Қызметі Аты-жөні Қызметтік нұсқаулықтары



Дата17.07.2016
өлшемі78.5 Kb.
#204640



Қызметі

Аты-жөні

Қызметтік нұсқаулықтары

Телефон

1

Бөлім басшысының орынбасары

Маратова Раушан Слямкенжиевна

Бөлім басшысы болмаған уақытта бөлім басшысына жүктелген функционалдық міндеттерді атқару. Аудандық бюджеттің жиынтық қаржыландыру жоспарын жасау және бекіту. Аудан бюджетіне өзгерістер енгізіп анықтауға ұсыныстар әзірлеу. Аудандық бюджеттік комиссия жұмыстарын ұйымдастыруға, бюджеттік комиссия шешімі негізінде, аудандық мәслихат сессиясының шешімі жобасын әзірлеуге қатысу. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттерді мақсатты және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру. Бюджеттің кіріс жағының жобасын және есебін жасау. Аудан бюджетінің орындалуы туралы есепті жасап тапсыру. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар жұмыстарының есептерін алу, талдаулар жасау. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамдарының орындалуына талдаулар жасау және мәліметтер дайындауды бақылау. Өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Бюджеттік қаржының тиімді және мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету. Ай сайын жүктелген функциялар шегінде мәлімет беру. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қолма-қол ақша бақылау шотымен жұмыстар жүргізуді қамтамасыз ету.

3-01-75

2

Бюджет

секторының меңгерушісі



Утегулова Бактыгул Абибулловна

Сектор қызметкерлерінің жұмыстарының сапалы және мезгілінде орындалуына басшылық ету. Білім беру мекемелері, аудан әкімінің аппараты бойынша бюджет жобасының есебін ерекшеліктер бойынша қабылдау, тексеру (жинақ). Ай сайын мониторинг жүргізу және есептер дайындау (жинақ). Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттерді мақсатты және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Трансферттерді жылжыту туралы сұраныстар қабылдап, жоспарларына өзгерістер енгізу. Еңбек ақыға қатысты есеп жүргізу. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу. Ауданның бюджеттік комиссия жұмыстарын ұйымдастыру, бюджеттік комиссия шешімі негізінде аудандық мәслихат сессиясының шешімі жобасын әзірлеу. Бюджеттің орындалуы туралы ай сайынғы, жылдық есепті жасау. Ай сайын бюджеттің еркін қалдықтарын бөлінгені, пайдалануы туралы анықтамалардың жинағын жасау, өзара есеп айырысу және бюджетті анықтау туралы мәлімет беру. Бюджеттік қаржының тиімді және мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету. Аудан бюджетінің жиынтық қаржыландыру жоспарын жасау, бекітуді бақылау. Бюджеттің кіріс жағының жобасын, есебін жасау. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қолма-қол ақша бақылау шотымен жұмыстар жүргізуді қамтамасыз ету, күнделікті мониторинг жүргізіп, есебін тексеру. Ай сайын жүктелген функциялар шегінде мәлімет беру.

3-19-61

3

Бюджет секторының

бас маманы



Баяхметбаева Жазира Темирбековна

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мәдениет саласы, ішкі саясат бөлімі, мәслихат аппараты, жер бөлімі бойынша бюджет жобасының есебін ерекшеліктер бойынша қабылдау, тексеру. Ай сайын мониторинг жүргізу және әкімге есептер дайындау. Еңбек ақыға қатысты есеп жүргізу. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттерді мақсатты және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Трансферттерді жылжыту туралы сұраныстар қабылдап, жоспарларына өзгерістер енгізу. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу. Аудан бюджетінің жоспарлауы және орындалуы туралы жұмыс жүргізу. Ай сайын резервтік қор туралы мәлімет беру. Ауданның бюджеттік комиссия жұмыстарын ұйымдастыру, бюджеттік комиссия шешімі негізінде аудандық мәслихат сессиясының шешімі жобасын әзірлеу.

Аудан бюджетінің орындалуы туралы ай сайынғы және жылдық есепті жасап тапсыруға қатысу. Бюджеттік қаржының тиімді және мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету. Аудан бюджетінің жиынтық қаржыландыру жоспарын жасау және бекітуді бақылау. Қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы, жергілікті өкілетті органның шешімін іске асыру туралы, жергілікті атқарушы органдар, қала, кент, ауылдық округтер, барлық бағдарлама бюджет әкімшілерінің штаттан тыс қызметкерлерінің қаулыларын дайындау. Бюджеттің кіріс жағының жобасын және есебін жасау.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қолма-қол ақша бақылау шотымен жұмыстар жүргізуді қамтамасыз ету, күнделікті мониторинг жүргізіп, есебін жасау. Ай сайын жүктелген функциялар шегінде мәлімет беру.


3-19-61

4

Бюджет секторының

бас маманы



Шаймарданов Данияр Ғалымұлы

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, ветеринария, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы, экономика және қаржы бөлімдері бойынша бюджет жобасының есебін ерекшеліктер бойынша қабылдау, тексеру. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттерді мақсатты және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Трансферттерді жылжыту туралы сұраныстар қабылдап, жоспарларына өзгерістер енгізу. Ай сайын мониторинг жүргізу және әкімге есептер дайындау. Еңбек ақыға қатысты есеп жүргізу. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу. Аудан бюджетінің жоспарлауы және орындалуы туралы жұмыс жүргізу. ҚЭСТ секторының нұсқасына сәйкес мәліметтер дайындау. Даму бюджетінің қаражатының және ағымдағы бюджетті күрделі жөндеуге бағыттау, материалдық-техникалық базаны нығайту, оның ішінде облыстық бюджеттен бөлінген трансферттерді көрсету (1-6 қосымша). Ауданның бюджеттік комиссия жұмыстарын ұйымдастыру, бюджеттік комиссия шешімі негізінде аудандық мәслихат сессиясының шешімі жобасын әзірлеу. Аудан бюджетінің орындалуы, даму бюджеті жөнінде есептер әзірлеу, бюджеттік инвестиция бойынша мониторинг есебін жүргізу. Бюджеттік қаржының тиімді және мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету. Аудан бюджетінің жиынтық қаржыландыру жоспарын жасау және бекітуді бақылау. Қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы, жергілікті өкілетті органның шешімін іске асыру туралы, жергілікті атқарушы органдар, қала, кент, ауылдық округтер, барлық бағдарлама бюджет әкімшілерінің штаттан тыс қызметкерлерінің қаулыларын дайындау. Бюджеттің кіріс жағының жобасын және есебін жасау. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қолма-қол ақша бақылау шотымен жұмыстар жүргізуді қамтамасыз ету, күнделікті мониторинг жүргізіп, есебін жасау. Ай сайын жүктелген функциялар шегінде мәлімет беру.

3-19-61

5

Бюджет секторының жетекші маманы

Умарова Куралай Муратбеккызы

Аудандық бөлімдердің дебиторлық және кредиторлық берешек есептерін жинап, есебін жүргізу. Ақылы қызметтердің есебін жүргізу. Қала әкімінің аппараты, кент, ауылдық округтер бойынша бюджет жобасының есебін ерекшеліктер бойынша қабылдау, тексеру. Ай сайын мониторинг жүргізу және әкімге есептер дайындау. Еңбек ақыға қатысты есеп жүргізу. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу. Аудан бюджетінің жоспарлауы және орындалуы туралы жұмыс жүргізу. Облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы даму трансферттердің игерілу есебін әзірлеу, республикалық трансферттердің мониторингін жүргізу. Ауданның бюджеттік комиссия жұмыстарын ұйымдастыру, бюджеттік комиссия шешімі негізінде аудандық мәслихат сессиясының шешімі жобасын әзірлеу.

Аудан бюджетінің орындалуы туралы ай сайынғы және жылдық есепті жасап тапсыруға қатысу. Бюджеттік қаржының тиімді және мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету. Аудан бюджетінің жиынтық қаржыландыру жоспарын жасау және бекітуді бақылау. Қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы, жергілікті өкілетті органның шешімін іске асыру туралы, жергілікті атқарушы органдар, қала, кент, ауылдық округтер, барлық бағдарлама бюджет әкімшілерінің штаттан тыс қызметкерлерінің қаулыларын дайындау. Бюджеттің кіріс жағының жобасын және есебін жасау.

