Топ 22-11 ТиПО
Несыпбекова Фарида
Мб 8
|
Қазақстан
|
Түркия
|
Құқық бұзушылық түсінігі және түрлері.
|
Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады.Құқық бұзушылықтар үшін заңмен тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған
Құқық бұзушылық түрлері:
1)азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.)
2)әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу),
3)тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық және т.т.
|
Қылмыстық құқық тұрғысынан құқыққа қайшы әрекетті жасаған адам кінәлі болып табылады.
Жалпы құқық бұзушылықтар; Бұл қылмыстың қалыптасуы үшін орындаушының атағы маңызды емес қылмыстар. Бұл қылмыстардың орындаушысы кез келген адам болуы мүмкін. Мысалы; қасақана кісі өлтіру, ұрлық.
нақты құқық бұзушылықтар; Бұл қылмыстың орын алуы үшін орындаушының белгілі бір атағы болуы керек қылмыстар. Мысалы; пара алу, жымқыру, бопсалау.
|
Кінәсіздік презумпциясы принципінің мазмұны
|
Кінәсіздік презумпциясының құқықтық негізі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы, онда былай делінген: "адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі ". Бұл тұжырым Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-шы бабында өрбітіліп, былайша берілген: -әр адам оның қылмыс жасағандығы үшін кінәлілігі Кодексте көзделген тәртіппен дәлелденгенге дейін кінәсіз деп саналады; - айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына түсіндіріледі; - қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарын қолдану кезінде пайда болған күмәндер де айыпталушының пайдасына шешілуге тиіс; - айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен расталуы тиіс.
|
Түркия конституциясының 38-бабы. Мақалада " оның кінәсі үкіммен белгіленгенге дейін ешкімді кінәлі деп санауға болмайды. "Кінәсіздік презумпциясы" түрінде көрсетілген кінәсіздік презумпциясы да соғыс, жұмылдыру немесе төтенше жағдайлар кезінде де шектелмейтін абсолютті негізгі құқық болып табылады
|
Қукық бұзушылыктардың құрамы: субьектілер, субъективті жағы мен объект, объективті жағы
|
1. Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Олар мыналар болыуы мүмкін: саяси және экономикалық құрылымдар, меншік, адам және оның құқықтары мен бостандықтары, құқықтық тәртіп, сот төрелігі, әскери қызмет.
2. Қылмыстың объективтік жағы – ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі: - қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекеті немесе әрекетсіздігі; - әрекет пен әрекетсіздік арқылы туындаған қоғамға қауіпті нәтиже; - әрекат пен әрекетсіздік және қоғамға қауіпті нәтиже арасындағы себепті байланыс.
3. Қылмыстың субъектісі – ол қылмыс жасаған уақытта есі дұрыс және 16 жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін Қылмыстық жауаптылыққа адам 14 жастан тартылада. Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды
4. Қылмыстың субъективтік жағы- бұл адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздігіне және солардан туатын қауіпті нәтижеге психикалық қатынасы. Қалмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнінб мазмұнын білдіреді
|
|