Мектеп: 1 ШМГ
|
Мұғалім: Ізтлеуова Д.С.
|
Күні: 26.11.19
|
Сынып: 9а,ә
|
Бөлім: Атмосфера
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері
|
Оқу мақсаттары
|
9.3.2.5 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтайды
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушылар:
Әртүрлі тақырыптарға қатысты номинациялау ерекшеліктерін ажыратады.
Географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін талдайды.
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылар әртүрлі тақырыптарға қатысты номинациялау ерекшеліктерін ажыратып, географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтап үйренеді
|
Мектеп құндылықтары
|
Сабақ академиялық шындықты, коллаборативті ортаны қалыптастыру және жауапкершілік пен көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, сыныптастарының жауаптарын тыңдауға, талдауға, қорытынды жасауға баулу.
|
Тілдік мақсаттар
|
Диалогқа / жазылымға қажетті тіркестер: Географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін бейнебаян арқылы түсіндіреді (тыңдалым, айтылым).
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
географиялық нысандар, географиялық құбылыстар, географиялық атаулар (номинация).
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі мен әдебиеті: топонимика, жер-су атаулары қарастырылады; Қазақстан тарихы: тарихи оқиғаларға қатысты атаулардың шығу тарихы қарастырылады.
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған сабақ кезеңі
|
Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-6
|
Сабақ тақырыбын анықтау мақсатында:
(С) «Номинация» сөзіне 3 сұрақ.
1. Номинация сөзін қай уақытта қолданасыз?
2. Қандай номинациялық теңеулерді білесіз?
3. Бүгінгі тақырыпты номинация сөзімен байланыстырып қалай атауға болады?
Мұғалім сабақтың мақсаты мен бағалау
критерийлерімен таныстырады.
Сабаққа қысқаша шолу жүргізіледі.
|
Презентация
1-2 слайдтар
|
Ортасы
7-30
|
Мұғалім найзағай құбылысының атауының мағынасын түсіндіруді сұрайды.
1. Құбылысты найзағай атаудағы себеп қандай болды?
2. Құбылысты басқаша қалай атар едіңіз?
Оқушылар алғаш жеке, содан кейін жұпта ойланып, жауап береді.
Мұғалім географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін талдауға тапсырма береді.
1-топ. Атмосфералық құбылыстарды
номинациялау ерекшеліктерін көрсетеді.
.
2-топ. Орографиялық нысандарды
номинациялау ерекшеліктерін көрсетеді
3-топ. Климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін көрсетеді.
4-топ. Эксперттер тобы. Олардың міндеті – екі топтың жұмысын бақылап, бағалау.
«Аквариум» тәсілі.
Топтар презентациясы.
|