ПОӘК 042–18-9.1.52/03 -2013
|
18.09.2013 ж. № 1 басылым
|
65 беттен -бет
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейдегі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042–18-9.1.52/03 -2013
|
ПОӘК
«Патенттану» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
|
18.09.2013 ж.
№ 1 басылым
|
5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология
(салалар бойынша)»
мамандығының студенттеріне арналған
«Патенттану» пәнінен
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2013
Мазмұны
1
|
Дәрістер
|
3
|
2
|
Тәжірибелік сабақтар
|
45
|
3
|
Студенттердің өздік жұмысы
|
64
|
1 ДӘРІСТЕР
№ 1 дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Санаткерлік меншік. Өнеркәсіптік меншік нысандары
Дәріс жоспары:
1 Санаткерлік меншік. Санаткерлік меншіктің құқықтық нысандары.
2 Өнеркәсіптік меншік нысандары.
1 Иесі немесе меншіктеуші өз меншігін өз еркімен қолдануы және оның рұқсатынсыз заң жүзінде ешкім де қолдана алмауы меншіктің маңызды сипаттамасы болып табылады.
Меншіктің үш түрі кездеседі:
- жылжыйтын заттардан тұратын меншік (тоңазытқыш, сағат, көлік және басқалары);
- жылжымайтын меншік (үйлер, ғимараттар, жер және басқалары);
- санаткерлік меншік;
Санаткерлік меншік әдетте өнеркәсіптік меншікке және авторлық құқықпен қорғалатын шығармаларға бөлінеді.
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Дүниежүзілік зерделік меншігі ұйымын (ДЗМҮ) құру туралы Конвенцияның екінші бабына сәйкес санаткерлік меншікке келесілерге қатысты құқықтар кіреді:
- әдебиеттік, ғылыми, көркем шығармаларға;
- артистердің орындаушылық қызметіне, дауыс жазуға, радио – теледидар бағдарламаларына;
- адам қызметінің барлық салаларындағы өнертабыстарға;
- ғылыми ашылуларға;
- өнеркәсіптік үлгілерге;
- тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атаулар мен коммерциялық белгіленулерге;
- әділетсіз бәсекелестіктен қорғау және өндіріс, ғылым, әдебиет және көркем сурет облыстарындағы санаткерлік қызметке қатысты барлық басқа құқықтар.
Санаткерлік меншіктің құқықтық нысандарына жатады:
1) санаткерлік қызмет нәтижелері;
2) таурлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің азаматтық айналымына қатысушыларды жекешелендіру құралдары;
3) санаткерлік қызметтің және таурлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің азаматтық айналымына қатысушыларды жекешелендіру құралдарының басқа, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен және басқа да заң актілерімен қарастырылатын нәтижелері.
2 Өнеркәсіптік меншік нысандарына өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, пайдалы моделдер жатады.
Өнертабыс деп адамның белгілі қызмет аймағындағы техника объектілерін құруға бағытталған мәселенің техникалық шешімін айтады, оның белгілі аналогтармен салыстырғанда жаңалық қасиеті және қазіргі заңдылыққа байланысты құқықтық қорғауы бар.
Қазақстандық патенттік заңдылыққа байланысты өнертабысқа құқықтық қорғау беріледі келесі жағдайларда:
егер бұл өнертабыс жаңа болса;
егер оның өнер табушылық деңгейі болса;
егер оны өнеркәсіпте (өндірісте) қолдануға болса.
Өнертабыс жаңа болып саналады, егер ол техника деңгейінің мәліметтерінде берілмесе.
Өнертабыс өнер табушылық деңгейге ие болады, егер ол мамандық үшін техника деңгейінің мәліметтерінде берілмесе.
Техника деңгейінің мәліметтеріне өнертабыстың басымдылық күніне дейін жалпыға ортақ барлық мәліметтер жатады.
Өнертабыстың жаңалығын орнатқан кезде техника деңгейінің мәліметтеріне бұрын өнертабыстарға және пайдалы моделдерге басқа авторлардың берген өтінімдері және Қазақстанда патенттелген өнертабыстары мен пайдалы моделдері жатады. Жаңалықтың абсолютті сипаттамасы болады.
Өнертабыс өнеркәсіпте (өндірісте) қолдануға жарамды деп саналады, егер ол өнеркәсіпте, ауылшаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтің басқа да салаларында қолданылса ғана.
Өнертабыс объектілеріне келесілер жатады:
қондырғылар;
әдістер (биотехнологиялық әдістер, емдеу әдістері, диагностика және сауықтандыру әдістері);
заттар (химиялық, емдеу);
микроағзалар штаммдары, өсімдік және жануар жасушаларының дақылдары;
бұрыннан белгілі қондырғыларды, әдістерді, заттарды, штаммдарды жаңа мақсатпен қолдану.
Өнертабысқа мыналар жатпайды:
ашылулар, ғылыми теориялар және математикалық әдістер;
ұйымдастыру және шаруашылықты басқару әдістері;
шартты белгіленулер, кестелер, ережелер;
ой операцияларын орындау ережелері мен әдістері;
есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен алгоритмдер;
ғимараттарды құру схемалары мен жобалары;
өнімдердің, бұйымдардың сыртқы түріне ғана қатысты ұсынымдар;
қоғамдық қызығушылыққа, адамгершілік принциптеріне қайшы келетін ұсыныстар.
Пайдалы модел деп өндіріс құралдары мен тұтыну пәндерінің жаңа конструктивті орындалуын айтады. Пайдалы модел өнертабысқа жақын объекті болып табылады.
Пайдалы модел ретінде Қазақстан Республикасында қондырғылар қорғалады.
Пайдалы моделге құқықтық қорғау беріледі, егер ол жаңа және өнеркәсіпте қолдануға жарамды деп саналса.
Пайдалы модел жаңа деп есептеледі, егер оның барлық белгілерінің жиынтығы техника деңгейінің мәліметтерінде берілмесе.
Техника деңгейінің мәліметтерінде пайдалы моделдің басымдылық күніне дейін жалпыға ортақ мәліметтер, сонымен қатар Қазақстан Республикасында басқа тұлғалармен патенттелген пайдалы моделдер кіреді.
Пайдалы моделдер ретінде келесі объектілерге қатысты шешімдер қорғалмайды:
әдістерге, заттарға, микро ағзалар штаммдарына, өсімдік және жануар жасушаларының дақылдарына, және оларды жаңа мақсатпен қолдануға қатысты;
жоғарыда аталған патентке қабілетті өнертабыстары ретінде танылмайтын объектілерге қатысты.
Өнеркәсіптік үлгі деп сыртқы түрін анықтайтын өнімнің көркемді-конструкторлық шешімін айтады, оның қазіргі заңдылыққа сай құқықтық қорғауы бар. Өнеркәсіптік үлгіге құқықтық қорғау беріледі, егер ол жаңа, айырықша және өнеркәсіпте қолдануға жарамды болса.
Өнеркәсіптік үлгі жаңа деп саналады, егер өнімнің эстетикалық және эргономикалық ерекшеліктерін қамтитын барлық белгілердің жиынтығы үлгілердің басымдылық күніне дейін жалпыға ортақ мәліметтерде берілмесе.
Өнеркәсіптік үлгі айырықша қасиеттерге ие деп саналады, егер маңызды белгілер өнімнің эстетикалық шығармашылық сипаттарын анықтаса ғана. Өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіпте қолдануға жарамды деп саналады, егер ол бірнеше рет қайта өңделіп шығарылса.
Өнеркәсіптік үлгілер көлемдік, жазықтық және аралас болып бөлінеді.
Өнеркәсіптік үлгілерге келесілер жатпайды:
өнімнің тек қана техникалық функциясымен қамтылған болса;
сәулет объектілері өнеркәсіптік, гидротехникалық және басқа стационарлық ғимараттар;
басып-шығарылатын өнімдер;
сұйық, газ тәрізді, төгілгіш және оларға ұқсас заттардан жасалған пішіні тұрақты емес объектілері;
қоғамдық қызығушылыққа, адамгершілік принциптеріне қайшы келетін өнімдер.
Тауарлық белгілері (қызмет көрсету белгілері) деп тіркелген сөз түрінде, бейнелеу түрінде немесе басқа да белгіленулерді айтады, олар бір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен қызметтерін басқа шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен қызметтерінен ажырату үшін керек.
Тауарлық белгілері (қызмет көрсету белгілері) ретінде тіркелген белгілену әртүрлі түспен немесе бірнеше түстердің қосындысы түрінде тіркелуі мүмкін.
Тауар шығарылған жердің атауы деп ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен оны шығаратын жермен, оның ішінде табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарды белгілеу үшін пайдаланылатын географиялық көрсеткішті айтады.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Меншіктің неше түрі бар?
2 Санаткерлік меншіктің құқықтық нысандарын атаңыз?
3 Өнеркәсіптік меншіктің нысандарына қандай нысандар жатады?
4 Өнертабыс дегеніміз не?
5 Қандай нысандар өнертабысқа жатпайды?
6 Пайдалы модель дегеніміз не және қандай нысандарға қатысты пайдалы моделдер ретінде шешімдер қорғалмайды?
7 Өнеркәсіптік үлгілер дегеніміз не және олар нешеге бөлінеді?
8 Өнеркәсіптік үлгілерге қандай нысандар жатпайды?
9 Тауарлық белгілер деп қандай белгілерді айтады?
10 Тауар шығарылған жердің атауы деп қандай көрсеткішті айтады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан .- Алматы: Жетi-Жаргы. 1999
2 Патентоведение. Учебник для вузов. / Под ред. В.А. Рясенцева. - З-е изд., перераб. и доп. - М.: Машиностроение , 1984. -352 с.
№ 2 дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Санаткерлік меншікті қорғаудың заңнамалық негізі
Дәріс жоспары:
1 ҚР патент заңы
2 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР заңы
3 «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР заңы
ҚР патент заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды. Ол 38 бапты құрайтын 7 тараудан тұрады.
ҚР патент заңымен өнеркәсіптік меншік объектілерін жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүліктік, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар реттеледі.
Cанаткерлік меншiктiң өзге объектiлерiн (селекциялық жетiстiктер, интегралдық микротәсiм топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердiң атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актiлерiмен реттеледi.
Патент заңның ережелерi қорғау құжаттарын уәкiлеттi орган берген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар негiзiнде патенттер берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қолданылады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын және өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi қopғay саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;
2) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге қорғау құжаттарын беру;
3) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау;
4) хаттамаларды жазу және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау, әкiмшiлiк жазалар қолдану;
5) осы Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
Сараптама жасау ұйымы - мемлекеттiк монополияға жатқызылған салаларда (өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласында қызметтер көрсету) қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты ұйым.
Сараптама жасау ұйымының құзыретiне:
1) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге өтiнiмдер қабылдау;
2) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге сараптама жүргiзу;
3) қорғалатын өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзу;
4) өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiптiк үлгiлер туралы мәлiметтердi жариялау;
5) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР заңы 1996 жылдың 10 маусымында қабылданды. Ол 49 бапты құрайтын 5 тараудан тұрады.
Бұл заң санаткерлік меншік саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
Осы заңға сәйкес авторлық құқық:
1) ҚР аумағында жарияланған не жарияланбаған, бірақ авторлардың немесе олардың құқықтық мурагерлерінің азаматтығына қарамастан ҚР аумағында қандай да болсын объективті нысанда болатын туындыларға қолданылады;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бірақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қандай да болсын объективті нысандағы туындыларға қолданылады және ҚР азаматтары – авторлары және олардың құқықтық мұрагерлері деп танылады;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бірақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қандай да болсын объективті нысандағы туындыларға қолданылады және авторлардың – шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың ҚР бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп танылады.
Егер туынды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алғаш жарияланған күннен кейінгі 30 күн ішінде ҚР аумағында жарияланса, ол Қазақстан Республикасында жарияланды деп саналады.
ҚР аумағында туынды халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын болған жағдайда туындының авторы авторлық құқықты алуға негіз болған іс-әрекет немесе мән-жай орын алған мемлекеттік заңы бойынша анықталады.
ҚР бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес, егер ол ҚР бекіткен тиісті халықаралық шарттың ережелері бойынша айқындалатын туындының шыққан елінде авторлық құқықтың осы елде белгіленген қолданылу мерзімінің тітуінің салдарынан қоғам игілігіне айналмаса және авторлық құқықтың қолданылу мерзімінің бітуінің салдарынан ҚР қоғамның игілігіне айналмаса, туындыға қорғау беріледі.
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР заңы 1999 жылдың 26 шілдесінде қабылданды. Ол 48 бапты құрайтын 13 тараудан тұрады.
Бұл заң Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар жығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
ҚР тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар жығарылған жерлердің атаулары туралы заңдары осы заңнан және ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Егер ҚР бекіткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзге ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Мемлекеттік патент ұйымы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады, ол осы заңға сәйкес тауарлар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласында мемлекеттік монополияны қамтамасыз етеді, тауар таңбаларын тіркеуге, тауарлар шығарылған жер атауларын пайдалану құқығын тіркеуге және беруге өтінімдер қабылдайды, олар бойынша сараптама жүргізеді және куәліктер береді, тауар таңбаларын тіркеу туралы және тауарлар шығарылған жер атауларын пайдалану құқығын алу туралы мәліметтердің ресми жарияланымын жүзеге асырады және патент ведомствосының өзіне жүктелген өзге де міндеттерін орындайды.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 ҚР патент заңы қашан қабылданды?
2 Бұл заң неше тараудан және неше таптан тұрады?
3 Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретіне не жатады?
4 Сараптама жасау ұйымының құзыретiн атап шығыңыз.
5 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР заңы қашан қабылданды?
6 Бұл заң қандай тараулардан және баптардан тұрады?
7 Бұл заң қандай қатынастарды реттейді?
8 «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР заңы қашан қабылданды?
9 Бұл заңның баптары мен тарауларын атаңыз.
10 Бұл заң қандай қатынастарды реттейді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Патентное право: Сборник нормативно-правовых актов// Составитель Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жетi-Жарғы. 1996
2 Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан .- Алматы: Жетi-Жаргы. 1999
3 ҚР патент заңы (1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды)
4 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР заңы (1996 жылдың 10 маусымында қабылданды)
5 «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР заңы (1999 жылдың 26 шілдесінде қабылданды)
№ 3 дәріс (1 сағат)
Тақырыбы: Патенттік құжаттамалар және оларды қолдану
Дәріс жоспары:
1 Патенттік құжаттамалардың түрлері
2 Патенттік құжаттарды қолдану
Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындылығы мен дамуы ашылулар мен іргелі өнертабыстарға негізделеді. Принциптік жаңашылдығы мен пайдалылығы бар ірі техникалық шешімдер өндірісті түбірімен өзгертеді. Оларды кеңінен қолдану техника аумағындағы басты позицияларға шығуға мүмкіндік береді. Барлық жаңа, бастапқы, прогрессивті заттар міндетті түрде өнертабыстармен тығыз байланысты.
Өнертабыстар өнертабыстық құқықтың объектілері болып табылады, себебі бұл техника облысындағы шығармашылық қызмет нәтижелері құқықпен қорғалады. Сонымен өнертабыс деп халық шаруашылығының, әлеуметтік-мәдени құрылыс немесе мемлекетті қорғау аумағындағы оң әсер беретін жаңа және заттық айырмашылықтары бар техникалық шешімдер мен міндеттер танылады.
Патент дегеніміз ұсынылған басымдылық өнертабысты, өнертабысқа авторлықты және патент иеленушінің өнертабысқа ерекше құқығын өнертабыс екендігін куәландыратын құжат.
Патенттік құжаттамада өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпарат және өнеркәсіптік меншік объектілеріне патенттік құқық иелері туралы мәліметтер жарияланады.
Патенттік құжаттама - өнертабыстар, ашылулар, өнеркәсіптік үлгілер, пайдалы моделдер ретінде өтінім берілген немесе расталған, ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық және жеке әзірлеме нәтижелері туралы ақпаратты, сонымен қатар өнертабыс авторлары, патент иеленуші, диплом иелерінің және өнеркәсіптік үлгілер мен пайдалы моделдерді тіркеу туралы куәліктердің құқығын қорғау туралы ақпараттарды қамтитын басылып шығарылатын және басылып шығарылмайтын құжаттардың жиынтығы.
Сондықтан, патенттік құжаттама ретінде ең алдымен патенттік ведомствовалардың ресми басылымдары танылады – авторлық куәлік пен патенттерге өнертабыстарға сипаттама, ашылуларға сипаттама, ресми патенттік бюллетендер, ашылулар мен өнертабыстарға өтінімдерге алдын-ала сипаттамалар жатады.
Өнертабыс сипаттамасын алу түріндегі берілген авторлық куәлік пен патенттер туралы ақпараттар патенттік бюллетендерде хабарланады және тіркелген өнертабыс туралы алғашқы хабарлама болып табылады.
80 жылдарда әлемдік патенттік қорда 17 млн жуық өнертабыс сипаттамалары, өнеркәсіптік үлгілерге 5,5 млн патенттер мен куәліктер, пайдалы моделдерге 1,5 млн көп куәліктер есепке алында. Жыл сайын патенттік ведомствоға авторлық куәліктер мен патенттер алу үшін әлемнің 100 мемлекетінен 750 мың өтінім түседі және 150-160 мың өнертабыстарға 450 мыңнан аса қорғау құжаттары беріледі.
Патенттік құжаттама патенттік қорда сақталады, ақпараттық қызметтің анықтамалық-ақпараттық қорының құрамдас бөлігі болып табылады.
Патенттік қор – анықтамалық-іздеу аппараты бар патенттік құжаттамалардың жүйеленген жиынтығы.
Өнертабыстың сипаттамасы патенттік құжаттаманың негізгі түрі болып табылады, олар парақтар немесе брошюралар түрінде шығарылады. әрбір сипаттама тек бір ғана өнертабысқа қатысты және оны түсіну мен жүзеге асыруға қажетті мәліметтерді қамтиды.
Әртүрлі мемлекеттердің патенттік ведомствовалары өздерінің патенттік кітапханасын толықтыра отырып, өнертабыс сипаттамаларымен өзара алмасады.
Басқа ғылыми-техникалық көздерімен салыстырғанда патенттік құжаттаманың бірқатар ерекшеліктері бар.
Патенттік құжаттама соңғы 150-200 жыл аралығында адамзатпен шығарылған ғылыми-техникалық шешімдер туралы ақпараттың ең толық және жүйеленген жиынтығы болып табылады.
Техникалық сипаттағы мәліметтермен қатар, патенттік құжаттама патен иеленушінің құқықтары, шетелдік патенттеу бағыттары мен көлемі, құқықтардың әрекет ету мерзімі және тағы басқалар туралы маңызды құқықтық және экономикалық ақпаратты қамтиды. Негізгі өнертабыс сипаттамасы прототиптерді критикалық бағалау мен толық сипаттаумен бірге нақты техникалық шешімдер туралы деректерді қамтиды. Патенттік құжаттама жарнамалық немесе тексерілмеген деректерден тұрмайды, өйткені жаңашылдығының ақиқаттылығы көптеген жағдайларда патенттік сараптамамен тексеріледі.
Өнертабыс біруақытта әртүрлі мемлекеттерде патенттелуімен байланысты, бір өнертабыс бойынша бірнеше сипаттамалар басылып шығарылуы мүмкін.
Әртүрлі мемлекеттерде бір өнертабысқа берілген патенттер аналогты патенттер деп аталады.
Патенттік құжаттаманың маңызды ерекшелігі мазмұнын бірыңғай баяндау болып табылады. Оған өнертабыстар мен патенттік бюллетендердің библиографиялық сипаттамалары мен басқа элементтерінің сипаттамаларын стандарттау және унификациялау жұмыстары әсер етті. Негізінен өнертабыс сипаттамаларында арнайы стандартты тілдік конструкциялар мен жалпы ғылыми терминология қолданылады.
Патенттік құжаттамада өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпарат, өнеркәсіптік меншік объектілеріне патенттік құқығы иелері туралы мәліметтер жарияланады.
Патенттік құжаттама қатаң анықталған құрылымды болады. Өнертабыс пен пайдалы модель формуласында қысқаша олардың мәні сипатталады. Өнертабыс анықтамасы өнертабыс, пайдалы модельді жасауға себеп болған жағдайларды көрсету, бар және жаңа техника объектілері арасында өзгешіліктерді табу және техниканың жаңа объектісінің жаңашылдығын дәлелдеу үшін қажет болып табылады.
Патенттік құжаттамалардағы негізгі материал мен библиографиялық деректердің орналасуы қатаң анықталған. Жиі жағдайларда түсіндіруші суреттер беріледі.
Патенттік құжаттамада ақпараттың екі түрі болады: библиографиялық және техникалық. Библиографиялық ақпарат патенттік құжаттаманың бірінші бетінде келтіріледі және төмендегілерден құралады:
- баспадан шыққан күннің белгісі, басып шығарушы ведомствоның аталуы, мекен жайы, сонымен қатар патентке кіргізілген тұлғалардың, мысалы, өнертабыс авторларының, патенттік құқық иесі, оның өкілі немесе патенттік агенттің мекен жайлары, фамилиялары;
- халықаралық жіктегіш бойынша классификациялық белгіленулер;
- өнертабыс атауы, өнертабыс анықтамасының рефераты, негізгі сызба немесе химиялық формула.
Сипаттаманы басып шығарғанға дейін өнертабыс туралы мәліметтер мемлекеттік патенттік ведомствовалардың периодты ресми басылымдарында басылады. Ресейде бұл мәліметтер «Ашылулар, өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық белгілер» бюллетендерінде басылып шығарылады. Онда авторлық куәлік немесе патенттер берілген өнертабыстар туралы мәліметтер басылады. Бюллетенде әрбір өнертабыс бойынша өнертабыс авторы (тегі және аты-жөні), өтініш беруші атауы, авторлық куәлік немесе патент нөмірі, өтінім беру күні мен нөмірі, өнертабысты халықаралық жіктеу индекстері, сонымен қатар өнертабыс формуласы, әртүрлі сызбалар мен сұлбалар туралы мәліметтер келтірілген.
Қазақстан Республикасының патенттік ведомствосы (санаткерлік меншік құқығы жөніндегі Комитет) екі бөлімнен құралатын «Өнеркәсіптік меншік» ресми бюллетенің шығарады. Бірінші бөлімінде өнертабысқа инновациялық патент, патент және пайдалы модельдерге патент берілуі, ал екінші бөлімінде тауар таңбаларын тіркелуі, тауардың шыққан жерінің аталуы, өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент пен патент берілуі туралы мәлімет жарияланады.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Патент дегеніміз не?
2 Патенттік құжаттамаға қандай құжаттар жатады?
3 Өнертабыстың сипаттамасы деп патенттік құжаттаманың қандай түрін айтады?
4 Библиографиялық және техникалық ақпарат деп қандай ақпаратты айтады?
5 Ресейде шығарылатын «Ашылулар, өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық белгілер» атты бюллетендерінде қандай мәліметтер жарияланады?
6 Қазақстан Республикасының патенттік ведомствосы шығаратын ресми бюллетень қалай аталады?
7 Оның бірінші және екінші бөлімдерінде қандай мәліметтерді табуға болады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан .- Алматы: Жетi-Жаргы. 1999
2 Патентоведение. Учебник для вузов. / Под ред. В.А. Рясенцева. - З-е изд., перераб. и доп. - М.: Машиностроение , 1984. -352 с.
№ 4 дәріс (1 сағат)
Достарыңызбен бөлісу: |