Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына қосылуы туралы



Дата07.07.2016
өлшемі129.49 Kb.
#183011
Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына қосылуы туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 31 қазандағы N 182



Қазақстан Республикасы 1966 жылғы 17 қазанда қабылданған

Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына қосылсын.
Қазақстан Республикасының

Президентi


Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының

(ХАҚҰ)


Жарғысы
Кiрiспе
      Ұйымды әзiрлеу және жетiлдiру, бейбiтшiлiк уақытта немесе жанжал

жағдайында қару-жарақ пайдалануымен туылған апаттар зардаптарының

алдын алу және қысқарту тәсiлдерi мен әдiстерiн дүниежүзiлiк ауқымда

интенсивтендiру және үйлестiру мақсатында келiсiп отырған мемлекеттер

келесi Жарғыны қабылдайды:
I бөлiм - Ұйым мекемесi
1-бап
Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (мұнан былай "Ұйым" деп

аталатын) Жарғыға сәйкес құрылады.


II бөлiм - Қызметтерi
2-бап
Ұйымның қызметтерi болып табылады:
а) тұрғындар мен мүлiктердi құтқару мiндеттерi жүктелген ұйымдар

арасында тығыз ынтымақтастық орнату және ұстау;


      б) Азаматтық қорғаныс ұйымдары жоқ елдерде осындай ұйымдарды құруға және ұлғайтуға көмектесу және де елдердiң өтiнiшi бойынша тұрғындар мен мүлiктердi қорғау жөнiндегi ұйымдарды құруға және ұлғайтуға көмек беру;

      в) мамандандырылған мекемелермен, мемлекеттiк қызметтермен, кәсiптiк топтармен және осыған қолайлы деп саналған басқа да ұйымдармен нәтижелi ынтымақтастықты белгiлеу және қолдау;

      г) тұрғындар мен мүлiктi қорғау және құтқару саласындағы әр елдер арасында ақпаратпен, тәжiрибемен, қызметкерлер және эксперттермен алмасуды қолдау және қамтамасыз ету;

      д) мүшелi-мемлекеттердiң өтiнiшi бойынша, ұйымдар жоспарларын берумен қоса, қажеттiлiгiне байланысты нұсқаушылармен, эксперттермен, жабдықтар және заттармен қажеттi техникалық көмек көрсету;

      е) құжаттар орталықтарын, жабдықтарды дайындауды, ғылыми-зерттеу және басқа да орталықтарды қосқанда, қажет болып қалатын техникалық қызметтерiн құру және қолдау;

      ж) селдерден, жер сiлкiнiстерiнен, қар көшкiндерiнен, iрi өрттерден, дауылдардан, бөгеттердiң бұзылған және басқа да күйзелiстер және де сумен ауаның ластануы немесе әскери әрекеттердi жүргiзудi қазiргi заман тәсiлдерiн пайдалану жөнiнде тұрғындарға қауiп-қатер төнген жағдайда Ұйымның қорғаныс және iс-әрекеттер принциптерi саласында мәселелерi бойынша хабарларды жинау және беру;

      з) тұрғындар мен мүлiктердi қорғау және құтқару мәселелерi жөнiнде есеп беру, зерттеулердi, ғылыми жұмыстар мен арнайы құжаттарды жинау және беру;

      и) "ж" пунктiнде ескерiлген қауiп-қатер жағдайында операцияларын iске асыру кезiнде пайдаланатын қазiргi кездегi жабдықтар мен заттар жөнiнде ақпараттарды жинау және беру;

      к) апат жағдайында алдын алудың, қорғаудың және белсендi кiрiсудiң өмiрлiк қажеттi екендiгi туралы тұрғындар арасында қоғамдық салалы пiкiр қалыптасуында мүшелi-мемлекеттерге көмектесу;

      л) апаттар әкелген залал шараларға байланысты жиналған бiлiм және тәжiрибемен алмасуға қатысу және зерттеу;

      м) iрi апат жағдайында көмек көрсететiн ұйымдар мен топтар, әр

түрлi құтқару ұйымдары мен топтарының күштерiн интенсивтендiру;


н) мүшелi-мемлекеттердi тарту және iрi апаттар жағдайында көмек

көрсету операцияларына қатысу үшiн ұйтқы болу;


о) құтқару мен қорғау жөнiнде ұйымдар үшiн персоналдарды оқыту,

дайындау және жабдықтау мәселелерi жөнiндегi бiлiктердi оқу және

тарату;
п) ғылыми зерттеулерге тұрғындар мен мүлiктердi қорғау және

құтқару мәселелерi жөнiндегi ақпарат, зерттеу жарияланым және басқа

қандай болмасын сәйкес тәсiлдердi пайдалана отырып көмектесу.
III бөлiм - Ұйымның мүшелерi
3-бап
Ұйым мүшелiгiне қабылдау барлық мемлекеттер үшiн ашық.
4-бап
Олардың Конституциялық процедурасына сәйкес Жарғыға қол қою

жолымен, мемлекеттер Ұйым мүшесi бола алады.


5-бап
      Ұйым мүшесiне өзiнiң ұйымдарға қарасты қаржы мiндеттерiн немесе осы Жарғымен ескерiлген басқа да қандай болмасын мiндеттерiн орындамаған жағдайда, Бас Ассамблея өзiнiң қаржы немесе басқа да мiндеттерiн орындамағанынша оған Ұйым мүшелiгi ретiнде берiлген

құқықтар мен артықшылықтарынан уақытша айырылуы туралы қарар қабылдай

алады.
6-бап
Қай болмасын Ұйым мүшесi, Бас хатшының атына он екi ай бұрын

жазбаша түрде ескерту берiп, оның барлық Ұйым мүшелерiне өзiнiң

осындай ескерту алғаны туралы тез арада хабарлаған кезде, Ұйым

мүшелiгi құрамынан шығып кете алады.


IV бөлiм - Органдары
7-бап
Ұйым жұмыстары орындалады:
а) Бас Ассамблеямен (мұнан былай "Ассамблея" деп аталатын)
б) Атқарушы Кеңесiмен (мұнан былай "Кеңес" деп аталатын)
в) Хатшылықпен
V бөлiм - Бас Ассамблея
8-бап
Ассамблея, Ұйымның жоғары органы болып табылады және

мүшелi-мемлекеттi танытатын өкiлдерден тұрады.


9-бап
Әр мүшелi-мемлекет бiр өкiлмен берiлген.
10-бап
Ассамблея кезектi сессияларына екi жылдан аспайтын аралықта және

қажеттiлiк жағдайда - арнайы сессияларға жиналады. Арнайы сессиялары

Кеңестiң немесе көпшiлiк мүшелi-мемлекеттердiң өтiнiшi бойынша

шақырылады.


11-бап
Ассамблея әр кезектi сессиясында келесi кезектi сессия өтетiн

елдi таңдайды, сонымен бiрге Кеңес келешекте сессияның өту орнын

белгiлейдi. Арнайы сессияның өту орны Кеңеспен белгiленедi.
12-бап
Ассамблея әр кезектi сессияның басында төрағаны және төрағаның

орынбасарын және де президиумның басқа мүшелерiн сайлайды. Осы

кiсiлер, өздерiнiң орын басушыларының сайланғанынша, өкiлеттiктерiн

сақтайды.


13-бап
Ассамблея өзiнiң меншiктi процедура тәртiптерiн белгiлейдi.
14-бап

      Нақты Жарғының басқа баптарында келiстiрiлген қызметтерiне

қосымша, Ассамблеяның негiзгi қосымша мiндеттерi болып табылады:
а) 2 Баппен келiстiрiлген, Ұйымның қызметтерiн iске асыру үшiн

көзделiнген қызметтердi белгiлеу;


б) Атқарушы кеңесiне өздерiнiң өкiлдерiнiң тағайындауға құқық

берiлетiн Ұйымның мүшелi-мемлекеттерiн белгiлеу;


в) Бас хатшыны тағайындау;
г) Кеңес пен бас хатшының баяндамалары мен қызметтерiн қарау

және бекiту;


д) қажет кезiнде Кеңеске нұсқау беру және Ұйымның жұмысына қажет

болып қалатын комиссияларын құру;


е) Ұйымның қаржы саясатын бақылау және бюджеттi қарау мен бекiту;
      ж) өздерiнiң меншiктi зерттеулерiмен, зерттеу институттарын құру жолымен немесе оның Үкiметiнiң келiсiмi бойынша қай болмасын мүшелi-мемлекеттердiң ресми және ресми емес түрiне жатпайтын мекемелерiмен ынтымақтастық жолымен, Ұйым персоналының күштерiмен қорғау және құтқару жөнiндегi iс-әрекет саласындағы ғылыми-зерттеу өткiзудi және өткiзуге көмектесу;

      з) дұрыс деп табылған қандай да болмасын басқа ұйымдарды құру;

      и) Ұйымның мәселелерiне ұқсас кез келген халықаралық немесе ұлттық, үкiметтiк немесе Үкiметке жатпайтын ұйымдарды шақыру, Бас Ассамблеямен белгiленген жағдайлар бойынша өздерiнiң меншiктi мәжiлiстерiн немесе өзiмен шақырылған конференцияларға дауыссыз қатысуға өкiлдер тағайындау; шақыру, тек қана лайықты үкiметтiң келiсiмi бойынша жiберiледi;

      к) Ұйымның әр түрлi органдарымен қабылдануға қажеттi процедураны ұйғаратын ережелердi, әсiресе жалпы ережелердi, қаржы туралы жағдай және де Ұйымның персоналы туралы ереженi белгiлеу;

      л) IХ Бөлiмнiң ережесiне сәйкес техникалық комиссияларды құру,

олардың қызметтерiн белгiлеу, олардың қызметтерiн үйлестiру және

олардың ұсыныстарын қарау;
м) Ұйымның Хатшылығы орналасқан жерiн анықтау;
н) Ұйымның мақсаттарына жетуiне себепкер болатын әр түрлi басқа

да үйлесiмдi шараларды қабылдау.


15-бап
Әр мүшелi-мемлекет Ассамблеяда бiр дауысқа ие, шешiмдер, келiсiм

немесе қарсылық берiлген көпшiлiктiк үштен екi дауыспен қабылданады.


16-бап
Ассамблеяның мәжiлiстерiндегi кворум үшiн мүшелi-мемлекеттерiнiң

көпшiлiк өкiлдерiнiң қатысуы қажет.


VI бөлiм - Атқарушы кеңес
17-бап
Атқарушы Кеңес Ұйымның атқарушы ұйымы болып табылады.
18-бап
Ассамблея, әдiлеттi географиялық бөлiнуiн ескере отыра, Атқарушы

кеңес мүшелерiнiң санын белгiлейдi және Кеңеске өздерiнiң өкiлдерiн

тағайындауға құқы бар мүшелер сайлайды.
19-бап
Кеңес мүшелерi төрт жыл мерзiмiне сайланады; жарты мүшелерi әр

екi жылда қайта сайланып отырады.


20-бап
Кеңес өзiнiң мәжiлiстерiн жылына аз дегенде бiр екi рет өткiзедi

және өзiнiң әр мәжiлiсiнiң өту орнын белгiлейдi.


21-бап
Атқарушы кеңестiң арнайы сессиясы, Ережеде берiлген тәртiптерге

сәйкес, Атқарушы кеңес мүшелерiнiң көпшiлiгiнен, Бас хатшы осы туралы

өтiнiш алған соң шақырылады.
22-бап
Кеңес өзiнiң төрағасы мен төрағасының орынбасарын өз мүшелерi

арасынан сайлайды.


23-бап
      Негiзгi Жарғының басқа баптарымен белгiленген қызметтерiне

қосымша, Атқарушы кеңесiнiң негiзгi қызметтерi болып табылады:


а) Ассамблеямен қабылданған шешiмдерiн орындау және осы

шешiмдердiң мақсатына сәйкес Ұйымның қызметiн бағыттау;


б) халықаралық ауқымда тұрғындар мен мүлiктi қорғау және

құтқаруға қатысты байланысты барлық мәселелердi зерттеу;


в) Ассамблеяның күн тәртiбiн дайындау және техникалық

комиссиялардың нұсқауларын, олардың күн тәртiбiн дайындау;


г) Ассамблеяның әрi сессиясына өзiнiң қызметi туралы баяндама

беру;
д) Жарғының Х Бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес Ұйымның қаржыларын

басқару;
е) Ассамблеямен берiлген немесе конвенциялар, келiсiмдер мен

ережелерге байланысты, Ұйым алдында пайда болған мәселелер бойынша

Ассамблеяға кеңес беру;
ж) Ассамблеяға өздерiнiң бастамалары бойынша кеңестер мен

ұсыныстар беру;


з) белгiлi уақыт мерзiмiне жұмыстың жалпы бағдарламасын

Ассамблеяның қарауына және мақұлдауына ұсыну;


и) оның құзырына жататын барлық мәселелердi зерделеу;
      к) жүру ортасының шегi мен Ұйымның қаржысының мүмкiншiлiгiне

iс-әрекеттi дереу талап ететiн жағдайларда шара қолдану;


л) апаттар жағдайында құтқару операцияларын өткiзу жөнiнде

қажеттi шаралар қолдануға Бас хатшыға өкiлеттiктермен үлес беру;


м) Кеңестiң, Ұйымның қай болмасын мүшесiнiң немесе Бас хатшының

тез ара шешу керек екендiгiне көңiлi ауған жұмыстарды зерделеу және

зерттеу;
н) Ассамблеямен оған жүктелуi мүмкiн болатын қай болмасын басқа да

қызметтерiн iске асыру.


24-бап
Әр кеңес мүшесi бiр дауысқа ие. Шешiм берiлген дауыстардың жәй

көпшiлiгiмен қабылданады.


25-бап
Кеңестiң мәжiлiстерiндегi кворум үштен екi мүшелерiн құрайды.
VII бөлiм - Хатшылық
26-бап
Ұйымның тұрақты хатшылығы Бас хатшымен және Ұйымның жұмысы үшiн

керек болып қалатын техникалық және әкiмшiлiк персоналдардан тұрады.


27-бап
Бас хатшы Ассамблеямен белгiленген жағдайлармен Кеңестiң ұсынуы

бойынша тағайындалады. Бас хатшы Ұйымның бас техникалық және

әкiмшiлiк лауазымды адамы болып табылады.
28-бап
Бас хатшы лауазымы бойынша (ex owwicio) Ассамблея мен Кеңестiң

хатшысы болып табылады және Ұйымның барлық комиссияларына лауазымы

бойынша (ex owwicio) қатысады. Ол осы қызметтердiң орындалуын басқа

адамдарға тапсыра алады.


29-бап
Бас хатшы жыл сайын Кеңеске Ұйымның қаржылар есебiн және

бюджеттер сметаларын құрады және ұсынады.


30-бап
      Бас хатшы Ассамблеямен белгiленген персоналдар туралы ережелерге сәйкес Хатшылықтың персоналын тағайындайды. Персоналды жұмысқа алған кезде бас пiкiр Хатшылықтың жұмысқа қабiлеттiк, жауапкершiлiк және халықаралық - өкiлеттiк өзгешiлiгiн ең жоғары деңгейiн қамтамасыз ету қажеттi екендiгi болу керек. Персоналды iрiктеу мүмкiндiгiнше кең географиялық негiзде маңызды екендiгi тиiстi көңiл аударылады.

      31-бап

      Ұйым персоналының жұмыс жағдайының мүмкiндiгiнше, басқа халықаралық ұйымдардың жағдайларына ұқсас болуға тиiс.

      32-бап

      Өз мiндеттерiн атқару кезiнде Бас хатшы және персонал, Ұйым үшiн бөтен қандай болмасын Үкiметтен немесе билiктен ұсыныстар немесе нұсқаулар алуларына болады. Олар өздерiнiң халықаралық лауазымды адамдар жағдайына әсер ететiн кез келген iс-әрекеттерден қалыс қалу керек. Ұйымның әр мүшесi өз жағынан бас хатшы мен персоналдың мiндеттерiнiң тек қана халықаралық өзгешiлiгiн ойлауға мiндеттеме бередi және олардың Ұйымға қатысты мiндеттерiн орындау кезiнде оларға ықпал жасауға тырыспайды.

      VIII бөлiм - Конференциялар

      33-бап

      Ұйым 2 бапта тiзбеленген өзiне жүктелген мiндеттерiн iске асырады, жалпы және жергiлiктi конференциялар, симпозиумдар және басқа техникалық кеңестер ұйымдастырады. Ұйым мүшелiгiне жатпайтын мемлекет өкiлеттерi осы кеңестерге басқа да халықаралық және үкiметке

жатпайтын ұйымдар өкiлдерi сияқты, тыңдаушы ретiнде қатыса алады.

Осындай өкiлеттердiң өзгелiгi Ассамблея немесе Кеңеспен белгiленедi.


34-бап
Кеңестiң пiкiр бойынша, Ұйым мүдделiк танытқан конференцияларда

Кеңес және Бас хатшы Ұйымның өкiлеттiлiгiн алдын ала қарайластырады.


IХ бөлiм - Комиссиялар
35-бап
Кеңес Ассамблеяның нұсқауымен мынадай комиссияларды және де

өзiнiң инициативасымен (бастамасымен) немесе Бас хатшының ұсынысы

бойынша, құзырына жататын кез келген мақсаттарды iске асыру үшiн

мақсатты болып табылатын кез келген басқа комиссияларын тағайындайды.


36-бап
Кеңес уақыттан уақытқа дейiн және кез келген жағдайда жыл сайын

әр техникалық комиссияның кейiнгi тiршiлiк ету қажеттiлiгi туралы

мәселелердi қайта қарайды.
37-бап
Ұйым мүшелерi осындай техникалық комиссияларында өкiлеттiкке

құқықты.
38-бап

Әр техникалық комиссия өзiнiң төрағасын сайлайды. Ол Ассамблея

мен Кеңестiң мәжiлiстерiнде дауыс құқықсыз қатыса алады.


39-бап
Кеңес басқа ұйымдармен қатар осындай басқа ұйымдармен құрылған

Ұйымның құрылуы немесе қатысу туралы шешiмдер қабылдай алады.


Х бөлiм - Қаржылар
40-бап
Бас хатшы Ұйымның жыл сайынғы бюджеттер сметаларын құрайды және

Кеңеске ұсынады, Кеңес Ассамблеяға, осы бюджеттiк сметаларды, Кеңес

орынды деп есептейтiн қандай болмасын кепiлдемелермен бiрге қарайды

және ұсынады.


41-бап
Ассамблея Атқарушы кеңеспен ұсынылған бюджеттер сметаларын

тұғырында Ұйымның барынша толық шығындар қосынды санын белгiлейдi.


42-бап
Ұйымның шығындары Ассамблеямен белгiленген уәкiлге сәйкес Ұйым

мүшелерi арасында бөлiнедi.


43-бап
Ассамблея атқарушы кеңеске Ұйымның жыл сайынғы шығындарын бекiту

үшiн қажет, Ассамблеямен белгiленген көлем бойынша өкiлеттiк жiбередi.


44-бап
Ассамблея немесе Ассамблея атынан күшi бар Кеңес, Ассамблея

немесе Кеңес үшiн қолайлы болып және Ұйымның мақсаттары мен саясатына

сәйкес келсе, сыйлар мен қайырмандықтарды қабылдай алады.
ХI бөлiм - Мүшелi - мемлекеттермен ұсынылып отырған баяндамалар
45-бап
Әр мүшелi-мемлекет Ұйымға заңдарды, ережелердi, ресми түрдегi

баяндамаларды және тұрғындар мен мүлiктi қорғау және құтқаруға

жататын статистикалық мәлiметтердi жiбередi.
ХII бөлiм - Құқықтық статус
46-бап
Штаб-пәтерi орналасқан ел аумағында, Ұйым өзiнiң мақсаттарына

жету мен қызметтерiн орындауға қажет болып қалатын құқықтық

қабiлеттерi мен әдiстерiн пайдаланады.
47-бап
Штаб-пәтерi орналасқан ел аумағында, Ұйым өзiнiң мақсаттарына

жету мен қызметтерiн орындау үшiн қажет болып қалатын

артықшылықтармен пайдаланады.
48-бап
      Ұйымның лауазымды және ресми адамдары штаб-пәтерi орналасқан ел аумағында, олардың Ұйымның қызметiне байланысты өздерiнiң қызметтерiн еркiн орындауға қажеттi жеңiлдiкпен пайдаланады.

      ХIII бөлiм - Түзетулер

      49-бап

      Бас хатшы мүшелi-мемлекеттерге осы Жарғыға ұсынылып отырған түзетулер мәтiннiң Ассамблеямен оларды қарауына дейiн алты ай бұрын хабарлайды. Түзетулер барлық мүшелi-мемлекеттердiң бұл жөнiнде олардың Ассамблеяның көпшiлiк үштен екi даусының бекiтуiмен және

конституциялық процедурасына сәйкес оларды үштен екi мүшелi-мемлекет

қабылдағанда күшiне енедi.


ХIV бөлiм - Басқа ұйымдармен өзара қарым-қатынас
50-бап
Ұйым өзiне лайық болып қалатын үкiметаралық және үкiметке

жатпайтын ұйымдармен нәтижелi және тығыз ынтымақтастық орнатады.


XV бөлiм - Күшiне ену
51-бап
Осы Жарғының III бөлiмiнiң ережесiн сақтаумен, оның барлық

мемлекеттермен қол қою немесе қабылдау үшiн ашық болып қалады.


52-бап
Осы Жарғы оған 10 мемлекет қосылғанда күшiне енедi.
53-бап
      Жарғыны ратификацияланған немесе күшiне енгеннен соң барып қосылған мемлекет үшiн олардың өздерiнiң ратификациялау немесе қосылу туралы құжаттарын сақтауға өткiзгеннен бастап отызыншы күнi Жарғы күшiне енедi.
      Үйлесiмдi үкiметтердiң өкiлдерi болып отырған жағдайда куәлiгi ретiнде осы Жарғыға қол қойды.

      Бiр мың тоғыз жүз алпыс алтыншы жылы қазанның он жетiншi күнi Монакода қытай, ағылшын, француз, орыс және испан тiлдерiнде бiр данада құрылған, әр мәтiнi түпнұсқасымен бiрдей, осы Жарғыға қол қойып қосылып отырған, барлық мемлекеттерге мөр басып куәландырылған көшiрмелерiн жiберiп отырған түпнұсқа мәтiнi өткiзiлдi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет