ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘдениет және қҰҚЫҚТЫҚ Өркениет: арақатынасы, ерекшеліктері



Дата07.07.2016
өлшемі84.39 Kb.
#182964
УДК

Каратаева А.М.
заң ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің заң факультеті, мемлекет жәе құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының доценті
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ӨРКЕНИЕТ: АРАҚАТЫНАСЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аннотация

Жұмыста құқықтық мәдениеттің мазмұндық тұстары ашылып, қарастырылады. Сонымен қатар, құқықтық мәдениеттің және құқықтық өркениеттің арақатынастары және ерекшеліктері талданып, жан жақты зерттелінеді.

Сондай ақ мақаланың авторы мәдениет пен өркениеттің қалыптасуы мен дамуына аса назар бөледі. Автордың қол жеткізген нәтижелері мен қорытындыларын қазақстандық құқықтық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуына, қоғамның құқықтық санасын арттыруға, қоғамның құқықтық тәрбиесін көтермелеуге ісінде қолдануға болады.
Тірек сөздер: мәдениет, өркениет, құқықтық мәдениет, құқықтық өркениет, құқықтық тәрбие, мемлекет, мемлекеттік орган, мемлекеттің қызметі

Ключевые слова: культура, цивилизация, правовая культура, правовая цивилизация, правовое воспитание, государство, государственный орган, деятельность государства

Keywords: culture, civilization, legal culture, legal civilization, legal education, the state, the public authority, the activities of the State.
Мәдениет ұғымы өркениет ұғымымен тығыз байланысты болып табылады. Өркениет дегеніміз қоғамның тіршілік етуінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын, оның этникалық, діни негіздерін, адам мен табиғаттың үйлесімдігі дәрежесін, сондай ақ тұлғаның экономикалық, саяси, әлеуметік және рухани бостандығының деңгейін білдіретін социомәдени жүйе болып табылады. Өркениет пен оның құндылықтары қоғамның тек әлеуметтік ұйымдастырылуына ғана емес, сонымен қатар оның мемлекеттік ұйымдастырылуына өз әсерін тигізеді.

«Өркениет» ұғымы келесі мағыналарда қолданылады: 1) мәдениеттің синонимі ретінде; 2) қоғам дамуының сатысы ретінде; 3) материалдық және рухани мәдениеттің деңгейі ретінде; 4) тағылықтан кейінгі адамзаттың даму сатысы ретінде. Өркениетті үш мағынада қарастырады: унитарлы (адамзатың даму идеалы ретінде), сатылы (оның дмуының ерекше сатылары ретінде – аграрлық, антропогендік, техногендік өркениет) және жергілікті-тарихи (белгілі бір уақыт шеңберімен шектелген, ерекше социомәдени феномен).

Өркениет ұлттық шеңбермен шектелуі мүмкін (қытай өркениеті, үнді өркениеті, орыс өркениеті, ағылшын өркениеті және т.б.), және аумақтық шеңбермен шектелуі мүмкін (батыс өркениеті, батысеуропалық өркениет, кшпелі өркениет және т.б.).

Осыған қатысты Э.А Араб-Оглы өз ойын былай білдіреді: «культура есть код, матрица цивилизации, позволяющая человеку, следующему ее нормам, воспроизвести эту цивилизацию через посредство собственной деятельности в том или ином аспекте и таким образом освоить новый жизненный массив… Хотя культура развивается в русле цивилизации, она тем не менее обладает достаточно устойчивой относительной самостоятельностью. Она может продолжать существовать – пусть в несколько размытом, фрагментизованном виде – даже после того, как породившая ее цивилизация отошла в небытие. Люди и по сей день продолжают пользоваться элементами древнегреческой и древнеримской культур, хотя цивилизации, слепком с которых и элементами которых они были, давно перестали существовать... Количество культур значительно превышает количество существующих цивилизаций» [1].

О. Шпенглердің өз ойын былай тұжырымдайды «Цивилизация есть упадок культуры. Цивилизация есть завершение. Она следует за культурой, как ставшее за становлением, как смерть за жизнью, как окоченение за развитием, как духовная старость. Она неотвратимый конец; к ней приходят с глубокой внутренней необходимостью все культуры» [2].

Мәдениет бастапқы алғышарт жіне өркениеттің негізі болып саналады. Қркениет мінез-құлықтың нормалары мен қағидаларын жасайды.

Осыған байланысты С. Хантингтонның көзқарасы қызығушылық тұдырады: «Цивилизация есть культурная общность наивысшего ранга как самый широкий уровень культурной идентификации людей. Отличительными признаками западной цивилизации являются: усвоение классического (античного) наследия, влияние западного христианства, разделение светской и духовной власти, верховенство закона, наличие представительных органов, индивидуализм [3].

Ағылшын тарихшысы мен социологы Арнолд Джозеф Тойнби (1889–1975) өркениетті былай түсіндіреді: «Под цивилизацией понимается наименьший блок исторического материала, к которому обращается тот, кто пытается изучить историю собственной страны. Помимо недоразвитых и «окаменевших»» А. Дж. Тойнби 21 өркениеттің түрін көрсетеді [4].

Л.И.Рейснер өз өйын былай білдірген: «В понятие "цивилизация" включаются такие составляющие как исторически сложившиеся в результате длительного существования той или иное человеческой общности единство материальной и духовной культуры, определенный пространственный ареал и относительно устоявшийся этнодемографический состав. Выделяют локальные цивилизации, "тесно связанные с тем или иным из этносов или государств,─ японская, русская, немецкая, древнегреческая, шумерская и т.д.» [5].

М.А.Барг өркениетке мынадай сипаттама береді: «Цивилизация характеризуется как уровень развития человеческого субъективизма, проявляющийся в образе жизни индивидов, в способе их общения с природой и себе подобными. Он определял смысл категории цивилизации в четырех значениях: историко-антропологическом ─ раскрывающем природу индивида; социокультурном ─ как совокупность средств при помощи которых индивид противостоит внешнему миру; социологическом ─ как единство общества как объективного и субъективного начал в процессе человеческой деятельности; историческом ─ как культурноисторический тип организации общества» [6].

Қазіргі әлемдік өркениеттің жағдайы екі түрлі тұрғыдан сипатталады. Бір жағынан кедейшілікте өмір сүріп отырған, жақсы өмір сүруге уәде беретін кез келген идеяны, мифті қолдайтын адам, ал екінші жағынан өз бас пайдасын ойлайтын, материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыратын адамның мүдделері орын алып отыр. Бұл жағдай тарихи кезеңнің ауысуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Тарихи тәжірибеге сүйенсек моральді релятивизм, руханилылықтың кез келген түрін жоққа шығару, ысырапшылдық, антиөркениеттік күштер мен тенденциялардың пайда болуына әкеп соқтырып отырған.

Тек адам құқықтарының басымдығы, оның бостандығының кепілі мен қол сұғылмаушылығы, оның рухани тамырларының жандануы, оның заңға сенімін нығайту ғана әлемнің қайта құрылуына себеп болуы керек.

Өркениет – социомәдени категория болып табылады. Бірақ өркениет ұғымын зерттеу оны қоғамдық- экономикалық фрмация категориясымен байланыста қараструды талап етеді.

Формация мен өркениет – қоғам дамуының түрлі ортасы. Тек негізгі факторларды зерттеу арқылы ғана қоғам дамуының механизмін тану мүмкін емес, сол сияқты формация мен өркениетке ғана сүйеніп қоғам дамуын басқарудың құпиясын түсіну де мүмкін емес.

Бір формациядан екінші бір формацияға өту меншік нысандарының ауысуымен негізделеді.

Адамзат тарихын қозғалтатын негізгі фактор ретінде формация теориясы марксизм классиктарымен зерттелген.

Адамзат қоғамын сипаттауда, мемлекет пен құқықты бағалауда өркениеттік жолдың жеке дербес екендігін түсіну қажет. Егер формация теориясы түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамға, оның құрылымына тән заңдылықтарды анықтауға бағытталса, өркениеттік жол тіптен басқа танымдық міндеттерді шешеді, оның біреуі адамдардың күйреуімен құлауынан сақтайтын олардың қызметінің әлеуметтік механизмдерін талдау болып табылады. Бұл механизмдер әрқашан дамып, жетіліп және жойылып отырады. Егер ол жойылса, онда онымен байланысты әлеуметтік құрылымда деградация басталады.

Біздің ойымызша өркениеттік жол құқықтық мәдениетті түсіну үшін және оның типтерін бөліп, көрсету үшін негіз болып табылады. Бұл жерде өркениетті тарихи процестің әлеуметтік және әлеуметтік емес компоненттерін құрайтын, тұтас өзін-өзі дамытатын мәдени-тарихи жүйе ретінде анықтауға болады.

Мұндай көзқарас осы заманғы заң әдебиеттерінде көрініс тапқан С.С. Алексеев, Р.З. Лившиц, В.Н. Хропанюк сияқты ғалымдар қоғамдық факторлардың барлық жиынтығын ескеретін, белгілі бір мемлекетке белгілі бір түр беретін өркениеттік жолды мемлекеттік құқықтық құбылыстардың типологиясының әмбебапты, ғылыми критерииі деп есептейді [7].

С.С. Алексеевтің ойынша: «цивилизация понимается как такая ступень в развитии человечества, которая, наряду со структурными характеристиками (в том числе структурированностью общества по классовым началам), отличается возникновением и нарастающим развитием ценностей, механизмов и институтов, направленных на обеспечение упорядоченности социальной жизни и свободы человека как суверенной личности, т.е. главных устоев и показателей социального прогресса» [8].

Құқықтық мәдениеті түсінудегі өркеиеттік жол бірқатар сұрақтарды шешуге көмектеседі. Бұл жолда нақты қоғамның әлеуметтік-психологиялық тәжірибесі туралы, оның менталитеті туралы көзқарасымыз ұлғайады. Өркениеттік жол материалды-экономикалық бастаманы шексіз етуді тыйады, мемлекетке бәрінен бұрын қоғам дамуының рухани-өнегелік және мәдени факторларының ықпал етуін мақсат етеді. Бұл көзқарасты пайдалану мәдени-тарихи мирасқорлықты пайдалануды, нақты қоғамдар мен мемлекеттерді зерттеуде көрсетеді. Өркениетік көзқарас мәдениет туралы қазіргі пікірлермен ұштасады. Ол мәдениетті барлық көлемде қарастыруға мүмкіндік береді.

Өндіріс күшінің, техника мен ғылымның дамуын қамтамасыз ететін, әлеуметтік механизмдерді дамыту мен жетілдіру өркениеттің болашақта дамуы барлық қарама-қайшылықтарға қарамастан онымен тығыз байланысты болып келеді.

Адамзат өлшемін, өркениетті тұлғаның қалыптасу механизмдерін анықтау, адамның даму өлшем, оның қызметке қабілеті ретінде мәдениетті талдау өзге міндет болып табылады. Ол да тарихқа өркениетті көзқараспен шешіледі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕРДІҢ ТІЗІМІ:

1 Араб-Оглы Э.А. Единство в многообразии – принцип живого мира // Вопр. философии. – 1990. – № 8. – С. 17–18.

2 О.Шпенглер. Закат Европы. – М. – 1993.

3 Хантингтон С. Столкновение цивилизаций? // Полис. – 1994. – № 1. – С. 2.

4 Григорьян Б.Т. Философия о сущности человека. – М., 1973. – С. 211.

5 Рейснер Л.И. "Цивилизация" и "формация" в обществах Востока и Запада \\ Азия и Африка сегодня. ─ 1984. ─ № 6 ─ С.22-25.

6 Барг М.Я. Цивилизационный подход к истории: дань коньюктуре или требование науки? \\ Цивилизации. ─ Вып. ─ М.: 1992. ─ С.9.

7 С.С. Алексеев. Теория права. ─ М. ─ 1996; Р.З. Лившиц. Современная теория права. ─ М. ─ 1992.

8 Алексеев С.С. Право: время новых подходов // Советское государство и право. – 1994. – № 2. – С. 3.
1 Arab-Ogly Je.A. Edinstvo v mnogoobrazii – princip zhivogo mira // Vopr. filosofii. – 1990. – № 8. – S. 17–18.

2 O.Shpengler. Zakat Evropy. – M. – 1993.

3 Hantington S. Stolknovenie civilizacij? // Polis. – 1994. – № 1. – S. 2.

4 Grigor'jan B.T. Filosofija o sushhnosti cheloveka. – M., 1973. – S. 211.

5 Rejsner L.I. "Civilizacija" i "formacija" v obshhestvah Vostoka i Zapada \\ Azija i Afrika segodnja. ─ 1984. ─ № 6 ─ S.22-25.

6 Barg M.Ja. Civilizacionnyj podhod k istorii: dan' kon'jukture ili trebovanie nauki? \\ Civilizacii. ─ Vyp. ─ M.: 1992. ─ S.9.

7 S.S. Alekseev. Teorija prava. ─ M. ─ 1996; R.Z. Livshic. Sovremennaja teorija prava. ─ M. ─ 1992.

8 Alekseev S.S. Pravo: vremja novyh podhodov // Sovetskoe gosudarstvo i pravo. – 1994. – № 2. – S. 3.
Каратаева А.М.

кандидат юридических наук, доцент кафедры теории и истории государства и права, конституционного и административного права юридического факультета КазНУ имени аль-Фараби

Резюме

В работе рассматриваются содержательные стороны правовой культуры. Также в работе всесторонне исследуются соотношение и особенности правовой культуры и правовой цивилизации.

В работе также особое внимание уделяется на формирование и развитие таких феноменов как культура и цивилизация. Основные выводы и положения автора могут быть использованы в формировании и развитии правовой культуры, в повышении правосознания и правового воспитания казахстанского общества.

Ключевые слова: культура, цивилизация, правовая культура, правовая цивилизация, правовое воспитание, государство, государственный орган, деятельность государства
Karataeva Aygul

Candidate of Jurisprudence, Associate Professor of Department of the Theory and History of State and Law, Constitutional and Administrative Law, Law Faculty, Al-Faraby KazNU

Summary

The paper considers the substantive part of the legal culture. Also in the paper comprehensively researched and the relation to the legal culture and legal civilization. The paper also focuses on the formation and development of such phenomena as culture and civilization. The main conclusions and points the author may be used in the formation and development of legal culture, to increase the legal awareness and legal education of Kazakh society.


Keywords: culture, civilization, legal culture, legal civilization, legal education, the state, the public authority, the activities of the State.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет