Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы 2012 жылғы 29 маусым



Дата27.06.2016
өлшемі143.21 Kb.
#161019




Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы

2012 жылғы 29 маусым

486



(Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4306 нөмірімен тіркелген

2012 жылғы 14 тамыз)

«Мемлекеттік қызмет көрсету

регламенттерін бекіту туралы»

Қызылорда облысы әкімдігінің

2011 жылғы 23 желтоқсандағы №251

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы №251 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4287 тіркелген, «Сыр бойы» газетінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы №243-244, 2012 жылғы 2 ақпандағы №19 және «Кызылординские вести» газетінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы №213-214, 2012 жылғы 31 қаңтардағы №16 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:


  1. осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;

  2. осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;

  3. осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;

  4. осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.»;

аталған қаулының 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р. Нұртаевқа жүктелсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою», «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу», «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері осы қаулының 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р. Нұртаевқа жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының

әкімі Б. Қуандықов

Қызылорда облысы әкімдігінің

2012 жылғы «29» маусымдағы № 486 қаулысына

4-қосымша


Қызылорда облысы әкімдігінің

2011 жылғы « 23 » желтоқсандағы № 251 қаулысына

4-қосымша

«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі түсініктер пайдаланылады:

1) Орталық – Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы, оның бөлімдері және бөлімшелері;

2) орындаушы – міндеттеріне мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу кіретін уәкілетті органның қызметкері;

3) тұтынушы – «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 қаулысымен бекітілген «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 6-тармағында көрсетілген жеке тұлғалар;

4) уәкілетті орган – аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

2. Жалпы ережелер


2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына және «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет стандарттың 1-тармағына сәйкес уәкілетті органмен, сондай-ақ, баламалы негізде Орталық арқылы көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету Ережесінің негізінде жүзеге асырылады.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу (бұдан әрі – хабарлама) беру не оны беруден қағаз жеткізгіште дәлелді бас тарту болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері мен барысы туралы ақпаратты стандарттың 1-тармағында көрсетілген уәкілетті органнан және Орталықтан, сондай-ақ Қызылорда облысы әкімдігінің www.e-kyzylorda.gov.kz ресми порталынан, аудан мен Қызылорда қаласының интернет-ресурстарынан алуға болады.

9. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден стандарттың 16-тармағына сәйкес мынадай негiздемелер бойынша бас тартылады:

1) тұтынушының сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етудi қабылдауға медициналық қарсы көрсетiлiмдерi болғанда;

2) аталған мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн талап етiлетiн құжаттардың бiреуi болмағанда, орталықтан түсетiн құжаттарды ресiмдеуде қателiктер табылған кезде;

3) жалған мәлiметтер мен құжаттар ұсынылғанда;

4) жұмыс берушi – жеке кәсiпкер қызметiн тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерге, егер олардың қызметi заңнамада белгiленген тәртiппен тоқтатылмаған жағдайда бас тартылуы мүмкiн.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушымен өтініш берілген сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы уәкілетті органға немесе Орталыққа өтініш береді;

2) Орталықтың инспекторы өтінішті тіркеуді жүргізеді, Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жібереді.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдірісінде құжаттардың қозғалысын бақылауға болатын, Орталықтан уәкілетті органға құжаттардың жолданғаны жөніндегі айғақ штрих-код сканерінің көмегімен белгіленеді;

3) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері құжаттарды тіркейді және уәкiлеттi орган басшысының қарауына ұсынады;

4) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыны анықтайды;

5) орындаушы құжаттарды қарайды және Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (уәкілетті органның өзінің ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда), хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды дайындайды

6) уәкілетті органның басшысы хабарламаға немесе дәлелді бас тартуға қол қояды;

7) уәкілетті органның орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа жолдайды, бұл ретте Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (уәкілетті органның өзінің ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда) немесе уәкілетті органға жүгінген жағдайда тұтынушыға береді;

Уәкілетті органнан дайын құжаттарды қабылдаған кезде, Орталықпен штрих-код сканерінің көмегімен келіп түскен құжаттар белгіленеді;

8) Орталықтың инспекторы тұтынушыға хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды береді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
12. Тұтынушы уәкілетті органға жүгінген жағдайда:

1) тұтынушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;

2) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері өтінішті тіркейді және мемлекеттік қызмет алуға тұтынушы тіркелген және алатын күні, қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді;

13. Тұтынушы Орталыққа өтініш берген кезде:

1) тұтынушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады;

2) Орталыққа өтініш білдірген кезде – мыналар көрсетіліп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

өтініштің нөмірі мен қабылданған күні;

сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

1) Орталықтың инспекторы;

2) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;

3) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері;

4) уәкілетті органның басшысы;

5) уәкілетті органның орындаушысы.

15. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімі мен ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер дәйектілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


17. Уәкілетті органның және Орталықтың басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапкершілікте болады.

18. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша стандарттың 5-бөліміне сәйкес шағымдануға құқылы.

«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық

және міндетті гигиеналық құралдармен

қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

1-қосымша


1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы.

Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыстар ағыны)

1

Іс- әрекеттің (барысы, жұмыстар ағыны) нөмірі

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

Орталықтың инспекторы



Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері

Уәкілетті органның басшысы

3

Іс-әрекеттердің

(үдерістің, операция рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы



Құжаттарды қарау

Құжаттарды жинақтау, уәкілетті

органға қайта жолдау



Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарау

4

Аяқталу нысаны

(деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешiм)



Тіркеу және

Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторына ұсыну



Құжаттарды жолдау айғағын штрих-код сканерінің көмегімен белгілеу

Уәкілетті органның басшысына ұсыну

Орындаушыны анықтау

5

Орындалу мерзімі

30 минуттан

аспайды


1 жұмыс

күні ішінде (қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)



30 минуттан аспайды

1 жұмыс күні

ішінде




Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыстар ағыны)

1

Іс- әрекеттің (барысы, жұмыстар ағыны) нөмірі

5

6

7

8

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның орындаушысы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның орындаушысы

Орталықтың инспекторы

3

Іс-әрекеттердің

(үдерістің, операция рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы



Құжаттарды қарау, хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды әзірлеу

Хабарламаға немесе дәлелді бас тартуға қол қою

Хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды Орталыққа не тұтынушыға жолдау

Хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды тіркеу, штрих-код сканерінің көмегімен келіп түскен құжаттарды белгілеу

4

Аяқталу нысаны

(деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешiм)



Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілеу

Хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды орындаушыға жолдау

Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілеу

Хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды тұтынушыға беру

5

Орындалу мерзімі

8 жұмыс күні

ішінде


1 жұмыс күні

ішінде


1 жұмыс күні

Ішінде (қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)


2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.



Негізгі үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Орталықтың инспекторы


Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның орындаушысы

1. Құжаттарды қарау

3. Құжаттарды жинақтау және уәкілетті органға қайта жолдау

4. Құжаттарды тіркеу

5. Құжаттарды қарау және орындаушыны анықтау

6. Құжаттарды қарау және хабарламаны дайындау

2. Құжаттарды тіркеу







7. Хабарламаға қол қою

8. Хабарламаны Орталыққа жолдау немесе тұтынушыға беру

9.Хабарламаны тіркеу және тұтынушыға беру













3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.



Баламалы үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Орталықтың инспекторы


Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның орындаушысы

1. Құжаттарды қарау

3. Құжаттарды жинақтау және уәкілетті органға қайта жолдау

4. Құжаттарды тіркеу

5. Құжаттарды қарау және орындаушыны анықтау

6. Құжаттарды қарау және дәлелді бас тартуды дайындау

2. Құжаттарды тіркеу







7. Дәлелді бас тартуға қол қою

8. Дәлелді бас тартуды Орталыққа немесе тұтынушыға жолдау

9. Дәлелді бас тартуды тіркеу және тұтынушыға беру













«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық

және міндетті гигиеналық құралдармен

қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

2-қосымша

Функционалдық өзара іс-әрекет сызбасы




Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі (барысы, жұмыс ағыны және ҚФБ-дің өзара іс-әрекеті)





Орталықтың инспекторы: құжаттарды қабылдау және тіркеу, жинақтау бөлімінің инспекторына ұсыну




Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы: құжаттарды жинақтау,

уәкілетті органға қайта жолдау

Тұтынушы: өтiнiшті және құжаттарды беру





Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері: құжаттарды қабылдау және тіркеу, басшыға ұсыну



Уәкілетті органның орындаушысы: құжаттарды қарау, хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды дайындау






Уәкілетті органның орындаушысы: хабарламаны немесе дәлелді

бас тартуды

Орталыққа жолдау немесе тұтынушыға беру






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет