11-бап. Бақылау және қадағалау органдарының құзыреті
Бақылау және қадағалау органдары:
1) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тиісті бағыттағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүргізеді;
4) өз құзыреті шегінде бақылау және қадағалау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
5) бақылау мен қадағалау тиімділігі мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;
6) Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау органдарының қызметін өзара үйлестіруді жүзеге асырады;
7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2-тарау. ТЕКСЕРУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
12-бап. Тексерулердің жалпы мәселелері
1. Тексерілетін субъектіні тексеру - бақылау және қадағалау органдары мынадай:
1) мемлекеттік органның лауазымды адамының тексерілетін субъектіге баруы;
2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етуді қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажетті ақпаратты сұрату;
3) осы Заңның 5-бабына сәйкес тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту сияқты іс-әрекеттердің бірін жасау арқылы жүргізетін бақылау және қадағалау нысандарының бірі.
2. Тексерілетін субъектілердің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы тексерудің нысанасы болып табылады.
3. Осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарын, 29-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге;
2) кеден одағының кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде өсімдіктер карантині, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргізуге;
3) жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарын сақтауға;
4) көліктегі қауіпсіздік талаптарын сақтау нысанасында көліктік бақылау бекеттерінде автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңдарына сәйкес кемелерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың орындалуын бақылауға және қадағалауға;
6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауына;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды өткізетін ішкі сауда объектілерінде, жануарлардан, өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізаттарды бірыңғай технологиялық циклда өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсімдіктер дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында;
9) карантиндік аймақтарда және қолайсыз мекендерде жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша іс-шараларды бақылауға және қадағалауға;
10) жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі және авиация қауіпсіздігі талаптарын сақтауына;
11) ішкі істер органдарының жүргізілетін жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде қарудың, жарылғыш және улы заттардың, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттардың және олар пайдаланылған бұйымдардың заңды айналымы саласындағы бақылауға;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді жүзеге асыратын субъектінің аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес орнатылған акциздік бекеттер арқылы бақылауға,
сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спирті мен алкоголь өніміне бақылау есебінің жүргізілуіне;
13) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалауға;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
16) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
17) кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатуды, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын, 0,4 киловольттан асатын электр желілерін, белгіленген қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан астам магистралдық жылу желілері мен қазандықтарды пайдалану және олардың техникалық жай-күйі жөніндегі талаптарды сақтауға;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) жол бойындағы жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды
20) жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс жерде сауда жасауға;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды
21) орталық мемлекеттік органдардың, мәслихаттардың және әкімдіктердің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау талаптарын сақтауына байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тексерулерді жүргізу кезінде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледі.
5. Салық қызметі органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртібінің ерекшеліктері, оларды жүргізу, ұзарту және тоқтата тұру мерзімдері тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері мен аяқталуы туралы актіні ресімдеу Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады.
13-бап. Тәуекелдерді бағалау жүйесі
1. Мемлекеттік органдар тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне қарай жоғары, орташа не болмашы тәуекел топтарына жатқызады және олар үшін жоспарлы тексерулер жүргізудің:
1) жоғары тәуекел дәрежесі кезінде - жылына бір реттен;
2) орташа тәуекел дәрежесі кезінде - үш жылда бір реттен;
3) болмашы тәуекел дәрежесі кезінде - бес жылда бір реттен жиі емес кезеңділігін айқындайды.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын тексеру үшін жоспарлы тексерулер жүргізудің кезеңділігі:
1) ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында:
жоғары тәуекел дәрежесі кезінде - жарты жылда бір реттен;
орташа тәуекел дәрежесі кезінде - бір жылда бір реттен;
болмашы тәуекел дәрежесі кезінде - үш жылда бір реттен жиі болмауға;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында:
жоғары тәуекел дәрежесі кезінде - тоқсанына бір реттен;
орташа тәуекел дәрежесі кезінде - жарты жылда бір реттен;
болмашы тәуекел дәрежесі кезінде - жылына бір реттен;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында:
жоғары тәуекел дәрежесі кезінде - жарты жылда бір реттен;
орташа тәуекел дәрежесі кезінде - жылына бір реттен;
болмашы тәуекел дәрежесі кезінде - үш жылда бір реттен жиі болмауға тиіс.
Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелері бойынша бөлу салдарлардың ауырлығы тұрғысынан субъектінің маңыздылығы, осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың салалық статистикасы, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік органдар міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарына, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді.
4. Жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бақылау және қадағалау органдарының және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері - тексерілетін субъектінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, тексерілетін субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы.
14-бап. Ведомстволық есепке алу
1. Мемлекеттік органдар міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарына қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді.
Тексерілетін субъектілерді тексеру мәселелері жөніндегі міндетті ведомстволық есептіліктің нысандары мемлекеттік орган, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
Жеке кәсіпкерлік саласындағы тексерілетін субъектілерді тексеру мәселелері жөніндегі міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарын да кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітуге тиіс.
2. Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъектілерді тексерулердің санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізуге міндетті.
Тексерілетін субъектілерді тексеру жөніндегі ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
15-бап. Тексеру парақтары
1. Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде тексерілетін субъектілердің біртекті топтары үшін тексеру парақтарын бекітеді.
Тексеру парақтарының нысандарын бақылау және қадағалау органдары айқындап, бекітеді және бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жариялануға жатады.
Жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандары бақылау және қадағалау органдарының және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жариялануға жатады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тексеру парағы осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын талаптардың толық тізбесін қамтиды.
Тексеру парағында қамтылған, тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптар ең аз жеткіліктілік қағидаттарына сәйкес қалыптастырылады.
Осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген не тексерілетін субъектінің қызметінен болатын тәуекел дәрежесін төмендетуге әсер етпейтін тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын талаптар тексеру парақтарына енгізілуге жатпайды және бұл талаптар тексеру барысында тексерілетін субъектілерге қойылмайды.
16-бап. Тексеру түрлері
1. Тексерілетін субъектілерді тексеру мынадай түрлерге:
1) жоспарлы;
2) жоспардан тыс болып бөлінеді.
Жоспарлы тексеру - уәкілетті орган тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес және адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген қатерлердің алдын алу мақсатында алдыңғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескере отырып бекіткен тексерулердің жоспары негізінде нақты тексерілетін субъектіге қатысты бақылау және қадағалау органы тағайындайтын тексеру.
Жоспардан тыс тексеру - бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей төнген қатерлерді жою мақсатында нақты тексерілетін субъектіге қатысты тағайындайтын тексеру.
2. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер ішкі еңбек тәртібінің қағидаларында белгіленген тексерілетін субъектінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) бұзушылықтар жасалған кезде олардың тікелей жолын кесу қажет болған жағдайларда жүргізілуі мүмкін.
3. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер:
1) кешенді тексерулер;
2) тақырыптық тексерулер болып бөлінеді.
Тексерілетін субъектіге бірнеше бақылау және қадағалау органдарының бір мезгілде тексеру жүргізуі қажет болған кезде осы органдардың әрқайсысы тексеру тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті.
Бақылау және қадағалау органының бір ғана мәселелер шеңбері бойынша бірнеше тексерілетін субъектілерге бір мезгілде тексеру жүргізуі қажет болған кезде мынадай:
1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
2) бақылау-кассалық машиналардың болуы;
3) акциздік және есептік-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалылығы;
4) біржолғы талонның болуы;
5) лицензияның болуы;
6) этил спиртін босатуға рұқсаттың болуы;
7) патенттің болуы;
8) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша жүргізілетін тексерулерді қоспағанда, осы орган тексерілетін әрбір субъектіге тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті.
Кешенді тексеру - тексерілетін субъектінің қызметін осы Заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау мәселелері кешені бойынша тексеру.
Тақырыптық тексеру - тексерілетін субъектінің қызметін осы Заңның
Достарыңызбен бөлісу: |