Қала әкімінің ақпараты, кент ауылдық округтердің өзін-өзі басқару шотына түсетін салықтар бойынша жоспарларын қабылдап, тексеру және шығыстарының орындалуын қадағалау, жоспарларына өзгеріс енгізу. Парус бағдарламасы бойынша өзін-өзі басқарудын есебін шығару. Ай сайын жүктелген функциялар шегінде мәлімет беру.


3-19-61

6

Бюджет секторының бас маманы

Баймухамедова Аида Алгабековна

Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттерді мақсатты және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Трансферттердің болжамдарының орындалуына талдаулар жасап, есеп беру. Трансферттерді жылжыту туралы сұраныстар қабылдап, жоспарларына өзгерістер енгізу. Облыстық басқармаларға трансферттердің орындалуы туралы ай сайынғы және жылдық есепті жасап тапсыруды ұйымдастыру. Бюджеттік бағдарлама әкімшісін қаржыландыру жоспарына және мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына тексеруді жүзеге асыру. Еңбек ақыға қатысты мәліметтерді әзірлеу. Аудан бюджетінің орындалуы туралы ай сайынғы және жылдық есепті жасап тапсыруға қатысу. Бюджеттік қаржының тиімді және мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу. Аудандық бюджеттік комиссия жұмыстарын ұйымдастыруға, бюджеттік комиссия шешімі негізінде, аудандық мәслихат сессиясының шешімінің жобасын әзірлеуге қатысу. Аудандық бюджеттің кіріс бөлігінің жоспарын жасау. Аудан бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы туралы тиісті талдау және есептер жасау.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қолма-қол ақша бақылау шотымен жұмыстар жүргізуді қамтамасыз ету, күнделікті мониторинг жүргізіп, есебін жасау. Ай сайын жүктелген функциялар шегінде мәлімет беру.



3-19-61

7

Экономика секторының меңгерушісі

Адилханова Гулсим Кажиахметовна

Сектор қызметкерлерінің жұмыстарының сапалы және мезгілінде орындалуына басшылық ету. Аудандық әкімшіліктің жиналыстарына және жоғары тұрған органдарға ақпарат дайындау. Әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлердің болжамын дайындау, бақылау жасау. Аумақты дамыту бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамдарының орындалу жөніндегі мәліметтерді дайындау. Өңірлік бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру, бақылау. Ауданның мемлекеттік мекемелерінің стратегиялық жоспарын әзірлеуге қатысу. Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму төлқұжатын дайындау, бақылау жасау. Бақылауда тұрған қаулылырдың орындалуына бақылау жасау. Аягөз ауданының даму бағдарламасын әзірлеу және орындалуы жөнінде жоғарғы органдарға, аудандық мәслихатқа есептер мен қорытындылар дайындау. Ай сайын жүктелген функциялар шегінде мәлімет беру.

3-30-67

8

Экономика

секторының бас маманы



Убина Айгул Жетписбаевна

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын әзірлеу бойынша мемлекеттік мекемелерден, ұйымдар мен кәсіпорындардан мәліметтер жинақтау. Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша аудандық, облыстық әкімдіктер отырыстарына, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ақпараттар дайындау. Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы аудан әкімдігінің қаулыларын дайындау. Бақылауда тұрған қаулылырдың орындалуы жөнінде хабарламалар әзірлеу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингтік көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу. Рейтинг көрсеткіштерінің қорытындылары бойынша ақпараттар әзірлеу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму төлқұжатын дайындауға қатысу. Бұйрықтарды даярлап, жеке бас жұмыстарды жүргізу. Құжаттардың уақытында орындалуын қадағалап және кадрлық іс қағаздар жүргізумен айналысу. Ай сайын жүктелген функциялар шегінде мәлімет беру.

3-30-67

9

Экономика

секторының бас маманы



Токпанбетова Арайлым Мураталиевна

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын әзірлеу бойынша мемлекеттік мекемелерден, ұйымдар мен кәсіпорындардан мәліметтер жинауға қатысу. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», «Өнірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша есептер мен мәліметтер әзірлеу. Аудандағы тірек елді мекендерді дамыту бағдарламасы бойынша мәліметтер әзірлеу. Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша аудандық, облыстық әкімдіктер отырысына, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ақпараттар дайындауға қатысу. Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы аудан әкімдігінің қаулыларын дайындау. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму төлқұжатын дайындау. Бюджетке салықтар және төлемдер бойынша қосымша қор көздерін анықтау аясында жұмыстар жүргізу. Ай сайын жүктелген функциялар шегінде мәлімет беру.

3-30-67

10

Экономика секторының бас маман – есепшісі

Касенова Алма Нуркеевна

Материалдық жауапкершілік жүктелген лауазым иесі, қаржы құжаттарына қол қою құқығы бар. Штаттық кесте, шығыс сметасын жасайды. Қаржыландыру бойынша берілетін айлық, тоқсандық, жылдық есепке жауапты. Бөлім аппаратының қызметкерлерінің еңбек ақысының, іс-сапарлық шығындарының есебін жүргізу. Салық және зейнетақылық қорлары, әлеуметтік аударымдар, кәсіподақ жарнасы бойынша есептерді дайындау және тапсыру. Бөлімнің бухгалтерлік есеп және есеп беруден шығатын теңгерімдерді, бюджетті орындау туралы есептерді, қаржыландыру жоспары және басқа да құжаттарды жасау. Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген мамандарға көтерме жәрдемақы, бюджеттік несие беру үшін құжаттарын жинақтау, қажетті құжаттарды, келісім шарттарды рәсімдеу, есеп жүргізу. Бөлімдер мен ауылдық округтерден бухгалтерлік баланс қабылдау. Бөлім аппаратын қамтамасыз ету үшін «Мемлекеттік сатып алу» Заңының 39 бабы бойынша сатып алуды ұйымдастыру. Ай сайын жүктелген функциялар шегінде мәлімет беру.




11

Коммуналдық меншік секторының меңгерушісі

Молдабаева Ажар Толеубековна

Сектор қызметкерлерінің жұмыстарының сапалы және мезгілінде орындалуына басшылық ету. Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, жекешелендіру объектілерін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу, сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу, сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау. Сатылатын нысан бойынша толық мәліметті www.gosreestr.kz веб-порталына кіргізу. Аукцион өткізу үшін қажетті материалдар әзірлеу. Коммуналдық меншікке нысандарды (мүлік) қабылдау, мүлікті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік мекемелердің теңгерімінен теңгерімге тапсыру (тіркеу) және коммуналдық меншікке қатысты барлық жұмыстарға қатысу, бақылау жасау. Коммуналдық меншіктегі нысандарды мүлік жалдауға, сенімді басқаруға, кейін төлеп алу құқығысыз өтеусіз меншікке тапсыру. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар жұмыстарының есептерін алу, талдаулар жасау. Коммуналдық меншікке нысандарды (мүлік) қабылдау, мүлікті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік мекемелердің теңгерімінен теңгерімге тапсыру (тіркеу) және коммуналдық меншікке қатысты барлық жұмыстарға қатысу, қадағалау. Аудан (қала) аумағында мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарларын уақытылы енгізуді қадағалау. Ай сайын жүктелген функциялар шегінде мәлімет беру.

3-19-28

12

Коммуналдық меншік секторының бас маманы

Төлеубаева Инабат Кенжеғазықызы

Мемлекеттік мүліктің тізіліміне қажетті ақпараттар енгізу. Мүлікті коммуналдық меншікке алу туралы және теңгерімге бекіту туралы бұйрықтар әзірлеу. Аудан (қала) аумағында мемлекеттік коммуналдық меншікті иелену және пайдалану функциясын берілген өкілеттігі шегінде жүзеге асыру. Коммуналдық меншікке нысандарды (мүлік) қабылдау, мүлікті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік мекемелердің теңгерімінен теңгерімге тапсыру (тіркеу) және коммуналдық меншікке қатысты барлық жұмыстарға қатысу, қадағалау. Коммуналдық меншіктегі нысандарды мүлік жалдауға, сенімді басқаруға, кейін төлеп алу құқығысыз өтеусіз меншікке тапсыру. Аудан (қала) аумағында мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарларын уақытылы енгізуді қадағалау. Әр айдын 5 жұлдызына 1-МСА есебін жинақтап, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына ақпарат ұсыну. Аудан (қала) аумағындағы мемлекеттік коммуналдық меншікті пайдалану және өз кұзіреті шегінде мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру, заңдылығын сақталуын қамтамасыз ету. Мүлікті коммуналдық меншікке алу туралы және теңгерімге бекіту туралы бұйрықтар әзірлеу. Аудан (қала) аумағында мемлекеттік коммуналдық меншікті иелену және пайдалану функциясын берілген өкілеттігі шегінде жүзеге асыру. Ай сайын жүктелген функциялар шегінде мәлімет беру.

3-19-28

13

Коммуналдық меншік секторының бас маман- заңгері

Байбатырова Дана Талгатовна

Мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және оны іске асыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының орындалуын қадағалау. Құқықтық білім беру мектебінің жұмысын жүргізу. Ауданның коммуналдық меншігіндегі нысандардың барлығына қатысты жұмыстарға қатысу, олардың заңдылығын қадағалау. Аудан аумағында ұзақ уақыт пайдаланылмай тұрған нысандарды ары қарай пайдалануды жүзеге асыру бойынша іс-шара жоспарын дайындау, әр ауылдық округ бойынша аталған жоспарлардың іске асуын қадағалау, заңдылығын қарау. Мемлекеттік мүліктің тізіліміне қажетті ақпараттар енгізу.

Мүлікті коммуналдық меншікке алу туралы және теңгерімге бекіту туралы бұйрықтарды әзірлеу. Коммуналдық меншікке нысандарды (мүлік) қабылдау, мүлікті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік мекемелердің теңгерімінен теңгерімге тапсыру (тіркеу) және коммуналдық меншікке қатысты барлық жұмыстарға қатысу, қадағалау. Коммуналдық меншіктегі нысандарды мүлік жалдауға, сенімді басқаруға, кейін төлеп алу құқығысыз өтеусіз меншікке тапсыру. Ай сайын жүктелген функциялар шегінде мәлімет беру.



3-19-28

14

Коммуналдық меншік секторының бас маманы




Коммуналдық меншікке нысандарды (мүлік) қабылдау, мүлікті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік мекемелердің теңгерімінен теңгерімге тапсыру (тіркеу) және коммуналдық меншікке қатысты барлық жұмыстарға қатысу, бақылау жасау. Коммуналдық меншіктегі нысандарды мүлік жалдауға, сенімді басқаруға, кейін төлеп алу құқығысыз өтеусіз меншікке тапсыру. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар жұмыстарының есептерін алу, талдаулар жасау. Мемлекеттік мүліктің тізіліміне қажетті ақпараттар енгізу. Мүлікті коммуналдық меншікке алу туралы және теңгерімге бекіту туралы бұйрықтарды әзірлеу. Аудан (қала) аумағында мемлекеттік коммуналдық меншікті иелену және пайдалану функциясын берілген өкілеттігі шегінде жүзеге асыру. Коммуналдық меншіктегі нысандарды мүлік жалдауға, сенімді басқаруға, кейін төлеп алу құқығысыз өтеусіз меншікке тапсыру жұмыстарына қатысу.

Аудан (қала) аумағында мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарларын уақытылы енгізуді қадағалау. Әр айдын 5 жұлдызына 1-МСА есебін жинақтап, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына ақпарат ұсыну. Аудан (қала) аумағындағы мемлекеттік коммуналдық меншікті пайдалану және өз кұзіреті шегінде мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру, заңдылығын сақталуын қамтамасыз ету. Ай сайын жүктелген функциялар шегінде мәлімет беру.



3-19-28


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет