Іске асыруды 2014 жылы бастау жоспарланып отырған жобалар шеңберінде Қазақстан Республикасы тартатын сыртқы қарыздар жөнінде ақпарат



Дата27.02.2016
өлшемі47.5 Kb.
#27876
Іске асыруды 2014 жылы бастау жоспарланып отырған жобалар шеңберінде Қазақстан Республикасы тартатын сыртқы қарыздар жөнінде ақпарат



  1. Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ Дәліз 2 Инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау облысындағы учаскелер] – 2-жоба).

Қарыз туралы келісімге Астана қаласында 2013 жылы 18 маусымда қол қойылды.

Қарыз туралы келісім «Бейнеу-Ақтау» автомобиль жолы шеңберінде «Шетпе-Ақтау» учаскесін шамамен 170 км реконструкциялауға 371,3 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қарыз беруді көздейді.

«Бейнеу-Ақтау» автожолын реконструкциялау республика және Маңғыстау облысының аумағы арқылы халықаралық көлік ағынын тартуға мүмкіндік береді, ол сауданы, өңірдің қызмет көрсету саласын дамытуға, халықтың жұмыспен қамтылуын және әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін болады және сонымен қатар өңірдің де, тұтастай алғанда республиканың экономикасына оң әсерін тигізеді.

371,3 млн. АҚШ доллары сомасындағы қарыз Қазақстан Республикасына 5 жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 20 жыл өтеу мерзімімен беріледі. Пайыздық мөлшерлеме пайызды әрбір есептеу кезеңіне LIBOR+0,4 % тең. Міндеттеме үшін комиссия жылына 0,15 % мөлшерлеме бойынша алынады.

Жоба мынадай құрауыштарды қамтиды:

1. құрылыс жұмыстары;

2. құрылысты қадағалау жөніндегі консультациялық қызметтер.

Жоба бойынша атқарушы агенттік Қазақтан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

Жобаны аяқтау күні – 2017 жылғы 30 сәуір.


  1. Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 3 Дәліз жолын реконструкциялау жобасы [«Шымкент – Ташкент» жол учаскесі] [«Батыс Еуропа – Батыс Қытай Халық Республикасы» халықаралық транзит дәлізіне кіреберіс]).

Қарыз туралы келісімге Астана қаласында 2013 жылы 28 мамырда қол қойылды.

Қарыз туралы келісім «Шымкент-Ташкент» автомобиль жолының 705 км ден 742 км дейінгі 36,7 км учаскесін реконструкциялауға Азия Даму Банкінің 125 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қарыз беруді көздейді.

«Шымкент – Ташкент» жолының учаскесін реконструкциялау жобасы (бұдан әрі – жоба) «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі жобасының бір бөлігі болып табылады, оны іске асыру елдің көліктік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді, халықаралық дәліздің қазақстандық бөлігі бойынша қозғалыс қарқынын айтарлықтай арттырады және тиісінше транзиттік жүктердің жүк айналымын ұлғайтуға ықпал етеді, бұл Қазақстан Республикасының барлық деңгейлердегі бюджеттерінің кіріс бөлігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

125 млн. АҚШ доллары сомасындағы қарызы Қазақстан Республикасына Азия Даму Банкінің жай күрделі ресурстарынан (ЖКР) беріліп отыр. Қарызды өтеу мерзімі 4 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда, 16 жыл. Пайыздық мөлшерлеме LIBOR+0.60%-дан пайызды есептеудің әрбір кезеңіне 0.20% кредиттің шегеріліміне тең. Міндеттеме үшін комиссия жылдық 0.15 % мөлшерлемесі бойынша алынады.

Жоба мынадай құрауыштарды қамтиды:

- құрылыс жұмыстары;

- құрылысты қадағалау және жобаны басқару бойынша консультациялық қызметтер;

Жоба бойынша атқарушы агенттік Қазақтан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.



Жобаны аяқтау күні – 2015 жылғы 31 желтоқсан.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет