Ұлағатты ұстаз – ұлт мерейі Жүргізуші Алтынгул



бет1/6
Дата03.10.2023
өлшемі39.31 Kb.
#479651
  1   2   3   4   5   6
Сценарий Ш.Х.



Ұлағатты ұстаз – ұлт мерейі


Жүргізуші Алтынгул: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен студенттер!
Бүгін киелі білім ордасында тәлім-тәрбиелік мәні зор, ұлағатты ұстазды ұлықтауға арналған керемет кездесу кешінің куәсі болғалы отырмыз.
Хакім Абайдың: «Парасаттылықтың мәні – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, білім, оның ішкі нәрі, сыртқы шырайы және әрі» деген сөзі бар. Бүгінгі қонағымыз осындай талапқа сай келетін тұлғалардың бірі, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне және педагогика ғылымына арнаған ғалым.
Білімге, еңбекке деген құштарлығының арқасында педагогикалық еңбек жолын лаборанттық жұмыстан бастап колледж директоры дәрежесіне дейін көтеріліп, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик атанды. Бүгінгі қонағымыздың аты алты алашқа мәлім болса да қарапайымдылығы, ұлтжандылығы, парасаттылығы алыстан мен мұндалап тұрады.
Сонымен, бүгін бізде қонақта ұстаздардың ұстазы, ҚР Білім беру ісінің озаты, ҚР еңбек сіңірген қызметкер, ұзақ жылдар Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі директоры болған, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы.
Кездесуге шақырғанда қош алып, келгеніңізге көп рахмет!
Жүргізуші Гүлнар: Қымбатты ұстаз! Киелі білім ордасына қош келдіңіз!
Бүгінгі кездесу қонақтарын таныстырып өтейін.

  1. Тарихшы-өлкетанушы, «Ұрпақтар сабақтастығы» клубының төрағасы Жайсаң Ақбай.

  2. БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің мүшелері Ғұбашева Балғаным Салауатқызы, Кальченко Ирина Константиновна, Шканова Замзагүл Заитқызы.


Алғы сөз. Колледж директорының міндетін атқарушы Кенжегалиева Салтанат Мақсотқызына беріледі.
Колледж түлегі Жортабаева Құндыздың апайға арнауы – оқитын Нұрқанова Алтын
Ақмаржан Таубаеваның «Ақжайықтың ақмаңдай аруы» арнауы – оқитын Болатжанқызы Наргиза




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет