіп түскен өтінімдер осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарына жазылудың жиынтық ведомосына жинақталады. Уәкілетті бөлімшенің басшысы жиынтық ведомосқа қол қояды және жазылу деректерін Ұлттық Банктің басшылығына хабарлайды.

48. Алынған жазылу туралы деректер негізінде Ұлттық Банктің басшылығы қысқа мерзімді ноталарға жазылу үшін қабылданған өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешім қабылдайды және бұл туралы уәкілетті бөлімшенің басшысына одан әрі орындау үшін хабарлайды. Уәкілетті бөлімше осы шешім негізінде қысқа мерзімді ноталарды орналастыруды жүргізеді. Жазылу кезінде өтінімдер қанағаттандырылған жағдайда олардың Ұлттық Банкке нақты келіп түскен уақыты ескеріледі.

49. Уәкілетті бөлімше жазылу аяқталғаннан кейін осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бастапқы агенттерге қысқа мерзімді ноталардың қанағаттандырылған көлемі туралы хабарлама береді.

50. Тиісті шығарылымның қысқа мерзімді ноталарын орналастырудың жиынтық көлемі уәкілетті бөлімшенің басшысының өкімімен бекітіледі.

51. Тиісті шығарылымның қысқа мерзімді ноталарын орналастыру толық аяқталғаннан кейін Ұлттық Банк Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кейін орталық депозитарий және Бастапқы агенттерге орналастыру нәтижелерін жібереді.

52. Қысқа мерзімді ноталардың әрбір шығарылымына осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталары шығарылымның бас сертификаты ресімделеді.

53. Шамалы көлем және ақша-кредит саясатын орындау үшін жеткіліксіз, қанағаттандырылмаған баға шарттары болған жағдайда Ұлттық Банк қысқа мерзімді орналастыруды жүргізілмеген деп жариялауға құқылы. Жүргізілмеген деп жариялау уәкілетті бөлімше басшысының өкімімен бекітіледі.
4-тарау. Қысқа мерзімді ноталар үшін ақы төлеу
54. Шығарылым шарттарымен Ұлттық Банк белгілеген ақы төлеу және қысқа мерзімді ноталарды орналастыру күні уәкілетті бөлімше және Бастапқы агенттер тиісті шығарылымның қысқа мерзімді ноталарын орналастыру нәтижесін алғаннан кейін бір сағат ішінде, бірақ Астана қаласының уақыт бойынша 19.00 сағаттан кешіктірмей орталық депозитарийдің Ережелер жиынтығына сәйкес тиісті бұйрықтарды орталық депозитарийге береді.

55. Сол күні, Ұлттық Банктен және Бастапқы агенттерден бұйрықтар түсуіне қарай орталық депозитарийде салыстырып тексеру жүргізіледі және салыстырып тексеру нәтижесі бойынша Бастапқы агенттің банкаралық ақша аудару жүйесіндегі позициясынан (бұдан әрі - Бастапқы агенттің позициясы) ақшаны есептен шығаруға және оларды орталық депозитарийдің банкаралық ақша аудару жүйесіндегі позициясына (бұдан әрі - орталық депозитарийдің позициясы) есепке алуға төлем тапсырмасы қалыптастырылады және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан беріледі.

56. Ұлттық Банк және Бастапқы агенттер Орталық депозитарийге ұсынған бұйрықтар сәйкес келмеген жағдайда Орталық депозитарий Орталыққа тек бұйрықтардың сәйкес келетін тармақтары Бастапқы агенттің позициясынан бойынша ғана ақшаны есептен шығаруға және оларды Орталық депозитарийдің позициясына есепке алуға төлем тапсырмасын береді.

57. Орталық Бастапқы агенттің позициясындағы қолма-қол ақшаны төлем тапсырмасындағы көрсетілген ақша сомасымен салыстырып тексереді. Бастапқы агенттің позициясындағы ақша жетпеген жағдайда Орталық Бастапқы агенттің позициясынан Орталық депозитарийдің позициясына ақша аударуды жүзеге асырады. Орталық депозитарийде оның позициясына ақша есепке алынғаннан кейін он бес минут ішінде Ұлттық Банктің банкаралық ақша аудару жүйесіндегі позициясына ақша аудару туралы төлем тапсырмасы қалыптастырылады және Орталыққа жіберіледі.

58. Бастапқы агенттің позициясында ақша жетпеген жағдайда Орталық депозитарий Ұлттық Банкке және Бастапқы агентке Орталықтан алынған ақшаның жетпейтіні туралы хабарлама негізінде тапсырманың орындалмағаны туралы хабарлама жібереді.

59. Орталықтан алынған Ұлттық Банк позициясына ақша есептеу туралы хабарламаның негізінде Орталық депозитарий қысқа мерзімді ноталарды Бастапқы агенттің жеке шотына есептейді.

60. Бастапқы агенттің жеке шотына қысқа мерзімді ноталарды есептегеннен кейін Орталық депозитарий Ұлттық Банкке және Бастапқы агентке бұйрықтың орындалғаны жөнінде хабарлама жібереді.

61. Бастапқы агент және Ұлттық Банк бұйрықтың орындалмағаны туралы хабарлама алған жағдайда Бастапқы агент пен Ұлттық Банк бұйрықты орындамауға негіз болған себептерді жойып, Орталық депозитарийге бұйрықты қайтадан жіберуге құқылы.

62. Орталық депозитарийден бұйрықтың орындалғаны жөнінде хабарлама алғаннан кейін Бастапқы агенттер инвесторға Бастапқы агент инвестормен жасалған шартта өзгеше көзделмесе, қысқа мерзімді ноталарға оның меншік құқығын растайтын қағазға шығарылған куәлікті береді.
5-тарау. Қысқа мерзімді ноталар айналысы
63. Қысқа мерзімді ноталар айналысы қысқа мерзімді ноталарды шығару және орналастыру талаптарына сәйкес Ұлттық Банк белгілеген ақы төлеу күнінен басталады.

64. Қысқа мерзімді ноталар айналысы Ұлттық Банк қысқа мерзімді ноталар шығарудың Бас сертификатында көрсетілген өтеу күнінен бір жұмыс күні бұрын аяқталады.

65. Қысқа мерзімді ноталарды және олар бойынша құқықтарды есепке алу Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын орталық депозитарий депоненттерінің жеке шоттары бойынша және депоненттердің жеке шоттарында ашылған инвесторлардың дербес қосалқы шоттарында жүзеге асырылады. Орталық депозитарий бастапқы нарықта қысқа мерзімді ноталар бойынша орналастыру кезінде, қайталама нарықта қысқа мерзімді ноталар айналысы және өтеу кезінде есеп айырысуды жүзеге асыру үшін жасалатын төлем агенті функцияларын жүзеге асырады.

66. Қысқа мерзімді ноталармен операциялар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және Ұлттық Банк қысқа мерзімді ноталар шығарудың Бас сертификатында көрсетілген өтеу күнінен бір жұмыс күні бұрын тоқтатылады.



 

6-тарау. Қысқа мерзімді ноталарды өтеу тәртібі


67. Орталық депозитарий қысқа мерзімді ноталарды өтеу күнінің алдындағы жұмыс күні Астана қаласы уақытымен 17:00 сағаттан кешіктірмей қысқа мерзімді ноталарды өтеуден ақша алуға құқығы бар қысқа мерзімді ноталарды ұстаушылардың тізімін қалыптастырады және белгілейді.

68. Орталық Депозитарий қысқа мерзімді ноталарды өтеу күнінің алдындағы жұмыс күні Астана қаласы уақытымен 17:30 сағаттан кешіктірмей қысқа мерзімді ноталар саны, тиісті шығарылымды өтеу кезінде төленуге жататын сома көрсетілген қысқа мерзімді ноталардың тиісті шығарылымының алда тұрған өтелуі туралы мәліметті және Орталық Депозитарийдің деректемелерін уәкілетті бөлімшеге береді.

69. Ұлттық Банк қысқа мерзімді ноталарды өтеу күні Астана қаласы уақытымен 11:00 сағатқа дейін алда болатын өтеу туралы мәліметтерге сәйкес Орталық депозитарийдің позициясына ақша аударуды жүзеге асырады.

70. Орталық депозитарий депоненттердің позициясына қысқа мерзімді ноталарды өтеуге ақша аударуды Астана қаласы уақытымен 12:00 сағатқа дейін өтеу күнгі олардың номиналдық құны бойынша жүзеге асырады.

71. Орталық депозитарий қысқа мерзімді ноталарды өтеуге ақша аударуды жүзеге асырғаннан кейін депоненттердің жеке шоттарынан қысқа мерзімді ноталарды есептен шығаруды (өтеуді) жүзеге асырады.

72. Қысқа мерзімді ноталарды өтегеннен кейін жасалған өтеу туралы хабарлама сол күні Ұлттық Банкке жіберіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет