Үдемелі Индустриялды инновациялық даму (ҮИИД) бағдарламасы бойынша
Жобаның басты мақсаты - экономиканы әртараптандыру, қазақстандық үлесті арттыру, шағын және орта кәсіпкерлік мүмкіндіктерін мультипликациялау, шикізаттық экспорт әлеуетін арттыру, жоғары технологиялы өндіріспен болашақ экономикасына көшу болып табылады. 2010-2014 жылдарға арналған үдемелi индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi тетiгi - Қазақстанды индустрияландыру картасы болып табылады. Карта - мемлекетке бизнеспен бiрлесiп дұрыс инвестициялық шешімдер қабылдауға және жеке сектор жобаларының іске асуымен қатар елдегі инфрақұрылымның дамуы және ресурстық әлеуетiмен байланысын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Карта жобаларын табысты іске асыру мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі мемлекеттiк қолдау шаралары көрсетіледі. Мемлекеттiк қолдаудың мұндай шараларымен Картаның барлық жобалары қамтылған, оның ішінде «Бизнестiң жол картасы – 2020» және «Өнiмдiлiк -2020» бағдарламалары шеңберiнде қолдау, инвестиция туралы Заң шеңберiнде преференциялар берілген, инновациялық технологиялар алуға гранттар берілген, визалық қолдау, жер учаскесін беру, рұқсат рәсiмiнiң жеделдету және басқалары бар.
2013 жылы Индустрияландыру картасына «Бәтуа» ЖШС-нің жалпы құны 745 млн.теңге болатын инвестициялық жобасы енгізілді.
2014 жылы Индустрияландыру картасына 2 жоба ұсынылды.Оның ішінде:
- «Куәбол и Пэн Шэн » ЖШС-нің жалпы құны 546 млн. теңге болатын қуаттылығы жылына 47,0 мың тонна темір-бетонды бұйымдар әзірлейтін зауыт.
- Туризмді дамыту мақсатында «Омаралинов И.К.» ЖШС-нің жалпы құны 500,0 млн. теңгелік жобасының құжаттары облыс әкімдігінің үйлестіру кеңесіне ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |