Психологиялық ахуал. Оқушылар бір рет қол шапалақтағанда маңдайларымен сәлемдеседі, екі рет қол шапалақтағанда иықтарын бір біріне тигізеді, үш рет шапалақтағанда құлақтарын бір біріне тигізіп сәлемдеседі.
«Алтын сандық» әдісі арқылы төрт топқа бөлінеді. Яғни сандықтың ішінде жұлдызшалар болады, жұлдызшалардың артында «Денсаулық», «Спорт», «Жемістер», «Тазалық» деген жазулар бар. Яғни бүгінгі тақырыбымыз «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» демекші төрт топқа бөлінеді.
«Денсаулықтың құпиясы»:
(Тақтаға түсті қағаздан гүл ілінеді. оқушылар гүл сабақтарына еркінше жазады.)
Мысалға:
1. Таза тұрып,таза жүру.
2. Таза ауада дем алу,серуендеу.
3. Шынығу адамға күш әкеледі.
4. Дұрыс тамақтану.
5. Күлкі.
6. Дем алу.
7. Тұлғаны түзу ұстай білу.
8. Зиянды заттардан аулақ болу.
9.Сүйіспеншілік күші.
10. Таза қоршаған орта.
Сөзжұмбақ шешу:
1.Спорт ойындарында пайдаланылатын негізгі зат? (доп)
2.Өкпені құртатын улы зат? (темекі)
3. Тұмау кезінде ішетін ұнтақ дәрінің аты не? (аспирин)
4.Тазалыққа пайдаланылатын негізгі зат? (сабын)
5.Адам тыныс алу үшін не керек? (ауа)
6. Қандай адамдардың көңіл күйі болмайды? (ауру)
7. Жуынбай жүрген бала қандай бала? (жалқау)
8. Жалқаудың досы? (ұйқы)
9. Қоршаған ортаны қорғау үшін не керек? (тазалық)
Видео ролик «Денсаулық»
Видеороликті талқылау
|