Қызылағаш ауылдық кітапхана шежіресі
Оқырман саны: 271
Кітап берілімі: 5361 дана.
Кітап қоры: 5076 дана.
Қазiргi таңда ауылымызда қайта жанданғандай болды. Бұған себеп елбасы Н.Назарбаевтың “2003-2005 жылдары ауылды түлету” бағдарламасы екенiн жақсы бiлемiз.
2005 жылы “Жайсан” жеке шаруа қожалығы “Назым” атты дүкен ашты. Дүкен меңгерушiсi Ергалиева С ауыл халқының талап тiлегiн қанағаттандыруда аянбай еңбек етуде.
Ауылымыздағы медициналық мекеме, яғни, фельдшерлiк пункт жөндеуден өткiзiлiп, халықтың көңiлiн бiр көтерiп тастады.
Кызылағаш – Аралтөбе округiнiң бөлiмшесi.Аралтөбе 28 км жерде орналасқан. Аудан орталығына дейiнгi қашықтығы 54км. Шөл мен шөлейттi жерде орналасқан. Ауылда алты шаруа қожалығы бар. Тұрғындар қожалықтарда еңбек етедi. Жалпы бiлiм беретiн 11 жылдық мектеп бар.
Қазiргi кезде жан-жақты бiлiм мен тәрбие берер мәдени орындардың бiрi-кiтапхана.
Кiтапхана-атын сенiң тым ыстық
Жаңа таңда жарқылдаған күмiс шық.
Секiлденiп жанымызға нұр тамыз,
Сен құстай боп көзiмiзде жүр ұшып.
Сен Ыбырай ықыласы демесiн,
Сенi Абайдың аруағы жебесiн.
Сен айналып шағаладай шарықта,
Бiздiң жаңа ғылым, бiлiм кемесiн,
-деп Г.Қайырбеков ағамыз жырлағандай кiтапханамыз бар.
Кiтпахана мәдени ағарту және ақпарат мекемесi, баспа шығармаларын сақтап, оны халыққа таратып, насихаттайтын мәдениет ошағы.
1979ж Қызылағаш ауылында айтулы оқиға болды. Ол Қызылағаш ауылдық кiтапханасының ашылуы едi.
Кiтапханаға Аяпкалиева Магия Ыбырайымқызы кiтапханашы болып тағайындалды. Ауыл халқының мәдени-рухани бiлiмiн жетiлдiру мен партия, съезд шешiмдерiн халыққа түсiндiру үшiн аянбай еңбек еттi. Ол кезде 35-40 шақты ғана үй болған. Халық санының аздығына қарамай даладағы ауыл шаруашылық қызметкерлерiне, пункттерге кiтап апарып, халықтың сауатын көтеру бағытында жұмыстанған. Мерекелерде концерттер өткiзген. Партия жиналыстарында баяндама оқыған. Комсомол ұйымы мен, клубпен бiрiгiп жұмыстанған.
Ол кезде кiтапхана қоры 400. Оқырман саны –35 болған. Аяпкалиева Магия Ыбырайымқызы 1960 жылы Орал облысы, Жымпиты ауданы, Қызылағаш ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Аралтөбе 11 жылдың мектебiн бiтiрiп, 1978 жылы клуб меңгерушiсi болып еңбек жолын бастаған. 1979 жылы Қызылағаш кiтапханасына кiтапханашы болып тағайындалған. Қазiр Жамбыл мектебiнде мұғалiм болып қызмет етедi.1980 жылы Қоғабаева Жаңыл кiтапханашы болып тағайындалды.
1980 жылы кiтапхана қоры-800-ге, оқырман саны-50 ге жеткен.
Ауыл тұрғындарына кiтапханалық қызмет көрсетiп, бiлiмдерiн көтеру үшiн жұмыстанған. Мейрамдарда мерекелiк концерттерге қатысқан комсомол жиналыстарында баяндама оқыған. Комсомол ұйымы мен, клубпен бiрiгiп еңбектенген.
1983 жылы кiтапханашы болған. 1983 жылы кiтапхана қоры-1200 ге, оқырман 55-ке жеткен.
1983 жылы Мыңжасарова Гүлфайруз кiтапханашы болып тағайындалды. Кiтапхана қоры 1600-ге,оқырман саны 60-қа жеткен. Мерекелерде комсомол ұйымдарымен, әкiмшiлiк қызметкерлерiмен бiрiгiп, ауылшаруашылығы қызметкерлерiне кiтап апарған, концерттер құрған. Кiтапханада “Ленин кiтаптары баршаға”, “Механизаторларға көмек”, “Көктем мейрамы-егiс салу”, “Советтiк жастар күнi” к†рмелерi шығарылған.
Балаларға “Ленин -өмiрдiң шұғыласы”, ертеңгiлiк, “Адамзаттың шамшырағы-Ленин” атты балаларға арналған көрме қойылған. Балалар оқыған кiтаптарының түсiнгендерiн айтқан. 1987 жылы демалысқа шыққан.
1987 жылы Арыстанғалиева Ақсұлу қызмет еткен.
Кiтап қоры 1700, оқырман-100 ге жеткен. Комсомол жиналыстарында баяндама оқыған. Мерекелерде концерттерге қатысқан. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерiне кiтаптар апарған, еңбекке ынталандыру мақсатында концерттер ұйымдастырған. Әкiмшiлiкпен комсомол ұйымдары мен клубпен бiрiгiп жұмыстанған, “Механизаторларға көмек”, “Кiм болам?”, “Бiз совет жастарымыз” тағы басқа көрмелер қойылған.
Арыстангалиева Ақсұлу Хамидоллақызы 1967 жылы Абай совхозында дүниеге келген. 1984 жылы бiтiрiп, сол жылы Орал мәдени ағарту училищесiне түсiп, 1987 жылы бiтiрiп, 1 жыл Қызылағаш ауылында қызмет еткен. Қазiр Шағырлой ауылында кiтапханашы болып қызмет етедi.
1988 жылы Мыңжасарова Гүлфайруз қызметiн қайта жалғастырған. Ол кезде кiтапхана қоры – 3000, оқырман саны – 180-ге жеткен.
Мыңжасарова Гулфайруз Әубәкiрқызы 1966ж
Орал облысы, Жымпиты ауданы, Қызылағаш ауылында дүниеге келген.
1983 ж мектептi бiтiрiп, Орал қаласындағы мәдени – ағарту училищесiнде кiтапханашы мамандығы факультетiне түсiп, 1985 ж Қызылағаш ауылына кiтапханашы болып орналасқан. 1993 ж дейiн Қызылағаш кiтапханашысы болған. Қазiр Орал қаласындағы БҚМУ- де кiтапханашысы болып қызмет етедi.
1993ж Сағынғалиева Алтынбике кiтапханашы болып тағайындалған.
1993ж кiтап қоры –4000, оқырман қоры-250 ге жеткен.
Оқырмандарға әдебиеттердi насихаттау үшiн «Ұлттық мереке- Наурыз», «Механизаторларға көмек», «Бақыт кiлтi-еңбекте» т.б. көөрмелер шығарған.
Ауылшаруашылығы қызметкерлерiне кiтаптар апарған. Жиналыстарда баяндама оқыған.
Сағынғалиева Алтынбике 1966жылы Орал облысы Жымпиты ауылы Ақырап ауылында дүниеге келген.. 1983 жылы мектепте тәлiм алған. 1990 жылы Қызылағаш ауылына көшiп келген. 1993-1994 жылы кiтапханашы болып қызмет еттi.
1994 жылы Сағынғалиева Шеге кiтапханашы болып орналасқан. Ол кезде кiтап қоры - 4700-ге, оқырман-270 ке жеткен. Әдебиеттердi насихаттау үшiн “Ауыл еңбеккерлерiне көмек”, “Өнегелi өмiр”, “Туған өлкем-тұңғыш шежiре баспасөз беттерiнен”, тағы басқа кiтап көрмелерi қойылған. Пункттерге кiтаптар апарған.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 ж 9 қаңтардғы №31 қаулысына сәйкес аудандық мәдениет бөлiмiнiң бұйрығымен мәдени мекемелердiң жұмысын реформалау мен оңтайландыруына байланысты, нарықтық экономикаға сәйкес келетiн жүйеге көшу бағытында 22 кiтапхана қысқартуға ұшырады / архив материалы / . Соның iшiнде Қызылағаш кiтапханасы да бар.
1996 ж Мәдениет бөлiмi мен аудан әкiмiнiң шешiмiмен Қызылағаш кiтапханасы жабылып қалды. Кiтапхана қоры ауданға қайта тапсырылды.
2000 ж Мәдениеттi қорғау қолдау жылына, Аудандық мәдениет бөлiмiнiң бұйрығымен, Аудан әкiмiнiң шешiмiне орай, Қызылағаш кiтапханасы қайта ашылды.
Кiтап - өмiр ешқашан сарқылмайтын,
Мен оны құшып сүйем, құшаққа ала.
Сәулесi күй нарындай жарқылдайтын,
Мен үшiн қасиеттi үй – кiтапхана
Ә. Нiлiбаев.
Қызылағаш ауылдық кiтапханасына Алиева Жанаргүл Төлепқалиқызы кiтапханашы болып тағайындалды.
Алиева Жанаргүл Төлепқалиқызы 1976 ж Орал облысы, Жымпиты ауданы, Қособа совхозында дүниеге келген.
1993 ж орта мектептi бiтiрiп, Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан Өнер институтының кiтапхана факультетiне түсiп, 1997 ж бiтiрiп шықты.
2000 ж Қызылағаш кiтапханасына кiтапханашы болып тағайындалды. Содан берi ауыл тұрғындарына кiтапханалық қызмет көрсетiп келедi.
2000 ж кiтапхана 3748 кiтап қорымен ашылды. Ауыл тұрғындарының саны – 380, оқырман саны 183, кiтап берiлiмi – 1139 болды.
Кiтапхана мектеппен бiрiгiп жұмыстанды. Оқырмандарға әдебиеттердi насихаттау үшiн «Туған өлкем- тұңғыш шежiре» «Ата мұраң– асыл қазынаң », «Денсаулық – зор байлық», «Жаңа әдебиеттер», «Баспасөз беттерiнен», т.б. кiтап көрмелерi шығарылды.
Оқырмандардың кiтапханамен еркiн пайдалануы үшiн алфавиттiк каталог жасақталып, әдебиеттер алфавит бойынша, сала бойынша жинақталды. Балаларға арнап «Ертегiлер елiнде» ,«Ертегi кейiпкерлерi» т.б. көрмелер жасақталды.
«Ата мұра » әуес қойлар клубы құрылды. Клубтың мақсаты – салт – дәстүрді насихаттау.
Баспасөз басылымдары нөмiрлерiмен қойылған. Оқырманның сұранысын қанағаттандыру үшiн орындалған сұраныс дәптерi, анықтама сұраныс карточкасы бар.
2001 жылы кiтапхана қоры – 3748, оқырман – 270, кiтап берiлiмi – 4856 кiтапханада әр түрлi жұмыстар атқаратын тұрақты кiтап көрмелерi толықтырылып, даталы күндерге ақын – жазушылардың мерейтойларына көрмелер шығарылды.
2001 жылы Тәуелсiздiктiң 10 – жылдығына байланысты «Қазақстан тәуелсiздiгi » «Тарих тағылымдары» атты көрмесi шығарылып шолу өткiзiлдi.«Тәуелсiздiк еркiндiгiң елдiгiң » атты тақырыптың кеш ұйымдастырылды.
2001 – 2010 жылдары «Тілдерді дамыту мен қолдану аясын кеңейту бағытында » «Тiл – сарқылмас қазына атты » кiтап көрмесi шығарылып библиографиялық шолу өттi. «Тiл – татулық тiрегi » атты әдеби кеш оздырылды.
Жыл бойы 10 көпшiлiк шара өткiзiлдi.
2002 жылы Кiтапхана қоры – 3748, тұрғын саны – 380, оқырман саны – 1088 – ге жеттi.
2002 жылы «Денсаулық жылы » болып жариялануы байланысты «Ауырып ем iздегенше ауырмайтын жол iзде » кiтап көрмесi шығарылып библиографиялық шолу өттi.
2002 жылы С. Датұлының 260 – жасқа толуына орай «Батыр өмiрi – ел тарихы » Кiтап көрмесi шығарылды. «Сырымның сырлы сөздерi » сайысы өттi. 6 – 7 класс оқушылары қатысты. Жыл бойы 14 көпшiлiк шара өткiзiлдi.
2003 жылы кiтапхана қоры – 4477, оқырман саны – 257, кiтап берiлiмi – 5594, келiсiм саны – 1347 болды.
2003 жылы әр түрлi бағытта жұмыстар жүргiзiлдi. 2003 – 2005 жылдары «Ауылды түзету жылдары » болып жариялануына байланысты «Ауылым – ата мекен пернесi » кiтап көрмесi шығарылды. Ауыл ел құрметтеген азаметпен кеш өттi. Кеште ауыл тұрғыны кiтапхананың тұрақты оқырманы Оңғаров Ж. Ауыл тарихы жайында әңгiмеледi.
Қызылағаш ауыл кiтапханасының меңгерушiсi Алиева Жанаргүл «Елi Құрметтеген азамат » атты кездесу кешiн ұйымдастырды.
Бұл кештiң негiзгi мақсаты, ауыл жылына орай, ауыл тарихынан естелiктер, деректер алу және оны кiтапхана оқырмандарына таныстыру. Кештiң арнайы қонағы ретiнде осы ауылдың байырғы тұрғыны көп жылдар бойы елiне елеулi қызмет атқарған, қазiргi кезде «Атамекен» шаруа қожалығының жетекшiсi Оңғаров Жәсен Оңғарұлы шақырылды.
Кештi кiтапхана меңгерушiсi кiрiспе сөзбен ашса, одан кейiн сөз алған кештiң қонағы ауыл тарихы беттерiнен әр түрлi естелiк, деректер айтып өттi. Сонымен қатар адамгершiлiк және қазiргi көшiп – қон мәселелерi сөз арасында талқыланып отырды.
Кештiң көрермендерi көбiне мектеп оқушылары болғандықтан Жәсен Оңғарұлы жас ұрпақтарға арналған ұлағатты, тәлiм – тәрбиесi мол iзгi ниеттi сөздерi мен көрермендер жанына жылу ұялатқаны сөзсiз. «Еңбегiнен таңылсын ердiң алып тұлғасы» деген тәрiздi тәрбиелiк мәнi зор нақыл сөздер еңбек еткендi ел мен халықтың қадiрлейтiнiң кештiң қонағы сияқты азаматтарға арналған сөз екенi хақ.
Ауыл жастары мен мектеп оқушылары арасында «Қоршаған орта және бiз » КВН өттi.
«Ауыл шежiресi » атты альбом шығарылды.
2003 жылы Өтемiсұлының 200 жасқа толуына «Халықтың қаѕарман перзентi» кiтап көрмесi шығарылды. Балаларға «М. Өтемiсұлы 200 жаста» әдеби кеш өттi.
2004 жылы кiтапхана қоры – 4626 оқырман 320 кiтап берiлiм – 5277 келiсiм саны – 1316 жеттi.
2004 жылы Қазақстандағы Ресей жылына орай «2004 жылы Қазақстандағы Ресей жылы » кiтап көрмесi шығарылды. Жаңа әдебиеттерге ұсыныс тiзiмдер кiтап көрмесi шығарылды. Балалармен «Жақсы кiтап – жан азығы », «Тiл сарқылмас – қазына » тәрбие сағаттарына баяндама жасалды.
Барлығы 13 көпшiлiк шара оттi.
2005 жылы кiтапхана қоры – 4658, оқырман – 300, кiтап берiлiмi 5433, келiм саны – 14 болды.
2005 жылы Жеңiстiң 60 жылдығына орай «Ұлы Жеңiске - 60 жыл» кiтап көрмесi шығарылды. Балаларға «Ер есiмi - ел есiнде » кеш оттi.
Мәдени мұра бағдарламасына «Мәдени мұра – мәңгiлiк мирас » көрмесi шығарылды.
«Қазақ мәдениетiнiң тарихы» тарихи танымдық кеш өттi. Кеште мұғалiм Гапурова А баяндамасы оқылды. Әр бағытта жұмыстар атқарылды.
2006 жылы кiтапхана қоры – 4664, оқырман саны – 282, кiтап берiлiмi – 4451, келiм саны – 1605, көпшiлiк шара – 18 болды.
Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына «Желтоқсан оқиғасына 20 жыл » кiтап көрмесi өттi, ауыл энциклопедиясы шығарылды.
2007 жылы I – жарты жылдықта кiтап қоры – 4675, оқырман – 160, берiлген кiтап – 2282, келiм саны – 815, көпшiлiк шара – 15 болды.
Әр жыл сайын кiтапхана өз оқырмандары үшiн «Егемен Қазақстан » «Орал өңiрi», «Дала мен қала », «Балаларға базарлық», «Денсаулық» «Ұлан», «Балдырған », «Ақжелкен », «Айгөлек», «Мөлдiр бұлақ», т.б. баспа сөз басылымдарын пайдаланады.
«Елбасы жолдауы – елдiң қолдауы», «Ел таңдаған елбасы» кiтап көрмесi шығарылды.
Сырым Датұлының 265 жылдығына орай «Батырөмiрi – ел тарихы» атты тәрбие сағаты өттi.
Кiтапханада «Ата мұра» клубы жұмыс жасайды. Клубтың басты мақсаты – балаларға салт – дәстүрмен, ана тiлiнiң әсем де бай екенiн жеткiзу, адамгершiлiк тәрбие беру. Клуб мүшелерi көпшiлiк шараларға белсене қатысады.
Кiтапханада:
-
Кiтапты насихаттау / әңгiме кеңес беру /
-
Библиографиялық жұмыс түрлерi / библиографиялық шолулар, әдебиеттердiң ұсыныс тiзiмдерi /
-
Картотекалар / өлкетану картотекасы, тақырыптық картотекалар/
-
Анықтама библиографиялық аппарат / Алфавиттiк каталог /
-
Көрнекiлiктер / кiтап көрмесi, кiтап бұрыштар, плакаттар /.
-
Мәдени – көпшiлiк жґмыс түрлерi өтедi.
Кiтапхананың оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуi жалғасуда. Уақыт талабынан қалмай оқырмандарға сапалы тәрбиелiк мәнi зор басылымдарды ұсыну – бiздiң парызымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |