Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Академия
Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Алтын Орда
Орындаған: Қазыхан Абылайхан
Тексерген: Байкабулов Қ.
ЖОСПАР:
1.«Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы.
2.Алтын Орданың коғамдық құрылысы.
3.Алтын Орданын гүлденуі мен құлдырауы.
4.Монғол хандарының ұлыс билігі үшін таласы.
5.Монғол шапқыншылығының Қазақстанға тигізген зардаптары.
Алтын Орда
«Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы:
Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.
1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды.
Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпактары — хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.
Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен коғамдық-экономикалык даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ен көбі кыпшактар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т. б. болды. Отырыкшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т. б. кірді. Мұнда монголдар азшылык болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда монғолдар толығымен түркілсніп, Алтын Орданын халқы «татарлар» деген атау алды.
Алтын Орданың коғамдық құрылысы:
Алтын Орда мемлекетінің кұрылысы толығымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Манызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы — құрылтай шақырылды. Армияны және өзге мемлекеттермен дипломатиялық катынастарды бешербек басқарды. Қаржы, алым-салык мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталык аткарушы орган — диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты үлыстардан алым-салык., сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер, басқақтар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадурлер түмендерді, мындық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары болып сайланды.
Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін үлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге — оң және сол қанатка, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (үлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазакстан жерінің көп бөлігі сол канат құрамына кірді.
Батый мен Орда Еженнің үлыстары өз ішінде тағы да кіші ұлыстарға бөлініп, олардың басында Жошының өзге ұлдары отырды.
Үлысты (үлесті жер) билеуге өкімет басындағы әулет мүшелерінің барлығы күкықты болды. Ал өзге монғол аксүйектеріне үлесті жер ханға еткен еңбегіне карай бөлініп берілді. Біртіндеп аксүйектер құкығы арта түсіп, олар карамағындағы жерді ұрпзғына мұра етіп калдыра алатын дәрежеге жетті. Екінші жағынан Алтын Ордада көшпелілердің ру-тайпалық ұйымдары да сақталды.
Достарыңызбен бөлісу: |