«ҚҰҚЫҚтану негіздері» ПӘні бойынша тест тапсырмалары 10-сынып



Дата07.09.2023
өлшемі18.57 Kb.
#476812
аяна кукык тест


«ҚҰҚЫҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 10-СЫНЫП (РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙ)
1. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі қандай? А) 5 жыл В) 6 жыл С) 3 жыл D) 7 жыл Е) 8 жыл
2. Мемлекет ұғымына сәйкес келетін анықтаманы көрсетіңіз: A) еңбек мүдделерін қорғайтын, осыған байланысты әлеуметтік, экономикалық құқықтарды қорғайтын азаматтар осы қажеттіліктерді қорғау үшін ерікті бірлестіктер құруы B) саяси еркіндікпен айқындалатын адамдар одағы және тиісті мүдделер мен қажеттіліктер мен сипатталатын әлеуметтік топтардың бірлестігі C) өз билігін сақтау үшін қоғам мәжбүрлеу органдарын құратын бір аумақтағы қоғамның саяси ұйымы D) қандас және мүліктік-еңбек қатынастарымен сипатталатын адамдардың бірлестігі E) билеуші топтың экономикалық мүдделерін білдіретін саяси билік
3. Мемлекеттік биліктің үш тармағын атаңыз: А) құқықтық емес, құқықтық, сот билігі B) мәжбүрлеу, құқықтық емес, құқықтық билік C) құқықтық, заң шығарушы, сот билігі D) заң шығарушы, атқарушы, мәжбүрлеу билігі E) заң шығарушы, атқарушы, сот билігі
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасының соттарына жатады: А) заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және қалалық соттары Республиканың соттары болып табылады В) заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты ғана Республиканың соты болып табылады С) әкімдермен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады D) заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және аудандық соттары Республиканың соттары болып табылады Е) заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады
5. Мемлекет пен жеке тұлғаның саяси-құқықты қөзарас іс-қимылын не анықтайды? A) құқықтық мәртебесі B) азаматтығы C) заңдылық D) кінәлілік E) жауапкершілік
6. Анықтамалардың қайсысы қате екенін көрсетіңіз: A) Қазақстан Республикасы - социалистік мемлекет B) Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет C) Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет D) Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет E) Қазақстан Республикасы - құқықтық мемлекет
7. Қазақстан Республикасында танылған меншік нысандарын көрсетіңіз: A) мемлекеттік, жеке және кооперативтік B) жеке және кооперативтік C) мемлекеттік және муниципалды D) муниципалды және жеке E) мемлекеттік және жеке
8. Мәслихат депутаты болып кім сайлана алады? А) Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады B) Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады C) он сегіз жасқа толған кез келген азамат мәслихат депутаты болып сайлана алады D) Қазақстан Республикасының жиырма бес жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады E) Қазақстан Республикасының он алты жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады
9. Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі қандай? А) 5 жыл В) 6 жыл С) 3 жыл D) 7 жыл Е) 8 жыл
10. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша еңбек шарты жасалатын жалпы жас қандай? A) он сегіз жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі B) жиырма жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі C) он төрт жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі D) он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі E) он бес жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі
11. Еңбек заңнамасында қарастырылған делдал дегеніміз: A) еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызметтер көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға B) еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызметтер көрсету үшін тартатын жеке тұлға C) еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызметтер көрсету үшін тартатын заңды тұлға D) еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу үшін тартылған сот органдары E) еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу үшін тартылған лауазымды тұлғалар
12. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша жұмыс уақытының түрлері қандай? A) ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы мүмкін B) ұзақтығы қалыпты және ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты болуы мүмкін C) ұзақтығы қысқартылған және толық жұмыс уақыты болуы мүмкін D) ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған, толық және толық емес жұмыс уақыты болуы мүмкін E) ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы мүмкін
13. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі қашан қабылданды? A) 15 мамыр 2007 жылы B) 16 шілде 1997 жылы C) 23 қараша 2015 жылы D) 30 тамыз 1995 жылы E) 1 қаңтар 2016 жылы
14. Жұмыс беруші мен жұмыскерлердің еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы қалай аталады? A) еңбек қатынастары B) еңбек төрелігі C) еңбек өтілі D) еңбек тәртібі E) еңбек шарты
15. Отбасылық құқық пәнін құрайтын әлеуметтік қатынастарды көрсетіңіз: A) мүліктік емес B) мүліктік C) жеке (мүліктік емес) және мүліктік D) тік және көлденең E) жеке
16. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі емес болып не табылады? A) ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бірлескен меншігі деп танылған мүлкі B) ерлі-зайыптылар неке қию кезеңінде сыйға, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де өтеусіз мәмілелер бойынша алған мүлкі C) некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі мүлкі D) неке кезеңінде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынғанына қарамастан, зергерлік бұйымдар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, жеке пайдаланудағы заттары E) некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезеңде ерлізайыптылардың әрқайсысы сатып алған мүлкі
17. Көрсетілген қағидалардың қайсысы қылмыстық құқықтың арнайы (салалық) қағидасы болып табылады? A) заңдылық қағидасы B) әділеттілік қағидасы C) азаматтардың заң алдындағы теңдігі қағидасы D) демократизм қағидасы E) жеке жауаптылық қағидасы
18. Қылмыстық құқықтың ресми қайнар көзі: A) әдет-ғұрып B) қылмыстық заң C) сот шешімі D) құқықтық сана E) прецедент
19. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады: A) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау, яғни қылмыс не қылмыстық теріс қылық құрамының барлық белгiлерi бар іс-әрекеттер қылмыстық жауаптылықтың бiрден-бiр негiзi болып табылады B) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау, яғни қылмыс құрамының барлық белгiлерi бар іс-әрекеттер қылмыстық жауаптылықтың бiрден-бiр негiзi болып табылады C) Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы кез келген құқық бұзушылықтарды жасау D) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау, яғни қылмыстық теріс қылық құрамының барлық белгiлерi бар іс-әрекеттер қылмыстық жауаптылықтың бiрден-бiр негiзi болып табылады E) қылмыс жасау
20. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қашан қабылданды? A) 3 шілде 2014 жылы B) 16 шілде 1997 жылы C) 30 тамыз 1995 жылы D) 1 қаңтар 1998 жылы E) 1 қаңтар 2015 жылы
21. Қылмыстық заңнамадағы санкцияның бір түрін көрсетіңіз: A) жай B) сипаттамалы C) балама D) бланкеттік E) сілтемелі
22. Қылмыстық құқық бұзушылықтың қандай белгісінің мазмұны қылмыстық заңмен қылмыстық мінез-құлыққа тыйым салу болып табылады: A) қоғамға қауіптілік B) құқыққа қайшылық C) кінәлілік D) жазаланушылық E) азғындық
23. Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған уақыт деп танылады: A) қоғамға қауіпті зардаптардың туындау уақыты B) қоғамға қауіпті іс-әрекетті жүзеге асырылған уақыт C) қоғамға қауіпті қол сұғушылыққа дайындау іс-әрекеттерін жүзеге асыру уақыты D) қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге аяқталмаған әрекетті жүзеге асыру уақыты E) қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге аяқталған оқталуды жүзеге асыру уақыты
24. Аяқталмаған қылмыс сатылары: A) негізді тәуекел ету; қажетті қорғаныс B) қылмысқа дайындалу; аса қажеттілік C) қылмысқа оқталу; қажетті қорғаныс D) қылмысқа дайындалу; қылмысқа оқталу E) қажетті қорғаныс; аса қажеттілік
25. Жаза мақсаты: A) сотталған адамды түзеу B) сотталған адамды тәрбиелеу C) сотталған адамға тән азабын келтіру В) сотталған адамды қанау E) сотталған адамды масқарала

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет