Ж. Баласағұни ғұлама ақын. ХІV ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы


Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз



бет32/44
Дата08.12.2022
өлшемі484.06 Kb.
#466883
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44
5-d0bdd2b1d181d29bd0b0

3.Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз
Археология — тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы.
Этнографияэтнология (гр. etnos – тайпа, халық, grapho – жазу) – қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді
Топонимика — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл гректің «топос» — орын, жер, «онома» — атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз.
Антропология — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология (грекше arthropos – адам, logos – ілім) терминін алғаш рет Аристотель енгізді.


24-билет

  1. Есім ханның Қазақ хандығын нығайтудағы қызметі

  2. Невада–Семей антиядролық, экологиялық қозғалысы «5-5» формуласы.

  3. Андроновтықтардың шаруашылығы бойынша кестені толтырыңыз.




Мал шаруашылығы


Жер өңдеу


Кен өндіру





  1. Есім ханның Қазақ хандығын нығайтудағы қызметі

Туған ағасы Тәуекел қайтыс бол­ған соң Қазақ мемлекетінің билігін тарихта «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болған Есім хан (1598-1628) қолына алды. Дарынды әскербасы ғана емес, білікті саясатшы, парасатты мемлекет қайраткері ретінде Есім хан Қазақ хандығының сыртқы шекарасын нығайтумен қатар, елдің ішкі жағдайын да жақсартты. Есім ханның кезінде ел мамыражай әрі сенімді тіршілік кешті. «Есім хан­ның ескі жолы» атты атақты заң же­лісі мемлекеттің тұғырлы әрі берік ішкі және сыртқы саясатын қалып­тастырды. Жұмыр жер бақталастық пен тақ таласының алаңына айналып, әрбір билеуші өз үстемдігін жүргізуге ұм­тыл­ған жаугершілік заманда Еуразия­ның кіндігіндегі алып далада Қазақ хандығы сияқты іргелі мемлекет қалып­тасып, оның қанатын кең жая бастағаны бүйірлеріне шаншудай қадалып, көз алартушылар көбейе түсті. Әсіресе, көшпенділерден көп запа шеккен Ресей мен Қытай ірге­лерінде Қазақ хандығы сияқ­ты ірі де іргелі мемлекеттің күшей­ге­нін қаламады. Қайткенде де бұл мемлекеттің іргесін сөгуді ойлады. «Іздегенге сұраған» дегендей бұл кезде, XVI-XVII ғасырлар тоғы­сы­н­да Моңғолияның батыс аймағын­да Жоңғар хандығының іргесі қалан­ды. Ғасырлар бойы тау суындай тас­қындап, Шығыста Қытайды, батыста Ресейді және бүкіл Еуропаны ық­тырып келген көшпелілер мекенін­де пайда болған Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығы көршілерін бей­та­рап қалдырмады. Олар осынау екі мемлекетті бір-біріне айдап салып, ғасырлар бойы бүйірлеріне қадалған «шаншудан» құтылуды ойластырды. Осы орайда, әсіресе, Ресей белсен­ді­лік танытып, жоңғарлармен шұғыл ел­шілік байланыс орнатып, олар­ды астыртын отты қарулармен жа­сақ­тап, Қазақ хандығына қарсы арандату шараларын жасады. Ресей патшалығының Жоңғар елінің Торғауыт, Дүрбіт, Қошауыт сияқты үлкен тайпаларына Еділ бойынан қоныс бөлуі қазақ пен қалмақ ара­сын­дағы жүз жылдық соғыстың тұтануы­на себеп болды. Осынау жүз жыл­дық соғыс салдарынан салт атты көш­пелілердің үш мың жылдық өрке­ниеті толық күйреп, қазақтардың Ресей патшалығына бодан болғаны, ал жоңғарлардың ата жұртынан мүлде жойылып кеткені тарихтан аян. Міне, осы қатерлі қасіреттің алғашқы дауылымен Есім хан беттесті.
1620 жылы жоңғар қонтайшысы Қара Құла Қазақ хандығының иелі­гіне тұтқиылдан шабуыл бастады. Бейбіт елді қатты қырғынға ұшы­ра­тып, асқан қатыгездік танытты. Еліне жау тигенін естіп, Есім хан шұ­ғыл жорыққа аттанады. Қазақ әс­кері жоңғарларды тас-талқан етіп, Сібір­дегі орыс қалаларының іргесіне де­йін айдап салды. Сол замандағы орыс жазба деректерінде: «Қазақ Ор­дасының Есім ханы қалмақтарды қат­ты қырғынға ұшыратты. Қалмақ тай­шылары өте қиын халге түсті», деп атап көрсетілген. 1627 жылғы ұлы жорықта Есім хан жоңғарларға тағы ойсырата соққы беріп, алғашқы Ой­рат одағын ыдыратып жіберді. Еңсегей бойлы ер Есім ханның бұл ұлы жеңістері Қазақ хандығына енді ешкімнің тісі батпайтындай сыртқы жағдайды қалыптастырып еді. Өкінішке орай, дәл осы кезеңде өзін хан деп жариялаған Тұрсын сұл­­танның дербес саясатының сал­дары­нан Қазақ хандығында үлкен күйзеліске ұрындырған азамат соғы­сы басталды. Ташкент қаласы қазақ­тарға қараған соң, көп ұзамай оны Жәні­бек ханның немересі Жалым сұл­тан ұлы Тұрсын сұлтан билеген еді. Бертін келе ол тәуелсіз хан болуды көксейді.
Сол заманның тарихшысы Мах­мұд бен Уәлидің жазуынша, Есім хан 1627 жылы жоңғарларға қарсы жорыққа аттанғанда, Тұрсын сұлтан бар әскерімен Түркістан қаласын шабады. Бейбіт жұртты қырып-жойып, ат тұяғы жеткен жердің бәрін ойрандайды. Есім ханның әйелдері мен бала-шағасын тұтқындайды. Енді Есім ханның өзін құртпақ болып, ауыр соғыстан оралып келе жатқан қазақ әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасайды. Бірақ Есім ханға хабар бұ­рын жетеді. Екі әскер Сайрам қа­ма­лының түбінде беттеседі. Есім хан ант бұзған Тұрсын сұлтанның жақ­тас­тарын қирата жеңіп, Ташкент бекі­нісіне дейін тықсырады. Бар әс­керінен айырылған Тұрсын сұл­танды нөкерлері тұтқындап, жауының қолы­на тапсырады. Есім хан опасыз Тұр­сынның басын алып, оның қолты­ғына су бүркіп, қандастарына қарсы со­ғысқа айдап салған Бұхар ханы Имам­құлға сәлемдемеге жібереді. 
2.Невада–Семей антиядролық, экологиялық қозғалысы «5-5» формуласы.
1989 жылдың ақпанында Семейдегі сынақ полигонын жабу үшін басталған ұлы күрестің алғашқы қадамы жасалды. Белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО Жоғары Кеңесінің депутаттығына кандидат Олжас Сүлейменовтың жетекшілігімен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылды. 1989 жылдың 25 ақпанында, сағат 17-ден 45 минут өткенде Қазақстан орталық телевизиясы арқылы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық қаруларды сынауды дереу тоқтатуды талап еткен және жұртшылықты «Невада» антиядролық қозғалысын құруға шақырған ашық мәлімдемесінен басталды. Дәл сол күні Алматыдағы көп адам жиналған митингте ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов еліміздің барлық қоғамдық, шығармашылық, діни ұйымдарына, советтік бейбітшілік қорғау Комитетіне, халықаралық «Жасыл әлем» ұйымына, «Адамзатты аман алып қалу» халықаралық қорының Комитетіне, Невада штатында (АҚШ) сынақтарға тыйым салу қозғалысын жақтаушыларға Үндеуін оқып, Қазақстанда ядролық сынақтарды тоқтатуды талап етті.
Тек наурыз айында ғана үндеуге қозғалысты қолдаған миллионнан астам қол қойды, ал қозғалыс қорына көптеген қайырымдылық қаржысы келіп түсті. Ал, 11 наурызда қозғалыстың құрылғандығы туралы шетел ақпарат агенттіктері хабар берді, онда планетамыздың бейбітшілік сүйгіш халықтары өздерінің ынтымақтастықтарын білдіре отырып, қозғалыстың мақсаты мен міндетін мақұлдады. Сөйтіп, қозғалыс халықаралық мойындауға ие болды.
Полигонның 40 жылдық тарихында 459 жарылыс жасалды. 1949-1962 жылдары ашық ауада 88 сынақ, жер қойнауында 3 рет бомба жарылды. 1953 жылдың 12 тамызында әлем тарихында алғаш рет термоядролық құрылғы ашық аспан астында сынақтан өтсе, 1955 жылдын 22 қарашасында жер үстінде жарылған сутегі бомбасы жанталаса қаруланған дүниежүзінің державаларын Кеңес Одағының алдында тізе бүгуге мәжбүр етті. Өйткені, бұл сынақ адамзат тарихында бұрын сонды болмаған еді. Сондай-ақ, Кеңес елі осы уақыт аралығында ядролық заряды бар 6 құрылғыны жеті қат көкке жуық жоғары биіктікте сынақтан өткізіп үлгерді. Ал, жер қабатындағы тік ұнғымалар мен көлбеу туннельдерде 340-тан астам сынақ жүзеге асырылды. Одан 1.5 миллион адам зардап шекті.
1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 40 жыл ажал отын шашқан полигонның жабылуы, әрісі Қазақстан халқы үшін, берісі Ертістің Семей өңірінің тұрғындары үшін тендесі жоқ қуаныш, үлкен бақыт әкелді. Осы 1991 жылдын шілде айында Қарауылда өткен «Невада – Семей» қозғалысына Франция, АҚШ, Италия, Жапон елдерінің делегаттары қатысып, атом сынағын тоқтатуға өз ұсыныстарын білдірді.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1992 жылғы 15 мамырдағы № 779 Жарлығымен бұрынғы Семей полигонының әскери-өнеркәсіп кешенінің, сондай-ақ республика аумағында орналасқан тиісті ғылыми ұйымдар мен объектілердің негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы құрылды.
Невада-Семей қозғалысының "5-5" формуласы әлемдегі аса ірі полигондарды жабуды білдіреді 3.Андроновтықтардың шаруашылығы бойынша кестені толтырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет