Ж: Батырды жауда



Дата05.03.2024
өлшемі20.96 Kb.
#494296
дебат сценарий


A: Армысыздар құрметті әділ қазылар мен дебат сүйер қауым! Бүгінгі 2024 жылдың алғашқы дебат-пікірталас сайысына қош келдіңіздер!

Ж: “Батырды жауда,


Шешенді додада сына”
дейді дана халқымыз. Сөзге шешен, ойы ұшқыр жасөспірімдерімізді дебат алаңында сынап тартысты ойын көреміз деген үмітпен дебат сайысын бастауға рұқсат етіңіздер! Ең бірінші сөз кезегін мектеп директоры Анар Сабырханқызына берсек.

А: Сөз бастап ойынымызды бастап бергеніңіз үшін алғыс білдіреміз.


Ж: Ойын қатысушылары мен көрермендеріне ойын тәртібін түсіндіре кетсек. Бүгінгі дебаттың форматы АПФ нақтылаЙ айта кетсек жақтаушы яғни Үкімет және де даттаушы яғни оппазиция топтарынан тұрады.


А: Қарар әрқашан үкімет тарапында сөйлегендіктен ойынымыз да тартысты өтетіні хақ. Әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын екі команда – Үкімет пен Оппозиция қаралуға ұсынылған қарарды талқылайды.


Ж: Ойын үш кезеңнен және қорытынды/марапаттаудан тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар дебат ойының ойнап өз шешендіктерімен көзге түседі.


A: Тартысты ойынымыздың екінші кезеңі сұрақ-жауап болып табылады. Яғни қатысушы топтар бір-біріне сұрақ қойып, сынға алады. Ал сұрақ-жауап кезеңінің ашық немесе жабық өткізілетінін жақтаушы тарап таңдайтын болады.


Ж: Ал ең соңғы да шешуші үшінші кезеңде топ лидерлері ортаға шығып қорытынды жасайтын болады. Ал біздің қара қылды қақ жарған әділ қазы алқасы дәл сол үшінші кезеңнің нәтижесін есептей отыра өз қорытындыларын жасайды.


A: Ескерте кететін жайт, дебат бұл ұрыс алаңы емес. Оның да арнайы заңдары болады. Толығырақ айтсақ, дебат қатысушылары дінге, жеке басқа, саясатқа және де заңға тоқталмайды/өз сөздеріне қоспайды.


Ж: Тіл тазалығы мен сөз жүйелілігі де қатаң ескеріледі


A: Осы ойынымызды әділ бағалап, қатысушыларымыздың шешендігін сынайтын әділ қазы алқаларымен таныс болыңыздар. Бүгінгі дебат ойының төрешісі - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Керуенова Гүлнар Жазыбаевна


Ж: Тарих пәні мұғалімі – Хойлан Алия


Немесе
Сейсенбаева Жазира Сериковна

А: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Каримова Махсуда Зариповна


Ж: Бұдан бөлек, ойынымыздың тайм-кипер меңгерушісі - Ерденова Еркежан Зәкірқызы.


A: Ойынымызды бағалаушы - әділ қазы алқасымен таныстық. Ендігі кезекті жақтаушы және даттаушы тарап ойыншыларымызды ортаға шақырамыз!


Ж: Премьер-министр - Ордақан Кәусар


A: Премьер-министрдің орынбасары - Аманжол Аяулым


Ж: Оппазия лидері - Үмбет Эмира


A: Оппазия лидерінің орынбасары - Ахмет Кәусар


Ж: команда мүшелері орындарында ендеше бүгінгі тақырыпқа назар аударсақ


"Бұл палата ауыл оқушыларында қаладағыдай мүмкіндіктер бар деп есептейді"

А: Тақырып айтылды, дебат ережесі түсіндірілді, ендеше, Кұрметті көрермендер, әділ қазы алқасы сөз додасы - дебатымызды бастайық!


Ж: Ойынды бастап дефиницияны беретін үкімет тарапының премьер министрін ортаға шақырайық - Ордақан Кәусар келіңіз


(5 мин)
Ордақан Кәусар:
А: Рахмет! Премьер министрдің келтірген аргументтерімен даттаушы тарап келісе қояр ма екен?! Келесі сөз кезегін оппозиция лидері Үмбет Эмираға береміз.
(5 мин)
Эмира:

Ж: Даттаушы тарап үшін өте сай аргументтер келтіре алдыңыз, Эмира. Ал сіздің сөзіңіз жайлы жақтаушы тарап не айтар екен?


Премьер-министрдің орынбасарын ортаға шақырамыз, Аманжол Аяулым!
Аяулым (5 мин):

А: Аяулым, жарайсыз! Ендігі даттаушы тарап өз сөзін ары қарай дәлелдесін. Келесі алаңға шақырылатын оппозиция лидерінің орынбасары Ахмет Каусар!


(5 мин)
Каусар:

Ж: Дебат ойынымыздың бірінші кезеңі мәреге жеткенімен сөзге шешен, ойы жүйрік сайыпқыран қатысушыларымыз екінші кезеңге жақсылап дайындалған да секілді. Ендеше екінші кезеңімізді бастайық!


Сұрақ-жауап:6 мин.


А: Мәссаған, қатысушылардың ойынға деген қызу дайындықтары көрініп-ақ тұр. Сөз шеберлері шешуші үшінші кезеңге дайындалам дегенше екі топты қолдап келген , көрермендермен кішігірім пікір алмассақ!


(Көрермендер өз пікірлерін айтады)


Ж: Оо, көрермендердің мындай жылы лебіздерінен кейін қатысушыларымыздың жігері де арта түскен де болар.


А: Ал құрметті көрермендер. Шешуші үшінші кезеңіміз де басталатын уақыт болды. Топ лидерлерінің тағы бір шешендігін сынайық!


(Үшінші кезең-қорытынды)

Оппазия лидері : 4 мин.


Премьер министр : 5 мин.

А: Дебат ойынымыз да өз мәресіне жетіп қалды. Осы ойынға қатысудың өзі бір ерлік!


Ж: Өте дұрыс айтасың, Айсұлу. Біздің дебат ойыны үшін алтын уақыттарын бөлген қатысушыларымызды ойын барысымен ғана емес алғыс хат табыстаумен де қуантқымыз келеді.


А: Ендеше дебат қатысушыларын алғыс хатпен марапаттау үшін сахнаға дебат фракциясының жетекшісі Ерденова Еркежан Зәкірқызын шақырамыз.


Ж: Қатысушыларды жігерлендіріп дебат фракциясына, дебатқа деген қызығушылығын арттыру дебат фракциясының мақсаты болса, бүгінгі сайысымыздың әділ қазыларының мақсаты ортадағы қос команданың жеңімпазын анықтау!


A: Ендеше әділ қазы алқаларының пікірін тыңдасақ, сөз кезегі

Ж: Әділ қазы алқалары өз пікірімен де бөлісті. Ал дебат ойынымыздың төреші ойын басталңан сәттен бері қатысушыларымызды аса мұқияттылықпен тыңдап отырғанын да байқадық.


A: Олай болса сөз кезегін төрешімізге де берейік.


Ж: Ал дебат сүйер қауым бүгінгі дебат ойынымыздың нүктесі де қойылды.




А: дебат ойынымызды жабық деп жариялаймыз! Келесі дебат ойынымызда жүздескенше аман сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет