Іv шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті XLVIІ сессиясының күн тәртібі туралы



Дата08.07.2016
өлшемі321.88 Kb.
#184715
Қарағанды қ. № 476 2011 жылғы 30 наурыз
IV шақырылған

XLVIІ сессия


ІV шақырылған Қарағанды қалалық

мәслихатының кезекті XLVIІ

сессиясының күн тәртібі туралы
Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

IV шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті XLVIІ сессиясының күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілсін:

1. Еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссия есебі.

2. Адам құқықтары, заңдылық, этика, наградалар, регламент, атаулар және қайта атаулар мәселелері бойынша тұрақты комиссия есебі.

3. IV шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының редакциялық комиссиясының құрамы туралы.

4. IV шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.

5. IV шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессия төрағасы туралы.

6. Әр түрлі.

1) IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы XXVIII сессиясының «Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдіктермен жүруі туралы» №301 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы.

2) Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы XLІІІ сессиясының «Қарағанды қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 442 шешіміне өзгертулер енгізу туралы.

3) IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы XVI сессиясының «Қарағанды қаласының базарларында және дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне біржолғы талондар құнын белгілеу туралы» № 170 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»;

4) «IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 25 наурыздағы XXXI сессиясының «Қарағанды қаласы әкімдігі жанындағы сәулеттік-қала құрылыстық Кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» № 332 шешіміне өзгертулер енгізу туралы»;

5) IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 сәуірдегі XXII сессиясының «Қарағанды қалалық учаскелік сайлау комиссиясының құрамын құру туралы» № 227 шешіміне өзгертулер енгізу туралы.

6) Қылмыстық жазаны және қылмыстық құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Кеңестің құрамын бекіту туралы.


ІV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының

кезекті XLVIІ сессия төрағасы Н.Рахымбергенов
Қарағанды қалалық

мәслихаты хатшысының

міндетін атқарушы М.Камалиев

Қарағанды қ. № 477 2011 жылғы 30 наурыз


IV шақырылған

XLVII сессия


Еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссия есебі
«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы 3 тармағына сәйкес, еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасы А.Қ. Аймағамбетовтің есебін тыңдап, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссия есебі бекітілсін.


ІV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының

кезекті XLVIІ сессия төрағасы Н.Рахымбергенов
Қарағанды қалалық

мәслихаты хатшысының

міндетін атқарушы М.Камалиев

Қарағанды қ. № 478 2011 жылғы 30 наурыз


IV шақырылған

XLVII сессия


Адам құқықтары, заңдылық, этика, наградалар, регламент, атаулар және қайта атаулар мәселелері бойынша тұрақты комиссия есебі
«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы 3 тармағына сәйкес, адам құқықтары, заңдылық, этика, наградалар, регламент, атаулар және қайта атаулар мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасының орынбасары М.К. Ильясов есебін тыңдап, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Адам құқықтары, заңдылық, этика, наградалар, регламент, атаулар және қайта атаулар мәселелері бойынша тұрақты комиссия есебі бекітілсін.


ІV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының

кезекті XLVIІ сессия төрағасы Н.Рахымбергенов
Қарағанды қалалық

мәслихаты хатшысының

міндетін атқарушы М.Камалиев

Қарағанды қ. № 479 2011 жылғы 30 наурыз


IV шақырылған

XLVII сессия


ІV шақырылған қалалық

мәслихаттың кезекті

сессиясының редакциялық

комиссиясының құрамы туралы
Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

ІV шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының редакциялық комиссиясының құрамына келесі депутаттар сайлансын:

1. Көшерова Бахыт Нұрғалиқызы – № 1 сайлау округінің депутаты.

2. Ильясов Мұрат Құснетденұлы – № 24 сайлау округінің депутаты.

3. Мұхтаров Жанділ Ахуанұлы – № 29 сайлау округінің депутаты.
ІV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының

кезекті XLVIІ сессия төрағасы Н.Рахымбергенов
Қарағанды қалалық

мәслихаты хатшысының

міндетін атқарушы М.Камалиев

Қарағанды қ. № 480 2011 жылғы 30 наурыз


IV шақырылған

XLVIІ сессия


ІV шақырылған Қарағанды қалалық

мәслихатының кезекті

сессиясының күн тәртібі туралы
Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

IV шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілсін:

1. Қарағанды қаласы әкімдігінің «2010-2011 жылдарда жылыту маусымының өтуі туралы» есебі.

2. Қарағанды қаласының 2010 жылға арналған бюджетін орындау туралы есеп.

3. Құрылыс, экология, көлік, байланыс, халыққа коммуналдық – тұрмыстық қызмет көрсету мәселелері бойынша тұрақты комиссия есебі.

4. Өзін-өзі басқару, экономика, жоспар, бюджет, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияның есебі.

5. IV шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының редакциялық комиссиясы құрамы туралы.

6. IV шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.

7. IV шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессия төрағасы туралы.

8. Әр түрлі.


ІV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының

кезекті XLVIІ сессия төрағасы Н.Рахымбергенов
Қарағанды қалалық

мәслихаты хатшысының

міндетін атқарушы М.Камалиев

Қарағанды қ. № 481 2011 жылғы 30 наурыз


IV шақырылған

XLVIІ сессия


IV шақырылған қалалық

мәслихаттың кезекті

сессиясының төрағасы туралы
Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

IV шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып № 17 сайлау округінің депутаты Шульц Андрей Валерьевич сайлансын.


ІV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының

кезекті XLVIІ сессия төрағасы Н.Рахымбергенов
Қарағанды қалалық

мәслихаты хатшысының

міндетін атқарушы М.Камалиев

Қарағанды қ. №482 2011 жылғы 30 наурыз


IV шақырылған

XLVII сессия


IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы XXVIII сессиясының «Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» №301 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды қаласының

Әділет басқармасында 25.04.2011 жылғы №8-1-132 тіркелді

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6 бабы 4) тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:


1. ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы ХXVІII сессиясының «Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» №301 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №8-1-107 болып тіркелген, «Взгляд на события» газетінде 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №140 (604) жарияланған) ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы ХLІII сессиясының «ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы ХXVІII сессиясының «Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» №301 шешіміне өзгерту мен толықтыру енгізу туралы» №441 шешімімен өзгерту мен толықтыру енгізілген (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №8-1-123 болып тіркелген, «Взгляд на события» газетінде 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №147 (751) жарияланған) өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

  1. 1 тармақтағы «2010 жылға және 2011 жылғы бірінші тоқсанына» сөздері «2010 жылға, 2011 жылғы бірінші және екінші тоқсандарына» сөздерімен ауыстырылсын;

  2. 1 тармақтың 1) тармақшасындағы «2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі» сөздерінен кейін «және 2011 жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін» сөздерімен толықтырылсын;

  3. 1 тармақтың 2) тармақшасындағы «құны 400 теңге тұратын» сөздері алып тасталсын;

«2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі» сөздерінен кейін «және 2011 жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін» сөздерімен толықтырылсын;

  1. 1 тармақтың 3) тармақшасындағы «құны 1000 теңге тұратын» сөздері алып тасталсын;

«2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі» сөздерінен кейін «және 2011 жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін» сөздерімен толықтырылсын;

  1. 2 тармақтағы «(1 маусымнан 31 тамызға дейін)» сөздерінен кейін «және 2011 жылға (1 маусымнан 30 маусымға)» сөздерімен толықтырылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов) жүктелсін.

3.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.



ІV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының кезекті

XLVII сессиясының төрағасы Н.Рахымбергенов

Қарағанды қалалық

мәслихаты хатшысының

міндетін атқарушы М.Камалиев

Келісілді:


«Қарағанды қаласының білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.Жекебаев



04.04.2011.

Қарағанды қаласы № 483 2011 жылғы 30 наурыз


IV шақырылған

XLVII сессия


«Қарағанды қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының XLІІІ сессиясының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 442 шешіміне өзгертулер енгізу туралы
Қарағанды қаласының

Әділет басқармасында 15.04.2011 жылғы №8-1-131 тіркелді
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы XLІІІ сессиясының «Қарағанды қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы» №442 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-121 тіркелген, «Взгляд на события» газетінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 148 (752) жарияланған), келесі өзгертулер енгізілсін:

1) 1 тармақта:

тармақша 1) келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1) кірістер – 29 622 714 мың теңге; оның ішінде:

cалықтық түсімдер бойынша - 16 810 384 мың теңге;

cалықтық емес түсімдер бойынша – 89 977 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдері бойынша – 1 307 481 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 11 414 872 мың теңге;»;

тармақша 2) келесі редакцияда мазмұндалсын:

«2) шығындар – 33 431 851 мың теңге;»;

тармақша 4) келесі редакцияда мазмұндалсын:

«4) бюджет тапшылығы – 3 862 637мың теңге;»;

тармақша 5) келесі редакцияда мазмұндалсын:

«5) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 3 862 637 мың теңге; оның ішінде:

қарыздар түсімі – 3 711 085 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 678 145 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 829 697 мың теңге.»;

2) 6 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«6. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2011 жылға арналған резерві 357 760 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

3) көрсетілген қаулының 1,4,5 қосымшалары аталған қаулының 1,2,3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.




ІV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының кезекті

XLVII сессиясының төрағасы Н.Рахымбергенов

Қарағанды қалалық

мәслихаты хатшысының

міндетін атқарушы М.Камалиев

Қарағанды қ. № 484 2011 жылғы 30 наурыз


IV шақырылған

XLVII сессия


IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы XVI сессиясының «Қарағанды қаласының базарларында және дүркін – дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне біржолғы талондар құнын белгілеу туралы» №170 шешіміне өзгерту және толықтыру енгізу туралы
Қарағанды қаласының

Әділет басқармасында 08.04.2011 жылғы №8-1-130 тіркелді
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36 бабы 6 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы XVI сессиясының «Қарағанды қаласының базарларында және дүркін – дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне біржолғы талондар құнын белгілеу туралы» №170 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №8-1-83 болып тіркелген, «Взгляд на события» газетінде 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №134 (463) жарияланған) өзгерту және толықтыру енгізілсін:

1) 1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда оқылсын;

2) осы шешім келесі мазмұндағы 3-1 тармағымен толықтырылсын:

«3-1. Біржолғы талондарды беру және біржолғы талондарды сатудан түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі «Бір жолғы талондарды беру және бір жолғы талондарды сатудан түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» №18/02 қаулысына сәйкес жүргізілсін (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2007 жылғы 19 қазандағы № 1834 болып тіркелген).».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың өзін -өзі басқару, экономика, жоспар, бюджет, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияға (төрайымы Сәния Нұртасқызы Боранқұлова) жүктелсін.

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


ІV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының кезекті

XLVII сессиясының төрағасы Н.Рахымбергенов

Қарағанды қалалық

мәслихаты хатшысының

міндетін атқарушы М.Камалиев

Келісілді:


Қарағанды қаласы бойынша

салық басқармасының бастығы А.Қадырбеков



04.04.2011.

Қарағанды қалалық мәслихатының

2011 жылғы 30 наурыздағы №484

шешіміне қосымша


Қарағанды қалалық мәслихатының

2008 жылғы 24 желтоқсандағы №170

шешіміне 1 қосымша



Базардың аты

Тауардың сату орындарының түрлері

Біржолғы талонның бір күнгі құны (теңге)

Арнайы түрі

1

2

3

4

«Акжолтай» базары

«Blast Profil» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,

Бұқар жырау даң., 53а


Жабық 1 шаршы метрге

110

өнеркәсіптік

Көшедегі сөре

(үлкен)


240

өнеркәсіптік

Көшедегі сөре

(шағын)


155

өнеркәсіптік

«Абсолют» жеке сауда

орталығы,

«Карагандабытсервис» ашық түрдегі акционерлік қоғам,

Бұқар жырау даң., 53а



Жабық 1 шаршы метрге

110

өнеркәсіптік

«Трейд Мол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базары,

Зональная к., 2

Бұқар-жырау дан., 83



Сөре

250

азық-түлік

Көліктен сату

700

азық-түлік

Жабық темір сөре және палатка

670

өнеркәсіптік

Ет сататын сөре

400

азық-түлік

Контейнер

1000

азық-түлік

Қолдан сату

60

азық-түлік

Контейнер

600

өнеркәсіптік

Жабық темір сөре және палатка, сауда бөлімі

630

өнеркәсіптік

Сөре

200

өнеркәсіптік

«Шығыс» базары,

«Шығыс» сауда үйі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,

Космонавттар к., 1б



Жабық сөре

250

азық-түлік

Контейнер

1000

азық-түлік

Жабық темір сөре мен палатка

250

азық-түлік

Көшедегі сөре

150

азық-түлік

Көліктен сату

1000

азық-түлік

Қолдан сату

60

азық-түлік

Сөре

200

өнеркәсіптік

«Восток» базары,

«Восток» фирмасы

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,

Ермеков к., 52



Сөре

170

азық-түлік

Лоток

60

өнеркәсіптік

«Спутник» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базары,

Зональная к., 1



Былғары бұйымдары сөресі

300

өнеркәсіптік

Сөре

130

өнеркәсіптік

«Орбита» базары

«Санноп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,

Волочаевская к., 4а,

автокөліктік


Сөре

350

азық-түлік

Темір жабық сөре және палатка

350

азық-түлік

Темір жабық сөре және палатка

300

өнеркәсіптік

Көліктен сату

260

автокөліктік


Контейнер (5 тоннадан артық)

500

автокөліктік

Контейнер (5 тонна)

400

автокөліктік

Павильон (автоқосалқы бөліктер)

340

автокөліктік

Үлкен павильон (автоқосалқы бөліктер)

650

автокөліктік

«Арай» фирма жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базары,

Құрылысшылар даң., 10/2,

Құрылысшылар даң., 13


Сөре

180

өнеркәсіптік

Контейнер

400

өнеркәсіптік

Темір жабық сөре және палатка

200

өнеркәсіптік

Темір жабық сөре және палатка

200

азық-түлік

Көліктен сату

650

азық-түлік

Қолдан сату

50

азық-түлік

Ет сататын сөре

550

азық-түлік

Сөре

150

азық-түлік

Жабық сөре

250

азық-түлік

Контейнер

400

азық-түлік

«Отау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базары,

автокөліктік базар,

Стартовый мүйісі, 61б




Көліктен сату

480

автокөліктік

Автокөлік сату

300

автокөліктік

Контейнер

500

автокөліктік

Темір жабық сөре және палатка

600

автокөліктік

Автоәдебиеттер сөресі

300

өнеркәсіптік

Сөре

300

өнеркәсіптік

Қолдан сату

50

өнеркәсіптік

Музыкалық жабық темір сөре және палатка

320

өнеркәсіптік

«Құлагер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базары,

Прогресс к., 27



Сөре

80

азық-түлік

«Бахт» фирмасы

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базары, Гоголя к., 68/4


Сөре

130

азық-түлік

Кіші жабық темір сөре және палатка

200

азық-түлік

Орташа жабық темір сөре және палатка

320

азық-түлік

Үлкен темір жабық сөре және палатка

380

азық-түлік

Ет сататын сөре

350

продуктовый

«Михайловский» базары,

жеке кәсіпкер «Кичинский»,

Қазақстан к., 8



Қолдан сату

50

өнеркәсіптік

Сөре

140

өнеркәсіптік

Мал азығы

90

азық-түлік

Сөре

60

азық-түлік

Темір жабық сөре және палатка

220

азық-түлік

«Лаки-Краски» жеке сауда орталығы, «Лотос» фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Комиссаров к., 12

Үлкен сөре

330

өнеркәсіптік

Кіші сөре

230

өнеркәсіптік

«Қарағанды Агро-Орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі коммуналдық базары, Космонавтовттар к., 1б

Көкөніс, сүт сөресі

200

азық-түлік

Ет сататын сөрелер

260

азық-түлік

Жеке кәсіпкер «Аблаев» базары, Дружба к., 124

Сөре

100

азық-түлік

Сөре

100

өнеркәсіптік

«Жұлдыз» базары,

жеке кәсіпкер «Модебадзе»,

Мануильский к., 17а


Сөре

200

азық-түлік

Көліктен сату

165

азық-түлік

Сөре

110

өнеркәсіптік

Жеке кәсіпкер «Хохлов»

базары, 23 ықшамауданы, 8



Сөре

200

азық-түлік

Сөре

100

өнеркәсіптік

Жеке кәсіпкер «Журавлева»,

жеке кәсіпкер «Стадник» базары, 23 ықшамаудан, 3/1 құрылыс



Сөре

200

азық-түлік

Көліктен сату

570

азық-түлік

Сөре

100

өнеркәсіптік

Көліктен сату

570

өнеркәсіптік

«Ғасыр» базары

«Восток 1, 2» ықшамауданы



Сөре

100

азық-түлік

Ет сататын сөрелер

260

азық-түлік

Сөре

100

өнеркәсіптік

«Кайрат» базары,

«Кайрат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,

«Восток -1, 2» ықшамауданы


Сөре

185

азық-түлік

Сүт өнімдерін сөреден сату

70

азық-түлік

Көкөніс өнімдерін, азық - түліктерді сөреден сату

150

азық-түлік

Қолдан сату

50

азық-түлік

Сөре

80

өнеркәсіптік

«Горняк» базары,

жеке кәсіпкер «Исаков»,

12 ықшамаудан, 16/2



Сөре

200

азық-түлік

Көліктен сату

750

азық-түлік

Темір жабық сөре және палатка

325

азық-түлік

Қолдан сату

80

азық-түлік

Сөре

110

өнеркәсіптік

Контейнер

500

азық-түлік

Контейнер

500

өнеркәсіптік

«Кайнар» базары

«Blast Profil» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,

Бұқар жырау даң., 55


Жабық 1 шаршы метрге

110

өнеркәсіптік

«Слад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шағын-базары, Зональная к., 75

Контейнер

800

өнеркәсіптік

Жеке кәсіпкер «Искаков» шағын-базары,

Зональная к., 75



Контейнер

800

өнеркәсіптік

«Феникс» базары,

Жекібаев к., 144



Сөре

100

азық-түлік

Сөре

120

өнеркәсіптік

«Феникс» базары,

Язев к., 1



Сөре

200

азық-түлік

Сөре

200

өнеркәсіптік

«Тар» базары,

Зелинский к., 35



Сөре

140

азық-түлік

Сөре

120

өнеркәсіптік

«Вест» корпорациясының

базары,

22 ықшамааудан



Сөре

200

азық-түлік

Темір жабық сөре және палатка

200

азық-түлік

Көліктен сату

550

азық-түлік

Көліктен сату

550

өнеркәсіптік

Темір жабық сөре және палатка

200

өнеркәсіптік

«Ануар» базары,

Восток-2 ықшамауданы, 5



Сөре

200

өнеркәсіптік

Сауда бөлімі

400

азық-түлік

Сауда бөлімі

300

өнеркәсіптік

«Шағын - Горняк» базары,

12 ықшамаудан



Сөре

200

азық-түлік

Сөре

200

өнеркәсіптік

«Жанета» базары,

Н.Әбдіров даң., 9



Сөре

250

өнеркәсіптік

«Вега» базары,

18 ықшамаудан



Сөре

100

өнеркәсіптік

«Роза» базары,

12 ықшамаудан, 7/2



Сөре

100

өнеркәсіптік

«Анна» базары,

Жекібаев к., 145



Сөре

100

өнеркәсіптік

«Ника» шағын- базары,

Құрылысшылар даң., 22



Сөре

150

азық-түлік

Сөре

180

өнеркәсіптік

«Самал» базары,

Молоков к., 106



Сауда бөлімі

800

азық-түлік

Сауда бөлімі

800

өнеркәсіптік

Сауда бөлімі

300

киім сататын

«Сатурн» базары,

15 ықшамаудан



Сауда бөлімі

400

азық-түлік

Сауда бөлімі

300

өнеркәсіптік

Қарағанды қ. № 485 2011 жылғы 30 наурыз


IV шақырылған

XLVII сессия


IV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының 2010

жылғы 25 наурыздағы XXXI

сессиясының «Қарағанды

қаласы әкімдігі жанындағы

сәулеттік-қала құрылыстық

Кеңесінің дербес құрамын

бекіту туралы» № 332 шешіміне өзгертулер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республиксының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 12 тармақшасына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 25 наурыздағы XXXI сессиясының «Қарағанды қаласы әкімдігі жанындағы сәулеттік-қала құрылыстық Кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» № 332 шешіміне (бұдан әрі –Кеңес) өзгертулер енгізілсін:

1) Кеңестің дербес құрамына енгізілсін:

Нұрлан Ерікбайұлы Әубәкіров – Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары;

2) Кеңестің дербес құрамынан шығарылсын:

Виктор Николаевич Иванов.

2. Осы шешімінің орындалуына бақылау құрылыс, көлік, экология, байланыс және халыққа коммуналдық – тұрмыстық қызмет мәселелері бойынша тұрақты комиссияға (төрағасы Н.Г. Полевой) жүктелсін.
ІV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының

кезекті XLVIІ сессия төрағасы Н.Рахымбергенов
Қарағанды қалалық

мәслихаты хатшысының

міндетін атқарушы М.Камалиев
Қарағанды қалалық мәслихатының

2011 жылғы 30 наурыздағы № 485

шешіміне қосымша
Қарағанды қаласының сәулеттік-қала құрылысытық Кеңесінің

дербес құрамы




1. Бауыржан Түйтейұлы Әбдішев

Қарағанды қаласының әкімі,

Кеңестің төрағасы;



2. Нұрлан Ерібайұлы Әубәкіров

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары,

Кеңес төрағасының орынбасары;



3. Тайхан Сейтмаханұлы Қалмаханов

«Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылыс бөлімі» ММ-нің бастығы, Қазақстан Республикасының қала құрылысшылар одағының мүшесі;

Кеңес мүшелері:

4. Виталий Иванович Долинский

Қарағанды қалалық мәлихатының депутаты;

5. Қабдығали Нұрғалиұлы Оспанов

Қарағанды қалалық мәлихатының депутаты

6. Қайрат Жаскенұлы Жиембаев

«Қарағанды облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің бастығы;

7. Кәрім Мәсхапұлы Тусупбеков

«Госэкспертиза» МЕК директоры, Қазақстан Республикасының қала құрылысшылар одағының мүшесі;

8. Сабыржан Фазылжанұлы

Даутбергенов



Қазақстан Республикасының сәулетшілер одағының мүшесі;

9. Александр Александрович Золотарев

«Караганда Гражданпроект» институтының бас инженері;

10. Александр Григорьевич Мацынин

Қазақстан Республикасының

сәулетшілер одағының мүшесі;



11. Вячеслав Анатольевич Мельников

Қазақстан Республикасының

сәулетшілер одағының мүшесі;



12. Ғабдол Әтеұлы Мұқажанов

Қазақстан Республикасының

сәулетшілер одағының мүшесі;



13. Қанат Шакірұлы Мұсаев

Қазақстан Республикасының

сәулетшілер одағының мүшесі;



14. Вадим Альбертович Хмелевский

Қазақстан Республикасының

сәулетшілер одағының мүшесі;



15. Ерлан Баймұханбетұлы Шахиев

Қазақстан Республикасының

сәулетшілер одағының мүшесі.



Қарағанды қ. № 487 2011 жылғы 30 наурыз
IV шақырылған

XLVII сессия


Қылмыстық жазаны және қылмыстық

құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын

атқаратын мекемелердің қызметіне

жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ

қылмыстық жазасын өтеген

адамдарға әлеуметтік және өзге де

көмекті ұйымдастыру жөніндегі

кеңестің дербес құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 12 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қазандағы «Қылмыстық жазаны және қылмыстық құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы типтік ережені бекіту туралы» № 988 қаулының 12 тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қылмыстық жазаны және қылмыстық құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі кеңестің дербес құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов) жүктелсін.
ІV шақырылған Қарағанды

қалалық мәслихатының

кезекті XLVIІ сессия төрағасы Н.Рахымбергенов
Қарағанды қалалық

мәслихаты хатшысының

міндетін атқарушы М.Камалиев
Қарағанды қалалық мәслихатының

2011 жылғы 30 наурыздағы № 487

шешіміне қосымша
Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның

дербес құрамы




1. Мақсұтов

Халел Мұқатайұлы




Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасы

2. Бекшин Манарбек Махметұлы

Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі комитеті Департаментінің тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, Кеңес төрағасының орынбасары


3. Меберт

Яна Александровна



Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Департаментінің тәрбие жұмысы бөлімінің аға инспекторы, Кеңес хатшысы


Кеңес мүшелері:

4. Аймағамбетов

Асхат Қанатұлы



Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты


5. Айтуғанов

Ержас Қанатұлы



«Қарағанды қаласының қаржы бөлімі» ММ бастығы


6. Асубаев

Марат Рақымұлы



«Қарағанды қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ бастығы


7. Ахметова Жақсыбала Мұсақызы

Қарағанды қаласы Октябрь аудандық ҚАИ бастығының орынбасары


8. Ағатанов

Ерікбек Бейбітбекұлы



«Қарағанды қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бастығының міндетін атқарушы

9. Бекмағамбетов

Айдос Копбосынұлы



«Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бастығы


10. Жекебаев

Дулат Шайкенұлы



«Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ бастығы


11. Жакенов

Айдос Губадуллаевич



«Қарағанды қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығының міндетін атқарушы


12. Ысқақов

Жанай Боранқұлұлы



«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы


13. Қаракекілов

Мұрат Тоқанұлы



Қазақстан Республикасы халқын әлеуметтік қорғау және бақылау жөніндегі департаментінің мемлекеттік инспекция басқармасының бастығы



14. Любарская

Ирина Юрьевна



«Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бастығы


15. Хасенов

Ержан Ермекұлы



«Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ бастығы



16. Чернявская

Ольга Митрофановна



«Қарағанды қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бастығы


17. Шитенова

Айман Тлеуберліқызы



Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық ҚАИ бастығы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет