Ж. 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандықтарына арналған Модульдік білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды


ТҮСІНІК ХАТ Пәннің қысқаша сипаттамасы



бет13/111
Дата02.01.2022
өлшемі1.12 Mb.
#454096
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   111
УМКД К сіпкерлік ж не бизнес негіздері дот

ТҮСІНІК ХАТ
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәні - элективті пәндердің бірі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының дамуы еркін кәсіпкерліктің дамуы ретінде қарастырылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі оның дамуына көп көңіл аударуда. Іскер кәсіпкер болу үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бизнесті ұйымдастырудың негіздерін білуі қажет. Осы орайда жақын және алыс шет елдердің оң тәжірибесін ескере отырып, ұлттық экономиканың жұмысы мен дамуының ерекшеліктерін, заңдылықтарын зерделеуге негізделген, теориялық және практикалық жағынан білімді мамандар даярлауға ерекше назар аударуы қажет.

Қазақстандық білім алушыларға бизнес жүргізудің алғышарттарын үйрету мақсатында ЖОО оқыту бағдарламасына «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты жаңа пән енгізіліп отыр. Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнін оқыта отырып «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай прагматизм идеялары жүзеге асырылмақшы. Прагматизмнің өзі ақша санау, үнемдеу болса, болашақ мамандарға Білім беру мекемелерінде кәсіпкерлік қызметінің саласында теориялық білім және тәжірибелі дағды бере отырып, осы оқыту жүйесі арқылы білім алушыларымыздың санасын қалыптастырсақ, бұл аталмыш бағдарламаның орындалғаны болып табылады.

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні барлық экономикалық ғылымдардың, сонымен қатар гуманитарлық және әлеуметтік пәндер қатарындағы маңызды пәндердің бірі. Берілген пән студенттерге логикалық ұғымдарды игеріп, олардың экономикалық ойлау қабілетін, оның ішінде кәсіпкерлік қызмет саласымен айналысудың шарттарын қалыптастыруға және қоғамдағы экономикалық құбылыстарды толық түсуге көмектеседі. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні негізгі түсініктер мен теорияларға, экономикалық процестер мен құбылыстарды қамтып барлық мамандықтардағы студенттерге ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет