Қызылорда облысының инновациялық дамуы мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы Әбдір Айда., Д. М. Айкупешева



Дата22.02.2016
өлшемі52.77 Kb.
#1793
Қызылорда облысының инновациялық дамуы мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Әбдір Айда., Д.М. Айкупешева

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ.,Қазақстан Республикасы


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050» бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауда шағын және орта бизнесті дамыту – ХХ1 ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы :

  • Жекеменшік институтын заңдық тұрғыдан нығайту жөнінен кешенді шешімдер

  • Бизнестің дамуына кедергі келтіретін инетті құқықтық нормаларды жою

  • Осы сектор субъектілерінің банкроттығының айқын тетігін енгізу

  • Оны орташа дәрежеге көшіру перспективасымен,шағын бизнесті мамандандыруды дамыту жөнінен шаралар қабылдау.

  • Жаңа бастаған кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсетудің тиімді тетіктерін құру.

Шағын және орта бизнестің соңғы бірнеше жылдағы даму жағдайын талдау барысында оның өркендеуіне жаңа технологияларды жаңғыртудың мәні зор[1].

Қазіргі таңда Елбасы Жолдауында жергілікті жерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аудан аумағында кәсіпкерлікті дамытып, жұмыссыздықты жою. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына сәйкес Үкімет тарапынан 350 млн. теңге қаржы қаралса, 2014 жоба бойынша 524 млн. теңге қаржы бөлінген. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда үлкен жоспарлардың мәні зор. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 17 адам ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қорынан 28220 теңге, бір адам «Рита ШНУ-нан 3 млн. теңге қаржы алып, өз кәсіптерін ашқан. Сондай-ақ, аймақ басшысының бастамасымен «Лукойл Оверсиз ЛТД» компаниясы қолданған,аудандық бюджеттен 4200,0 млн. теңге қаржы қаралды.

Қызылорда облысының шағын және орта бизнес дамуында статистикалық деректері бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін облысымызда шағын бизнестің бес мың кәсіпорын тіркелген. Шағын және орта кәсіпті қолдауы аясында кәсіпкерлік 9,3 пайыз жоғарылаған. Тіркелгендердің 62,9 пайызы (3196 бірлік) жұмыс істеп тұрған кәсіпорын болып табылса, 2106 кәсіпорын (жұмыс істеп тұрғандарының 65,9 пайызы) белсенді болып табылады. Аймақтар бойынша кәсорындарының көптігі жағынан Қызылорда қаласы (79,5пайыз), Шиелі (5,8 пайыз), Қазалы (3,4пайыз) ауданына тән. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіруі 249,3 млрд.теңгені құрап 0,9 пайызға өскен. Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 25,8 мың бірлікті құрап (оның ішінде, заңды тұлғалар 2,3 мың, жеке кәсіпкерлер 22,1 мың, шаруа қожалықтары 1,4 мың). 2012 жылдың кезеңінде 12,7 пайызға өсті, ал жұмыспен қамтылғандар саны 74,4 мың адамға жетіп, 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106 пайызды құрады.

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында айқындалған міндеттерге сәйкес индустриялық-инновациялық даму ұлттық экономикалық дамудың маңызды басымдығы болып табылады.

Қазақстанның Индустрияландыру картасы аясында облыста жалпы 151,7 млрд.теңгені құрайтын 24 жоба іске асырылуда, оның ішінде, өңірлік карта аясында құны 132,9 млдр.теңгені құрайтын 23 жоба, республикалық картада құны 18,8 млрд.теңгені құрайтын 1 жоба.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2013 жылы келесі жобаларға қаржы бөлініп, толық игерілді:

-«Томат өнімдерін өндіру» жобасына қосымша электр жүйесі мен электрподстанциясын орнату;

-«Құрама жем шығару зауыты» жобасына электр, су, газ, кәріз жүйесін жеткізу.

Бұл өндірістерді 2014 жылы іске қосу жоспарлануда. Алдағы 2014-2018 жылдары Индустрияландыру картасының құны 74 млрд.теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба іске қосылады. Өндірісті жаңғырту есебінен 2 кәсіпорынның қуаттылығын ұлғайту жоспарлануда:

- «Арал тұз» АҚ техникалық және ас тұзы өндірісі;

- «Хуа Ю интернационал в Кызылорде» ЖШС мұнай-газ саласында пайданылатын химиялық реагенттер өндірісі.

Міне, осылайша аталмыш компания аймақта үдемелі индустриялық – инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асуына өзіндік үлес қосып келеді.

Өз кезегінде бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына әсер етеді.

2013 жылы Қызылорда қаласында және аудандарда жалпы құны 1,1 млдр.теңгені құрайтын 16 инвестициялық жоба іске асырылады және 218 жаңа жұмыс орны ашылды. Инвестицияның көлемі бір жыл ішінде 44,9 пайызға көбейіп, 237,8 млрд.теңгені құрады. Пайдалану бағыттары бойынша едәуір үлесі көлік және қоймалауға (45,8 пайыз) құйылған. Инвестиция Қызылорда қаласына (48,4 пайыз) және Арал ауданында (13,7 пайыз) көп тартылған. Елдегі инфрақұрылымның дамуымен және ресурстық әлеуетімен байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді[2].

Еліміздің ұзақмерзімді даму бағдарламасы көзделген негізгі мақсат халықтың бақуатты тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз етумен ұштасып жатыр. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы әрбір отбасының қамсыз тірлігіне, әл-ауқатының артуына мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында облыста 2014 жылдың 1 наурызына 1110 жаңа жұмыс орны құрылды. Биыл бағдарламаның өңірде жүзеге асуына 6626,8 млн.теңге қаралып отыр. Жыл басынан бері қатысушы ретінде 1157 адам хабарласып, соның ішінен 1043-мен әлеуметтік келісім – шарт жасалды.

Бағдарламаның бағыттары бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға инженерлік инфрақұрылымды жөндеу және елді мекендерді абаттандыру, ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы жоспарлануда. Бұл ауыл – аймақтағы жұмыссыз азаматтардың осы нысандарына еңбек етуіне мүмкіндік береді.

Бағдарламаның екінші бағыты ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орнындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға 2389,8 млн. теңге қаралған. Елді мекендердегі шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан оңтайлы жағдай туып отыр. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 40,2 млн. теңге (850 адам) қаралып отыр.

Осы жылы несиелендіруге 2349,5 млн.теңге қаралды. Облыста шағын несие беретін уәкілетті орган ретінде «Байқоңыр» ӘКК ҰК және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыс бойынша филиалы нақтыланды.

Бағдарламаның үшінші бағыты, жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бағытына, 2288,4 млн, теңге қаралған.

Елбасының бастамасымен жасалған 2011- 2013 жылдары «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы, сонымен бірге, үдемелі индустриялық – инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы 2013 жылы өңірімізде жұмыссыздық деңгейін 0,1 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді. Соның ішінде жастармен жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында 2013 жылы алғаш рет «2014-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысында жастар саясатын дамытудың Жол картасы» әзірленді.

«Жастарды қолдау орталығы» мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту курстары мен семинар – тренингтер өткізілді. «Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту және ақпараттық қолдау көрсету» жобасы шеңберінде 13 жас азамат өз кәсіптерін ашты. 2013 жылы 29 әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды. Олар белсенді және шығармашыл және мүмкіндігі шектеулі жастармен жұмыс жасауға, еріктілер қозғалысын дамытуға және жас дарындардың ғылыми әлеуетін көтеруге бағытталған.

Карта жобаларының табысты іске асыру мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі мемлекеттiк қолдау шаралары көрсетіледі. Мемлекеттiк қолдау шараларымен Картаның барлық жобалары қамтылған, оның ішінде «Бизнестiң жол картасы – 2020» және «Өнiмдiлiк -2020» бағдарламалары шеңберiнде қолдау, инвестиция туралы Заң шеңберiнде преференциялар берілген, инновациялық технологиялар алуға гранттар берілген, визалық қолдау, жер учаскесін беру, рұқсат рәсiмiнiң жеделдету және басқалар[3].

Елбасы Қазақстанның кемелді келешегін құру жолында «Қазақстан – 2050» Стратегиясын асқан жігерлікпен, зор еңбекпен жүзеге асатын жүйелі жоба болғандықтан, оған қолдау аса қажет. Біз өз елімізді табысты, өркениетті елдердің қатарынан көргіміз келсе, соған сәйкес өнімді еңбек талап етілетінін ұмытпауға тиіспіз.



Әдебиет:

  1. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан жолы -2050 : Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауы //Егемен Қазақстан, Астана 17 қаңтар, 2014 ж.

  2. Қызылорда облысының әлеуметтік - экономикалық жағдайы. //Ақмешіт апталығы. №6, 9 ақпан, 2012 ж.

  3. Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру бойынша ақпарат - www.mint.gov.kz


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет