«Құқықтық тәрбие- құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы барысында «Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?» тақырыбында өткізілген пікірталас



Дата08.01.2024
өлшемі0.55 Mb.
#488644
құқықтық т


«Құқықтық тәрбие- құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы барысында «Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек? » тақырыбында өткізілген пікірталас
Топта «Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?» тақырыбының төңірегінде студенттермен әңгіме және пікірталас өткізілді.
Мақсаты – студенттің бойына құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.
Пікірталаста «Сенің құқықтарың мен міндеттерің» атты оқушылар өз ойларын еркін айта білді. 
Адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттермен, әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік беру, жақсылықты сезініп,бағалай білуге үйрету, қоршаған ортаға, адамдарға мейірімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын, оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, сыпайылыққа, қайырымдылыққа, қамқоршы бола білу тақырыбы қаралды. 
Және жасөспірім балаларға темекі, спирттік ішімдік зиянды заттарды сатуға болмайтынын, тәрбие отбасыдан басталатынын, оқушылыр арасында құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыптары, сабақта ұялы телефон ұстамауларына байланысты түсінік жұмыстары жүргізілді. Студенттерге құқық бұзушылықтың алдын-алу туралы түсініктер жүргізіліп, ағымдағы теріс қылықтардан аулақ болып, қылмыстың алдын алу мәселелері жете түсіндірілді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет