Алауханов Есберген Оразұлы



Дата25.02.2016
өлшемі21.3 Kb.
#20887

Алауханов Есберген Оразұлы

Еңбек жолын 1976 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, «Красная звезда» ауылында трактор бригадасының есепшісі, 1981 – жылдан Сарыағаш аудандық халық сотында сот мәжілісінің хатшысы болып құқық қорғау органдарында жұмысын бастаған.

В.И. Ленин атындағы ТашМУ-дың заң факультетін, Саратов жоғары милиция мектебін, Қазақ-Түрік халықаралық университеті экономика факультетін бітірген.

18 наурыз 1993 ж. Сарыағаш аудандық халық сотының төрағасы, 7 қараша 1996 ж. ҚР Президентінің Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облыстық соты - қылмыстық істер алқасының төрағасы. 2000 жылдың 30 мамырынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Әділет басқармасының бастығы. 2001-2004 жылдары Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстық қаржы полицияларының бастығы, полиция полковнигі.

ҚР жазушылар және журналистер одақтарының мүшесі, Журналистер одағының Бақытжан Қаратаев атындағы сыйлығының лауреаты (1995), ҚР «Мәдениет қайраткері» (2004 ж.), заң ғылымдарының докторы, профессор (2004). Ресей Криминологтар ассоциациясының мүшесі, Қазақстан Криминологтар ассоциациясының құрметті профессоры. ҚР Жоғарғы соты ғылыми консультациялық кеңесінің мүшесі.

Көлемі 250 баспа табақтан асатын, 300-ден аса ғылыми мақалалары, оның ішінде 25-тен аса монографиялар, оқулықтар жарияланған: «Уголовный Кодекс Казахстана. Каким ему быть?», (1990 ж.), «Квалификация хищений, совершенных по подложным документам» (1994), «Қылмыстық құқық»: Оқулық. Ерекше бөлім (2000 ж.), «Рэкет: күресу проблемалары» (1995 ж.), «Криминологические проблемы предупреждения корыстно-насильственных преступлений» (Санкт-Петербург, 2005 ж.), «Криминология» қазақ және орыс тіліндегі тұңғыш оқулықтар (2005-2008 ж.ж.), «Борьба с коррупцией» (2008 ж.), «Профилактика преступлений» (2008 ж.), ҚР Қылмыстық кодексінің түсініктемесі (жауапты редакторы, 2009 ж.), «Қылмыстық құқық», жалпы бөлім (2009 ж.), «Право подозреваемого (обвиняемого) и подсудимого на профессиональную защиту (2009).

Шығыс Қазақстан облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болған, 2003 жылдың 12 ақпанында Өскемен қаласында Қазақстан және шет ел ғалымдарының қатысумен «Мемлекеттік тілдің даму барысы туралы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ұйымдастырушысы болды.

Республикалық баспасөздерде шытырман оқиғалы шығармалары, «Ажалдың түсі», «Қасиетті мекендегі қала» т.б. көркем шығармалары жарық көрді. 1999 жылдың қыркүйек айына №57 Сарыағаш сайлау округі бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа кандидат болып қатысты. «Ерен еңбегі үшін» және «ҚР Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.



Е. Алаухановтың ғылыми жетекшілігімен 10-даған кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. ІІМ Академиясы докторлық диссертациялық кеңестің төрағасы (2006-2008 ж.ж.). Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ диссертациялық кеңестің және Б.Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей, Славян Университеті диссертациялық кеңестерінің мүшесі.

«Наука и жизнь Казахстана» ғылыми журналының бас редакторы, республикалық «НҰР ОТАН» партиясы саяси кеңесінің мүшесі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің «сот билігі және қылмыстық іс-жүргізу» кафедрасының меңгерушісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет