Қазақ хандығы дипломатиясының қалыптасуы мен дамуын сараптау Қазақ хандықтарының сыртқы саясаты мен дипломатиясы (15-17 ғасыр), Қазақ хандығы 15 ғасырдың 60 жылдарының ортасы мен 70 жылдарының басында (Мұхаммед Хайдар Дулатидің есебі бойынша 1465-66 ж.) Батыс Жетісуда құрылды.[1] Оның негізін қалаушылар Керей хан мен Жәнібек хан болды. Қазақ хандықтарының сыртқы саясат жөніндегі бағыт-бағдары және дипломатиялық қатынасы белгілі бір дәуірдегі ішкі, әсіресе сыртқы жағдайға сәйкес өзгеріп отырды. - Қазақ хандықтарының сыртқы саясаты мен дипломатиясы (15-17 ғасыр), Қазақ хандығы 15 ғасырдың 60 жылдарының ортасы мен 70 жылдарының басында (Мұхаммед Хайдар Дулатидің есебі бойынша 1465-66 ж.) Батыс Жетісуда құрылды.[1] Оның негізін қалаушылар Керей хан мен Жәнібек хан болды. Қазақ хандықтарының сыртқы саясат жөніндегі бағыт-бағдары және дипломатиялық қатынасы белгілі бір дәуірдегі ішкі, әсіресе сыртқы жағдайға сәйкес өзгеріп отырды.
Жәнібек хан мен Керей ханның одақтық қатынас орнатқан тұңғыш мемлекеті Моғолстан болды. Бұл достық одақ 1468 ж. Шығыс Дешті Қыпшақтың билеушісі Әбілхайыр ханның Жетісуға, ойраттардың (қалмақтардың) Моғолстанға шабуыл жасауына байланысты құрылып, 16 ғасырдың 30 жылдарына дейін созылды. 1468 ж. Әбілхайыр хан өлген соң Шығыс Дешті Қыпшақты билеу үшін Өзбек ханның мұрагерлерімен күрескен қазақ хандары Шайбани әулетімен билікке таласып жүрген Жошы әулетінен шыққан Ахмет ханмен, Махмұт ханмен, Ибақ ханмен және т.б. одақтасты. - Жәнібек хан мен Керей ханның одақтық қатынас орнатқан тұңғыш мемлекеті Моғолстан болды. Бұл достық одақ 1468 ж. Шығыс Дешті Қыпшақтың билеушісі Әбілхайыр ханның Жетісуға, ойраттардың (қалмақтардың) Моғолстанға шабуыл жасауына байланысты құрылып, 16 ғасырдың 30 жылдарына дейін созылды. 1468 ж. Әбілхайыр хан өлген соң Шығыс Дешті Қыпшақты билеу үшін Өзбек ханның мұрагерлерімен күрескен қазақ хандары Шайбани әулетімен билікке таласып жүрген Жошы әулетінен шыққан Ахмет ханмен, Махмұт ханмен, Ибақ ханмен және т.б. одақтасты.
Достарыңызбен бөлісу: |