Бесеудің хаты
1932 жылы 4 шілде күні БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші
хатшысы Ф.И. Голощекинге жазушы Ғабит Мүсірепов, Алматы
Комвузының басшы қызметкері Емберген Алтынбеков,
Қазақ АКСР
Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр
Қуанышев, Қазақ мемлекеттік баспа ісінің меңгерушісі Мансұр
Ғатаулин және Мұташ Дәулетқалиев бесеуі хат жазып,
республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан
елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып дабыл қақты.
Жоғарыдағы хат жазған бесеудің төртеуі аман қалып, тек Ғатаулин
ғана атылды.