Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
Ислам үмметіндегі бүліктердің және бөлінудің себептері
Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.
Содан соң:
Ақиқатында, ең жақсы сөз бұл – Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жол – бұл Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) жолы. Ал ең жаман амалдар бұл – бидғаттар, әрбір бидғат – адасушылық, ал әрбір адасушылық – Тозақта.
Түрлі идеологиялар мен ағымдардың саны күрт көбейіп, мұсылмандардың көзқарастары мен сенімдері бөлініп кеткен біздің заманымызда олардың көбі не істеу керектігін және кімді тыңдау керектігін білмей, әбігерге түсіп жүр.
Бұл сынақтардың барлығы – дәл осы сынақтар арқылы Өзінің құлдарын тексеріп жатқан Аллаһ Тағаланың Даналығымен орын алып жатқандығына ешбір күмән жоқ. Және бұл жөнінде Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, сендерден кім көп өмір сүрсе, көптеген келіспеушіліктерді көреді!» - деп алдын ала хабарлаған болатын. Әбу Дауд 4607, әт-Тирмизи 2676, Ибн Мажжаһ 42. Хадис сахих.
Біреу Аллаһтың көрсеткен мейірімінің арқасында мұндай жағдайларда не істеу керектігін біледі, ал біреу білмей, жиі жағдайда Исламды тастауға дейін алып келетін адасушылыққа түседі, Аллаһ бізді одан сақтасын!
Мұсылмандар келіспеушіліктерге түсті, түрлі көзқарастар олардың әлсіздігінің себебі болып табылатындығын ұмытып, бір-бірімен соғысып жүр және бірін-бірі күпірлікте айыптап жатыр. Аллаһ Тағала бұл жөнінде: «Аллаһқа әрі Елшісіне бой ұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар, әйтпесе рухтарың түсіп, қуаттарыңнан айырыласыңдар!» - деп айтқанындай. (әл-Әнфәл 8: 46)
Бірақ, сондай-ақ, Аллаһ Тағаланың кез келген қиын жағдайдан қалай шығуға және Ақырет жақындаған сайын, көбейе беретін сынақтарға қалайша төтеп беруге нұсқағандығына да күмән жоқ. Алайда бұл мәселелерді шешу үшін, олардың негізгі көзін табу керек.
Мұсылман үмметінің жағдайын, немесе ең болмағанда өзіміздің жағдайымызды түзетуге талпыну үшін, біз Ислам үмметіндегі бүліктердің (фитналардың) себептері неде екендігін білуіміз қажет. Шүбәсіз, олардың себептерін анықтасақ, біз бұл бүліктердің (фитналардың) емделу тәсілдері туралы да білетін боламыз.
Егер орын алып жатқан, аһлю-Сунна ішінде болуға тұрмайтын бүлік-фитналар мен келіспеушіліктерді зерделеп қарасақ, олардың себептері төмендегідей екенін көре аламыз:
1. Кесірлі (бұзық) сенімдер мен күнәлардың таралуы
Барлық мәселелердің негізгі бастауы бірінші кезекте күнәларға батқан мұсылмандардың өздері болып табылады, ал күнәләрдың ең үлкендері – кесірлі (бұзық) сенімдер.
Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Бастарыңа келген кез келген апат қолдарыңмен істегендеріңнің салдарынан болады. Және де Аллаһ көбін кешіріп жібереді!» (әш-Шура 42: 30).
Аллаһ Тағала, сондай-ақ, былай деп айтады: «Саған келер барлық жақсылық - Аллаһтан. Ал басыңа келген барлық жамандық – сенің өзіңнен!» (ән-Ниса 4: 79).
Әс-Судди, Хасан әл-Басри, Ибн Джурайдж, Ибн Зәйд атты имамдар: ” «сенің өзіңнен» деген сөз «сенің күнәларыңнан» дегенді білдіреді”, - деген. Сондай-ақ, Қатада былай деді: “Сенің жазаң, уа, Адам баласы – сенің күнәң!” Қараңыз “Тафсир Ибн Касир” 1/517.
Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Осылайша залымдардың істегендері себепті оларды бірін-біріне үстем қыламыз». (әл-Ән’ам 6: 129).
Бұл аятқа қатысты Қатада былай деп айтатын: “Ақиқатында, Аллаһ адамдардың үстінен билікті олардың амалдарына сәйкес береді! Мүмин мүминге билік етеді, ал кәпір кәпірге билік етеді!” Қараңыз “Тафсир Ибн Касир” 2/446.
Мансур ибн Абиль-Асуад былай деп баяндайтын: "Мен А'маштан: «Осылайша залымдардың істегендері себепті бірін-біріне үстем қыламыз!» деген аят туралы: «Сен бұл аят жөнінде айтылған (нәрселер) жайлы не айта аласың?!"- деп сұрадым. Ол: «Мен бұл жөнінде: «Егер ел бұзылса, онда олардың үстерінен билік ең жамандарына беріледі!» - дегенді естідім», - деп жауап берді". Қараңыз "Тафсир әд-Дурруль-мансур" 3/358.
Шейхуль-Ислам Ибн Таймия олар жөнінде: “Егер мұсылмандарда әлсіздік болса немесе олар әлжуаз болып, ал дұшпандар оларға үстемдік етсе, бұл олардың күнәларының кесірінен!” – деп айтқан, түрлі күнәлардың салдары – міне осы. Қараңыз “Джауабу-ссахих” 6/450.
Неліктен біз осы жөнінде ойланбай, өзіміздің кемшілік-қателеріміз бен күнәларымызды ұмытып, барлығына араб елдерінің әмірлері мен басқыншы кәпірлерді айыптаймыз?!
2. Түрлі партиялар мен жамағаттарды құру
Мухаддис шейх Муқбиль: “Ақиқатында, мұсылмандардың сан алуан жамағаттарға бөлінуі – бұл ғасырдың бидғаты!” – деп айтатын. Қараңыз “әл-Асилятуль-Йамания” 73.
Сондай-ақ, шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад былай деді: “Осы сан алуан, бір-біріне қарама-қайшы келетін топтардың барлығы - жаңадан ойлап табылған болып табылады, (олар) осы ғасырда пайда болған (және) бұрын болмаған!” Қараңыз “Маджму’у фатауа ‘улямаи-Ссунна әс-садыра фи-ттахзири минәл-джама’ати уәл-фирақ уәл-ахзабиль-му’асыра” 69.
Әрқайсысы өз идеялары мен әдістеріне ие болған түрлі жамағаттарды құру сынды, осы ғасырдың бидғаты ислам үмметіндегі фитна-бүліктердің себебі болып табылатындығына күмән жоқ! Бұл жөнінде шейх Бакр Әбу Зәйдтың «Хукм әл-интима илял-джама’ат уәл-фирақ» кітабын мұқият қараңыз.
3. Білімнің болмауы және амалдардың білімсіз жасалуы
Бұл да сондай-ақ Ислам үмметіндегі апаттар мен проблемалардың себебі болып табылады. Амалдарды, әсіресе тек өзің мен Раббыңа ғана қатысты емес, бүкіл мұсылман үмметіне де қатысты дінге шақыру, джихад, жамандықтан қайтару және с.с. маңызды мәселелерді білімге сәйкес орындау кажет! Барлық нәрсені тек білімге сәйкес орындаған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары дәл осылай істейтін, бұл жөнінде АллаһТағала былай деп айтқан: «Менің жолым - осы. Мен және маған ілесушілер сендерді Аллаһқа білімге сәйкес шақырамыз», - де». (Юсуф 12: 108).
Имам әш-Шаукани былай деді: “Яғни айқын дәлелге сәйкес шақырамыз. Әл-Басыйра - бұл ақиқатты жалғаннан ажырататын түсінік, білім!” Қараңыз “Фатхуль-Қадир” 1/298.
Ибн әл-Қайим: “Білім – амалдың басқарушысы (әл-‘ильму имамуль-‘амал), ал амалдар – білімнің соңынан ілесушілер мен оның жетегіндегілер”, - деп айтқан.
Ол сондай-ақ: “Білім жетекшілік етпеген кез келген амал оны іске асырушыға пайда әкелмейді. Керісінше, ол, бұл жөнінде кейбір саләфтар айтқандарындай, оған зиян келтіреді", - деген.
Ол тағы былай деген: “Амалдар білімге сәйкес немесе оған қайшы болуына байланысты қабыл болады немесе қайтарылады. Білімге сәйкес болған амалдар қабыл болады, ал оған қайшы болғандары қайтарылады”. Қараңыз “Мифтаху дари-сса’ада” 83.
‘Али ибн Әбу Талиб: “Білімсіз жасалған ғибадатта қайыр жоқ және дұрыс түсінік болмаған білімде де қайыр жоқ!” – деп айтатын. Әбу Хайсама “Китабуль-‘ильм” 144, әл-Аджурри “Ахляқуль-‘уляма” 45. Иснады сахих.
Ал ‘Умар ибн ‘Абдуль-‘Aзиз былай деді: “Аллаһқа білімсіз ғибадат етуші пайдаға қарағанда көбірек зиян келтіреді”. Ахмад “әз-Зухд” 365, иснады сахих.
Нендей ұлы сөздер, Аллаһ оған рақым етсін, біз осыған жиі куә болып жүрміз емес пе?!
Дін туралы білімсіз сөйлеу өте жиі жағдайларда қандай да бір мәселеде о баста орын алмауы мүмкін болған келіспеушіліктерге әкеп соғады! Ғалымдар айтады: “Егер білімге ие болмаған (адам) сөйлеуін тоқтатқанда, келіспеушіліктер жойылар еді!” Қараңыз “әл-Латаиф” 41.
4. Дінді бұрыс түсіну және бұрыс түсіндіру
Ислам үмметінде жамандықтардың таралуының себебі сондай-ақ дінді бұрыс түсіну болып табылады, ал бұл өз кезегінде Исламдағы сан алуан секталардың пайда болуына әкелді. Ибн әл-Қайим: “Кітап иелері арасындағы бөлінудің және мұсылмандар арасында жетпіс үш топқа бөлінудің себебі – бұрыс түсіндірме жасау”, - деген. Қараңыз “И’лямуль-мууакқи’ин” 4/308.
Адамдар дінді, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары басшылық еткен біздің үмметіміздің саләфтары қалай түсінгендеріне назар аудармастан, ұғынуға талпынады. Көптеген мұсылмандар өздерінің Құран мен Сүннетке ілесіп жатқандықтарын айтады, алайда олар тағы да бір маңызды шартты, яғни Құран мен Сүннетті әрбір адам қалай түсіне алатын болса немесе қалай түсінгісі келсе, солай түсіну емес, саләфтар қалай түсінсе, солай түсіну қажет екендігін естен шығарады. Мұны Аллаһ пен оның Елшісі (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) талап етеді. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін, Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да, Тозаққа саламыз. Ол - нендей жаман орын!» (ән-Ниса 4: 115).
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын): «Менің үмметім жетпіс үш ағымға бөлінеді. Жетпіс екісі – Отта, ал біреуі – Жәннәтта!» - деді. Сахабалар: «Олар – кімдер?!» - деді. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын): «Олар - мен және менің сахабаларым ілескен нәрсеге ергендер», – деді. Ахмад 4/102, Әбу Дауд 2/503, әт-Тирмизи 3/367, Ибн Мажжаһ 2/479. Хадистің сахихтығын шейхуль-Ислам Ибн Таймия, хафиз әл-‘Ирақи және шейх әл-Әлбани растаған.
Сондай-ақ, Ибн ‘Аббас пен (Аллаһ оған разы болсын) хауариждердің арасында болған пікірталас туралы келген деректе, Ибн ‘Аббас оларға: “Мен сендерге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) сахабалары – мухажирлер мен ансарлардан және оның немере ағасының баласынан (‘Алиден) келіп тұрмын. Құран оларға түсірілген еді, және олар оның мағынасын сендерден жақсы біледі, ал сендердің араларыңда олардың біреуі де жоқ!” – деп айтқаны жеткізіледі. Ахмад 1/621, әл-Хаким 2/150. Иснады сахих.
Ал Аллаһтың дінін өздігінше тәпсірлейтіндерге келер болсақ, олар терең адасушылыққа түсті және опат болудың ернеуінде тұр.
Имам әл-Хатыб әл-Бағдади: “Білім – көптеген деректер мен құр жаттаулар емес, ол – дұрыс түсіну мен хабардар болу!" – деп айтатын. Қараңыз «әл-Джами’» 2/174.
Имам аз-Захаби былай деді: “Білім – бұл саны көп деректер емес, ол – Аллаһ жүрекке салатын нұр, және оның шарты – (осы білімге) ілесу және өз құмарлықтарың мен жаңалықтардан (бидғаттардан) қашу”. Қараңыз “әс-Сияр” 13/323.
Расында да, дінді дұрыс түсіну – Аллаһ Тағала осыған ұмтылатын Өзінің ықыласты құлдарына ғана беретін ұлы нығмет. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Расында, Біз Құранды зікір ету үшін оңай еттік. Бірақ, зікір етушілер бар ма?» (әл-Қамар 54: 17).
5. Құмарлықтардың соңынан ілесу
Бұл адасушылыққа алып баратын негізгі себептердің бірі болып табылады. Әбу Умамадан Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: Үш нәрсе опат болып табылады: адамдар беріліп кететін сараңдық; ізінен ілесетін құмарлық; және адамның өз өзіне таңарқауы». әт-Табарани 54/52, әл-Қада’и 325. Шейх әл-Әлбани хадисті сахих деді.
Тек екі басшылық қана бар, олар – білім мен құмарлық, және олардың үшіншісі жоқ! Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Аллаһтың басшылығынсыз өз қалауларына ергеннен кім артығырақ адасушы болып табылады?» (әл-Қасас; 28: 50).
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деп айтады: «Ақиқатында, көбісі білімге ие болмай, өз әуестерімен (өзгелерді) адасушылыққа кіргізеді». (әл-Ан’ам 5: 119).
Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: “Білімнің соңынан ілеспеген әркім құмарлықтың соңынан ілеседі!” деп айтатын. Қараңыз “әл-Амру биль-ма’руф” 37.
Ендеше, біздің әрқайсымыз ненің соңына ілесетініміз жайлы шешім шығарайық!
Ибн әл-Қайим былай деді: “Аллаһ амалдарды екі түрге бөлді, және ұшіншісі жоқ. Не Аллаһ пен Оның Елшісінен (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) келген нәрсенің ізінен ілесу, не болмаса құмарлықтың ізінен (ілесу). Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) алып келмеген кез келген нәрсе – құмарлық болып табылады”. Қараңыз “И’лямуль-мууакқи’ин” 1/81.
Бұл сондай-ақ: «Істеп жатқан қандай да бір істе қиындықтардың болуы осы істің дұрыс және Аллаһқа ұнамды екендігін және оның құмарлыққа ілесу еместігін растайды!» - дейтіндердің пікірін әшкерелеу болып табылады! Құдіретті және Ұлы Аллаһ былай деді: «Ол - сендерді сынау үшін және кімнің амалдары жақсы екендігін көру үшін, өлім мен өмірді жаратқан (Аллаһ)». (әл-Мульк 67: 2).
Хафиз Ибн Касир: “Аллаһ Тағала: «...кімнің амалдары жақсы болатынын», - деді, және ол: «кімнің амалдары көп болатынын», - деген жоқ”. Қараңыз “Тафсир Ибн Касир” 4/248.
Сондай-ақ, имам әл-Фудайль ибн ‘Ийяд бұл аятқа қатысты былай деді: “Бұл дегеніміз кімнің амалдары дұрыс және шынайы (ықыласты) болады“. Одан: «Ал шынайы (ықыласты) және дұрыс деген нені білдіреді?» - деп сұрағанда, ол жауап берді: «Ақиқатында, егер амалдар шынайы (ықыласты), бірақ дұрыс болмаған болса, олар қабылданбайды, ал егер амалдар дұрыс, бірақ шынайы (ықыласты) болмаған болса, олар шынайы (ықыласты) және дұрыс болмайынша, қабылданбайды. Аллаһ үшін орындалатыны шынайы (ықыласты) болып табылады, ал Сүннетке сай келетіні дұрыс болып табылады”. Әбу Ну’айм “әл-Хилья” 8/95.
Және «Шынайы (ықыласты) ниет кесірлі амалды дұрыс етпейді» деген шариғат қағидасын да білу керек!
Ал, өздерінің құмарлықтарына ілескен және тек өздерінің идеяларына сәйкес келетін нәрселермен ғана шектелетін адамдарға келер болсақ, бұл оларға Аллаһ Тағаланың дінін тануға мүмкіндік бермейтін тәкаппарлық болып табылады. Аллаһ Тағала былай деді: «Жер бетінде еш құқықсыз тәкаппарлыққа салынғандарды Мен Өзімнің аяттарымнан беттерін кері қайратамын». (әл-А’раф 7: 146).
Суфьян ибн Уяйна: “Бұл сөздердің мағынасы - Аллаһ мұндай адамдардан Құранды түсіну қабілетін алып қояды”, - деп айтқан. Ибн Әбу Хатим 2/239.
Имам әз-Зарқаши: “Жүрегінде бидғат, құмарлық, дүниеге деген махаббат, күнәларда қасарысып тұрып алу немесе өзі оны күшейтуге тырыспайтын иманның әлсіздігі бар, немесе білімі жоқ яки өзінің ақылымен жеткен нәрсесін ғана қолданатын тәпсіршіге сүйенетін адамға Құранның мағынасы және оның құпиялары ашылмайды. Мұның барлығы - (білім алуға деген) бөгеттер, және олардың біреулері басқаларынан беріктеу болып келеді”. Қараңыз “Тафсир әс-Суюты” 1/81.
Бізді бұдан Аллаһ сақтасын! Біз ақиқатты сөйлеген, бірақ кейіннен қарапайым ақиқатты байқамай және кезінде өзі түсіндіріп жүрген нәрселерді түсінбей, оған қарама-қайшы нәрсені айта бастаған адамдарды жиі көрдік.
Әрбір мұсылман бір нәрсеге ілесуден бұрын, бұл мәселені зерттеп шығуы керек және ол бір нәрсені растаудан бұрын, бұл мәселенің діндегі шынайы үкімін білуі керек. Аһлю Сунна уәл жәмә’а өзіне (діни) сенімді алудан бұрын, бірінші дәлелдерге қарайды, ал бидғаттар мен өздерінің құмарлықтарының жақтаушылары алдымен өздеріне (діни) сенімдерді алып алады да, ал содан кейін өздерінің сол сенімдеріне сәйкес келетін дәлелдерді ақтара бастайды. Имам Уаки’ ибн әл-Жарах: “Кім хадисті, өзінің пікірін растау үшін, іздесе, сол - бидғаттың жақтаушысы”. Қараңыз “Замуль-калям” 337.
6. Әхлю-Суннә ғалымдарына жүгінуден және олардың ізінен ілесуден бас тарту
Сондай-ақ, үмметтің адасушылыққа түсіп кеткендігінің себебі ғалымдарға жүгінуден және оларға ілесуден бас тарту болып табылады. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) олар (ғалымдар) туралы: «Ақиқатында, ғалымдар пайғамбарлардың мирасқорлары болып табылады», - деп айтқан. Әбу Дауд 3641, әт-Тирмизи 2682. Хадистің сахихтығын имам Ибн Хиббан, әл-Канани, шейх әл-Әлбани растаған.
Аллаһ Тағала Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) үмметіне білім болмаған кезде, өзіндік шешімдерді және жеке тұжырымдарды болдырмау мақсатында, ғалымдарға жүгінуді бұйырды, бұл жөнінде Аллаһ Өзінің Кітабында былай деп айтқанындай: «Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар». (ән-Нахль 16: 43).
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын): «Бұл білімді әр ұрпақтың әділетті ғалымдары алып жүреді, олар оны шектен тыс асырып айтушылардың бұрмалауларынан, адасқандардың қосқандарынан және надандардың түсіндірмелерінен қорады», – деген. әл-Байһақи 10/209, әл-Хатыб 1/29. Бұл хадис көптеген жолдармен риуаят етіледі, олардың әрқайсысы бірін-бірі күшейтеді, және сондықтан хадистің сахихтығын Ахмад, әл-Лялякаи, хафиз Ибн ‘Абдуль-Барр, әл-‘Уқайли, Ибн әл-Уазир, әл-Қасталяни, әл-Әлбани және ‘Абдуль-Қадир әл-Арнаут сынды имамдар растаған.
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, Аллаһ өзінің кұлдарынан білімді жай ғана тартып алмайды, бірақ Ол білімді дүниеден білімділерді алып кету арқылы алып қояды; ал Ол бір де бір ғалымды тірі қалдырмаған кезде, адамдар өздеріне надан көсемдерді таңдап алады. Және оларға сұрақтар қояды, ал олар білімге ие болмастан, пәтуалар шығарады, нәтижесінде өздері де жолдан таяды, өзгелерді де адасушылыққа салады!» әл-Бухари 100, Муслим 3/737.
Міне, тура осы араларында ғалымдары жоқ қазіргі заманның ағымдарында орын алып жатыр! Олар маңызды мәселелерді көбінесе Аллаһтың шариғатына емес, өздерінің түсінігі мен көзқарастарына сүйенетін саясаттарынының негізінде қабылдайды.
Ғалымдар - Аллаһ Тағала олар арқылы Өзінің дінін сақтап қорғайтындар, және олар - Пайғамбар (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) мен оның сахабалары жүрген жол туралы барлықтарынан жақсы білетіндер. Ал, кімде-кім оларды қараласа және кемсітіп, елемесе, және олардың жолына ілесуден бас тартса, ол адамдардың ішіндегі ең адасқаны болып табылады! Ал ғалымдарды елемей, оларсыз-ақ жүре бергісі келетіндер құрыды! Имам Ибн әл-Мубарак: “Кім ғалымдарды елемесе, ол Ақыретті жоғалтты”, - деп айтатын. Ибн ‘Асакир 32/344.
Сахль ибн ‘Абдуллаһ әт-Тустури: “Адамдар мұсылман әмірлері мен ғалымдарды көтермелеп тұрғанда игілікте болуын тоқтатпайды, және егер оларды құрметтесе, Аллаһ олардың дүние тіршілігін және болашақ (Ақыреттегі) өмірін тәртіпке келтіреді, ал егер оларды елемесе, онда олар өздерінің бұл дүние тіршілігі мен болашақ өмірін опат қылады”, - деген. Қараңыз “Тафсир әл-кубра” 5/260.
Ал біздің кезімізде, өкінішке орай, барлығы керісінше, (адамдар) ғалымдарға жүгінудің орнына оларды қаралайды және оларға күндіз түні жала жабады! Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: “Хадис білімпаздарын қаралап, олардың мазхабынан бас тартатындар надандар, бидғатшылар және екіжүзділер болып табылады, бұда еш күмән жоқ!” – деп айтқан. Қараңыз “Маджму’уль-фатауа” 4/96.
7. Дінде нысапсыздық (шектен шығушылық) таныту
Ислам – бұл шектен шығушылыққа салынбайтын, орташыл дін, және Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) бізге жүруді мирас еткен тура жол – осы. Аллаһ Тағаланың шариғатында осы жолға ілесу туралы қатаң насихаттар және сондай-ақ діндегі артық кету мен шектен шығушылыққа қатаң тыйымдар да бар. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Әй, Кітап иелері! Діндеріңде нысапсыздық танытпаңдар және Аллаһ туралы тек шындықты айтыңдар!» (ән-Ниса 4: 171).
Аллаһ артық кетуден яхудилерді де, христиандарды да ескерткен еді, бірақ олар Аллаһ Тағалаға мойынсұнбай, шектен шығушылыққа салынды, және сол үшін ақиқат жолынан тайды.
Аллаһ Тағала Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) үмметін де артық кетуден ескертіп: «Руқсат етілгеннің шегінен шықпаңдар, өйткені Ол (Аллаһ) сендердің не істеп жатқандарыңды көріп тұр» (Худ 11: 112), - деп бұйырды.
Сондай-ақ, Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) артық кетуден тыйып: «Діндегі нысапсыздықтан (орынсыз артық нәрселерден) абай болыңдар, өйткені сендерден бұрын өмір сүргендерді діндегі шектен шығушылықтары опат қылды!» - деді. ән-Насаи 4/49, Ибн Мажжаһ 3/29, Ибн әл-Жаруд 473. Хадистің сахихтығын Ибн Хузайма, Ибн Хиббан, әл-Хаким, әз-Захаби, ән-Науауи, Ибн Таймия, Ахмад Шакир растаған.
Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “«Діндегі нысапсыздықтан (артық кетуден) абай болыңдар» деген сөздер өзіне нысапсыздықтың, мейлі олар сенімдегі, мейлі амалдардағы болсын, барлық түрлерін қамтыған жалпылама болып табылады”. Қараңыз “әл-Иқтида” 1/328.
Сондай-ақ, Ибн Мас’удтан Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын): «Артық кетушілер опат болды!» - деп үш рет қайталап айтқандығы жеткізіледі. Муслим 2670.
8. Күмәнді дәйектерге ілесу
Бұл да мұсылмандардың арасында бидғат пен адасушылықтың пайда болуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Бидғаттар мен өздерінің құмарлықтарын жақтаушылар, өздерінің ұстанымдарын растау үшін және сауаты төмен адамдарды адасушылыққа түсіру үшін, жиі жағдайда ойдан шыққан хадистерді пайдаланады немесе дәйектерді өздерінің пікіріне бұрмалап икемдейді. Имам әл-Ауза’и бұл жөнінде былай деді: “«Ғибадат үшін емес оқып, білім алатындарға және күмәнді нәрсенің көмегімен харамды халал ететіндерге қайғы-қасірет болсын!» - деп айтылған”. әл-Аджурри “Ахляқуль-‘уляма” 65.
Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Ол - Аллаһ, саған Құранды түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар - Кітаптың негізгі іргетасы. Сондай-ақ, астарлы ұғымдағы өзге аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық таратқысы келіп, астарлы мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп, соңына түседі. Оның ұғымын Аллаһ ғана біледі. Ал, тиянақты білімге ие болғандар: «Бұған сендік. Мұның барлығы - Раббымыздан», - дейді. Бірақ насихатты ақыл иелері ғана еске алады (түсінеді)». (Әли Имран 3: 7).
Аллаһтың: «бұзақылық таратқысы келіп», - деген мағынадағы сөздері – «олар сөйтіп адасушылыққа кіргізгісі келеді» дегенді білдіреді.
‘Аиша былай деп баяндаған: «Бірде Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)(оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) осы аятты оқыды да: «Егер айқын болмаған (күмәнді) нәрсеге ілесушілерді көрсең, біліп қой: міне солар – олар туралы Аллаһ айтқан адамдардың дәл өздері, ендеше олардан сақ бол!» - деді. әл-Бухари 4547.
Шейх Салих Әли Шейх былай деді: “Құран мен Сүннетте анық (мухкам) және анық емес (муташабих) нәрселер бар екендігі жалпыға мәлім. Сондай-ақ, бұл сахабалар мен ғалымдардың сөздерінде де, амалдарында да орын алады. Тиянақты білімге ие болғандар мухкамды муташабихтан ажыратумен және муташабихты мухкамға қайтарумен ерекшеленді. Егер білім иелерінің осы ерекше сипаты болмағанда, онда кез келген (адам) білімді қамти алар еді. Бірақ ғалымдардың және шынайы білім иелерінің жағдайы айқын болуы үшін, Аллаһ адамдарды мухкам мен муташабихтың болуымен сынайды”. Қараңыз “әл-Мар’а әд-да’ия”. Бұған ұқсас нәрсені шейхуль-Ислам Ибн Таймия да өзінің «Маджму’уль-фатауасында» айтады. 13/272-280.
Имам Абуль-‘Алия былай деп айтатын: “Мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) қайтыс болуынан кейін он жыл мухкамды1 оқыдым және Аллаһ маған екі нығмет берді. Ал мен олардың қайсысы ең жақсысы екенін білмеймін: Ол мені Ислам жолымен жүргізгені ме, әлде Ол мені хауариж етпегені ме!” Қараңыз “әт-Табақат әл-кубра” 7/113.
Астарлы және тұспалды (муташабих) дәйектерді пайдалану бидғаттарды жақтаушылардың сипаты болып табылады, олар сондай-ақ Құранды өздерінің құмарлықтарының негізінде тәпсірлейді. Міне дәл сондықтан Али ибн Әбу Талиб Ибн Аббасты хауәридждермен сөйлесуге жіберген кезде, оған: «Олармен Құран арқылы айтыспа, өйткені оның түрлі жақтары бар, сондықтан олармен Сүннет негізінде айтыс” – деді. Ибн ‘Аббас: “Мен Аллаһтың Кітабын олардан жақсырақ білемін!” – деп жауап берді. Али сонда былай деді: “Дұрыс! Алайда Құранды әртүрлі тәпсірлеуге болады”. Қараңыз “Фатхуль-Қадир” 1/42.
Барлық аяттар мен хадистерді, олар үстіртін қарағанда басқаша болып көрінгендерімен, белгілі жағдайларға тура келе бермейтінін білу керек. «Үкім Аллаһқа ғана тән» деген аятқа сүйеніп Алиді күпірлікте айыптаған хауариждер де сол сияқты амал етті. Әбу Рафи’ былай деп баяндаған: «Хауариждер Алиге қарсы қару алып шыққанда, олар: «Үкім Аллаһқа ғана тән!» «Үкім Аллаһқа ғана тән!» - деп үнемі қайталай берді. Ал Али: «Өтірікті тұспалдап, ақиқатты айтып жатыр!» - деді». Муслим 1774.
Біздің кезімізде де хауариждердің соңынан ілескен адамдар сол аяттарды келтіріп, оларды басшылыққа алып, көптеген рұқсат етілмеген нәрселерді істеп жүр. Осының өзі – хауариждердің Құранның аяттарын және хадистерді дұрыс түсінбейтініне нұсқайды, бұл жөнінде бізге Пайғамбар (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) хауариждер туралы: «Олар Құранды ол олардың жағында болады деп оқиды, ал ол оларға қарсы болады!» - деп айтты. Муслим 1066.
Дәл сондықтан, ғалымдар, олардың ішінде шейхуль-Ислам Ибн Таймия да бар, «Бидғаттарды жақтаушылардың келтірген кез келген дәлелі – олардың өздеріне қарсы дәлел болып табылады!» - дейтін, және біз бұған күн сайын көз жеткізудеміз.
Ахлю-Сунна ғалымдары мына ережені шығарған: «Маңызды болып табылатыны – келтірілген дәлел емес, маңыздысы – оны дұрыс түсіну». Ибн әл-Қайим былай деп айтатын: “Дінді түсінетін кез келген (адам), шынайы мағынаны түсіне бермейді. Шынайы мағынаны тек үлкен білімге ие ғалымдар ғана түсіне алады”. Қараңыз “И’ләмуль-мууәкқи’ин” 1/332.
Айтылғандарға сүйене отырып, ғалымдар адасқандардың және бидғаттарды жақтаушылардың дәлелдерін қабылдауға тыйым салатын. Имам әл-Ляйс ибн Са’д былай деп айтатын: “Мен бидғатарды жақтаушыдан ешнәрсе қабылдамас едім, тіпті оның су үстімен жүріп бара жатқанын көрсем де”. Қараңыз «әл-Иттибә’» 35.
‘Абдур-Рахман ибн Махди: “Адам егер әлсіз және қайтарылған (шазз) хадистердің соңынан ілессе, естіген нәрсесінің барлығын айта берсе және қатарынан кез-келгендердің барлығынан жеткізе берсе, ешқашан хадистер жөнінде имам болмайды!” – деген. Қараңыз “Джам’иуль-бәяниль-‘ильм уә фадлих” 1055.
Имам әл-Хатыб әл-Бағдади былай деді: “Егер риуаятшы (жеткізуші) құмарлықтардың жақтаушыларының қатарынан немесе мазхабқа соқыр түрде ілесіп, ақиқатқа қайшы келушілерден болса, онда одан ешнәрсе қабылдама, тіпті ол мықты жаттаушы болса да”. Қараңыз “әл-Джами’уль-ахляқи-ррауи” 1/136.
Сондай-ақ, хадис деп баяндалғанның барлығы хадис болып табыла бермейді. Қазы ‘Абдуллаһ ибн Ляхи’а бір тәубеге келген, хауариж болған шалдың: «Бұл хадистер – дін, ендеше өз діндеріңді кімнен алып жатқандарыңа қараңдар. Ақиқатында, біз бір нәрсені қалап тұрсақ, оны хадиске айналдыратын едік», - дегенін жеткізеді. әл-Лялякаи 1/85.
Сондай-ақ, саләфтардан және имамдардан келген сөздердің де сенімді екендігін растап алу қажет, бұл жөнінде шейхуль-Ислам Ибн Таймия: “Саләфтардан және ғалымдардан риуаят етілген сөздер олардың сенімділігі мен мағынасын түсінуде расталуға мұқтаж, сондай-ақ, бұған Аллаһ пен Оның Елшісі жөнінде айтылған сөздер де мұқтаж”, - деп айтқандай. Қараңыз “Маджму’уль-фатауа” 1/246.
Сондай-ақ, бидғаттарды жақтаушылардың сипаттарынан – өздерінің адасушылықтарын әшкерелейтін білімдерді жасыруы. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Сен ешқашан өзіне қайшы келетін мәтіндерді жасыруды жек көретін бидғатшыны таппайсың. Ол оларды жек көреді де, жасырады және оларды айтпайды, сондай-ақ, бұл мәтіндер туралы айтушыларды да жек көреді!” Қараңыз “Маджму’уль-фатауа” 20/161.
Сондай-ақ, көп мұсылмандар өздерінің құмарлықтарына жағатын мәселелерде имамдарға ереді, тіпті олардың пікірі айқын қате болса да. ‘Али ибн Әбу Талиб: “Ақиқат адамдарға қарап бағаланбайды, адамдар ақиқатқа қарап бағаланады”, - деген. Қараңыз “Тафсир әл-Қуртуби” 1/342.
Әл-Ауза’и былай деп айтатын: “Кім ғалымдардың сирек пікірлерін алса, ол Исламнан шықты”. әл-Байһақи 10/211.
Іс жүзінде ғалымның жай ғана сөзі дәлел болып табылмайды. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия шындықты айтты: “Ақиқатында, ғалымдардың сөздері шариғи дәлелмен күшейтіледі, алайда шариғи дәлел олардың сөздерімен күшейтілмейді!” Қараңыз “Маджму’уль-фатауа” 26/202.
Ғалымның жай сөздерінің дәлелдерін білмей, олармен шектелу және қанағаттану жеткіліксіз болып табылады. Имам әш-Шәфи’и: “Дәлелсіз білім талап етуші түнде жүріп отын теруші сияқты, ол отынмен бірге өзін шағушы жыланды қолымен ұстап алады!" – деген. әл-Байһақи “әл-Мадхаль” 1/211.
Дәлел – бұл үммет саләфтарының түсінуіндегі Аллаһтың пен Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) сөздері. Имам әш-Ша’би былай деді: “Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) сахабаларынан риуаят етілгенді ал да, өздерінің пікіріне негізделіп айтылғанға кіші дәретіңді сындыра сал!” ‘Абдур-Раззақ 11/256.
Имам әл-Ауза’и былай деді: “Білім – Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) сахабаларынан жеткен нәрсе, ал олардың біреуінен де келмеген нәрсе білім болып табылмайды”. Қараңыз “Джами’уль-баяниль-‘ильм” 1420.
Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) басқа, қателері немесе кемшіліктері болмайтын бір де бір адам, соның ішінде бірде-бір ғалым жоқ, және бұл нәрседе барлық ғалымдар бірауызды келісімде. Қараңыз “Джами’у баяниль-‘ильм” 2/48.
Алайда ғалымның белгілі бір мәселелерде қателескені жайлы барлық адамдар қатарынан айта бермейді, білім иелері ғана айтады. Ғалымдар, егер олар Құран мен Сүннетке қайшы келіп жатса, олардың пікіріне ілесу үшін емес, Құран мен Сүннетке дұрыс ілесу үшін, керек.
Имам әш-Шатыби ақиқатты айтты: “Егер біз ғалымдардан шариғаттың ережелерін білетін құрал емес, мақсат жасап алсақ, онда адасушылыққа түсеміз”. Қараңыз “әл-И‘тисам” 2/872.
Мұсылман адам өзінің құмарлықтарына сәйкес келетін ғалымдардың пікірлерін іздеуге салынбай, Құран мен Сүннеттің айқын дәлелдеріне ілесуі керек. Және кез келген мәселеде біз дәлелі күштірек ғалымдарға ілесуіміз керек, міне дәл осы нәрсе Аллаһ Өзінің тура жолына салған құлдарының сипаты болып табылады! Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Сондай, сөзге құлақ салып, олардың ең жақсысына ілесетіндерді сүйіншіле, міне солар - Аллаһ өздерін тура жолға салғандар. Міне солар - ақыл иелері!» (әз-Зумар 39: 17-18).
9. Адастыратын көсемдер мен жетекшілер
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, мен үмметім үшін адастыратын имамдардан қорқамын!» - дейтін. Әбу Дауд, әт-Тирмизи, Ибн Мажжаһ, Ибн Хиббан, әл-Хаким. Хадистің сахихтығын имам Әбу Иса әт-Тирмизи, Ибн Хиббан, әл-Хаким, хафиз Ибн Касир және шейх әл-Әлбани растаған. «Сахих әл-джами’» 2316.
Зияд ибн Худайр былай деп баяндайтын: “Бірде ‘Умар ибн әл-Хаттаб менен: “Исламды не бұзып-қирататынын білесің бе?!” – деп сұрады. Мен: «Жоқ!» - дедім. Ол сонда: «Оны ғалымдардың қателіктері, екіжүзділердің Аллаһтың Кітабы туралы айтысуы және адастыратын имамдардың шешімдері қиратады!» - деді. ”. әд-Дарими 1/71. Иснады жақсы.
Имам әш-Шатыби былай деді: “Адамдардың қиыншылдықтары өздері ғалым деп санайтын надандардың (джахильдердің) себебінен орын алады”. Қараңыз “әл-И’тисам” 1/145.
Имам Әбу Шама былай деді: “Көп жағдайда адамдар белгілі бір адамды білім иесі және тақуа деп санай бастағандықтарынан (ал ол ондай болып табылмаса), бидғаттарға түседі. Және мұндай адамдар оның сөздері мен амалдарына (үлгі ретінде) қарай бастайды. Олар осы нәрселерде оның соңынан ілеседі де, сөйтіп өз істерін күйреуге алып келеді!” Қараңыз “әл-Ма’рифа уә-ттарих” 1/670.
Бұл – мұсылман үмметінің қирауының ең маңызды себептерінің бірі – адастыратын жетекшілер және имамдар! Осы сияқты имамдар, әмірлер және ғалымдар қанша адамдарды адасушылыққа салды және қаншасын опат етті!
Ақиқатында, ғалым болып табылмайтындар, бірақ адамдар оларды ғалым деп санайтындар өзіне де, Ислам мен мұсылмандарға да өте үлкен зиян келтірулері мүмкін. Мысал ретінде 99 адамды өлтіріп, тәубеге келуді шешкен және өзінің жағдайы туралы өзі оны ғалым деп санайтын, бірақ ол ғалым болып табылмайтын біреуден сұраған адам туралы оқиғаны еске алу жеткілікті. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) былай деп баяндаған: «Сендерден бұрын өмір сүргендердің ішінде тоқсан тоғыз жанды өлтірген адам болған. Кейін ол жер бетіндегі ең білімді адамды іздей бастады. Оны (адамдар) бір монахқа сілтеді де, ол оған келіп: «Мен тоқсан тоғыз жанды өлтірдім, маған тәубе ету бар ма?» - деп сұрады. Ол: «Жоқ!» - деді. Сонда ол оны да өлтіріп, құрбандарының санын жүзге жеткізеді. Алайда ол жер бетіндегі ең білімді адамды іздеуін жалғастыра берді, тағы да (адамдар) оны бір ғалымға сілтеді. Әлгі адам оған келіп: «Мен жүз адамды өлтірдім. Мен үшін тәубе ету бар ма?» - деп сұрады. Ол: «Иә. Тәубе етушіге тәубе етуге кім кедергі жасайды?!» - деді». әл-Бухари 3480, Муслим 2766.
Тәубеге келуді шешкен адамға «тәубе ету жоқ» деген адам қандай зиян келтіруі мүмкін болғанын біз көріп тұрмыз, өйткені әлгі адам қайтадан күналарға салынып, сондай жағдайда өлуі мүмкін еді, ал біз амалдар аяқталуларына қарай бағаланатынын білеміз, бұл жөнінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын): «Адамдарға кейде бір адам Жәннәт тұрғындарының амалдарын жасап жатқан сияқты болып көрінеді, бірақ ол Тозаққа түседі. Ал кейде адамдарға бір адам Тозақ тұрғындарының амалдарын жасап жатқандай болып көрінеді, ал ол Жәннәтқа түседі. Ақиқатында, амалдар аяқталуына байланысты бағаланады!». – деп айтқан. әл-Бухари 6493.
Оған қоса, әлгі білімсіз монах, қате пәтуа шығарып, өзін де опат етті, өйткені бұл оның өлімінің себебі болды!
Мұсылмандардың проблемасы олардың ғалымды (алим) жай ойшылдан (муфакир) немесе уағызшыдан (хатыб) ажырата алмайтындықтарында. Өйткені әрбір ақылды кісі адамның ислами оқу орнында оқығаны (өкінішке орай, үммет мәселелерін шешуге кірісіп жүргендердің көбісінде бұл да жоқ), немесе дін мәселелеріне байланысты бірнеше мақалалар жазуы оның білімділігінің белгісі болмайтынын біледі. Өйткені дүниелік мәселелерге байланысты білімнің өзінде де, мәселен, медициналық институттың кез келген бітірушісі өз саласында ғалым болмайды және политехника институтының кез келген бітірушісі жоғары дәрежелі инженер болып шықпайды ғой. Имам әш-Шатыби былай деді: “Ғалымдар «ғалым» деп танымаған ғалым, басқа ғалымдар ол туралы: «Ол – ғалым», - деп куәлік бермейінше, ғалым болып табылмайды!” Қараңыз “әл-И’тисам” 2/738.
Шейх әл-Әлбани былай деді: “Бұл – адамдарға қандай да бір білімді жеткізуге қабілетті болған ғалымға имам әш-Шатыбидің берген насихаты: яғни оның осыған жарамды екеніне ғалымдар куәлік бермегендерінше, ол мұны істеумеуі керек. Мұның мағынасы бұл адамның құмарлықтарға ілесушілердің қатарынан болу қауіптілігінде. Имам әш-Шатыби бүгінгі күні өздерін білімге таңып жатқан кейбір адамдарды көріп не айтар еді?!” Қараңыз “әс-Сильсиля әс-сахиха” 2/713.
Имам Малик: “Мен, өзімнің пәтуа беруге лайықты екеніме білім иелерінен болған 70 адам куәлік бермегендерінше, пәтуа бермейтінмін”. Әбу Ну’айм 6/316.
Ғалымдар тазкияны (кепілдемені) білім талап етуші (тулябуль-‘ильм) ғалымдарға және студенттерге береді. Және студенттер студенттерге де тазкия береді. Алайда студенттер ғалымдарға тазкия бермейді. Ал біздің уақытымызда керісінше жағдайды, яғни студент ғалымға тазкия беріп жатқандарын және кім шейх, ал кім шейх емес екендігі туралы және кімді тыңдауға болады, ал кімді тыңдауға болмайтыны туралы айтып жатқандықтарын көруге болады!
Әрбір адам Қиямет Күні өзінің жетекшісімен бірге қайта тіріледі, ендеше ол кіммен болғысы келетінін өзі таңдап алсын! Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Сол күні біз барлық адамдарды олардың жетекшілерімен бірге шақырамыз». (әл-Исра 17: 71).
Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) ұлы сахабасы Абдуллаһ ибн Мас’уд былай деп айтатын: “Жамандықта көшбасшы болғаннан гөрі жақсылықта ілесуші болған артық”. Ибн Әбу Шайба 37188.
10. Білімді дұрыс алмау
Ақиқатында, сан алуан түрлі сайттардың, форумдардың, кітаптардың, кассеталардың, сондай-ақ әрқайсысы өзінің Исламы жайлы айтатын уағызшылардың көбейіп таралуы біздің заманымыздың кеселіне айналды. Көп мұсылмандар білімді қалайша және кімнен алу керек екендігін білмейді. Айтып өткеніміздей, белгілі бір жерлерде оқып келген немесе арабшаны білетін адамдардың барлығы немесе кез келген мешіт имамы және Ислам туралы айтатын кітаптардың, кассеталардың немесе сайттардың барлығы сенімді және дұрыс бола бермейді, сондай-ақ олардың барлығынан білім ала беруге де болмайды. Сенімді көздерден және үлкен ғалымдардың: «Пәлен кісіден білім алуға болады», - деп нұсқаған адамдарынан болмаса, өзге жерлерден білім алуға болмайды. Жәбірейіл періште (алейһис-салям) Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларына келіп, Ислам, иман, ихсан туралы сұрап кеткеннен кейін, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) Омардан: «Я, Омар, бұл сұрақтарды кім қойғандығы саған мәлім бе?» - деп сұрады. Омар: “Аллаһ пен Оның Елшісі бұл жөнінде жақсырақ біледі”, - деді. Сонда ол: «Расында, ол сендерге діндеріңді үйрету үшін, келеген Жәбірейіл еді», - деді. Муслим 8.
Сөйтіп, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларына оларды діндеріне кім үйретіп жатқандығы туралы мәлімдеді.
Ибн ‘Умар былай дейтін: “Дінің – ол сенің дінің, ақиқатында, ол – сенің тәнің мен қаның, ендеше дініңді кімнен алып жатқаныңа қара!” әл-Хатыб “әл-Кифая” 121.
Мухаммад ибн Сирин және имам Малик: “Ақиқатында, бұл білімдер – дін, ендеше өз діндеріңді кімнен алып жатқандарыңа қараңдар!” - деген. Қараңыз “Сахих Муслим” 1/23 және “әл-Фақих уәл-мутафақих” 2/92.
Осыдан соң, көбісінде өтірік пен құмарлықтардан басқа ешнәрсесі жоқ әртүрлі форумдардан білім алып таратып жүрген мұсылмандардың жағдайы айқын болады. Бұл адамдар өздеріне олар туралы ешнәрсе мәлім емес және тіпті олардың шынайы аттарын да білмейтін адамдардан білім алу арқылы өз-өздеріне адасушылықтың есігін ашып тастады. Расында, олар Аллаһтың оларды адастыруына лайықты, өйткені осы жолды таңдап алған - өздері. Қалайша, ол арқылы біз Аллаһқа жақындайтын білімді көрінген жерден алып, өз дініңді соншалықты елемеуге болады?!
Сан алуан форумдарға қатысу мұсылмандарға кеселге айналды. Ол форумдарда білімді кемсітеді және ғалымдарды, тіпті ислам елдерін қаралап, күпірлікте айыптайды, сол арқылы діннің дұрыс түсінігін бұрмалай отырып, мұсылмандарға үлкен зиян тигізеді. Қарапайым білімге де ие болмағандар және дін туралы сөйлеуге құқығы жоқтар ғалымдардың сөздерінен кейін: «Ал мен былай деп есептеймін...», «менің ойымша....», «менің пікірім...» деп сөйлеуге батылдары барып жатады. Жиі жағдайларда форумдарға қатысып жүрушілер Аллаһтың діні жөнінде білімсіз айтысып сөйлейді және бұл күнәның көлеміне мән бермейді . Ал Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Тілдеріңнің: “Бұл - арам, бұл - халал”, - деп өтірік сипаттағанын айтпаңдар, және Аллаһқа өтірік жала жапсырмаңдар. Шынында, Аллаһқа өтірік, жала жапсырғандар, құтылмайды». (ән-Нахль 16: 116).
Имам Ибн әл-Джаузи Аллаһтың: «“Раббым... білмейтін нәрселеріңді Аллаһқа қарсы сөйлеулеріңді арам қылды ”, - деп айт» (әл-А’раф 7: 33), - деген сөздері туралы былай деді: “Бұған дін туралы нық білімсіз айтылған барлық сөздер және әртүрлі пайымдаулар жатады”. Қараңыз “Задуль-Масир” 3/193.
Дін туралы білімсіз айтылған сөздерді Аллаһ Тағала ширкке теңеді. Ибн әл-Қайим былай деді: “Аллаһ Тағалаға мадақтар болсын, білімсіз пәтуа бергенде және сот үкімін шығарғанда, Оған жүгінуге тыйым салды да, мұндай істеуді үлкен тыйым салынған амалдардың бірі етіп қана қоймай, оны ең ауырлардың санатына көтерді.
Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Күдіксіз, Раббым арсыздықтарды, оның көрнеу-көмесін, күнәны, орынсыз озбырлықты, оған байланысты ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаһқа серік қосуларыңды және білмейтін нәрселеріңді Аллаһқа қарсы сөйлеулеріңді арам қылды», - деп айт». (әл-А’раф 7: 33).
Бұл аятта Аллаһ Тағала тыйым салынған істерді төрт санатқа жіктейді де, тыйым салынғандығы жөнінен төменірегінен – жексұрын қылықтардан бастап, рет-ретімен атайды. Екінші ретте Ол біріншісінен гөрі қатаң түрде харам болғанды – зұлымдықты атайды. Кейін, үшінші болып, алдыңғы екеуінен де жаманын айтады, ал ол – ширк (Аллаһқа серік косу). Ал төртіншісінде Аллаһ алдында аталғандардың барлығынан да қатаң түрде тыйым салынған нәрсеге – Аллаһ туралы білмеген нәрсені айтуға тыйым салады. Бұған Аллаһ туралы Оның есімдеріне, сипаттары мен істеріне, сондай-ақ Оның діні мен заң ережелеріне қатысты білімсіз сөйлеу жатады”. Қараңыз “И’лямуль-мууакқи’ин” 2/72.
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Қиямет күні ең ауыр жазаға білімі жоқ бола тұра, адамдарды адасушылыққа салған адам тартылады». Ахмад, әт-Табарани. Хадис сахих. «Сахих әл-джами’» 1000.
Бидғаттарды және өз құмарлықтарының жақтаушыларымен айтысуға келер болсақ, бұл саләфтардың манхаджына сәйкес келмейді және үмметіміздің имамдары мұндайды қатаң түрде сөгетін. Сондай-ақ бұл адасушылыққа түсудің себебі болып табылады, бұл жөнінде Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) былай деп ескерткеніндей: «Адамдар тура жолға түскеннен кейін, тек қана таласулары себепті үнемі одан таятын еді». Ахмад, әт-Тирмизи, Ибн Мажжаһ, әл-Хаким. Хадис сахих. Қараңыз “Сахих әт-тарғиб” 137.
Имам Ахмад былай деп айтатын: “Бізде.... таласуды және өз құмарлықтарының жақтаушыларымен бірге отыруды тастау (қалдыру) Сүннеттің негізі болып табылады. Сондай-ақ, дінге қатысты таласуды және керісуді де тастау”. Қараңыз “Усулю-Ссунна” 23.
Имам Ахмад, сондай-ақ: “Біз имамдардың бидғаттарды жақтаушылармен сөйлесуге және олармен бірге уақытты өткізуге тыйым салғандарын көретінбіз және еститінбіз. Бидғатшылардың көзқарастарын әшкерелеу үшін, олармен бірге отырып алмай, Аллаһтың Кітабында және Оның Елшісінің Сүннетінде бар нәрсені орындаумен шектелу керек. Ақиқатында, олар сені састыруы мүмкін, бірақ олар өз бидғаттарынан қайтпайды. Сондықтан да, олармен бірге отыруға және олардың бидғаттарын талқылауға салынуға тыйым салынады”, – деп айтқан. Ибн Батта “әл-Ибана” 1/44.
Атақты таби’ин Айюб әс-Сахтияни былай деп айтқан: “Бидғаттарды жақтаушыларға сөйлемеуден күшті әшкерелеу жоқ”. Қараңыз “әш-Шари’а” 56.
Сондай-ақ, Му’ауия ибн Қура былай дейтін: “Дінге қатысты керісулер амалдарды зая етеді”. әл-Аджурри “әш-Шари’а” 21.
Мүмкін біреу мұны дұрыс түсінбей: «Қалайша біздің үмметіміздің имамдары бидғаттың жақтаушыларымен айтысуға тыйым салатын еді, егер олардың өздері оларды әшкерелеген болса?!» - деп сұрауы мүмкін. Олар бидғаттардың адасқан жақтаушыларымен айтыспады, олардың бидғаттарын әшкерелеп түсіндірді, ал бұл ғалымдардың ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, олар адамдарға осы адасушылықтарды түсіндіріп, сол арқылы оларды сол адасушылықтардан сақтандырады. Яхья ибн Яхья былай дейтін: “Сүннетті қорғау Аллаһ жолындағы джихадтан да жақсы”. Қараңыз “Заммуль-калям” 111.
Сондай-ақ, имам Ахмад, одан: “Сен үшін не абзалырақ: адамның намаз оқып, ораза ұстап, иътикаф жасағаны ма немесе бидғаттардың жақтаушыларынан сақтандырып ескерткені ме?» - деп сұрағанда, ол: «Адам намаз оқып, ораза ұстап, иътикаф жасаса – ол мұны өзі үшін істейді, ал ол бидғаттардың жақтаушыларынан сақтандырса – бұл мұсылмандар үшін, және бұл абзалрақ», - деп жауап берген. Қараңыз “Маджму’уль-фатауа” 28/231.
Ал құмарлықтарының және бидғаттардың жақтаушыларының өздері туралы айтар болсақ, олармен айтысып-таласудың және оларға бір нәрселерді дәлелдеудің және соныменен білімді кемсітіп өзіңді күмәндарға салудың қажеті жоқ. Өйткені Аллаһ қаласа, оларды тура жолға салады. Оларға қарсы ең мықты әшкерелеу – бұл, Айюб айтпақшы, сөйлемеу!
Сондай-ақ, мусылмандар оқығандарының және естігендерінің барлығына бірдей сене бермеуі және оларды тексермей жатып таратпауы керек. Адам өтірікші болуы үшін, жай тексерілмеген мәліметті таратуының өзі жеткілікті. Әбу Хурайрадан жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) былай деді: «Өтірікші болу үшін, адамға өзі естіген нәрселерінің барлығын әрі қарай жеткізе беруінің өзі жетіп асады». Муслим 1/10.
Имам Малик былай деді: “Естіген нәрсесінің барлығын баяндайтын адамның құтылмайтынын біл. Және ол естіген нәрсесінің барлығы туралы айта берсе, ешқашан имам болмайды”. Муслим 1/18.
Имам әл-Барбахари: “Өзіңнің замандастарыңнан кімнің сөздерін естісең де, асықпа және сол секілдіні пайғамбардың (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) сахабаларынан біреулері айтқандығын сұрап білмей, оларға сүйенбе!” – деп айтатын. Қараңыз “Шарху-Ссунна” 27.
Имам әл-Ауза’и былай дейтін: “Саләфтардың іздерінен ілес, тіпті адамдардың барлығы сенен бас тартса да. Және адамдардың пікірлерінен сақ бол, тіпті олар пікірлерін өз сөздерімен әдімі етіп көрсетсе де”. Қараңыз “әш-Шари’а” 1/193.
Имам әл-Фудайль ибн ‘Ийяд былай деді: “Тура жолға ілес және саған құтылғандардың санының аздығы зиян тигізбейді. Және адасушылық жолдарынан сақ бол және опат болғандардың санының көптігіне әуесің кетпесін!” Қараңыз “әл-Азкар” 238.
11. Ислам үмметінің проблемаларын шариғат құзырет бермеген адамдардың шешуі
Ислам – өзінің қатаң заңдары мен үкімдері бар дін және онда анархияға орын жоқ. Шариғат қандай да бір мәселелелерді құзыреті жоқ адамдарға шешуге қатаң тыйым салады, әсіресе бұл Ислам үмметінінің келелі мәселелеріне қатысты.
Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Қашан оларға (мұсылмандарға) аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын зерттей алатындар білер еді». (ән-Ниса 4: 83).
Іс басындағылары – бұл ғалымдар мен мұсылмандардың әмірлері. Қараңыз “Тафсир әл-Қуртуби” 3/341.
Мұсылман үмметіне қатысты мәселелер олардың ең маңызды және салмақтыларына жататынына күмән жоқ. Шейх `Абдур-Рахман әс-Са`ди бұл аятқа қатысты мынадай сөздер айтты: «Бұл - Аллаһтың өз құлдарына осындай лайықсыз қылық үшін жасаған сөгісі! Егер мүминдерге баршаның игілігіне қатысты, муминдер үшін қауіпсіздікпен және қуанышпен немесе олар үшін қауіп-қатермен байланысты маңызды дерек жетсе, олар оны асығыстықпен таратпаулары керек. Олар оның шын екенін тексеріп, оны Елшіге (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) немесе білімді және саналы, болып жатқан оқиғалар туралы хабардар және пайда мен зиян мәселесін түсінетін, адамдардың арасында ықпалы барларға жеткізулері керек. Егер ондай адамдар: «Алынған деректерді жариялау мұсылмандарға пайда келтіреді, оларға күш береді және дұшпандарға қарсы тұруға көмектеседі», - деп шешсе, онда бұл жөнінде бүкіл халық алдында жария етіледі. Ал егер олар: «Осы деректерді жариялау мұсылмандарға ешқандай пайда әкелмейді және оларға пайдадан гөрі көбірек зиян тигізеді», - деп шешсе, онда бұл жөнінде жарияланбайды. Міне сондықтан Аллаһ: «олардан оның мән-жайын зерттей алатындар білер еді», - деді, яғни маңызды деректерді өздерінің дұрыс көзқарастарының және салиқалы білімдерінің себебінен талдай алатын адамдар оларды білулері керек. Осыда «Кез келген мәселені оны зерттеуге қабілеті жететін адамға тапсыру керек!» деген маңызды ережеге дәлел бар. Және ешкім маңызды мәселелерді осындай адамдардан бұрын шешпеуі керек, өйткені олар дұрыс шешімге жақындау және қателіктерден мейлінше қорғалған. Бұда сондай-ақ естіген нәрсені асығыстықпен жариялауға тыйым бар. Мұсылмандар сөздермен ойланулары керек, олардың пайда келтіретіндері, не келтірмейтіндері жайлы ой тоқтатулары керек”. Қараңыз “Тафсир әс-Са’ди” 185.
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, адамдар үшін сондай бір, өтірікшілерге сеніп, шыншылдарға сенуді қоятын; қиянатшылдарға аманат тапсырып, сенімге лайықтылар жайлы опасыз ба деп күдіктенетін; және сөз рууайбидаларда болатын замандар келеді». Одан: “Рууайбида деген кім?” – деп сұрағанда, ол: «Жаппай адамдарға қатысты мәселелер туралы сөйлейтін ақымақ!» - деді. Ахмад 2/291, Ибн Мажжаһ 4036. Хафиз Ибн Хаджар, хафиз Ибн Касир, шейх Ахмад Шакир және шейх әл-Әлбани хадисті сахих деді.
«Фиқх негізі» («Усуль әл-фиқх») ғылымында Ақырет күнінің белгілері туралы хадистер екі нәрсені қамтитыны белгілі: біріншісі – мұсылмандардың болатын нәрселерге дайындалулары, ал екіншісі – олардың мағынасы – Пайғамбар (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) ескерткен нәрселерден, олар міндетті түрде орын алатын болса да, қашқақтау. Қараңыз “әл-Мууафақат” 2/450.
Келітірілген аят пен хадисте шариғат құзырет бермеген кісіге мұсылмандардың жаппай мәселелерін талқылап, шешуге айқын тыйым бар, олардың қатарына джихад, әмірге қарсы шығу (хурудж), күпірлікте айыптау, т.б. жатады! Әрине, кейбіреулер, олардың ойларынша, барлығы түгелімен кәпір болып табылатын ғалымдар және тіпті мұсылмандардың әмірлері де бұл мәселелерді шешіп жатқан жоқ деп айтулары мүмкін. Бірақ тіпті егер бұл шындыққа сәйкес келгенде де, бәрібір бұл кез келген адамның барлығына Ислам үмметінің маңызды мәселелерін шешу құқығын бермейді!
Ибн әл-Қайим былай деді: “Аллаһтың Кітабын, Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) Сүннетін және сахабалардың айтқан сөздерін білуші – тек осындай адам ғана мұсылман үмметі душар болған күрделі мәселелерді (науазиль) шешуге құзырлы болып табылады және тек солардан ғана осы мәселелер бойынша пәтуа алуға болады”. Қараңыз “И’лямуль-мууакқи’ин” 4/212.
Ал біздің кезімізде науазиль мәселелерін ғалымдар шешуде ме?!
Шейх Салих әл-Фаузанға: «Түрлі елдерде тұрып жатқан білім талап етушілерге, егер осы елдерде мұсылман әмірі болмаса және олардан басқа ешкіммен байланысу мүмкін болмаса, үммет душар болған маңызды мәселелер мен джихад мәселелері бойынша пәтуа беру міндетті болып табылады ма немесе рұқсат етіледі ме? Осыны түсіндіріп беруіңізді сұраймын», - деп сұрақ қойылды.
Шейх былай деп жауап берді: “Оларға жалпы мәселелер бойынша пәтуа беруге рұқсат етілмейді. Ғалымдардан басқа ешкімге бұл мәселелерде пәтуа беруге рұқсат етілмейді! Аллаһ Тағала бұл жөніде былай деп айтады: «Қашан оларға (мұсылмандарға) аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын зерттей алатындар білер еді». (ән-Ниса 4: 83).
Мұндай мәселелерді өздерінің білімдерімен және тақуалықтарымен танылған ғалымдардың кеңесі шешу керек. Умар, оған Аллаһ разы болсын, бір маңызды мәселе туындағанда, оны шешу үшін, мухажирлерлер мен ансарларды жинайтын! Ал ол Умар еді! Бірақ соған қарамастан, ол кеңесу үшін, мухажирлер мен ансарларды жинайтын. Егер оларды (шәкірттерді) әдеттегі мәселелер туралы сұрап жатса, онда олардың бұл жөнінде білімдері болса, олар сол сұрақтарға жауап бере алады. Алайда маңызды мәселелерге қатысты айтар болсақ, олар бойынша осы мәселелерді зерттейтін беделді ғалымдардан өзге ешкім пәтуа бермейді”. Қараңыз “Фатуа әл-Фаузан” № 7084.
12. Пайда мен зиян мәселесіне (масләха уәл-мафсада) мән бермеу
Пайда мен зиян туралы мәселе діннің негізінде жатыр, бірақ, өкінішке орай, көптеген мұсылмандар бұл мәселеге ешқандай назар бөлмейді және нәтижесінде Исламға да, мұсылмандарға да үлкен зиян тигізетін істерді жасайды. Хасан әл-Басри былай дейтін: “Бүлік (фитна) орын алайын деп жатқанда, ол туралы тек ғалым біледі, ал ол бітіп жатқанда, ол туралы енді әрбір жахиль біледі”. Ибн Са’д “әт-Табақат” 7/166.
Имам Ибн әл-Мубәрак былай дейтін: “Шынайы ғалым - халал мен харам мәселелерін түсінуші емес, өйткені бұл мәселелерді көпшілік біледі. Алайда шынайы ғалым - пайда мен зиян мәселесін түсінуші!” Қараңыз “Әлуияту-ннаср” 1/103.
Үмметіміздің ұлы имамдары тарапынан пайда мен зиян тақырыбында көптеген еңбектер жазылған, олардың арасында Ибн Таймияның, Ибн әл-Қайимнің, әш-Шатыбидің т.б. еңбектері де бар.
Ұлы Аллаһ: «Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын боқтамаңдар. Олар білмей шектен шығып Аллаһқа тіл тигізеді», - деп бұйырды. (әл-Ан’ам 6: 108).
Имам әш-Шаукани бұл аятқа тәпсірінде былай дейтін: “Бұл аятта, егер ақиқатқа шақырып, бидғатқа тыйым салушы (адам) өзінің әрекеті одан да көбірек харамның істелуіне, ақиқатқа қайшы келуге және одан да артық адасушылыққа салынуға алып келуінен қауіптенсе, онда ол үшін мұны тастау (қалдыру) абзал болады дегенге дәлел бар. Тіпті бұл міндетті (уәжіп) болады”. Қараңыз “Фатхуль-Қадир” 2/214.
О бастан пұттарды сөгу – рұқсат етілген іс, тіпті Аллаһқа жақындататын амал, бірақ ол одан да үлкенірек болған жамандыққа, нақты айтқанда, Аллаһтың өзіне тіл тигузуге әкелуі мүмкін болғандықтан, бұл іс харам болады.
Кейбіреулер: «Ғалымдар белгілі пәтуаларын араб елдерінің әмірлеріне, немесе Америкаға, немесе тағы біреулерге жағу үшін, беріп жатыр!» - деп айтады, ал шын мәнінде олар тек дінді, ол қандай болса, солай жеткізуде. Осы жерде мынандай сұрақ туындайды: Сонда Аллаһ: «Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын боқтамаңдар», - деген аятын мушриктерге жағу үшін, түсірді деп айтуға олардың батылдары барады ма екен?!
‘Аиша Пайғамбар (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) бірде оған: «Йә, ‘Аиша, егер сенің халқың соншалықты надандыққа (жәһилиетке) жақын болмағанда, мен міндетті түрде Қағбаны бұзуды бұйырар едім, ал кейін оған одан ажыратылған нәрсені қосар едім, және оның есігін жердің деңгейіне дейін түсірер едім де, онда екі батыс және шығыс есіктерін жасар едім, және оны Ибраһим қалаған іргетастың негізінде қайта көтетер едім», - деп айтқанын баяндаған. әл-Бухари 1586, Муслим 1333.
Бұл сөздерді Пайғамбар (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) Меккені бағындырғаннан кейін, мұсылмандарда күш те, билік те болған кезде айтты, бірақ бұған қарамастан, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) пайда мен зиянды ескеріп, пайдадан гөрі көбірек зиян келтіруі мүмкін болған нәрсені істеуден бас тартты.
Сондай-ақ, пайғамбардан (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) оның сахабалары: “Біз не үшін екіжүзділерді өлтірмейміз?!” - деп сұрағанда, ол: «Сендер сонда адамдар: «Мухаммад өзінің сахабаларын өлтіріп жатыр», - деп айтуларын қалайсыңдар ма?!» - деп жауап берді. Муслим 2584.
Екіжүзділер Аллаһтың дініне кәпірлерден де көбірек зиян тигізетін, бірақ бұған қарамастан, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) оларды өлтірудің салдарынан келуі мүмкін болған зиянды ескеріп, оларды өлтіруге тыйым салды!
Пайда мен зиян мәселесі барлық кезде және барлық жерде ескерілуі керек: джихадта да, күнәлі істерден тыюда да, кәпір болған әмірді құлатуда да, барлық нәрседе!
Міне, ғалымдардың барлық нәрседе пайда мен зиян мәселесін қалайша ескергенінің мысалдары:
Имам әл-‘Изз ибн ‘Абду-Ссалям былай деді: “Дұшпанға шығын әкелмейтін кәпірлермен кез келген шайқасуды қалдыру қажет, өйткені өмірді қауіпке тігу, тек дінді ұлықтауға және мүшриктерге шығын алып келуге пайдалы болса ғана, рұқсат етіледі. Егер осылар болмаса, шайқасуды қалдыру міндетті болып табылады, өйткені онда адамдар өмірінің бос шығыны, кәпірлерге қуаныш әкелу және мұсылмандар үшін қорлық бар. Және бұл ешбір пайдасы жоқ түгелімен зиянға айналады!” Қараңыз “Қауа’идуль-ахкам” 1/95.
Имам әл-‘Иззаның бұл сөздерінде «Джихадты жүргізу үшін қарсылық көрсетуге деген қабілет (қудра) болса жеткілікті!» дейтіндерді әшкерелеу бар. Бұл – қателік, өйткені қарсылық көрсетуге деген қабілеттілік меккелік кезеңде Пайғамбарымызбен (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) бірге оның жанындағы сахабаларында да болды, алайда Аллаһ оларға шайқасуға тыйым салды, өйткені олардың шайқасуы көбірек зиян келтіруі мүмкін еді. Ибн әл-Қайим былай деді: “Аллаһ Тағала мұсылмандарға Меккеде шайқасуға тыйым салды және олардың шайқасуы зұлымдыққа сабыр ету қажеттілігінен де үлкен зиянға әкелмеуі үшін, оларға сабыр етуді бұйырды. Және олардың жандарын, дінін және ұрпақтарын сақтаудың пайдасы оларға шайқасу алып келетін пайдадан басым еді”. Қараңыз “И’лям әл-мууақи’ин” 2/150.
Аллаһ Тағала джихадты, ол арқылы дінді ұлықтау үшін, әмір етті. Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди былай дейтін: “Джихад кәпірлердің қанын төгіп, олардың мал-мүлкін меншіктену үшін жүргізілмейді. Джихад Аллаһтың діні басқа діндерден үстем болу үшін және жер бетінде көпқұдайшылық пен хақ дінге қайшы нәрсенің барлығы жойылу үшін жүргізіледі. Міне осы – бүлік (фитна), ал егер осы фитна жойылса, мұсылмандарға қан төгуді және шайқасуды тоқтату міндетті болады”. Қараңыз “Тайсируль-Карими-Ррахман” 78.
Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Бүлікшілердің тобымен соғысу әмірі мүмкіндік пен күштің болуымен шартталады, және олармен жүргізілетін соғыс көпқұдайшылар және кәпірлермен жүргізілетін соғыстан маңыздырақ емес, ал бұл да мүмкіндікпен және күшпен шартталатыны белгілі. Кейде шариғи пайда (кәпірлерге) алым-салық төлеуде де, немесе бітімдесуде, немесе келісім-шарт жасасуда да болуы мүмкін, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) осылайша бірнеше рет істегеніндей. Және егер имам (әмір) күштің бар екенін көріп, бірақ (шайқасудан) пайданың келуін көрмесе, онда оны қалдыру абзалырақ болады! Және кім шайқасу пайдадан гөрі көбірек зиян келтіретінін көріп тұрса және бұл шайқас - бүлік (фитна) екенін көріп тұрса, ол әмірге бағынуға міндетті болмайды”. Қараңыз “Маджму’уль-фатауә” 4/442.
Уа, мұсылмандар, шейхуль-Исламның бұл сөздеріне назар салыңыздар!
Біріншіден, ол джихадты жүргізу үшін, күш пен қабілеттілікке ие болу қажеттігін айтады!
Екіншіден, ол күш пен мүмкіндік болса да, пайда мен зиян мәселесін ескеру қажеттігін нұсқайды!
Үшіншіден, ол ішінде бүлік пен мұсылмандар үшін анық зиян бар шайқас жағдайында, әмірге бағынбауға рұқсат етіледі дейді! Егер мұндай нәрсе мұсылмандардың шынайы әмірлері туралы айтылған болса, онда өз негізінде әмір болып табылмайтындарға және соған қоса зиян келтіретін нәрседе бағыну туралы не айтуға болады?!
Шейхуль-Ислам сондай-ақ былай дейтін: “Әмірге қарсы шығатын топ олардың шығуында өздері жойғылары келетін зияннан да көбірек зиян болуы мүмкін екенін білуі керек!” Қараңыз “Минхаджу-Ссунна” 3/391.
Сондай-ақ, Ибн Таймия Умайя әулетінен болған әмірлерге қарсы шыққан Ибн әл-Аш’ас пен Ибн әл-Мухалляб туралы былай деді: “Олар өздерімен бірге болғандар сияқты жеңіліске ұшырады! Олар дінді де орнатпады және дүниелік нәрсені де түзетпеді. Аллаһ Тағала дінге немесе дүние тіршілігіне пайда келтірмейтін нәрсені істеуді әмір етпейді ғой, тіпті оны істеуші Аллаһқа жақын адамдардан, тақуалардан және Жәннәт тұрғындарының қатарынан болса да! Олар Алиден, Айшадан, Талхадан, әз-Зубайрдан және бүлік кезінде соғысқандары үшін мақталмағандардың басқаларынан артық емес еді, әрі олар Аллаһтың алдында ұлы орынға ие болуларына және кез келген басқа біреуден гөрі жақсырақ ниетте болғандықтарына қарамастан!” Қараңыз “Минхаджу-Ссунна” 4/528.
Шейх Ибн ‘Усаймин кәпір болған әмірге қарсы шығу туралы айтып, былай деді: “Егер біз оны құлатуға қабілетті болсақ, онда біз оған қарсы шығамыз, ал егер мұны істеуге қабілетіміз жетпесе – онда жоқ, өйткені шариғаттың барлық міндеттері (уәжібат) мүмкіндіктің (қудра) болуымен шартталады. Әрі қарай, егер біз шықсақ, бұл осы әмірдің тұсында болған зияннан да көбірек зиянға әкелуі мүмкін. Және біз оған қарсы шықсақ, ал ол бізден күшті болса, онда бұдан кейін біз бұрынғыдан қорланған күйге түсеміз де, ал ол өзінің күпірлігі мен жауыздығында бұрынғыдан да қасарысып тұрып алады. Бұл сұрақтар шариғатты басшылыққа алатын ақылға мұқтаж. Және осындай мәселелерде біз өзіміздің сезімдерімізден қашықтауымыз керек. Бізге сезімдер рухтандыру үшін керек, бірақ біз опат болуға жетелейтін сезімдердің соңынан ілесіп кетпеуіміз үшін, ақыл мен шариғатқа мұқтажбыз!” Қараңыз “Бабуль-мафтух” 3/126.
Сондай-ақ, Ибн Таймия да айыпталатын нәрсені түзетуде пайда мен зиян туралы маңызды ережені ескерудің керемет үлгісін көрсетті. Ол былай деп баяндайтын: «Монғол-татарлар Шамға шабуыл жасап, оны алған соң, мен өзімнің жақтаушыларыммен бірге олардың қатарынан болған бір шарап ішіп отырған топтың жанынан өттім. Және менің жолдастарымның біреуі оларға сөгіс айтайын деп еді, бірақ мен оған: «Ақиқатында, шарап намаз бен Аллаһты зікір етуден тосып қаталындықтан, Аллаһ оған тыйым салды, ал мыналарды шарап адам өлтіруден, балаларды тұтқындаудан және мал-мүлікті тартып алудан тосады. Сондықтан оларды қоя сал», - дедім.”. Қараңыз “әл-Истиқама” 2/168.
Достарыңызбен бөлісу: |