Регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады: тұтынушы жеке тұлға



Дата25.02.2016
өлшемі191 Kb.
#19415
түріРегламент




Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы

«13» маусымдағы

№186 қаулысына

1- қосымша


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»

мемлекеттiк қызметінің регламенті




  1. Негізгі ұғымдар

1.Осы «Қамқоршылық және қорғаншылық жөнінде анықтамалар беру»

регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:


  1. тұтынушы - жеке тұлға;

  2. уәкілетті орган - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бiлiм бөлiмi.

2. Жалпы ережелер


2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 3-бабының 3-тармағы 1-4) тармақшысына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi – мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт.

Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылынық) сипаттамасын да белгілейді.

3. Мемлекеттiк қызмет уәкілетті орган немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы осы Регламенттің 1 және 2-қосымшаларға сәйкес көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетiледi.

6. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексі, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысы (бұдан әрi - Стандарт) және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

7. Көрсетiлетiн мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтамалар беру (бұдан әрi - анықтама) немесе қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауапты қағаз тасығышта Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес беру болып табылады.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша, мемлекеттік қызмет көрсетудің барысы туралы ақпаратты Орталықтан немесе уәкілетті органнан алуға болады, олардың мекен-жайлары осы Регламенттің 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген. Орталықтың немесе уәкілетті органның жұмыс кестесі Стандарттың 9-тармағында көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы мәліметтер Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің www.ontustik.gov.kz сайтында орналасқан.

9. Орталықтағы және уәкілетті органдағы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

10. Уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуының негізі:

1) уәкілетті органға жүгінгенде Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың бірін тұтынушы ұсынбауы;

2) Орталыққа жүгінгенде уәкілетті орган Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың толық пакетін тапсырмаған жағдайда құжаттар пакетін алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде бастартудың себептерінің жазбаша негіздемесімен оларды Орталыққа қайтару болып табылады.

Орталық құжаттар пакетін алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның бастартудың себептерінің жазбаша негіздемесімен оларды тұтынушыға тапсырады.

11. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы уәкілетті органға немесе Орталыққа өтініш тапсырады;

2) Орталық инспекторы құжаттарды қабылдап, тіркеп және жинақтау бөліміне жолдайды, Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жолдайды.

Орталықтан уәкілетті органға жолданған құжаттар пакетінің жөнелтілуі, мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі құжаттар қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін штрихкодты сканердің көмегімен Орталықтың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ХҚКО АЖ) белгіленеді;

3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері ХҚКО АЖ-де (егер уәкілетті органның өз ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда) құжаттарды тіркейді және қолма-қол келген құжаттарды тіркеп, басшының қарауына жолдайды;

4) басшы құжаттарды қарап, жауапты орындаушыға жөнелтеді;

5) жауапты орындаушы Орталықтан немесе тұтынушыдан келген өтінішті қараған соң дәлелді бас тарту туралы жауап жазады немесе анықтаманы ресімдейді де басшыға қол қоюға жолдайды;

6) уәкілетті органның басшысы анықтамаға немесе дәлелді бас тартуға қол қояды да, уәкілетті органның кеңсесіне жолдайды;

7) кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа жолдайды, ХҚКО АЖ-де (егер уәкілетті органның өз ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда) құжаттарды тіркейді немесе уәкілетті органға жүгінген жағдайда тұтынушыға табыстайды.

8) Орталық мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін уәкілетті органнан алғанда, штрикодты сканердің көмегімен Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгіленеді;

9) Орталық тұтынушыға анықтаманы немесе дәләлді бас тартуды табыстайды.

12. Орталықта және уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың мейлінше саны бір қызметкерді құрайды.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібінінің сипаттамасы
13. Орталықта құжаттарды қабылдау осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша орталықтың инспекторының аты-жөні, әкесінің аты және лауызымы, көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер көрсетілген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.

Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлары бойынша уәкілетті органның жауапты атқарушысы арқылы жүзеге асырылады.

Уәкілетті органға құжаттар тапсырылған соң тұтынушыға тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын күні жазылған барлық құжаттарды алу жөнінде қолхат беріледі.

Орталыққа құжаттарды тапсырған соң тұтынушыға тиісті құжаттарды алу жөнінде қолхат беріледі:

сұрау салудың қабылданған нөмiрi мен күнi;

сұрау салынған мемлекеттiк қызметтiң түрi;

қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттардың берiлген күнi мен орны;

құжаттарды ресiмдеу үшiн өтiнiштi қабылдаған орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетілуі қажет.

14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы Орталыққа немесе уәкілетті органға Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды тапсыруы қажет.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) жұмылдырылған:

1) Орталық инспекторы;

2) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;

3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері;

4) уәкілетті органның басшысы;

5) уәкілетті органның жауапты атқарушысы.

16. Әр әкімшілік әрекетті (рәсімді) орындау мерзімі көрсетілген ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдері) реттілігі мен өзара әрекеттерінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.

17. Мемлекеттік қызмет көрсетудің үдерісінде және әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін кестелер осы Регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген.





  1. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктері.

18. Мемлекеттік қызмет көрсететін жауапты тұлға уәкілетті органның басшысы және Орталықтың басшысы (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапты болады.

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде

анықтамалар беру»

мемлекеттiк қызметінің

регламентіне

1-қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі






Халыққа қызмет көрсету орталығының атауы

Заңды мекен - жайы



Байланыс
телефоны

1

Оңтүстік Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы

Шымкент қаласы,

Мәделі қожа көшесі, нөмірсіз үй



8-7252-30-06-79

8-7252-21-09-00




2

Шымкент қаласының №1 қалалық бөлімі

Шымкент қаласы,

Мәделі қожа көшесі, нөмірсіз үй



8-7252-30-06-79

8-7252-21-09-00



3

Шымкент қаласының №2 қалалық бөлімі

Шымкент қаласы,

Мәделі қожа көшесі, нөмірсіз үй



8-7252- 30-08-38


4

Шымкент қаласының №3 қалалық бөлімі

Шымкент қаласы,

Оспанов көшесі, №61 үй



8-7252-30-01-35

5

Шымкент қаласының №4 қалалық бөлімі

Шымкент қаласы,

Сайрам көшесі, нөмірсіз үй



8-7252-48-13-38


6

Шымкент қаласының №5 қалалық бөлімі

Шымкент қаласы, Республика даңғылы, №15 үй

8-7252-56-49-42


7

Арыс қалалық бөлімі

Арыс қаласы,

Еркөбек көшесі, нөмірсіз үй



8-72540-23-118


8

Бәйдібек аудандық бөлімі

Бәйдібек ауданы,

Шаян ауылы,

Мыңбұлақ көшесі, нөмірсіз үй


8-72548-22-502


9

Кентау қалалық бөлімі

Кентау қаласы,

Абылай хан көшесі, №10 үй



8-72536-33-634


10

Қазығұрт аудандық бөлімі

Қазығұрт ауданы,

Қазығұрт ауылы,

Қонаев көшесі, нөмірсіз үй


8-72539-22-950


11

Мақтарал аудандық бөлімі

Мақтарал ауданы,

Жетісай қаласы,

Жайшыбеков көшесі, нөмірсіз үй


8-72534-61-343


12

Отырар аудандық бөлімі

Отырар ауданы,

Шәуілдір ауылы,

Жібек жолы даңғылы, нөмірсіз үй


8-72544-21-106



13

Ордабасы аудандық бөлімі

Ордабасы ауданы,

Темірлан ауылы,

Қажымұқан көшесі, нөмірсіз үй


8-72530-22-670


14

Түркістан қалалық бөлімі

Түркістан қаласы,

Т.Мыңбасы көшесі, нөмірсіз үй



8-72533-41679 8-72533-41630

15

Төлеби аудандық бөлімі

Төлеби ауданы,

Леңгір қаласы,

Төлеби көшесі, нөмірсіз үй


8-72547-61-123


16

Түлкібас аудандық бөлімі

Түлкібас ауданы,

Т.Рысқұлов ауылы,

Т.Рысқұлов көшесі, №189 үй


8-72538-52-709


17

Сайрам аудандық бөлімі

Сайрам ауданы,

Ақсукент ауылы,

Қыстаубаев көшесі, нөмірсіз үй


8-72531-77-071 8-72531-77-072


18

Созақ аудандық бөлімі

Шолаққорған ауылы,

Қожанов көшесі, нөмірсіз үй



8-72546-43-329


19

Сарыағаш аудандық бөлімі

Сарыағаш ауданы,

Сарыағаш қаласы,

Шораұлы көшесі, нөмірсіз үй


8-72537-27-021


20

Абай ауылдық бөлімі

Абай ауылы, Ә.Жылқышиев көшесі, нөмірсіз үй

8-72532-31-629

21

Шардара аудандық бөлімі

Шардара ауданы,

Шардара қаласы,

Шардара тұйығы, нөмірсіз үй


8-72535-21-583

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде

анықтамалар беру»

мемлекеттiк қызметінің

регламентіне

2-қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша уәкілетті органдардың тізімі


Уәкілетті органдардың атауы

Заңды мекен - жайы



Байланыс
телефоны

«Бәйдібек аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы,
Тасболатов көшесі, №1 үй

8-72548
2-15-52

«Ордабасы аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Ордабасы ауданы,
Темірлан ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №17 үй

8-72530
2-16-13

«Мақтарал аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Мақтарал ауданы,
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, №3 үй

8-72534
6-52-65

«Отырар аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Отырар ауданы,
Шәуілдір ауылы,
Ұ.Арғынбеков даңғылы, №21 үй

8-72544
2-14-51

«Созақ аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Созақ ауданы,
Шолаққорған ауылы,
Жібек жолы көшесі, №55 үй

8-72546
2-22-21

«Түркістан қалалық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Түркістан қаласы,
Әйтеке би көшесі, №29 үй

8-72533
4-30-67

«Түлкібас аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Түлкібас ауданы,
Т.Рысқұлов ауылы,
Д.Қонаев көшесі, №44 үй

8-72538
5-21-21

«Шардара аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Шардара ауданы, Шардара қаласы, Шардара тұйығы, нөмірсіз үй

8-72535
2-21-51

«Сарыағаш аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Сарыағаш ауданы,
Сарыағаш қаласы,
Уманов көшесі, №10 үй

8-72537
2-14-93

«Қазығұрт аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Қазығұрт ауданы,
Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі, нөмірсіз үй

8-72539
2-15-57

«Төлеби аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Төлеби ауданы,
Леңгір қаласы,
Төле би көшесі, №296 үй

8-72547
6-16-22

«Арыс қаласының білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Арыс ауданы,
Арыс қаласы,
А.Салықбаев көшесі, №23 үй

8-72540
2-17-01

«Сайрам аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Сайрам ауданы,
Ақсукент ауылы,
Жібек жолы көшесі, нөмірсіз үй

8-72531
2-21-92

«Кентау қалалық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

Кентау қаласы,
Яссауи даңғылы, №85 үй

8-72536
3-00-50

«Шымкент қалалық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі


Шымкент қаласы,
21 мөлтек аудан, Жангелдин көшесі, №17 үй

8-7252
56-86-06

«Қорғаншылық және қамқоршылық

жөнінде анықтамалар беру»

мемлекеттiк қызметінің

регламентіне

3-қосымша


Әкімшілік әрекеттердің (үдерістердің) реттілігі және өзара әрекеттілігінінің сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ әрекеттерін сипаттау.

Негізгі үдерістің әрекеттері (барысы, жұмыс легі)

әрекеттің №

(барысы, жұмыс легі)



1

2

3

ҚФБ атауы

Орталық инспекторы

Жинақтау бөлімінің инспекторы

Жинақтау бөлімінің инспекторы

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау

Журналға қол қояды және құжаттарды жинайды

Тізілімді құрады және құжаттарды жібереді

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-бөлу шешімі)

Журналға тіркеу және қолхат беру

Жинақтау бөліміне құжаттарды жинау

Уәкілетті органға құжаттарды жіберу

Орындалу мерзімдері

30 минут

Күніне 3 рет

Күніне 2 реттен кем емес

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4




Негізгі үдерістің әрекеттері (барысы, жұмыстардың легі)




Әрекеттің № (барысы, жұмыстардың легі)

4

5

6

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның кеңсе қызметкері

Уәкілетті органның басшысы

Жауапты атқарушы

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, тіркеу

Құжаттармен танысу, орындау үшін жауапты атқарушы белгілеу

Құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асыру, дәлелді бастартуды немесе анықтама дайындау

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-бөлу шешімі)

Бұрыштама үшін басшыға құжаттарды жіберу

Бұрыштама салу, құжаттарды жауапты атқарушыға жіберу

Материалдары бар құжаттарды уәкілетті органның басшылығына тапсыру

Орындалу мерзімі

30 минут

1 сағат

4 жұмыс күні ішінде

Келесі әрекеттің нөмірі

5

6

7



Әрекеттің № (барысы, жұмыс легі)

7

8

9

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты атқарушысы

Орталық инспекторы

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Хаттармен танысу

Анықтаманы қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтамаларды немесе дәлелді бастартуларды беру кітабына тіркеу

Тұтынушыға анықтама немесе дәлелді бастарту беру

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-бөлу шешімі)

Құжатқа қол қою

Тұтынушыға немесе орталыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тапсыру, анықтама немесе дәлелді бастартуды табыстау жөнінде қолхат

Тұтынушыға анықтама немесе дәлелді бастарту беру туралы қолхат

Орындау мерзімі

30 минут

Жұмыс күні ішінде

Жұмыс күні ішінде

Келесі әрекеттің нөмірі

10

11

12

2-кесте. Қолдану нұсқасы. Негізгі үдеріс

1-топ ҚФБ
Орталық инспекторы

2-топ ҚФБ
Уәкілетті органның кеңсе қызметкері

3-топ ҚФБ
Уәкілетті органның басшысы

№ 1-әрекет
Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, өтінішті тіркеу, уәкілетті органға құжаттарды жіберу


№ 2-әрекет
Орталықтан немесе тұтынушыдан өтінішті қабылдау, тіркеу, уәкілетті органның басшысына өтініш жіберу

№ 3-әрекет

Бұрыштама қою






№ 4-әрекет

Құжаттарды қарастыру, анықтаманы ресімдеу



№ 5-әрекет

Анықтамаға қол қою






№ 6-әрекет
анықтаманы орталыққа немесе тұтынушыға жіберу




№ 7-әрекет
Орталықта тұтынушыға анықтама беру







2-кесте Қолдану нұсқасы. Балама үдеріс.

1-топ ҚФБ
Орталық инспекторы

2-топ ҚФБ
Уәкілетті органның кеңсе қызметкері

3-топ ҚФБ
Уәкілетті органның басшысы

№ 1-әрекет
Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, өтінішті тіркеу, уәкілетті органға құжаттарды жіберу


№ 2-әрекет
Орталықтан немесе тұтынушыдан өтінішті қабылдау, тіркеу, уәкілетті органның басшысына өтініш жіберу

№ 3-әрекет

Бұрыштама қою






№ 4-әрекет

Дәлелді бастартуды ресімдеу



№ 5-әрекет дәлелді бас тартуға қол қою




№ 6-әрекет
Орталық немесе тұтынушыға дәлелді бастартуды жіберу




№ 7-әрекет

Тұтынушыға Орталықта дәлелді бас тартуды беру








«Қорғаншылық және қамқоршылық

жөнінде анықтамалар беру»

мемлекеттiк қызметінің

регламентіне

4-қосымша

Әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасында өзара байланысты бейнелейтін кестелер






Уәкілетті органның кеңсе қызметкері ХҚКО АЖ-де (егер уәкілетті органның өз ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда) құжаттарды тіркейді және қолма-қол келген құжаттарды тіркеп, басшының қарауына жолдайды;

(1 сағат)





Орталық инспекторы құжаттарды қабылдап, тіркеп және жинақтау бөліміне жөнелтеді. Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жолдайды.

Орталықтан уәкілетті органға жолданған құжаттар пакетінің жөнелтілуі, штрикодты сканердің көмегімен ХҚКО АЖ-де белгіленеді

(1 күн ішінде)



Басшы құжаттарды қарап, жауапты орындаушыға жөнелтеді;

(1 сағат)





Жауапты орындаушы дәлелді бас тарту туралы жауап жазады немесе анықтаманы ресімдейді

(4 жұмыс күн ішінде)



Тұтынушы




Орталық мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін уәкілетті органнан алғанда, штрикодты сканердің көмегімен ХҚКО АЖ-де белгіленеді.Орталық тұтынушыға анықтаманы немесе дәләлді бас тартуды табыстайды.

(1 күн ішінде)





Кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа жолдайды, ХҚКО АЖ-де (егер уәкілетті органның өз ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда) құжаттарды тіркейді немесе уәкілетті органға жүгінген жағдайда тұтынушыға табыстайды.

(1 сағат)






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет